КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кредит саны - 4 6 страница
Жаппай жасалғандықты көрсететін белгілерге мыналар жатады: теріс әрекетті қайталап жасау, не құқық бұзушылықты көптеген субъектілердің алдын-ала келісімінсіз жасауы. Мысалы, электр немесе жылу қуатын пайдалану құқығын бұзу. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерімен қатар, оны басқа құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктерінен) айыру қажет. Және бұл мәселені дұрыстап қарастыру, біріншіден, мемлекетті басқару органдары мен лауазымды тұлғалар үшін өте маңызды. Ең басты, материалды белгісі бойыша, яғни қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық құқық бұзушылықтар екіге бөлінеді: Қылмастар және теріс қылықтар. Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарағанда қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары болады. Және бұлар қылмыстық заң бойынша сараланып, жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықты, тәрбиелік мәнді теріс қылықтардан ажырату маңызды. Яғни, теріс қылық – белгілі бір мекеме немесе ұйымның нақты бір қызметтеріне жүктелген әрекетті жасамау. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жалпыға бірдей міндетті ережелерді, нормаларды орындамау. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдырадың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу деп жазылған ҚР ӘҚтК-нің 7-баптың 1-ші тармағында. Осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін жауаптылықтың негіздері мен принциптері белгіленеді. Яғни, қандай әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастыруды, қолданылатын жаза түрлерін, оны қолдану тәртіптерін көрсетеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің басты маңызы: заңдарды бұзу, әрекеттің сипаты мен дәрежесіне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, шешімдердің күшін жоюға әкеп соғады. Яғни, бұл принциптер істі дұрыс шешу үшін маңызды. ӘҚтҚ-тің 9 бабының 1-тармағына сәйкес, заңдылық принципі бойынша осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға ұшыратылуға тиіс емес. Сонымен қатар, осы принцип негізінде соттар адамдардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға еш құқықтары жоқ. Егер ондай жағдай болса, іс жүргізуді тоқтату керек. Кодекс бойынша істерді сот қарастырады. Оның құзіретін заң белгілейді. Азаматтардың заң алдында теңдігі тағы да бір ерекше маңызы бар принцип екені айғақ. Бұл дегеніміз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында азаматтардың ешбіріне нәсілдік, әлеуметтік, жыныстық, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, тағы да басқа негіздер бойынша дискриминацияға түсуге жол берілмейді. Яғни, сот алдында барлығы тең дәрежеде құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беру. Өзіне қатысты іс қозғалған жеке адам өз кінәсі заңда көзделген тәртіпте дәләлденгенше, өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз есептеледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда 12-ші бап бойынша кінәсіздік презумпциясы заң негізінде қолданылады. Жеке адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болады және бір құқық бұзушылық үшін ешкімді екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды деген қағидалар да әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте орын алған. Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болып, өзінің басты байлығы деп адам, оның өмірі мен құқықтарын, бостандығын жариялағандықтан кодекстің 15- ші бабы көздейтін ізгілік принципінің болуы табиғи процесс. Себебеі әр демократиялы елдің заңдарының принциптерінің ішіне адамдарды қинау, жан және тән азабын келтіру еш уақытта да енгізілмейді. Ізгілік қағидасы негізінде құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты әкімшілік жаза қолданғанда, оған дене жарақаттарын келтіру, жай күйзелісін тудырып, қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, қорлауды жазалаудың мақсаты етіп қоюға еш уақытта жол берілмеуге тиісті. Жеке басқа қол сұқпаушылық бабының 1 тармағында ешкімді де осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын немесе жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен тек судъяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін. Себебі, қамау жаза ретінде адамның жүріп-тұруын шектейді. Демек, бұл оның құқықтары мен бостандығын шектейді. Ал ол үшін көлемді дәлелдер қажет. Сондықтан бұл жаза түрін тек сот және тек заңда көзделген негіздерде тағайындай алады. Осы баптың 5 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. Бұл тармақ ізгілік принципі толығымен сәйкес келетіні көрініп тұр. Сонымен бірге Конституцияға толығымен сәйкес келеді. Ал осы баптың 7 тармағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде, оған қауіп төнбейтін, денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін жағдайды орындалуы керек екенін баяндайды. Дегенмен, кей жағдайда мұндай оқиғалар орын алып, адамға қатер төндіреді. Осындай залалдардың орнын заңда көзделген тәртіппен өтеу міндетті деп жазылғаны жеке басқа қол сұқпаушылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу және жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы «және өзге де хабарламалар алысу құпиясы» деген екі баптың мазмұны тағы да жоғарыда айтылған баптың мазмұнына жақын деуге болады. Бірақ, соңғы екеуі адамның моральдық жағынан, ар-ожданы мен құпиялары сияқты жанның залалдары туралы сияқты. Ал 19-бап, яғни «Меншікке қол сұқпаушылық» бабы тура қарама-қарсы. Мұнда материалды құндылықтар туралы жазылған. Мысалы, көлік құралдары, кемелрді, тауарларды және тағы басқа заттай құндылықтарға соттың шешімінсіз қол сұғуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру және шешім шығару кезінде судьялардың сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіздігі туралы 20 бапта нақты жазылған. Яғни, судья шешім шығарғанда не іске қатысушылардың көзқарастарына, не басқа біреудің кеңестеріне емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Ал егер ондай жағдай болса, ол заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал егер қажет болса орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылуы мүмкін. Бұл басқа тілде сөйлейтін азаматтардың құқықтарын бұзбау үшін қолданылатын шара. Іс жүргізу тілін судья, уәкілетті орган (лауазымды адамдар) қаулы бойынша белгілейді. 