Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кімшілік жаза 5 страница




сотқа арыздана бастады.Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек,жыл сайын мемлекеттік органдар,лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері бойынша азаматтардың сотқа арыздануы елеулі көбейді.Бұл азаматтардың өз мәселелеріне заңды шешім табуға деген үміттерінің,сотқа сенімділіктерінің артуын көрсетеді.

Азаматтардың сенімділігін арттыру үшін сот жүйесінде істерді сапалы қарастыру,машиқатына қарамастан істердің созылып кетуіне жол бермей, кәсіптілік қағидасы сақталуы керек. Бұл мәселенің шешілуі - ол әкімшілік соттарды қалыптастыру. ҚР-да мамандандырылған соттарды қалыптастыруға заңшығармашылық базасы бар. «ҚР Сот жүйесі және соттардың мәртебесі» туралы 25.12.2000 ж. №132. заңның 1 бабында белгіленгендей: «Сот билігі азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де түрлі сотөндірісімен жүзеге асады.»

Астана және Алматы қалаларында тәжірибе ретінде әкімшілік соттар құрылды.Әкімшілік соттарды құру қажеттілігі ӘҚтК қабылдауымен байланысты болды.Соттар құзіретіне жататын 55 құқық бұзушылық құрамы 288 ауысты, (бұл категорияға жататын істерді қарастыру 422%дейін өсті.Мысалы,тек Алматыда 2002ж. 17244 әкімшілік істер қарастырылды.Әлі күнге дейін әкімшілік соттардың шығармашылығы және арнай мамандандырылған соттар жөніндегі мәселелер шешілмей қалды.Осыған байланысты әкімшілік соттардың рәсімділігі ҚРӘҚтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастырумен қатар азаматтардың мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне арыздарын қарауды жатқызуымыз керек.

Соттардың арнайы мамандығы бойынша даярлығы—маңызды мәселелердің бірі.Соттарға заң білімді,тәжірибелі мамандар қажет.Таяу арада ҚР Президенті Н.Назарбаев Сот академиясын ұйымдастыру ұсынысын қолдады, онда болашақта сапалы білімді мамандар шығатына ниеттеспіз.

Әкімшілік соттардың автономды жүйесі бар мемлекеттер арасында классикалық үлгісі ретінде Франция саналады.Бұл жүйенің негізін 1799ж.Наполеон салған.Қазіргі күнде де мемлекеттің ерекше органдарының бірі болып саналатын -мемлекеттік кеңес әкімшілік соттардың үштігін біріктіреді:

*Аумақтық әкімшілік соттар

*Апелляциялық әкімшілік соттар

*Мемлекеттік кеңес.

Мамандандырылған әкімшілік юстиция көптеген артықшылықтарға ие:

1.Жалпы юстициялы соттардың жұмысының жеңілдеуі,істерді ешбір машиқатсыз сапалы,уақытында қарастыру.

2.Сот әділеттігінің дәрежесі өсуі ретінде соттардың мамандандырылуы.

3.Бір жағынан,жеке (заңды)тұлғалар мен атқарушы органдардың арасында соттың дербес арбитр ретінде болуы.Екінші жағынан,мемлекеттік басқарудың заңдылығы саласында соттық бақылаудың болуы.

Қорытындылай келе,әкімшілік соттардың автономды жүйелері жоқ мемлекеттердің жалпы соттарында әкімшілік дауларды шешуге арнайы палаталар (коллегиялар)бар.Бірақ бұл модель нәтижелігімен ерекшеленбейді.ҚР-да батыс соттық жүйесінің үлгісі бойынша атқару билігіне соттық бақылау жүргізетін,билік пен бағыныштылырдың арасында арбитр болатын,мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс әрекеттерінен азаматтардың құқықтарын,бостандықтарын,заңды мүдделерін қорғайтын арнайы мамандандырылған соттардың құрылуын уақыт өте көрсетер.Құқықтық мемлекеттің қағидаларына сәйкес толық,ауқымды соттық бақылау қажет.Бұндай бақылау мемлекет функцияларын теңдігін,мемлекеттік басқару органдардың нәтижелі жұмысын қамтамасыз етеді.

Әкімшілік өндеп алу

Әкімшілік іс жүргізу әкімшілік өндірістің жеке түрлеріне бөлінеді. Ал әрбір өндірістің мақсаты басқару ісінің нақты категориясын дәл қарастыру мен шешу тәртібі болып табылады.

