Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы. Хирургиялық ине – хирургиялық операциялар және анатомиялық кесулер кезінде ағза тіндерін тігуге арналған тесетін ине




Хирургиялық ине – хирургиялық операциялар және анатомиялық кесулер кезінде ағза тіндерін тігуге арналған тесетін ине.

Медицина тәжірибесінде инелердің келесі типтері кеңінен қолданылады:

· хирургиялық инелер (көп реттік);

· хирургиялық атравматикалық инелер (бір реттік).

Хирургиялық инелердің жіктелуі:

· Тесетін инелер (көлденең кесіндісі дөңгелек):

- атравматикалық сосудтарға арналған

- ішекке арналған

- кисетті

- тесетін

- бауырға арналған

· Кесетін инелер (көлденең кесіндісі үш қырлы):

- теріге арналған

- бұлшық етке арналған-апоневротикалық.

Атравматикалық ине – жарақаттануын азайту үшін құлағына бекітілген жібі бар хирургиялық ине.

Лигатуралық ине – қан тамырларының астынан тігу материалын өткізіп алу үшін қолданылатын ине.

Буып-түю алдында хирургиялық инелер майсыздандырылуы және консервациялануы керек. Консервациясыз сақтаудың шекті мерзімі – 3 жыл. Бір типтегі және бір мөлшердегі инелер 10 данадан қалыңдығы 0,08 мм полиэтилен пленкаға оралады және осындай пленкадан жасалған пакетке салынады. Пакет күйдіріліп жабылуы керек. Инелердің кепілдік сақталу мерзімі – дайындалған күнінен бастап 3 жыл.

Хирургиялық инелерге қойылатын талаптар

· Инелер 3И90 маркалы болаттан дайныдалуы керек.

· Қарау, байқау кезінде иненің сыртқы беті тегіс, ешқандай дақтар, майысқан, сызаттанған жерлері болмау керек.

· Хирругиялық инелер дезинфекциядан, стерильдеу алдындағы өңдеуден және стерилизациядан тұратын санитарлық өңдеу циклына тұрақты болуы керек.

· Инелер коррозияға тұрақты болуы керек. Коррозияға тұрақтылығын тексеру келесі этаптардан тұрады:

- алдын ала майсыздандырылған инелерді дистилденген сумен толтырылған электрлі дезинфекциялық қайнатқыштығ торына орналастырылған әйнектен жасалған изоляциялайтын прокладкаға орналастырады;

- инелерді 15 минут бойы қайнатады және суда 30 минутқа қалдырады. Егер осыдан кейін иненің бетінде қара дақтар (коррозиялық нүктелер) пайда болмаса, онда бұйым МСТ талаптарына сай келеді.

Тігу материалы немесе тіндерді біріктіруге арналған материалдар – бұл операция кезінде әртүрлі тіндерді біріктіруге және қанды тоқтатуға қолданылатын материалдар.

Тігу материалдары сіңетін және сібейтін болып бөлінеді.

Тігу аппараттары – бұл мүшелерді, тіндерді, тамырларды тігуге қолданылатын аппараттар. Тіккіштер механикалық тігісті салуға немесе тамырлар мен мүшелерді тігуге арналған.

Кішірейтіп тіккіштер (ушиватели) – мүшелер мен тамырларды олардың бір бөлігін алып тастағаннан кейін тігуге арналған.

Мүшелер мен тіндерді тігуге арналған аппараттардың өндірісте келесідей түрлері шығарылады:

1) тамырларды «ұшына ұш» циркулярлы тігуге арналған;

2) ас қорыту жолының мүшелеріне дөңгелек анастамоз жасауға арналған;

3) асқазан-ішектің бүйір анастамозын салуға арналған;

4) қабырға мен көкіректі тігуге арналған.

 

Хирургиялық тігу материалдары

 

Тігу материалы Шикізат Материалдың беріктігі Стерильдеу Бума типі және жарамдылық мерзімі
СІҢЕТІН
Кетгут Дені сау ұсақ мал-дардың арнайы тә-сілмен тазартылған аш ішектері Бастапқы беріктігі жақсы; үзілуге беріктігін 50%-ға дейін 7-14 күнде жоғалтады Радиациялық әдіс Ампула – 5 жыл; полимерлі бума – 2 жыл
Кетгут хромдалған Дені сау ұсақ мал-дардың арнайы тә-сілмен тазартылған және сіңу мерзімін ұзарту үшін хром тұздарымен өңдел-ген аш ішектері Бастапқы беріктігі жақсы; үзілуге беріктігін 21-28 күнде жоғалтады Радиациялық әдіс Ампула – 5 жыл; полимерлі бума – 2 жыл
Полигликолидті жіп Модификациялан-ған полигликолид-лактидтің негізінде Беріктігі және икемділігі жоға-ры. Жараны оның жазылып кетуінің критикалық кезе-ңінде ұстап тұрады Газ, этилен тотығы Полимерлі бума – 2 жыл
СІҢБЕЙТІН
Жібек жіп Натуралды протеинді талшық Беріктігі жақсы Радиациялық әдіс Ампула – 5 жыл; полимерлі бума – 2 жыл
Ширатылған капрон, өрілген капрон Полиамидті жіп Беріктігі және икемділігі жоға-ры. Жылына 15-20% дейін берік-тігін жоғалтады Радиациялық әдіс Полимерлі бума – 2 жыл
Ширатылған лавсан, өрілген лавсан Полиэтилен-тереф-тал талшықтары-ның негізінде Беріктігі жақсы, тіндерде ұзақ уа-қытқа дейін сақта-лады Радиациялық әдіс Полимерлі бума – 2 жыл
Фторест (ф) Фторкаучукты жабыны бар лавсан Беріктігі өте жақсы, тіндерде ұзақ уа-қытқа дейін сақта-лады Радиациялық әдіс Полимерлі бума – 2 жыл
Монофиламент-ті полипропи-лен Полеолефиндер тобынан Жіп инертті және беріктігі жоғары, капронға қара-ғанда жақсы тү-йінделеді Газ, этилен тотығы Полимерлі бума – 2 жыл
Фторлон Тетрафторэтилен-нің тазалығы жо-ғары сополиме-рінің негізінде Жіп инертті және беріктігі жоғары, жақсы түйінделе-ді, тромборезис-тенттілігі жоғары Радиациялық әдіс Полимерлі бума – 2 жыл
Сым Мониникельді таттанбайтын болаттың негізінде Беріктілігі және тұрақтылығы ерекше жоғары. Жоғары икемділі-гімен ерекшеле-неді t=160°С, ауа арқылы Барлық металл бұйымдар сияқты

 

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Тіндерді біріктіруге арналған материалдардың көптігі немен байланысты?

2. Тігу материалдарының жіктелуінің негізіне қандай принцип алынған?

3. Тіндерді біріктіруге арналған материалдар мен саймандарға қандай талаптар қойлыады?

4. Әртүрлі мүшелер мен тіндерді тігуге арналған тіккіш аппараттардың конструкциялық ерекшеліктері қандай?

5. Атравматикалық ине не үшін қолданылады?

6. Лигатуралық ине қалай қолданылады?

7. Тігу материалдарына не жатады?

8. Тігу материалдары қалай бөлінеді?

9. Сіңетін тігу материалдарына не жатады?

10. Тігу материалдары не үшін қолданылады?

11. Сіңбейтін тігу материалдарына не жатады?

12. Хирургиялық инелер қалай жіктеледі?

 

 

Фармацевтикалық факультет

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 3184; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2026) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.