Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кімшілік жаза 1 страница




1. Әкімшілік жазаның түсінігі

2. Әкімшілік жазаның жүйесі

3. Әкімшілік жазаның түрлері

4. Әкімшілік жазаларны қолдану ерекшеліктері

5. Әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі

Әкімшілік жаза, заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және осындай құқық бұзушылықты жасаған адамның ӘҚБК-те көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

Әкімшілік жазаны қолдану барысында келесіге көңіл аударған жөн, ол:

1. Құқық нормаларының арасындағы байланыс;

2. Өкілетті тұлғалардың құқықтық жағдайы.

Осы айтылғандар бір соңғы шешімге жету үшін бағытталған.

Әкімшілік жазалар ӘҚБК-те және басқа да әкімшілік құқықтың актілерімен көрсетілгендей әртүрлі негіз бойынша шектеледі, олар:

Түрлеріне қарай: 1) Ескерту жасау. 2) Әкімшілік айыппұл салу. 3) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алып қою. 4) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. 5) Арнаулы құқықтан айыру (аң аулау құқығы, көлік айдау құқығы). 6) Әкімшілік қамауға алу. 7) Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. 8) Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан, куәліктен айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі іс-әрекеттер жасауға оның қолдануын тоқтата тұру. 9) Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.

Процессуалдық қамтамасыз етудің түрлері бойынша: соттық және әкімшілік жаза тағайындау тәртібі.

Тағайындау орны бойынша жаза:

1. Құқық бұзушылық жасаған орны бойынша

2. Оқу орны, қызметі бойынша

3. Тұратын тұрғын жай орны бойынша

4. Көлікті тіркеу орны бойынша

Негізгі және қосымша жазалар.

Мерзім уақытына қарай: бір реттік, бір мерзімдік (ескерту, айыппұл), созылмалы (қамау, арнаулы құқықтан айыру).

Құқық бұзушылықты болдырмау функциялары бойынша жазалар келесі түрлерге жіктеледі:

· Жалпы

· Жеке

· Арнайы

Жалпы - әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған сол тұлғаға жаңа құқық бұзушылықты қайта жасауға болғызбауға бағытталған, сонымен қатар бұл басқа да тұлғаларға қатысты болады.

Жеке – бұл тек әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сол тұлғамен жаңа құқық бұзушылықты жасауды болғызбауға бағытталған.

Арнайы – бұл жеке жаза түрінің бір бөлігі болып табылады. Кінәлінің жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамау үшін кедергі болатын жағдайлар туғызу.

Барлық жазалар Қазақстан Республикасының заңымен анықталатын жалпы бір жүйені құрайды, заңмен жазаны орналастыру тәртібі қатаң түрде белгіленген, олар: жеңіл және қатаң, бұл осы жазаны қолданатын тұлғаларға қатысты болады.

Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдык тұрғыда көрініс табады.

Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Ең басты ол заңдылық сипатқа ие әкімшілік құқықты бұзған тұлғаға белгілі бір мақсатта нақты жаза қолданылады. Әкімшілік жаза бұл кінәлі тұлғаға келеңсіз салдары бар жағдай туғызуы мүмкін. Осыны қылмыстық жазамен салыстыратын болсақ, әкімшілік жаза жеңілірек, бірақ кей жағдайларда ұқсастығы бар деп те айтуға болады. Әкімшілік жазаны не материалдық не моральдык тұрғыдан алсақ та, оның мақсаты материалдық залалды өтеу болып табылады.

Заң жазаны міндетті белгісі ретінде қарастырмаса да, бірақ әкімшілік жазаны жауапкершілік шарасы ретінде әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты қарастыру керек. Осыған байланысты жазаның келесі мақсаттарын бөліп көрсету қажет:

· Құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады

· Әкімшілік заңының нормаларында көрсетілген әрекетсіздік үшін жауапкершілік

· Құқық бұзушылық жасаған адамды заңдар талаптарына сай тәрбиелеу

· Жаңа құқық бұзушылықты жасауды алдын алу

ҚР заңымен бекітілген әкімшілік жаза жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сүйеніп, қолданылуы керек. Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.


Әкімшілік жазалардың түрлері және жүйесі.

ӘҚБК-тің 45-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғаларға келесі әкімшілік жазалар қолданылады:

1. Ескерту жасау;

2. Әкімшілік айыпұл салу;

3. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;

4. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;

5. Арнаулы құқықтан айыру;

6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру және қызметтің белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

7. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу;

8. Өз бетімен салынып жатқан және салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

9. Әкімшілік қамауға алу;

10. Шетелдікті және азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР-ң аумағынан әкімшілік жолмен кетіру;

Сонымен қатар, заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБК-нің 45-бабының бірінші бөлігінің 1)-6),8) тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу қолданылуы мүмкін.

Негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары.

Заңды негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары көрсетілген.

Ескерту, әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу мен негізгі әкішілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Азаматқа және заңды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік жолмен кетіру негізгі де, сол сияқты қосымша да әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық құралы және оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып, тастау мен қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

Бұл шара тұлғалармен жасалған маңыздылығы шамалы құқық бұзушылық үшін қолданылады. Ескерту бірінші рет немесе абайсызда болған маңыздылығы шамалы теріс қылық жасаған тұлғалар ұшырайды. Осы шараны қолдану барысында құқық бұзушының жеке басы зерттеледі, міндетті түрде барлық іс мән-жайлары қаралады. Ескерту кінәліге нақты құқықтық салдар туғызуы мүмкін: біріншіден, ол әкімшілік жазаға ұшыраған деп саналады, екіншіден, қайталанып жасалған құқықтық бұзушылық кезінде ескертуді қолдану үшін басқа әкімшілік жазалармен санасуы.

Айыппұл салу - әкімшілік құқық бұзушылық үшін ӘҚБК-тің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза түрі.

Жалпы және ерекше бөлімдердің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері ҚР-ң заң актілерінде белгіленген салықты міндеттемелерінің орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операциялар сомасының процентімен көрсетіледі. Әкімшілік тәртіп бойынша салынатын айыппұл ең көп тараған әкімшілік жаза шарасы болып табылады. Мысалы, бір теріс қылық үшін салынатын айыппұл он немесе жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Айыппұл келесі жағдайларда қарастырылады:

Нақты заттың құнына байланысты

Қайталанып жасалған құқық бұзушылық үшін екі есе төлеу (жұмыс берушінің кінәсінен еңбек ақыны ұстап қалу)

Еңбек ақының минималды мөлшеріне байланысты.

ӘҚБК-нің 48-бабына сәйкес айыппұл келесі түрлерде қаралады:

Ақшалай өндіріп алу

ӘҚБК-те белгіленгендей айыппұл салу

Айлық есептік көрсеткішке сәйкес сома түрінде

Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл – бес айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.'

Ерекше жағдайда әкімшілік жауапкершілікті қатайту шарасына байланысты ҚР заңды актілерімен ӘҚБК-те көрсетілген мөлшерден көбірек айыппұл сомасы анықталуы мүмкін. Айыппұл тағы да тиым салынатын кәсіпкерліктің түрімен айналысса салынады. Айыппұл құқық бұзушымен қаулы шыққан күннен бастап 15 күннен кешіктірмей төлеуі қажет.

Заңда күштеп және өз еркімен айыппұлды орындау көрсетілген, егер айыппұл өз мерзімінде төленбесе, құқық бұзушыдан айыппұл сомасының 1 процент өсімі өндіріліп алынады, әр мерзімі өткен күні үшін. Егер 16 жастан 18 жас аралығында тұлға құқық бұзушылық жасаса, онда айыппұлды ата-анасы немесе қамқоршысы төлейді.

ҚР-сы заң актілерінде белгіленген салықтық міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасысың процентімен көрсетілген айыппұл 48-баптың 3-бөлігінде аталған айыппұлдар мөлшерінен асатын мөлшерде белгіленуі мүмкін.

Айыппұл заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріліп алынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынатын затты өткізу жөніндегі шығыстарды, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады. Өтемін төлеп алынып қойылған заттар арнайы сақтау органдарына жіберіледі және құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайынша сот органдарында сақталады.

Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюдың аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Өтемін төлеп алып қою ӘҚБК-тің жалпы және ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшін ғана қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды тәркілеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивиденттерді), ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу, оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне тегін аударудан тұрады.'

Тәркілеу- бұл мүлікке байланысты әкімшілік жаза ретінде затты мәжбүрлеп, өтеусіз алып қою. Тәркілеу негізгі және қосымша жаза ретінде де қолданылады. Тәркілеу арнайы әкімшілік-құқықтық шара ретінде қолданылмаса да, бірақ көбінесе құқық бұзушылық жасаған объектісіне (контрабанда) немесе құқықтық бұзушылық жасалған қару-жарақтарға тікелей қатынасы бар тұлғаларға қолданылады.

