Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кредит саны - 4 5 страница




1) субъектiнiң құқықтары мен бостандықтарын, заңды жауаптылдықтарын анықтайтын әкiмшiлiк-құқықтық нормалар;

2) әкiмшiлiк құқық қабылетi және әкiмшiлiк әрекет қабылеттiгi;

3) заңдылық дерек.

 

4. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар топтастырылады:

- әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзара қатынасына байланысты: вертикальды, бағынышты жақтардың арасында; горизонтальды – басқару қатынасындағы субъектiлердiң тең құқықтық жақтар ретiнде қарастырылуы.

- Нақты мақсаттары бойынша: сыртқы, яғни атқарушы билiк органдары мен осы органдардың жүйесiне жатпайтын басқару объектiлерiнiң арасында; iшкi басқармалық, iшкi ұйымдастырушылық мақсатқа жету кезiндегi қатынастар;

- Мазмұны бойынша: материалды, басқару саласында әкiмшiлiк құқықтың материалдық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар; процессуалдық – жеке, нақты iстердi шешумен байланысты туындайтын әкiмшiлiк құқық нормаларымен реттелетiн қрғамдық қатынастар (азаматтардың өтiнiштерiн қарау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау).

 

Әкiмшiлiк құқықсубъектiлiк - әкiмшiлiк құқыққабылеттiк және әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк.

Әкiмшiлiк құқыққабылеттiк азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық сипаттағы құқықтар мен мiндеттерге ие болу қабылетi.

Пайда болуы:

- мемлекеттiк органдар үшiн – құрылу кезiнен, ал аяқталуы – жойылғаннан кейiн (ликвидация);

- мемлекеттiк аппарат қызметкерi үшiн – лауазымына тағайындалған кезiнен бастап;

- қоғамдық ұйымдар үшiн – олардың жарғысы және арнайы нормативтiк актiлермен анықталады;

- азаматтар үшiн – туған кезiнен бастап, белгiлi бiр жасқа келуiмен өзгередi және өлiмiмен аяқталады.

 

Әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – мемлекетпен танылған, азаматтардың өзiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруы мен мемлекеттiк басқару саласындағы жүктелген мiндеттерiн атқара бiлу, өз iс-қимылына заңды жауаптылықты өтеу қабылетi.

Пайда болуы:

- заңды тұлғаларға – қалыптасу кезiнен бастап;

- азаматтар үшiн - толық әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 18 жас; шектелген әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 16 жас (әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу жасы, куәлiк алу жасы); жекелеген әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 7 жас.

 

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың ерекшелiгi:

1) атқарушы билiк органдары немесе мемлекеттiк билiктiк сипатқа ие болатын басқару уәкiлеттiгi берiлген лауазымды тұлғалар;

2) Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың объектiсi – барлық бағыттар қамтылған атқару билiгi саласындағы басқарылатындардың әрекетi, еркi;

3) Мемлекеттiң тапсыруымен нормативтiк сипаттағы актiлер шығара алатын мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды тұлғалар;

4) мемлекеттiк басқару органдары бастамасымен әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар пайда болуы және екiншi жақтың келiсiмi мiндеттi болып табылмайды;

5) әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар – мемлекет пен оның аппаратын күнделiктi функцияландыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-басқармалық, атқарушы-өкiмдiк қызметiн көрсету;

6) әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар пайда болуы мүмкiн даулар, көптеген жағдайда әкiмшiлiк тәртiпте, яғни уәкiлеттi басқару органдарының бiржақты өкiмдiгiмен тiкелей қаралып шешiледi;

7) егер әкiмшiлiк-құқықтық қатынасқа түсушi екi жақтың бiреуiнiң нормативтiк талаптары бұзылса, онда олар мемлекеттiң алдында жауаптылыққа ие болады.

 

 

5. Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде.

1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi.

3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы.

1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде қоғамдық қатынастарға нормативтiк актiлерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Осы құқықтар мен мiндеттердiң жиынтығы азаматтарың құқықтық мәртебесiн көрсетедi.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – заңда және јзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтың мемлекеттiк басқаруға, жеке және бұқаралық мүдделерiн қанағаттандыруға қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтары, мiндеттерi және жауаптылығы.