Сонымен әкімшілік өндіріс дегеніміз - бұл нақты әкімшілік істерді заңды және дәл қарастыруға байланысты жүргізу әрекетін іске асырудың нормативті реттелген тәртібі.

Әрбір әкімшілік өндіріс басқару ісінің біртектес топтарын қарастыру мен шешудің тәртібін реттейтін нормалар жүйесін құрайды, Әкімшілік құқық ғылымында әкімшілік өндірістің түрлері туралы ортақ шешім жоқ, бірақ жоғарыда аталған критерийлерге байланысты әкімшілік іс жүргізу мынадай әкімшілік өндірістерден тұрады:

1) азаматтардың өтініштері, арыздары және ұсыныстары бойынша өндіріс;

2) мадақтау істері бойынша өндіріс;

3) тәртіптік теріс қылықтар туралы өндіріс;

4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс;

5) лицензия және рұқсат беру туралы өндіріс;

6) арбитраждық және тағы басқа да өндіріст

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру мәселесі.

Қазіргі таңдағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама Кеңес мемлекеттері кезінде құрастырылып, кодификацияланған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресу міндетті түрлі мемлекеттік инспекциялармен жүзеге асырылады. Тиісті заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік болды.

Егеменді Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық шеңбері кеңейтіліп жатыр. Әкімшілік айыппұлдардың көлемі өсіп, санкциялардың күші қатайды, міндетті шаралардың тізімі көбейді.[20] Демек, біршама оң өзгертулер енгізілді деуге болады. Дегенмен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жетілдіру мәселесін ұмытпау керек. Себебі, қоғам дамып, жаңа қатынас түрлері пайда болып жатыр, ал оларды дұрыс реттеу мәселесі қоғамның дамуына сай алға жылжуы керек екені сөзсіз.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жетілдірудің басты бағыттарын анықтау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ бөлімінің маңызы бар. Яғни «Адам және азамат» бөлімінің әрбір сөйлемі заңдардың негізі болуы керек.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың әр нормасы, соның әшәнде «материалды және процессуалды нормалар Конституцияның осы бабына толығымен сәйкес болуы керек. Себебі, бұл бөлімнің әр бабы Қазақстандығы адам және азаматтың статусын белгілейді.

Әрине, ең біріншіден Конституцияның 16 бабының сақталуы, тексерілуі тиіс. Яғни, адамды тек заңда көзделген ретте және соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауға болады. Әр адамның қорғаушысы пайдалануға құқығы бар. Сонымен бірге осы бөлімнің 14 бабының мазмұны да ескерілуі тиіс. Яғни, заң мен сот алдында барлығы тең және ешкімді еш белгілері бойныша кемсітуге болмайды. Бұл екі баптың мазмұны, шыны керек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылғаны айқын. Дегенмен, бұл принциптердің орныдалуын бақылау жұмысын қадағалау керек.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезеңдерінде жетілдіру керек. Теріс әрекеттердің және әкімшілік жазалау шараларының сипатын ескере отырып құқық бұзушылықты қараудығы сот органдарының рөлін арттыру қажет. Ал, тәркілеу, арнайы құқықтан айыру, қамауға алу, әкімшілік жолмен шығару сияқты шараларды сот тәртібімен қолданған дұрыс.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді шешкенде ювеналдық әділет органдарына жүктелген жөн. [21]

Іс бойынша өндіріске қатысушы адамның аталуы мен мәртебесін өзгертіп, оны өзіне қатысты өндіріс жүргізілетін адам деп атау заңды.[22]

2002 жылы прокуратура органдары әкімшілік істер бойынша қаулылардың заңдылыған тексеріп өтті. 2001 жылы ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің нормаларын бұзғаны үшін 204858 адамға қарсы әкімшілік іс қозғалды.[23] Ал, 2000 жылы болса 1,5 есеге кең болған еді. Бұның басты себебі жаңа кодекстің қабылдануы деп айтуға болады.

Дегенмен, мамандардың айтуынша, істер бойынша шығарылған қаулылардың заңға емес болып табылған жағдайлар аз емес. Мысалы, 2002 жылы прокурорлардың наразылығы бойныша 800 қаулы өзгертіліп, тоқтатылды.

Кейде соттар келтірілген зияннан ондаған есе аз болатындай айыппұл салып жәбірленушілердің мүдделерін қорғау орнына, зиян келтіреді. Сонымен қатар, мынадай ауыр қателер келтірілуі керек:

2001 жылы 18 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық соты 2-ші топтағы мүгедек Кертаев М.Ж. азаматын 15 тәулікке қамауға алуға қаулы шығарды.

Осындай мысалдардың көптігі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың жеткіліксіз деігейде екенінен болып отыр.

Заңдарды жетілдіру жолдарын табу ыңғай емес. Ол үшін барлық сот органдарының қызметкерлерінің біліктілігін тексеріп, жұмыстарын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау керек. Заң шығарушылардың жұмысы да уақытқа сай өзгеріп отыруы керек. Азаматтардың өз құқықтарын білуге, өз мүдделерін қорғауға үйрету керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. А.А. Таранов. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, 2003

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі. Алматы, 2005

4. Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы. Данекер, 2000

5. Д.М. Овсянко. Административное право. М., Юрист,2000

6. Жумагулов М.И. // Актуальные проблемы развития суверенного Казахстана. Теоретическая конференция. Алматы, 2001

7. Жумагулов М.И., Утепбергенов Б. // Материалы международной конференции от 23 октября 2000 года. Алматы, 2001

8. Бекетов З.И. // Заң және Заман. 2002 ж. №2

9. Адильхан А.М. «Проблемы правоприменительной деятельности по админстративному кодексу Республики Казахстан». //Закон и время. 2002г. №4

10. Абдрахманова Ж. «Об административных правонарушениях» //Вестник налоговой службы республики Казахстан. 2003 г. №9

11. Астахов Д. «Участники производства по делам об административных правонарушениях, их права и особенности». //Современное право. 2003г. №6

1. Әкімшілік процестің түсінігі және қағидалары

Әкімшілік процесс қандай да бір әкімшілік құқық туралы істер бойынша нәтижеге жетудің және сол мақсатта белгілі бір тәртіппен жүзеге асатын әрекетердің жиынтығы болып табылады. Заңды процесс – бұл барлық құқық саласының материалдық нормаларды реттейтін алғы сөз. Заңды процесс олардың қатысушыларының нақты әреетінен құралады және белгілі процедурамен және нақты құқықтық қатынастарды реттейді. Осы мағынада заңдылық, бюджеттік, жер және басқа процесті айтуға болады.2

Мемлекеттік басқарудағы көптеген материалдық нормалар құқығы жай ғана шектеумен реттей алмайды, субъективтік құқықты пайдалану немесе орындауды, мысалы, жол полициясының жұмысшыларына өтем ақы салу, осындай жағдайда да билі субъектісінің нақты қызметі қажет және нақты жағдайға индивидуалдық актінің құқықтық нормасын қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дегеніміз, көрсетілген мемекеттік билік тәсілі процессуалдық нысанда және процессуалдық механизммен жүзеге асырылады. Әкімшілік процес әкімшілік құқықтық нормаларды материалдық мақсатты реттеудің әрекеттер жиынтығы – бұл атқарушы билік органының қызметін әкімшілік іс жүргізу нормаларымен реттеу, ал заңмен көрсетілген жағдайда басқа да органдарды және лауазымды тұлғаларды нормативтік басқару актісін және материалдық құқық нормаларын қолдану арқылы жүзеге асырады.

Әкімшілік процесс үшін келесі белгілер тән:

1. мемлекетпен үзіліссіз байланыс – процесс мемлекеттік спецификалық реттеу тәсілі. Ол өкілетті билік органдарының қызметін құрайтын негіз, сонымен қатар процесс көптеген басқа да тараптарды да қамту мүмкін;

2. ол тек қан заңды, ал басқа әр түрлі басқарма емес және процесстің әлеуметтік негізінде қолданады;

3. белгілі бір басқару істерін шешуге бағытталған;

4. заңды өнімді қызмет – осындай тәртіппен ғана ойлаған нәтижеге жетуге болады;

5. қызметтің нәтижесін міндетті түрде тіркеу процессуалдық документтерде;

6. процессуалдық регламентация да объективтік қажеттілікті туындатады.

Әкімшілік процесс жалпы ортада реттелетін бірдей субъектілеріне қарамастан басқару қызметінен қалыспайды. Соңғысы әкімшілік процестегі нақты базаны құрайды, ол тек қана құқықтық негізде жүзеге асырылмайды, сонымен қатар, құқықтық емес нысанда да жүзеге асырылады. Ал әкімшілік процесс тек қана заңды, құқықтық қызметпен және белгілі бір нәтижеге алып соғатын және толық көлемде заңды нормалармен рәсімделген.

Әкімшілік процесс – бұл бір жақтан заңды процестің түрі, ал басқа жақтан – құқықтық, процессуалдық нормалармен реттелген басқару қызметінің нысаны. Сол үшін әкімшілік процесте келесі принциптер қызмет етеді:

1. жалпы басқармалы, басқару заңдылығымен көрініс табады;

2. процессуалды, басқару құқық шығармашылығындағы және құқық қолданудағы ортада жалпы поцессуалдық заңдылықтарының әрекетінің спецификасын көрсетеді.

Сонымен қатар, бұл қағидаларды олардың бір-бірімен байланыстығына қарап бөлу өте күрделі.

Әкімшілік процестегі жалпы басқару қағидасына жататын негіздер болып келесілер:

· жалпы мүддені және тараптардың мүддесін ескеру;

· әкімшілік процесті қоғамдық қадағалау;

· ұлттық теңдік;

· заңдылық.

Сонымен қатар, басқаруды, заңды қызметті процессуалдық қызметпен араластыруға болмайды, соңғысы тек қана мақсатқа жету тәсілі болып табылады, заңмен көрсетілгендей. Якимов А.Ю. авторлары толы өлемде қағидаларды көрсетпекші, басқа да ережелерді есепке алып. Осындай ережелер әкімшілік процесті әртүрлі түсініктермен түсіндіруге болады. Осы көрсетілген негіздерге байланысты кейбір қағидалар жалпы болады, ал басқалары функционалды болып келеді.1

Азаматтардың заңды мүүдесі және бостандық қағидасы әкімшілік процесте ерекше маынаға ие. Біріншіден, өкілетті тұлғалар қоғамның мүддесін қорғау үшін және әлеуметтік және бөлек азаматтардың жағдайын дұрыстау мақсатында тағайындалады. Екіншіден, мемлекет және оның органдары қоғамның мүддесінің жиынтығы ретінде көрініс табады дегеніміз, азаматтар арасындағы қатынастар және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қатынастар алдын ала белгіленеді. Мысалы, құқықтық қатынастар кейбір тәртіппен жүзеге асуға қажет, ол нормалар арқылы ол міндетті рационалды реттеуші болып табылады. Үшіншіден, процессуалдық нормаларды кейбір процедураларға байланысты шектейді, ол адмдар құқықтарын абсолютті алып қоюды тек қана соған құқығы өкілетті оргпндар ғана жүзеге асыру мүмкін. Олар және сол заттарды немесе құжаттарды сақтайды және іс бойынша қарастырады.

Соны айту қажет, алдын алу шараларын қолдану ол міндетті емес, ол құқығы болып табылады, ол өілетті органның міндеті болып табылмайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру - әкімшілік шығарманың негізгі кезеңі болып табылады, ол кезеңде процессуалдық қызметтің негізгі ерекшеліктері анықталады.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру келесі органдар және лауазымды тұлғалар жүзеге асырады: міндетті түрде сақталуын қамтиды.

Құқықтық субъектіні тану қағидасы келесі талаптарды құруды көздейді, ол құқықтар мен міндеттерге ие болуға және оны белгіленген тәртіппен жекешеленген түрде қолдануға болады. Сонымен қатар, әкімшілік құқық және міндеттерінің табиғаты өзінің ерекшеліктеріне ие. Мысалы, құқық пен міндетке ие болу белгілі жағдайда болу қажет. Ол азаматтығына, жасына және денсаулық жағдайына байланысты.3 Сонымен қатар нормалар жалпыға міндетті талаптар қоюы мүмкін, құқықтары мен міндеттеріне байланысты шектеулер көрсетуге, белгілі бір құқықтық қатынасты жүзеге асыру үшін. Мысалы: әкімшілік лауазымды мемлекеттік қызметке кіру үшін вакансияны конкурстық түрде тағайындауға болады, ал азамат тек қана белгілі талапты білумен қатар шектеуді де білу қажет, ол ҚР-ның заңдарымен көзделуі мүмкін.

Жариялылық қағидасы. Процесс негізінде ашық түрде жүзеге асырылады. Процесс қатысушылары кедергісіз процессуалдық құқықтармен, материалдармен танысуға, құжаттармен, шешіммен танысуға құқықтары бар. Әкімшілік процеске қатысуғакөбінесе қоғамдық өкілдер қатысады.

Істегі тіл қолдану қағидасы. Процесте болып жатқан іс бойынша тұлға, егер ос ыөткізіліп жатқан процесс бойынша тілін білмесе, өзінің тілінде өткізу бойынша түсініктеме беруге, шағым жасауға, сол үшін аудармашы талап етуге құқығы бар.4

Тиімді және экономды түрде істі жүргізу қағидасы. Бұл қағида бойынша процеске көп қаржы кетірмей, тез түрде шешу болып табылады және іске кедергі берместен нақты дұрыс шешім шығару.

Қайтарымсыз процесс қағидасы – материалдарды рәсімдеуге және процеске қатысу үшін ешқандай баж және төлем салықтарының болмауын айтамыз, және процеске кең көлемде кедергісіз тұлғалардың қатысуына мүмкіншілік болады.

Процестің өткізілу тәртібін және актты дұрыс қабылдамау бойынша жауапкершілік қағидасы. Заңсыз акт қабылдағаны үшін немесе процестің тәртібіне қарсы кінәлі әрекет жасағаны үшін тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

2. Әкімшілік процесс субъектілері

Әкімшілік процесте мемлекеттік органдар - басқару органдары, прокуратура, сот, қоғамдық ұйымдар және өкілетті лауазымды тұлғалар, жеке қызмет атқаратын қоғамдық органдар, азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар субъектісі бола алады.

Әкімшілік процесс субъектілерін кеңірек қарастыратын болсақ:

Біріншіден, процесте тараптар нақты мүддені нақты өзінің құқықтарын процестегі басқа тараптың әрекеті немесе әреетсіздігі арқылы келтірілсе. Сонымен қатар әкімшілік процестегі тарап процессуалдық құқықтар мен міндеттер жиынтығына ие.

Екіншіден, әкімшілік процесс қатысушылары куәгер, маман, аудармашы және сарапшы болып қатыса алады.

Істі қарауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықта процесс қатысушысы болыпжәбірленуші, тараптардың құқықтарын қорғайтын тұлға соның қатарында адвокат табылады.

Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өзінің субъективтік құқығын жүзеге асыру үшін белгілі бір тәртіп вариантын таңдауға құқылы – ол дегеніміз әкімшілік прцессуалдық құықтық қабілетке ие. Мысалы: Конституияда көрсетілгендей әрбір адам мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз әреетіне қарсы шағым жасауға құқылы деген. Осы құқық әрбір азамат үшін өзінің субъективтік құқықтарын қорғау үшін өкілетті мемлекеттік органға немесе заңда көрсетілген жағдайда сотқа өзі немесе өзінің өкілі арқылы шағымдануға құқылы делінген.

Процессуалдық құқықтың субъективтік маңызы болып мыналар табылады:

1. ол объективтік құқық нормаларына негізделген

2. осындай құқыққа ие тарап нақты әрекеттер жасауға құқылы. Өтініш беруге, шағымдануға, келтірілген зиянды өтеп алуға, жаңа дәлелдемелі құжаттарды көрсетуге құқылы.

3. процессуалды құқықтың субъективтік жағдайы басқа тұлғалардың процессуалдық міндеттемесіне сүйенеді. Мысалы, мемлекеттік орган жасау немесе керісінше әрекетті жасамау мүмкін. Субъективтік құықтың ерекшелігі болып және басты белгісі болып, егер құқық бұзылатын болса оны әкімшілік тәртіппен немесе сот тәртібімен қарастырады.

Әкімшілік процессуалдық қатынасының субъектісін қарастыратын болсақ, әкімшілік процестің субъектісі болып мыналар табылады:

· ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар

· Мемлекеттік органдар

· Мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер

· Қоғамдық ұйымдар

· Мемлекеттік қызметкерлер

· Қоғамдық ұйымның қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері табылады.

ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектісі ретінде көпшілік тобын құрайды. Олар:

Ø әкімшілік істі шешуге құқығы бар органдардың қарастыруы;

Ø әкімшілік дауда құығы бұзылған тараптардың қорғалуы;

Ø өкілетті тұлғалар, егер заңда басқа жағдайлар көрсетілмесе;

Ø даудың пәні бойынша дербес шағым берген немесе бермеген үшінші тұлға;

Ø әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғалар;

Ø әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген моральдық немесе физикалық және мүліктік зиян келген жәбірленуші;

Ø куәлер;

Ø басқа біреудің мүдделерін және құықтарын қорғайтын тұлғалар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 926; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.