Тәркілеу кезінде арнайы органмен тәркілеу туралы қаулы шығарылады, ал тікелей тәркілеу күні қаулының орындалу актісі шығарылады.

Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарының тәркілеуді аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Тәркілеуді судья қолданады, және жалпы және ерекше бөлімдерінің тиісті баптарында көзделген әкімшілік жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектісі болған мүлікті тәркілеу туралы қаулы келесі органдармен жүзеге асырылады:

· Сот атқарушысы

· Ішкі істер органдары

· Қаржы органдарының өкілетті тұлғалары

· Аңшылық ережелерін сақтауын қадағалайтын орган

· Балық қорын сақтау органдарының өкілетті тұлғалары

· Кеден органдарының өкілетті тұлғалары

Арнаулы құқықтан айыру. Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Осы жазаны қолдану барысында азаматтық құқық субъектілігі шектеледі, оның нақты қызмет түрімен айналысуына шектеу қойылады (аңшылық, көлік айдау құқығы).

ӘҚБК-тің 2 және 3 бөлімінің 51-бабына сәйкес нақты қызмет түрімен айналысуға, арнайы құқықтан айыру тек 2 жағдайда қарастырылады:

1) Масаң күйінде көлік айдау

2) Аңшылық ережелерін бұзу

Көлік айдау құқығынан айыру мүгедектерге қолданылмайды.

Заңды көлік айдау құқығынан айырудың басқа да негіздері бойынша қарастырылуы мүмкін, олар:

· “Жүргізушінің құжаты” мерзімінің өтіп кетуі

· Көлік жүргізушісінің денсаулығының нашарлауы

Арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.

Лицензиялардан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру не белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға қолданылуын тоқтата тұру.

Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаларды белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан, біліктілік аттестатынан, арнаулы рұқсаттан айыруды судья аталған адамдардың қызметті жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында көзделген белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қолданылуы мүмкін.

Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан қолдануды тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан уақытша айыру алты айға дейін мерзімге белгіленеді.

Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан айыру лицензиялау туралы заңдарда белгіленген негізде қолданылады.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу.

ӘҚБК-тің 53-бабына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы талап қою өтініші ҚР-ң заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша сотқа жіберіледі. Өтінішті сот он күн ішінде қарайды.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру кезіндегі әкімшілік жазалау шарасы бұзушылықты жою үшін сот белгілеген мерзімде қажетті іс-әрекеттер жүргізу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салуға, сот шешімінің ерекше жағдайларда, талап қою өтінішін сотқа белгіленген мерзімде міндетті түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актісі сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.

Қоғамдық бірлестіктің қызметі өздерінің жарғысына немесе заңдарға қайшы келетін жағдайларда сот олардың қызметін тоқтата тұруы немесе оған тыйым салуы мүмкін.

Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.

Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды жалпы және ерекше бөлімдердің баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.

Әкімшілік қамауға алу

Әкімшілік қамауға алу - әкімшілік жазаның негізгі түрі ретінде қолданылады, ол он бес тәлікке дейінгі, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады.

Әкімшілік қамауға алу тек әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айрықша жағдайларда ғана бекітіледі.

Жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайды.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-сы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.

ҚР-сы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданылады.

Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза ӘҚБК-тің 7-таруының 60-бабына сәйкес ерекше және жалпы бөлімдерінің бабында көзделген шекте, кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады.

Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай болуы тиіс.

Әкімшілік жаза жеке адамға қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Әкімшілік жаза қолдану, адамды орындалмағаны үшін аталған шара қолданылған міндеттерді атқарудан жол берілген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.

Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жазалардың қолданылуы мүмкін.

 

Әкімшілік жаза келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:

· Арнайы органдармен немесе өкілетті тұлғалармен

· Егер кінәлінің әрекетінде әкімшілік теріс қылықтар туралы анықталса

· Егер осы теріс қылықтар құрамы ӘҚБК-де немесе нормативтік актілерде белгіленген болса

· Егер бап санкциясы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырса

· Құқық бұзушының мінез-құлық сипаты, жеке басы, кінәлінің дәрежесіне қарай




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1790; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.