Нормативтiк құқықтық актiлер – құқықшығарушы органдардың өзiнiң құзыретi шеңберiнде белгiлi бiр нысанда қабылданатын және құқық нормаларын өзгертуге, бекiтуге бағытталған, жазбаша ресми құжат.

Құқық нормалары - жалпыға бiрдей мiндеттi, тұрақты немесе уақытша сипатқа ие болатын, бiрнеше рет қолдануға негiзделген мемлекеттiк предписание?

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – ҚР-ның Конституциясы, “ҚР-ның азаматтығы туралы”, “ҚР-дағы мемлекеттiк қызмет туралы” және өзге де актiлермен анықталады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа қатысушы ретiнде сипатталатын басты ерекшелiктерi – олар жеке тұлға болып қатысады, яғни атқарушы билiк саласында өзiнiң жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асырады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi күрделi сипатқа ие болады және атқарушы билiк аясында көптеген құқықтар мен мiндеттердi қамтиды. Сондықтан әкiмшiлiк құқықтық қатынастар мемлекеттiк билiк уәкiлеттiгiне ие болатын сәйкестелген органдардың және бұндай уәкiлеттiктерге ие болмайтын, бiрақ мемлекеттiк билiк саласында белгiлi құқықтар мен мiндеттерге ие болатын азаматтар арасында пайда болады.

Олар:

- азаматтардың атқарушы билiк саласында заңмен бекiтiлген құқықтарын жүзеге асыруы;

- азаматтардың атқарушы билiк саласында өзiне жүктелген мiндеттерiн атқаруы;

- азаматтардың атқарушы билiк саласындағы құқықтарының бұзылуы;

- азаматтардың атқарушы билiк саласындағы заңды мiндеттерiн орындамауы.

 

Әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың пайда болу шеңберi әр түрлi, сондықтан азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiн нығайтуды қажет етедi. Олар:

- мемлекеттiк iстердi басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуы;

- азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең құқығы;

- еркiн жүрiп-тұру;

- азаматтардың экономикалық, әлеуметтiк-мәдени құқықтары.

Сонымен қатар мiндеттерi:

- қоршаған ортаны қорғау;

- отанды қорғау;

- салық төлеу.

 

2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы оның әкiмшiлiк құқық субъектiлiгiмен анықталады.

Құқық субъектiлiк – құқықтың субъектiсi болу қабылетi.

Азамат атқарушы билiк саласында құқықтарға ие болып, мiндеттер атқару үшiн оның әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi болуы керек.

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк мемлекетпен қамтамасыз етiлген. Кейбiр жағдайда әкiмшiлiк құқық қабылеттiк заңмен белгiленген тәртiпте уақытша немесе жартылай шектелуi мүмкiн (әскери қызметiн өтеу кезiнде, денсаулығына байланысты; көлiк айдау құқығынан уақытша айыру; төтенше жағдайлар кезiнде).

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк әкiмшiлiк әрекет қабылеттiктiң қажеттi шарты болып табылады.

Жалпы алғанда азаматтар бiрдей әкiмшiлiк әрекет қабылеттiкке ие болады. Бiрақ, денсаулық және т.с.с. жағдайларға байланысты олар жартылай немесе толық әрекет қабылеттiгi жоқ деп танылады (егер есi дұрыс болмаса, онда жауаптылыққа тартылмайды).

Әрекет қабылеттiгi бар азамат нақты әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа түсiп, атқарушы билiк органдарының талаптарын орындайды немесе өзiне тиiстi құқықтарын жүзеге асырады.

 

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бөлiп қарастыру ҚР-ның Конституциясында бекiтiлген жүйеге сүйенедi және оны жүзеге асыру кезiнде тереңдетiледi (меншiк құқығының пайда болуы әкiмшiлiк құқығымен уәкiлеттендiрiлгенорган немесе лауазымды тұлғамен берiлетiн заңды құжатпен куәлендiрiледi).

Профессор А.П.Алехин – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын екi топқа бөлiп қарастырады:

- статуттық, азаматтың елдегi әлеуметтiк құрылымындағы жағдайын көрсетедi (ана тiлiн қолдану құқығы);

- адекватты, құқықтар мен бостандықтардың iске асырылу салалары (жеке – төрұын үйге қолсұғылмаушылық), әлеуметтiк (бiлiм алу, денсаулық сақтау), саяси (митингiлер, шерулер өткiзу).

Профессор Ю.М.Козлов – мемлекеттiк басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 4 блокқа бөлiп қарастырады:

1) мемлекеттi басқаруға қажеттi құқықтар мен бостандықтар;

2) құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк басқару органдарының әрекетi;

3) мемлекеттiк кепiлдiк;

4) азаматтардың атқарушы органдардың қызметiне сарапшы-кеңесшi ретiнде қатысуы.

 

Мемлекеттiк кепiлдiктер үшiн келесi шарттар болу қажет:

- декларитивтi емес нақты нормалардың болуы және олардың iске асырылуы;

- құқықтар мен бостандықтардың iске асырылуына жағдайлар жасау мiндетi жүктелген органдар мен лауазымды тұлғалардың шеңберiн анықтау;

- азаматтардың құқықтарын қорғау кезiнде шаралар қолданбағаны үшiн органдар мен лауазымды тұлғаларға жауаптылықтарды анықтау.

 

Жалпы алғанда құқықтық кепiл – соттық және соттан тысқары болып бөлiнедi.

 

3. Әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.

Бұл тұлғалар жалпы құқықтар мен бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге де ие болады.

Мемлекет шетел азаматтарымен қатынастарды реттеумен қатар олардың құқыққабылетiн бекiтiп, құқықтары мен бостандықтарын анықтап, кепiлдiктердiң көмегiмен құқықтық мәртебесiн қорғайды және iске асыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар атқарушы билiк органдары шетел азаматтарының құқықтық iс қимылына бақылау және қадағалау шараларын қолданады.

Мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабылеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабылеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады.

Шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi – оның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау қабылеттiгi және өзiнiң әрекеттерiмен өзiне берiлген құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

Заңдағы критерилерден басқа шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi халықаралық келiсiмге сәйкес негiзде анықталуы мүмкiн.

Шетел азаматтарының әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiнiң ерекшелiктерi: олардың саяси құқықтары болмайды.

Заңды кепiл - шетел азаматтарының берiлген құқықтары мен бостандықтары және мiндеттерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты да қарастырады (әкiмшiлiк жазалар – Республиканың аумағынан әкiмшiлiк жолмен кетiру). Бұл жазаларды қолдануға әсер ететiн салдар:

- мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы әрекеттер жасау;

- халықтың денсаулығын қорғауға қажеттi деп танылса;

- жалпыға бiрдей мiндеттiлiктi сақтамаса;

- еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

Әкiмшiлiк құқық позициясынан шетел азаматтары:

- тұрақты тұратындар, яғни ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға вид алған – шетел азаматтары;

- уақытша келгендер деп сараланады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар

1. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері

Адам өмірінің құндылығын, оның құқықтары мен бостандықтарының ерекшелігін саралау, зерттеу мәселелері адамзат тарихының ажырамас бөлігі. Бұл сұрақтар әр түрлі ғылым салаларының зерттеу объектісі, сонымен қатар жай адамдарды толғандыратын мәселе. XX ғасырдың басты оқиғасы 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін барша әлем адамның құқықтары мен бостандықтары туралы мәселеге аса зор көңіл бөле бастады. Әсірісе, бір партиялы авторитарлы билік құлдырағаннан кейін, әлем елдері демократиялану процесіне бет бұрды.

Бұл процестен Қазақстан да қалып қойған жоқ. Тіпті, бұл әрекеттердің қарқыны өте тез деп айтуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып, Қазақстан Республикасының басты байлығы болып адам және азамат танылды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, адам мен азаматтардың конституциялық беделін орнатты.

Осындай ерекше беделге адам мен азаматтардың әкімшілік статусын да жатқызуға болады. Бұл түсінікке тұлғаның атқарушы билік субъектілерімен қатысты орнын айтуға болады. Яғни, тұлға мен атқарушы билік субъектісінің мемлекетті басқару аясындағы қарым- қатынасы. Осы қарым- қатынас барысында әкімшілік құқық екі түрлі сұраққа тіреледі. Біріншіден, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру, ал екіншіден тұлғалардың мүдделеріне араласуды жетілдіру[1].

Әкімшілік құқық ғылымының басты және айырықша мақсаты – мемлекетті басқару аясын қатаң регламенттау және оның қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасының қазіргі қоғам даму сатысында әкімшілік құқық саласы дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстті жетілдіру арқылы мемлекетті басқару мәселесін екі жақты тиімді етуге тырысу керек.

Өте көп сұрақтар әкімшілік-процессуалдық шараларға байланысты туындайды. Бұл шаралар «саны» барлық жағдайда тиімсіз, ал кейде тіпті жеткіліксіз деуге болады[2].

Сонымен қатар, әкімшілік құқықтағы кәнісіздік презумпциясы Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілмеуі де, қалай да құқықтырды қорғау мәселесіне кедергі болуы мүмкін[3]. Ал бұл Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет тұрғысынан қарастыруға бірталай кедергі келтіреді.

Әкімшілік іс-жүргізу процесінде де адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан барлық әрекеттер орындалуы қажет. Біріншіден, білікті соттармен қамтамасыз ету мәселесін шешу, екіншіден, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыларға шағымдану мерзімдерін «жақсарту». Сонымен қатар, іс қаралу барысында заңдылықты сақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау; іске қатысты құжаттарды дұрыс дайындау, сияқты мәселелер барынша заңға сәйкес келуі міндетті екенін ұмытпау керек.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әкімшілік құқық мәселесімен айналасушылар мектебі қалыптасып, бұл саланы зерттеуге бағыт алғандығы дұрыс әрі тиімді процесс. Өз елімізде әкімшілік құқықтың институтын жетілдіру, өзге елдің тәжірибесіне сүйене отырып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепіл болатына негіз болады. Соған байланысты мынадай қажеттіліктер туындады: құқықтық нормативтік-культорологиялық сипаттамасы, билікті бөлу, адам мен азаматтың иеліктен алынбайтын құқықтары мен бостандықтары идеяларының контексінде әкімшілік құқық проблемаларын қарастыру. Егемен Қазақстанның экономикалық, саяси – құқықтық, әлеуметтік саладағы жаңа міндеттеріне сәйкес әкімшілік құқық институттарына бақылау жасау және тағы да басқа.осы мәселелерді шешу арқылы ғана Қазақстан Республикасы өз азаматтарының әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуі кезінде құқықтары мен бостандықтарының дұрыс жүзеге асырылуына толық кепіл бола алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

 

Қазақстан Республикасында әр түрлі әкімшілік ережелер әрекет етеді. Мысалы, олардың қатарына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы ережелері, от қауіпсздік, қоршаған ортаны қорғау ережелері, төтенше жағдай туралы ережелерді жатқызуға болады. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітіледі. Ал, бұл ережелерді бұзу құқық бұзушылық болып саналады. Соның ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты айыра білу керек.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәкес, әкімшілік құқық бұзушылық – жеке адамның осы кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықты көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі. Профессор А.А. Тарановтың жазуынша, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптың әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ыриқтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін - әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді.[4] Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрінде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндкті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті көрінеу орындамау (мысалы, мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде, әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады. Жаза қолдануға нормативтік негіздемеге құқық нормалары жатады және әкімшілік жауапкершілік осы нормаларға сәйкес белгіленіп, қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты басқа құқыққа қайшы әрекеттен айыру үшін оның белгілерін білу қажет. Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, құқық бұзушылық құқықтың, заңнаманың әр түрлі салаларының нормаларына қатысты болуы мүмкін (мысалы, білім, қораныс, ветеринария, т.б. туралы), бірақ ол үшін әкімшілк, сот тәртібінде қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары көзделсе, онда ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі, ал кінә болмаса іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылмайды, сондақтан кінәнің формасы сараланбайды. Ол белгілі бір теріс қылықты жасағадық үшін әкімшілік жауапкершілік салыстырмалы- белгілі бір жазалау шараларында көрініс тапқанда, мысал, көптеген теріс қылықтар үшін жаза бергенде, негізгі немесе қосымша жаза бергенде ескеріледі. Жаңа ӘҚтК-тің 36-бабына сәйкес заңды тұлағалардың әкімшілік жауакершілігі белгіленген, онда кінә саралаушы белгі болып табылмайды (яғни, кінә анықталмайды).

Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1359; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.