Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ЭЖ ерекшеліктері




Формализация

Идентификаттау

l Шешуге жарамды мәселелерді анықтау;

l Өңдеу мақсаттарды анықтау

l Сарапшыларды және пайдаланушыларды тағайындау

l Ресурстрады анықтау

Қойылатын сұрақтар

l Қандай міндеттерді ЭЖ шешу керек?

l Бұл мәселелердің сипаттамасы мен анықтамасы?

l Қандай есептерге (подзадача) әр мәселе бөлінеді, қандай деректерді қолданылады?

l Мәселенің шешімін табу үшін қандай кедергілер әсер етеді?

l Бұл кедергілер ЭЖ қалай әсер етеді?

l Т.б. сұрақтар

Идентификаттау

l Ресурстарды (уақыт, жұмысшы топ, программалық құралдар және т.с.) және қаржының көлемін анықтау

l Білімдердің көздері (әдебиеттер, мамандар, әдістемелер және т.с.)

l ЭЖ әзірлеушілермен танысу

l 6 айдан кем емес

l Қаржы мәселесі (аз болған жағдайда жаңа жүйе қарастырылмайды, бар жүйенің адаптациясы жүргізіледі)

Тұжырымдама жасау

l терминология, негізгі ұғымдар мен атрибуттарды, шығыс жіне кіріс ақпарат, шешімді қабылдау стратегиясы; гипотезалар

l Пәндік аймақ туралы білімдерді (білімдердің құрылымын) және олардың байланыстарын анықтау

Диаграммалар

l Контекстілік (Не?)

l Табиғаты-байланыс (Жүйе не істейді)

l Деректердің ағыны (Қалай)

l Күй-ауысу (Жүйе жағдайы)

l Кілттік ұғымдар және байланыстарды білім инженері ұсынған программалау тілінде көрсету

l Қарастырған мәселені шешуге арналған құралдарды анықтау

Орындау (реализация)

l Бір немесе бірнеше түптұлғаны іске асыру

l ЭЖ-1 (1-3 ай)

l ЭЖ -2...

l Паскаль, С+ және т.б. программалау тілдерін қолдану

Тестілеу (тексеру)

l Кіріс-шығыс интерфейстың қолайлығын анықтау

l Басқару стратегиясының тиімділігін анықтау

l Білім қорының дұрыстығын анықтау

l Тәсілдемедегі және түптұлғаны жүзеге асырудағы қателіктерді анықтау

l Өндірістік нұсқаманы (промышленный вариант) жасауға ұсыныстарды дайындау

l verification (ЭЖ дұрыстығы – корректность)

l Validation (қойылған талаптарға сәйкестігі)

l Бастапқы деректерді тексеру

l Білімдер базасын логикалық тексеру

l Қолданатын жүйені тұжырымдамалық тексеру

Тәжірибелік қолдану

l Соңғы пайдаланушылар үшін ЭЖ жарамдылығын тексеру

 

20.Эксперттік жүйелердің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз

ЭЖ - формализацияға жатпайтын есептерді шешу үшін мамандардың тәжірибелерін және білімдерін колданылатын ақпараттық технологиялар.

— қиын практикалық есептер үшін қолданылады

— Тиімді

— Сапалылығы жоғары

— пайдаланушыға шешімі түсінікті (сандық немесе статистикалық әдістерге қарағанда)

— эксперттің көмегімен білімін толықтыруға мүмкіндік бар

Экспертті жүйені құрушыларға коллективіне минимум төрт адам кіреді:

- Эксперт;

- Білім инженері;

- Программист;

- Қолданушы.

Қолданушы – жүйемен жұмыс жасайтын нақты саладағы маман. Көп жағдайда қолданушының квалификациясы төмен болады, сондықтан ол экспертті жүйелер жағынан көмекті қажет етеді. Білім бойынша инженер – эксперт және білім базасы арасындағы аралық буфер ролін атқаратын жасанды интеллект бойынша маман.

ЭЖ жұмыс істеу принципі:

· Эксперт білім инженерінің көмегімен ЭЖ-ні керек білімдермен толтырады. Көп жағдайларда керекті білімді алу үшін қосымша эксперттерді шақырады.

· Программист көмегімен қолданушы интерфейсі жасақталынады

· Есептерді шешу режимінде соңғы қолданушы ЭЖ-ге қажетті мәліметтерді енгізеді.

· Енгізілген мәліметтер жұмыс аумағына түседі және білім базасынан керек ақпараттарды кірістіру арқылы есеп шығарушымен (решатель) өңделеді.

· ЭЖ өз қорытындысын ұсынады.

 

 

22.Білімнің түрлерің анықтаңыз

Білімнің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. Базалық элементтер – әлемнің шынайы объектілері. Олар тікелей қабылдаумен байланысты, талқылауды қажет етпейді және базалар фактісіне еш өзгертулерге ұшырамай, алынған күйде қосылады.

2. Бекітпелер мен анықтамалар. Олар базалық элементтерге негізделген және сенімді білім болып табылады.

3. Концепциялар – базалық объектілердің группалау немесе жалпылау. Әр концепцияны құру барысында әр түрлі амалдар қолданылады.

4. Қатынастар. Олар базалық элементтердің қарапайым қасиеттері мен концепциялар арасындағы қатынасты анықтайды.

5. Теоремалар мен жазбалар ережесі. Эксперттік жүйелерде теоремалардың болуы оның классикалық мәліметтер қорын басқару жүйелерінен негізгі айырмашылығы болып табылады.

6. Есептің алгоритмі. Олар белгілі бір есептерді шешу кезінде қолданылады.

7. Стратегиялар мен эвристика. Белгілі бір жағдайлар кезінде қажет шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін ережелер жиынтығы.

8. Метабілімдер. Білімдерге сенімділік коэффициентінің шамасын анықтайды және кез келген деңгейлерде болады.

 

Эксперттік жүйенің архитектурасына байланысты білімдерді екі түрге бөлуге болады:

· Интерпретацияланатын

· Интерпетацияланбайтын

Интерпретацияланатын білімдер:

· Пәндік білімдер

ü Фактілер

ü Орындалатын бекітпелер

· Басқарушы білімдер

ü Фокустаушы білімдер

ü Шешім қабылдаушы білімдер

· Ұсынылатын білімдер

 

Интерпетацияланбайтын білімдер:

· Қосалқы білімдер

· Қолдаушы білімдер

ü Технологиялық білімдер

ü Семантикалық білімдер

 

 

26. Сарапшы және эксперттік жүйенің жұмысын салыстырыңыз

Сарапшы-адам алдындағы эксперттік жүйенің артықшылығы:

· Тұрақтылық пен бірқалыптылық (постоянство и стабильность)

· Ақпараттарды берудің жеңілдігі

· Алынатын нәтижелердің тұрақтылығы

· ЭЖ-ні құру мен пайдаланудың арзандығы

· Кез келген уақытта пайдалану мүмкіндігі

· Субъективтік факторлардың болмауы

Кемшілігі:

· Тар пәндік облысқа арналған

· Жұмыс сапасы білім базасының сапасына тәуелді

· Өз бетімен оқу мүмкіндігінің болмауы

· Бағдарламалық жабдықтарды жаңартып отыру керек

· Творчествалық нәтижелерді шығара алмауы

 

28.Кесте құру тәсілдерін көрсетіңіз

Кесте режимінде жұмыс істеу

Кестелер - МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері мен касиеттері анықталады. Access -те кесте құрудың 5 тәсілі бар. Кесте ішкі беті­н­ ашып, Құру (Создать) батырмасына шертсек, 1 сурет­те көрсетілген Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.

 

 

 

1 сурет. Мәліметтер базасын құру режимін таңдау терезесі

Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, К ес­­те құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл режим Excel-де кесте құру тәсіліне ұқсас. Кестеде 20-ға дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте Кесте режимінде автомобильдердің мар­калары туралы мағлұматтары бар кестені құру үлгісі келтірілген. Бірінші жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін Tab және Shіft-Tab немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға болады. Мән­дер­ді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесі­н­де кестеге ат беруге болады (стандартты ат – Кесте 1), сонымен қатар автомат­ты түрде енгізілетін түйінді (ключевое) өріс – реттік нөмірлер де көрсетіледі. Содан кейін кесте құрылымын Конструктор режимінде көруге болады (2 су­рет).­ Өрістердің типі енгізілген мәндер негізінде автоматты түр­де анықталады.

3. Конструктор режимінде кесте құру

2 сурет. Кесте режимінде тікелей жұмыс істеу

Кестені құру барысында Конструктор режимін таңдап кесте өрістерінің сипттамасын анықтайық. Мұнда әрбір өріске ат беріп мәліметтер типін және оның сипаттамасын беріп, бұл өрістің қасиеттерін анықтау керек.

Кестелер шебері режимінде кесте құру

Кестелер шеберін таңдау арқылы үлгі бойынша кесте құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл жерде кесте үлгісін және осы кестеге арналған өріс үлгілерін көрсету керек. Өріс атауларын қажет­тілік туып жатса өзгертуге болады. Ары қарай Шебердің ұсыныс­тарын жүзеге асыра отырып, сұхбаттасуды аяқтау керек. Сұх­баттасудың бірінші қадамында барлық кестелерді және олардың өрістерін қарап шығу керек, өйткені құрылып жатқан кестеде осы өрістердің қайсысын қолданылатынымызды біз алдын ала ойластыруымыз керек.

> белгісі бар квадрат курсор тұрған бір өріс жаңа кестеге енгізілетінін білдіреді, ал >> белгісі сол жақтағы барлық өрістердің кестеге енгізілетінін біл­діреді, < белгісі өрістің жаңа кестеден алып тасталынатынын, ал << белгісі барлық өрістің жаңа кестеден жойылып, өз орындарына қалатынын біл­діреді. Сонымен қатар мұнда жаңа кестеге әр түрлі кест­елерден алынған әр түрлі өрістерді кірістіруге болады.

Кестелерді енгізу (Импорт таблиц) шебері және Кестелермен байланыс (Связь с таблицами) шебері басқа қолданбалы программаларда құрылған дайын мәліметтер базаларынан кестелер құруға мүмкіндік береді. Кестелерді енгізу шеберін қолданғанда сыртқы файлдан жұмыс істеп тұрған ағымдағы МБ-ға мәліметтер мен объекті­лердің енгізу (импорт) жүзеге асырылады. Кестелермен бай­ланыс шеберін қолданғанда, ағымдағы мәліметтер базасында сыртқы файл кестелерімен бай­ланысқан кестелер құрылуы жү­зеге асады.

 

30.Пішін (форма) және есепхатты (отчет) жасау

Форма шеберінің көмегімен форма жасау

Access-те МБ-мен жұмыс жасауға арналған графикалық интерфейс құрастырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Олардың ең маңыздысының бірі мәліметтерді енгізу-шығару формалары болып саналады. Формалар МБ-ын өңдеудің негізгі қызметтерін: жүйені іске қосу, қарау, іздеу, түзету істерін жүзеге асырады. Формаларды құрастыру тұтынушы талаптарына сәйкес Access құралдары арқылы жасалады. Форма жасау барысында: формаға енетін мәліметтер қай кестеден алынатындығы, атап айтқанда кестенің қай өрісі, қандай графикалық элементтер-сызықтар, жазулар, суреттер енгізілетіндігі анықталады.

Бір кесте негізінде жасалатын форма біркестелік деп аталады. Форманы жасау үшін бірнеше тәсіл қолдануға болады:

1) Кірістіру – Форма (Вставка – Форма) командаларын орындау;

2) Кірістіру – Автоформа (Вставка – Автоформа) командаларын орындау;

3) Access обектілерініңішінен “Формалар” бөлімін таңдап, Жасау (Создать) батырмасына шерту.

1- және 3-жағдайда жұмыс форманы құру режимін таңдаудан басталады. Режимді таңдап алған соң, форманың қандай кесте негізінде құрылатындығын көрсету керек.

 

Форма шебері форма жасау барысында форма негізін құрайтын кестені, кестенің қажет өрістерін, безендіру стилін таңдауға, формаға ат қоюға мүмкіндік береді.

Форма шебері режимінің бірінші қадамда форма негізін құрайтын кестені және сол кестенің қажет өрістерін таңдау керек (23-сурет). > батырмасын басу арқылы белгіленген өрісті, ал >> батырмасын басу арқылы барлық өрістерді жаңа формаға енгіземіз. < және << батырмалары кері қызмет атқарады, сәйкесінше белгіленген өрісті және барлық өрістерді жаңа формадан алып тастайды.

 

23-сурет. Форма жасаудағы өрістерді таңдау терезесі

 

Форма шебері режимінің екінші қадамында формадағы мәліметтердің орналасу түрін таңдаймыз: бір бағанаға – өрістер тігінен орналасып, жазбаның бір ғана түрі шығады; таспалық – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; кестелік – өрістер бір жолға орналасып жазбалар толығымен шығады; тураланған – өрістер бір немесе бірнеше жолдарға орналасып, жазбанаң біреуі ғана шығады (24-сурет).

Келесі қадамда форманың стилін таңдаймыз (25-сурет). Бір стильден екінші стильге ауыса отырып, ең үйлесімді деген стильге тоқтауға болады. Форма шеберінің соңғы қадамында формаға ат беру керек. Access жүйесі оны автоматты түрде жасай алады. Бастапқы ат ретінде бұл кесте үшін жасалатын форманың рет нөмірі жазылады. Бұл қадамда өзіңнің келесі әрекеттеріңді де анықтауға болады. Ол үшін ауыстырғыштың “форманы қарау үшін немесе мәліметтерді енгізу үшін ашу” немесе “Форма макетін өзерту” күйінің бірін таңдау керек. Форма шеберінің кез келген қадамда Дайын батырмасын шертіп, форма жасауды тоқтатуға немесе Ары қарай батырмасын баса отырып жалғастыруға болады. Егер де Форма шеберінің жұмысы соңына жетпей тоқтатылса, онда орындалмаған қадамдар соңғы жасалған формаға негізделіп автоматты түрде жасалады.

Конструктор режимінде форма құру

Конструктор режимі форма жасауға ғана емес, бар форма мәтінін өңдеуге мүмкіндік береді. Конструктор режиміне форманы өңдеуге арналған келесі тараулар бар:

- форма тақырыбы – форманың басында орналасады;

- жоғарғы колонтитул – форманың жоғарғы бөлігінде, мұнда жалпы тақырыпты, графалар тақырыбын, мерзімді орналастыруға болады;

- мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбалары, қайталанбайтын өрістерді мәндері орналасады.

- төменгі колонтитул – форманың төменгі бөлігінде шығады.

- формадағы ескертпе – форманың соңында шығады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 894; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.