22- ші баптың мазмұнын құрайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің бірі туыстық, отбасылық қатынастардың ерекшелігіне байланысты құрастырылған. Яғни, ешкім өзіне-өзі, жұбайына, (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Мүмкін бұл отбасы ішіндегі ерекше психологиялық жағдайға байланысты енгізілген. Сол сияқты, діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Жалпы алғанда, 7 мен 27 бап арасын қамтыған принциптердің және міндеттердің басты мақсаты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жүзеге асыру барысында, істі толығымен заңға сәйкестендіріп, қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының толығымен қамтамасыз ету арқылы әділеттілікті орнату. Әкімшішілік құқық бұзушылық құрамы Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы. Іс-әрекет құқық бұзушылық деп саналу үшін онда құрамның барлық белгілеріболуға тиіс. Олар ӘҚтК-тің ІІ тарауының Жалпы бөлімінің нормаларымен анықталған. Ол құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Осылардың біреуінің болмауы құрамның толық болмауын білдіреді. Яғни, жауапкершіліктің негізі болмайды. Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық. Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор. Объективтік жақтың іс-әрекеттің бірнеше рет жасалғандығы және қайталанғындығы сияқты белгілері әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамдарына жиі қарастырылады. Бірнеше рет қайталану дегеніміз – бір текті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің бір реттен көп жасалуы. Бір тектілік болмаса бұл белгі әкімшілік құқық бқзушылықтың объективтік жағына жатқызылу мүмкіндігі болдырамайды. Ал, қайталанушылық дегеніміз – бір адамның әкімшілік жаза берілген біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы. Қайталанушылық әкімшілік құқық бқзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады. Бірнеше рет құқық бұзушылық, қайталанушылыққа қарағанда, бірнеше құқық бұзушылық емес, бір құқық бұзушылық деп саналады. Әкімшілік құқық бқзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам.[5] Әкімшілік жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері боладв. Жалпы белгілері – 16 жасқа толғандық және ақыл-есінің дұрыстығы. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың барлығында болуы тиіс. Егер құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес осы екі белгілерге ие адам субъект ретінде танылса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы субъектісі жайында сөз болады. Кейбір жағдайларда қандай да бір адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартуға жалпы белгілердің болғандығы жеткіліксіз. Сондықтан да заң шығарушылар мұндай жағдайларды құқық бұзушылық құрамына қосымша, субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер кіргізген. Бұл жерде әңгіме арнайы субъект жайында, ондай адамда жалпы белгілермен қатар әкімшілік құқық бқзушылық құрамына заң шығарушы кіргізген арнайы, қосымша белгілер де болады. Бұл белгілер үш топқа бөлінеді, олар мынаны сипаттайды: тұлғаның құқықтық жағдайын немесе қызмет түрін (лауазымды адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкер, сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметкері, көлік құралын жүргізуші, кәсіпкерлік қызмет); субъектінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері (әскери міндетті, ата-ана, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға); субъектінің бұрынғы құқық бұзушылық іс-әрекеті (әкімшілік қадағалаудағы адам; құқық бұзушылықты қайтара жасаған адам). Әдебиетте заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөніндегі даулар ұзақ уақыт айтылып келеді. Заңды тұлғалардың әкімшілігін болдырмайтын дәлел ретінде мамандар көңілге қонымды және жеткілікті мысалдардың жоқтығына сілтеме жасайды. Әс жүзінде мүлде басқаша. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.[6] Бұл жерде осы құбылыстың жаратылысын, әсіресе уәкілетті лауазымды адам заңды тұлға болып құрылған кезде, бөліп алып саралаудың маңызы зор. Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді. Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.[7] Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда кінәнің формасы, көбіне, көрсетілмейді және онда сараланушылық маңыз болмайды. Кінә - субъективтік жақтың міндетті белгісі. Құқық бұзушылық жасаудың себебі мен мақсаты факультативтік белгілерге жатады, себебі олар тек бірнеше құрамдарда ғана көрсетілуі тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болған жағдайда ғана, оны жасаған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ӘҚтК құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздемелерін қарастырған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы сондай негіздемелерге жатады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жеңілдететін мән – жайлар (шын жүректен өкіну, кінәлінің зиянды салдарын тойтаруы, құқық бұзушылықты кәмелетке толмағанның жасауы және т.б.), құқық бұзушының қаншалықты кінәлі екендігі, оның мүліктік жағдайы ескеріледі. ӘҚтК-тің 67-70 және 71-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өзінің іс-әрекетімен өкінуіне, құқық бұзушылықтың елеусіз болуына, ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық жасау актісіне, науқасына байланысты одан босатылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын дәлірек түсіну үшін ӘҚтК-тің 114 бабын «Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын сату» - алып қарастыруға болады. Бұл баптың жалпы объектісі – кәмелетке толмағандардың құқықтары. Және қоғамдық тәртіп. Субъект болып әкімшілік құқық субъектілігіне ие жеке тұлға. Яғни, заңды тұлға емес. Бұл құқық бұзушылықтың субъективтік жаға қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Ал, объективтік жағы- әрекет.
Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 22 тарауы қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қарсы құқық бұзушылықтар сипаты мен оларға қолданылатын санкциялар жазылған. Бұл тарау 330-341 баптарды қамтып, барлығы 13 баптан тұрады. Бірінші, 330 бап, ұсақ бұзақылық деп аталатын құқыққа қарсы әрекетті қамтиды. Жалпы, тараудың аталуына сәйкес қоғамдық тәртіп және имандылық-бірімен-бірі тығыз байланысты түсініктер. Себебі, имандылық қоғамдық тәртіптің көрсеткіші. Және де осы екі түсінікті біріктіретін түсінік - өзін-өзі ұстау мәдениеті. Ал, заң шығарушы үшін, құқық қорғау органдары үшін имандылық жақсы мен жаманды бір-бірінен айыратын түсінік. Имандылық – бұл тұлғаның ішкі жан дүниесі, сыртқы ортаның көрінісі. Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке, құқыққа, дәстүрге, адамдардың мүдделеріне қарсы әкімшілік құқық бұзушылық. Яғни, қоғамдық орындарды болатын сөйлеу, азаматтардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілердегі сыйламаушылықты білдіретін әрекеттер. Осындай әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Ал егер, нақ осы әрекеттер үшін жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалса, айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Бұл құқық бұзушылықтың жалпы объектісі – қоғамдық тәртіп және имандылық; субъектісі – азаматтар; субъективтік жағы – қасақаналық, объективтік жағы – белсенді әрекет. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық, яғни 16 жасқа дейінгі адамдар жасаған бұзақылық үшін, сол адамның ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіщтің бірден екіге дейінгі мөлшеріндке айыппұл салынады. 332 бап - «Елді мекендерде атыс-қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару» деп аталады. Яғни, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың тыныщтығын, белгіленген тәртіпті бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейімделіп жасалған қарудан ату әрекеті негізінде қоғамдық тәртіпті бұзу. Жалпы айтатын жай, Қазақстан Республикасының «Қарудың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» заңы қарулардың кей түрлерін қолдануын, есепке тұруын бақылайды. Сонымен бірге, бұл бап тек атыс қаруы пайдалану арқылы құқық бұзушылық жасауды қарастырады. Ал, газбен ататын қару бұл бапта көзлделмеген. Осы баптың диспозициясы бланкеттік екенін де ескеру керек. Яғни, қаруды қолдану жағдайларының алуындығын ескеру қажет.Олар: 1) белгілі бір объектілерді, территорияларды күзету кезінде қару қолдану; 2) құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қару қолдану; 3) саяси, әкімшілік мемлекетік қызметкерлерді қорғау кезінде; Сондықтан, қару өзінің бағытталған қызметі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: суық қару; азаматтық; қызметтік немесе кәсіптік. Осы қаруларды пайдалануға болатын уақыт және орындар болады (тир; ату алаңдары; ішкі істер органдарымен рұқсат етілген орындар). Бұл жерде арнайы рұқсатпен қызмет ететін ату алаңдары, стендтері болады. Сонымен бірге, бұл баптың санкциялары қолданбайтын арнайы тұлғалардың тізімі де бар. Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылық үшін 332 баптың 1 тармағына сәйкес қолданылатын санкйия – қаруды тәркілеу немесе онысыз, айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу.
Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1243; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |