КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кредит саны - 4 4 страница
- қоғамның барлық саласында мемлекеттiк басқару аясында пайда болады, өзгередi және тоқтатылады; - Конституцияда бекiтiлген мемлекеттiк саясатты тану, адам мен азаматтың құқықтарц мен бостандықтарын қорғау; - Реттелiп отырған саладағы бұқаралық-құқықтық мүдделердiң басымдылығын бiлдiрiредi.
Әкiмшiлiк құқық атқарушы билiктi жүзеге асыру аясында мемлкет пен тұлғалардың мүдделерiн толық үйлестiру мақсатында әрекет ережелерiн бекiте отырып, басқарушыдық қатынастарға бұқаралық-құқықтық мазмЅн бередi. Сондықтан құқықтық қатынастардың барлық қасиеттерi мемлекеттiк басқару қызметiне тиiстi ерекшелiктердiң нақты ашылуына мүмкiндiк бередi. Осы позицияның құрылымынан мынадай қорытынды шығаруға болады: 1) азаматтардың, олардың бiрлестiктерiнiң қатысуымен мемлекеттiк басқару қызметiмен тiкелей байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар, басқаша айтқанда атқарушы билiктi жүзеге асыру механизмiнiң қызметiмен байланысты пайда болатын, өзгеретiн және тоқтатылатын басқару қатынастары; 2) Әкiмшiлiк құқық – мемлекеттiң ерекше саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеушi ретiнде көрсететiн болғандықтан, ол ммлекеттiк басқарудың аясы деп аталады. Мемлекеттiк басқарудың саласы - әкiмшiлiк құқықтың дұрыс тѕсiнуге жағдай жасайды. Мемлекеттiк басқару саласын қоғамдық мәндi қызметтердiң жиынтығына айналып кету қаупiнен сақтау үшiн белгiлi бiр шектеулер қою қажзеттiлiгi туындайды. Бұл шектеулер мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын арнайы субъектiлермен анықталады 3) Мемлекеттiк басқару аясындағы қоғамдық қатынастар мемлекеттiк-басқару қызметiнiң функциялары мен мақсатын арнай субъектiлермен жүзеге асырумен ғана байланысты емес, ол үшiн лауазымды тұлғалардың өкiлеттiктерi болу қажет. Қазiргi әрекет етiп отырған заңдылық бойынша басқарушылық қызметiн жүзеге асыратын органдар атқарушы-реттеушi мазмұнға ие болады; 4) Әкiмшiлiк құқық реттейтiн қоғамдық қатынастарды, оларға қатысушылардың арасында заңды-теңдiк деген қағида жоқ, оған түсiнiктеме – қоғамдық қатынастарға қатысатын атқарушы билiктiң субъектiлерi өзiне берiлген заңды-билiктiк өкiлеттiктiң күшiне байланысты, оған қатысушылардың өзгелерiне өзiне бiр жақты бағындыру әрекетiне ие болады 5) Әкiмшiлiк құқық – басқа құқық салаларының нормалары әрекет ететiн салаларды реттеу рөлiн жиi атқарады 6) Әкiмшiлiк құқық – мәнi жағынан басқармалық болып табылғандықтан, оны заң шығарушы, сот әдiлдiгi және өзге де салаларда кездестiруге болады. Осы кезде пайда болатын қатынастар iшкi ұйымдастырушылық мазмұнға ие болады және бiртектi қарапайым басқару қатынастары болып табылғанды (мысалы, судьялар өздерiнiң қызметiнде атқарушы органның лауазымды тұлғасына қатысты заңды-билiктiк өкiлеттiктердi жүзеге асырады - әкiмшiлiк жаза қолдану, ал бұл әрекеттер әкiмшiлiк құқықтың пәнiне енедi);
Осы аталып өткендердi қорыта келiп, әкiмшiлiк құқықтың пәнi тѕсiнiгiне мына қатынастарды қарастырады: - атқарушы билiктiң мақсаттары, қызметтерi және өкiлеттiктерi тiкелей жүзеге асырылатын шеңбер; - iшкi ұйымдастырушылықты жүзеге асыру кезiнде өзге де органдардың да қызметi процесi кезiнде пайда болады;
Басқарушылық қатынастарды бiрнеше критериийлерге байланысты топтастыруға болады (оған қатысушылардың ерекшелiктерiне байланысты): - атқарушы билiк субъектiсi мен азаматтардың арасында; - атқарушы билiк субъектiсi мен қоғамдық бiрлесiктер арасында; - атқарушы билiк субъектiсi мен ёр түрлi мемлекеттiк емес органдар арасында.
Қорыта келгенде әкiмшiлiк құқық мәнi бойынша басқармалық сипаттағы қоғамдық қатынастардың 2 тобын қарастырады - мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырумен тiкелей байланысты қатынастар; - мемлекеттiк органдардың қызмет процесi кезiнде пайда болатын iшкi ұйымдастырушылық қатынастар.
Әкiмшiлiк құқықтың пәнiн атқарушы билiктi жүзеге асыру кезiнде пайда болатын, өзгеретiн және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды құрайды.
Әкiмшiлiк құқықтың әдiстерi. Әкiмшiлiк құқықтың реттеушi функцияларын жүзеге асыра отырып, оған құқықтың құрамдары немесе басқармашылық қоғамдық қатынастарды реттеуге әсер ететiн тәсiлдердiң жиынтығын анықтайды. Бұл - қоғамдық қатынастарды реттейтiн әдiстер. Жалпы құқық теориясының позициясында дәлелденген кез келген құқық саласы құқықтық реттеу құралы ретiнде келесi заңды мүмкiндiктердi қарастырады. Олар: - тыйым салу - қандай да бiр жағымсыз әрекеттi жасаудан бас тарту талаптары; - рұқсат беру – тұлғаларға қандай да бiр әрекеттi жасау құқығын беру; - позитивтi мiндеттеу - өкiм түрiнде қандай да бiр әрекеттi жасау қажеттiлiгi. Әкiмшiлiк құқықтың әдiсi императивтi сипатта болады. Осылардың жиынтығы қоғамдық қатынастарға құқықтық әрекет ету мазмұнын қарастырады.
2. Әкiмшiлiк құқықтың жүйесi. Әкiмшiлiк құқықтың реттеу қатынастарының көлемi әр түрлi болғандықтан оны жүйелендiруге болатындықтан, әкiмшiлiк құқықтың нормаларын топтастырады. Бiртектес басқару қатынастарын реттеу белгiлерi бойынша бiрiктiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқықтың нормалары құқықтық механизмнiң элементi болып табылады. Әкiмшiлiк құқықтың институттары - әкiмшiлiк құқықтың жүйесiнiң маңызды бөлiгi. Жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтiн нормалар (әкiмшiлiк құқықтың жалпы институттары): – азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi; – атқарушы билiктiң әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi; – басқарудың құқықтық нысандары; – әкiмшiлiк мәжбүрлеу; – әкiмшiлiк жауаптылық; – әкiмшiлiк жаза; – әкiмшiлiк қадағалау және т.с.с.
Әкiмшiлiк құқықтың жүйесiнiң тағы бiр тобы басқарудың қандай да бiр саласындағы әкiмшiлiк құқықтық институттарына қойылатын талаптарды реттейдi. Осы топтарға сәйкес әкiмшiлiк құқықтық нормаларының жүйесiн 2 топқа бөлiп қарастырады: жалпы және ерекше (бұлай бөлу тек теориялық негiзде қолданылады). Әкiмшiлiк құқықтың жалпы бөлiмiнiң жүйесi – мемлекеттiк басқару барлық салаларының жалпы мәселелерiн реттейтiн нормалар: - мемлекеттi басқарудың негiзгi қағидаларын бекiтетiн нормалар; - әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтық қатынастарын бекiтетiн нормалар; - мемлекеттiк басқарудың нысандары мен әдiстерiн және т.с.с. бекiтетiн нормалар; Ерекше бөлiмде әкiмшiлiк құқықтың институттарын және жекелеген салаларда әрекет ететiн нормалар.
3. Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көздерi – мемлекеттiк билiкпен ресми танылған басқару қатынасы субъектiлерiнiң бекiтiлген ережелерi. Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көзi болу үшiн қандай да бiр белгiлерге ие болу керек: - субъектiлердiң белгiлi бiр категорияларының орындауына мiндеттi бiр немесе бiрнеше әрекет - мемлекеттiк басқару ресми танылып, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлуi; - әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiне қолданылуы; - әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiмен заңды әрекеттердi жасауға негiздеме болуы; - ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес елдегi құқық жүйесiне енуi.
Құқықтың қайнар көздерi мен нысанын айыра бiлу қажет: 1-ден, қайнар көздерi құқықтың ысаны ретiнде институцияландырылған, ал құқық нысаны - құқық шығарушылық қызметiнiң нәтижесi; 2-ден, тек нормалар ғана адамдардың құқықтық нысанда объективтендiрiлген әрекетiн қарастырады 3-ден, заң оқулықтарында құқықтың қайнар көздерiнiң алты нысаны қарастырылады: - құқықтық салт-дәстүр – қоғамда мемлекеттiк басқару тәуелсiз түрде азаматтардың сана сезiмiне бiрнеше рет қайталануы нәтижесiнде әлеуметтiк императив негiзiнде бекiтiлген әрекет ережелерi - нормативтiк акт – референдумда немесе мемлекеттiң өкiлеттендiрiлген органдары немесе лауазымды тұлғаларымен қабылданғаннақты нысандағы жазбаша құжат. Нормативтiк актiлер - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтiн негiзгi құрал; - сот прецедентi – сотпен нақты iс бойынша қабылданған және келесi осыған ұқсас iстердi шешу кезiнде мiндеттi болып саналатын шешiм; - шарт – екi немесе одан да көп субъектiлердiң арасындағы, тек осы субъектiлерге ғана мiндеттi әрекет ететiн ережелердi қамтитын келiсiм; - сот тәжiрибесiн талқылау - соттармен нақты iстердi шешу кезiнде сәйкестелген нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген қатынастарға бiрнеше рет қолдану нәтижесiнде қалыптасқан құқық ережелерi; - ғылыми құқықтық доктрина – құқық ғылымы саласында қалыптасқан жалпыға танымал ресми көзқарастардың, қағидалар мен ережелердiң жүйесi (құқықты шығару қызметi; құқықтық нормаларды пайдалану процесi кезiнде заң баптарын талқылау; құқықтың пробелдерiн толықтыру).
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерiнiң қасиеттерi: қабылдаудың ресми тәртiбi, құқық нормаларының жеткiлiктiгi, қысқаша мазмұн, субъектiлердiң кең шеңберiне әсерi, басқарушы субъектiлердiң басқаруға жетудегi мүдделерi.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерi болып табылатын нормативтiк актiлер: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары (“Президент туралы”, “ Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы”); - Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi; - Президенттiң жарлықтары; - Заңға бағынышты нормативтiк актiлер – нақты сипатқа ие болатын сұрақтарды шешуге бағыттылған (республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының заңға бағынышты актiлерi нақты атқарушы-өкiмдiк қызметтi қамтып, оның шегiнен шықпайды);
Әкiмшiлiк шарттар - әкiмшiлiк құқық қатынасының заңды нысаны болып табылады. Оның нормативтiк актiлерден ерекшелiгi: - горизантальды әкiмшiлiк қатынастарды реттейдi; - мiндеттi субъектiсi – мемлекеттiк басқару органы; - мемлекеттiк басқару органдарының атқару-реттеушi функцияларын жүзеге асырады; - басқару органының құзыретiн анықтайтын құқықтық нормалар белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыру үшiн екi жақтың келiсiмi.
4. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының басқа құқық салаларымен ерекшелiгi: - конституциялық құқық – қоғамдық құрылыс негiздерiн, мемлекеттiк органдардың жүйесiн бекiтсе, ол одан әрi тереңдетiлiп әкiмшiлiк құқықпен реттеледi; - азаматтық құқық - мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар; - қылмыстық құқық – келтiрiлген зиынның қоғамға қауiптiлiгi мен залалдың мөлшерi.
Әкiмшiлiк құқық – барлығына да мiндеттi көптеген нормаларды анықтайды (транспорттық жүйе, жол ережесi, қоғамдық тәртiп және т.с.с., егер осы нормалар бұзылса, онда қылмыстық хауаптылықтар туындауы мүмкiн).
Т. 3. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi. 1. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiнiң түсiнiгi және элементтерi. 2. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және оның түрлерi. Жүзеге асырылу нысандары. 3. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түсiнiгi. Олардың әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiндегi рөлi. 4. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi түсiнiгiн ашып алу үшiн ең алдымен мемлекеттiң қоғамдық қатынастарға әрекет ету тәсiлдерiн бiлу қажет. Негiзгi әрекет ету тәсiлдерi – бұл құқықтық реттеу, яғни қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiту және субъектiлердiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруы. Ол үшiн құқықтық құралдар – құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар, құқықшығарушылық, субъектiлердiң құқықтары мен заңды мiндеттерi қолданылады. Бұл құралдар құқықтық реттеу механизмiмен қамтылады. Қоғамдық қатынастарға әсер ететiн әкiмшiлiк-құқықтық құралдар жүйесi - әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi деп аталады. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiнiң элементтерi: - әкiмшiлiк құқықтың қағидалары - нормативтiк негiз – мемлекеттiң басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалар; - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар - құқықтар мен мiндеттердiң жүзеге асырылу.
Құқықтық реттеудiң жалпы үш кезеңi бар: - құқық нормаларының күшiне енуi және әрекетi; - нақты белгiленген субъектiлерге қатысты құқықтық нормаларда қарастырылған жалпы құқықтар мен мiндеттердiң пайда болуы; - субъектiлердiң құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы
2. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және оның түрлерi. Әкiмшiлiк құқықтың құқықтық негiзiн әкiмшiлiк құқықтың нормалары құрайды. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар - мемлекеттiк қоғамдық басқару саласындағы қатынастарды, сонымен қатар басқа да мемлекеттiң қызмет аясында (сот әдiлдiгi, прокурорлық қадағалау) пайда болатын басқару қатынастарын реттейтiн, мемлекетпен бекiтiлген немесе санкцияландырылған ереже. Егер ол орындалмаса, онда мемлекеттiк мәжбүрлеумен қамтамасыз етiледi. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерiн бөлiп қарастыру: - мазмұны бойынша - бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша; - тұлғалардың шеңберi бойынша; - нормалардың кеңiстiкте әрекет ету тәртiбi бойынша; - әрекет ету уақыты бойынша.
Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың мазмұны бойынша құқықтық институттарға топтастырылады. Олар мазмұны бойынша ұқсас қоғамдық әатынастарды реттейтiн белгiлi құқықтық нормалардың жиынтығы. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерi - әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, жауаптылықтарын бекiтетiн нормалар; - атқару билiгiн жүзеге асыратын нысандар мен әдiстерiн анықтайтын нормалар; - әкiмшiлiк процессуалдық қызметтi реттейтiн нормалар: - атқарушы билiк органдарының қызметiн заңдылықпен қамтамасыз ететiн нормалар; - мемлекеттiк басқаруды экономикалық, әлеуметтiк-мәдени, әкiмшiлiк-саяси саласында ұйымдастыру бойынша негiзгi ережелердi анықтайтын нормалар.
Қорыта келгенде әкiмшiлiк-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: - материалдық; - процессуалдық болып бөлiнедi. Материалдық - азаматтардың; ұйымдардың, атқарушы билiк органдарының әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтедi. Ал, екiншiсi материалдық нормаларды мемлекеттiк басқару органдарының орындау процесi кезiнде қолданылуы. Процессуалдық нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы: - тағайындалуы (материалдық нормалар субъектiлердiң әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтсе, процессуалдық нормалар оны» жүзеге асырылуының тәртiбiн реттейдi); - қайталануы (материалдық нормалардың қолданылу тқртiбiн реттеуге қажеттi); - материалдық нормалардың қолданылуы бойынша қатынастарды басқа да құқық салаларында реттейдi.
Бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша: - мiндеттейтiн (белгiлi мерзiм iшiнде басқару органдарының азаматтардың өтiнiштерiн қарауы); - тыйым салатын; - рұқсат беретiн; - ынталандыраты; - ұсынылатын; - жеңiлдiктер беретiн нормалар.
Тұлғалардың шеңберi бойынша: - мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн реттейтiн нормалар; - мемлекеттiк басқару салаларындағы қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн нормалар; - мемлекеттiк басқару аяларындағы азаматтардың қызметiн реттейтiн нормалар.
Кеңiстiкте әрекет ету тәртiбi бойынша: - республикалық; - жергiлiктi (локальные) – облыстық, қалалық, аудандық; - салалық – мемлекеттiк басқарудың белгiлi бiр саласында әрекет етуi; - салааралық – мемлекеттiк басқарудың бiрнеше салаларында қолденылатын нормалар (кедендiк бақылау, стандарттау).
Әрекет ету уақыты бойынша: - мерзiмдi, әрекет ету мерзiмi алдын-ала көрсетедi; - мерзiмсiз.
Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы – мемлекетiң еркiн оның субъектiлерiнiң норма талабына сәйкес өмiрге енгiзу процесi. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы – онда мазмұндалатын құқық ережелерiн басқармалық қоғамдық қатынастарды реттеу мүддесiне iс жүзiнде пайдалану. Әкiмшiлiк-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандары: - сақтау, нормалармен тыйым салынған әрекеттердi жасаудан бас тарту; - атқару, мiндеттеу нормаларында бекiтiлген нұсқамаларды орындау; - пайдалану, өз құқықтарын жүзеге асыруы; - қолдану, заңдылық актiлер шығару арқылы нақты iс шешу.
Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың элементтерi: - гипотеза, әрекет етуге болатын немесе әрекет ету жағдайларының сипатталуы. Нормалардың гипотезада көрсетiлген жағдаяттары – заңдылық деректер; - диспозиция - iс-қимыл ережесi, нормалармен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар. Олар – тыйым салу, рұқсат беру; - санкция, нормаларда бекiтiлген iс-қимыл ережесiн бұзу салдары.
3. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар – мемлекеттiк басқару саласында әкiмшiлiк-құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар. Бұл құқық қатынастарында мемлекеттiк мүдде көрсетiледi, мемлекеттiң функциялары мен мақсатары жүзеге асырылады.
Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының құрылымы: - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылар; - олардың субъективтiк құқықтары мен заңдылық мiндеттерi; - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың жауаптылықтары; - заңды дерек.
Заңдылық дерек - құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастар пайда болатын, өзгеретiн және және тоқтатылатын фактiлiк жағдаяттар. Осы фактiлiу жағдайда әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерi әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың субъектiлерi болып табылады. Заңдылық дерек - әрекет және оқиға болып бөлiнедi. Әрекет - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркiн көрсетедi. Ол нәтижесiне қарай екiге бөлiнедi: - құқыққа сәйкес, яғни әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес келедi (лауазымға тағайындау туралы бұйрық, азаматтардың өтiнiш жазуы, қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу және т.с.с.). - құқыққа сәйкес емес, яғни әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талабына сәйкес келмейтiн, оны бұзатын әрекеттердi жасау немесе әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талабына сәйкес келетiн әрекеттердi жасамау - әрекетсiздiк (iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ететiн шараларды қолданбауы). Оқиға – адамның еркiнен тыс туындайтын заңдылық дерек (белгiлi бiр жасқа келуi, табиғи, стихиялық апаттар, адамның өлiмi). Әкiмшiлiк-құқық субъектiсi - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастың субъектiсi болуы үшiн үш шарт қарастырылады:
Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 810; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |