Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Вопрос 3. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары




Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары

Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді

пайдаланатын мәдениетті ел ретінде

танылуға тиіс.Бұлар: қазақ тілі-

мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық

қатынас тілі,және ағылшын тілі-

жаһандық экономикаға ойдағыдай

кірігу тілі.

Н.Ә.Назарбаев

(Қазақстан халқына жолдауынан)

Тілді тек тілдік бірліктер мен олардың өзара байланысының қатаң құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең алдымен қатысым құралы болып табылады.

Тіл-адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шет тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену-ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Білім-адамзат қазынасы, халықтың білімділігі-елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүние таным қалыптасады.

Сөйлеу әрекетінің жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі тіл білімінде ХХғасырдан бастау алады.Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: Л.Щерба, Е.Кубрякова,Е.И.Пассов, И.Л.Бим, И.Ф.Комков, А.А.Леонтьев. И.В.Рахманов, С.Канцнельсон, Н.И.Жинкин, Г.В.Колшанский, Э.П.Шубин.т.б. Қазақстандық ғалымдар: Т.А.Аяпова, Э.Д.Сүлейменова, Ф.Ш.Оразбаева.т.б. Л.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз-үзіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», деген, ал Т.Аяпова «Адам баласының сөйлеуі-баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», – деді.

Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Сондықтан,еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.

Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауапіздейді. Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді.

Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін.

Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз-пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі бір дәрежеде ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.

Е.Пассов ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде коммуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация»-дегеніміз, қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасыныңжүйесі;ал«ситуативтілік-қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды.

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпаратты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы ағылшын тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Мақсаты: шетел тілідерін үйретуде коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдарының тиімділігін анықтау, оларды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.

Ағылшын тілін үйрету барысында коммуникативті оқыту технологиясын төмендегідей мақсатта қолданып отырдым: оқушылардың шет тілінде сөйлеу қабілетін дамыту; тілді мәдениет аралық қарым-қатынас жасаудың басты құралы ретінде қолдана отырып, оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілдің мәдениетімен таныстырды; түрлі мәтіндердегі немесе әңгімедегі маңызды мағлұматты ұғынуға итермелеу; диалогты, пікірталасты, іскерлік әңгімелерді жүргізе алу қабілетін дамыту; жиі қолданатын сөз тіркестерін, жаңа сөздерді есте сақтау; грамматиканы ережеге сай пайдалануға үйрету; сөйлеу әрекетінде дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру.

Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту тиімділігін дәлелдеу мақсатында,6 сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен аталған технологияны пайдалана отырып,сабақ жүргізген болатынбын.Олардың ағылшын тіл пәнінен оқу үлгерімдері әртүрлі болатын, олардың ішінде ағылшын тілін жетік меңгергендер, орташа меңгергендер, төмен меңгергендер де бар.

Мектепте бекітілген бағдарлама бойыншаТ.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева жазған «English» оқулығы пайдаланылды.

Жалпы сыныпқа жүргізгендегі алдыма қойған міндеттерімнің бірі берілген тапсырмаларды түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлерін көтеру, себебі өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымның актив сөздік қоры мол бола тұра, грамматикалық ережелерді біліп тұрса да, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлей алмай жатады. Сол себепті, аталған әдіс-тәсілдерді, заманауи инновациялық коммуникативтік әдісті негізге ала отырып, оқушылардың өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеуге үйрету.

Тіл-өмірдегі жаратылыстардың ішіндегі ең күрделі құбылыс. Оны тек лингвистер ғана емес, барлық ғылымның мамандары айрықша атап көрсетеді. Қазіргі халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әр ұлт тілінің өзінің айтылу, жазылу, сөйлеу ерекшелігі болатыны сияқты, ағылшын тілінің де тілдік қатынасының да өзіндік заңдылығы және даму сипаты бар. Ол ағылшын тілінің теориялық ережелерімен де, практикалық тәжірибелерімен де тікелей байланысты.

Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын оның құрылымдық жүйесін жаңарту білім реформасының басты талабы. Жұмысымызда осы талапқа сәйкес оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы, олардың сөйлеу дағдысын дамыту, қажетті жағдайларда шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру жолдарын қарастырдық. Жұмыстың теориялық негізін құраушы салаларының бірі-оқытудың әдістемелік теориясы, себебі онда шетел тілін оқытудағы әртүрлі уақытта қолданылған әдіс-тәсілдердің теориясы, заңдылықтары, жүйесі қарастырылды.

Нәтижеге сүйенсек түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлерін көтеру.

Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды:сын тұрғысынан ойлау, ойын түрлері, жоба әдісі, компьютер, интернет, диалог, интерактивті тақта қолданылды. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз – бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Оқушылардың ағылшын тілі сабағында үлкен ықыласпен түсіністікпен қарауы, күнделікті сабаққа дайындалуы мені қуантады.Олар сабақта еркін сөйлеп, өз ойларын толық, ұялмай жетілдіре алады.Болашақта бұл оқушылар өз білімдерін ақтайды және де қазақ елінің білімді және зиялы азаматы болатындығына сенімім мол.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 1655; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.