Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Литосфера 2 страница




Қазақстан Республикасының су ресурстары.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне; Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария,Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы- Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанңан. Негізгі ластаушы заттар- мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. Шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 163 мы4 тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогендік әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгйінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. Га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарынын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

Арал теңізінің эклогиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань таулары мен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн. Га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге дейін түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып,кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақтылық болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

Семей ядролық полигонның қоршаған ортаға әсері.

1991 жылғы тамыздың 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын тандап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмбілерінен тітіркенбейтін болды. Семей полигоны әлемдегі ең ашық шашық полигон есебінде қалып отыр. 40-жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршүгерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен.

Семей полигоны Қазақстан жеріне, қалқына материалдық әлеуметтік экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жоқ.

Семейдегі 40 жылдық ядролық сынақ қоршаған ортамен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиян тигізді. Аурулардың өлім жітімнің деңгейі бұл өлкеде басқа аймақтармен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Семей аймағы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған орта объектілеріне ықпал ету дәрежесі радиациялық бөліктерге бөлінген.

Радиоактивті тозан жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді су көздерін ластады. Жер асты сулары өсімдік дүниесі жоғалуда. Сынақтар өткізілген кезеңнің зиянды әсері адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ «Семей облысы бойыншы 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде жас балалардың ауруға шалдығуы 6 есе, ал өлімі 4 есе дерлік артқан. Әсіресе, жана туған және 1 жас шамасындағы сәбилер өлімі өте жоғары,36% құрайды».

Семей полгинының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей медициналық институтының ғалымдары Н.Сағымбаева, Ғ.Ысқақовтар жасаған тұжырымдарда енді басты факты, қатерлік ісік ауруларының Семей аймағын басқа өнірлермен салыстырғанда 30% асып кеткендігі, ол адам қазасының 1,4 есе артқандығы айтылады. Содан қарамастан 40 жыл бойына мемлекет полигонға жақын жатқан бір қатар аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ешқандай қаржы бөлмей келген.

Полигоның негізгі қаласы Курчатовта Қорғаныс министрлігінің, КСРО Жалпы машина жасау министрлігің ірі-ірі ғылыми зерттеу орындары, бұрғышылардың, шахта құрылысшыларының, геологтардың, монтажшылардың өндірістік негіздері шоғырланған болатын.

Полигон аумағында КСРО Жалпы машина жасау минстрлігінің эксперименттік өз базасы болған. Ол 1972 жылдан бері зерттеу және эксперименттік жұмыстар жүргізді. Полигон мүдделері үшін орасан зор ғылыми жіне техникалық мүмкіндіктер жасалған: онда әскери өнеркәсіп кешенінің 31ғылыми зерттеу және конструкторлық институты, ғылыммен өндіріс саласының осындай тағы да, 29 институты қызмет еткені түрлі басылымдардан белгілі.

Солардың бірі басты «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейінгі ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Бұл жердің радиация белсенділігінің деңгейі өте жоғары. Сол сияқты тағы бір тәжірибелі алаң – «Дегелең».1949 жылғы алғашқы ядролық жарылысқа дейіне бұл жер мал жайылымы болатын. 1984 жылы ол жерде жер асты ядролық жарылысы жасалды.

Осындай тағы бір тәжірибелік алаңы «Балапан» деп аталған. Ондағы скажиналарда, құдықтарда Невададағы сияқты жер асты жарылыстары болған. 1963 жылға дейін жыл сайын әр-түрлі диапазонда иондық радиацияға ұшырамаған Семей облысында бірде бір аудан қалған жоқ.

Семейге көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағанды облыстарынын да кейбір аудандары осы полигонның зардабын шекті. Семей өңірінің елімен жерін аяусыз улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүгінгі танда бүкіл әлем хабардар.

Радон және ластану көздері

Радон – дәмі мен иесі жоқ түссіз газ, аудан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы әлемнің әр-түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минелардық тектегі құрылыс материалдары:қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торри кездеседі.Ал кейбір жыныстарда мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін.Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болғандығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонга байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жер төлелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлық азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

 

 

№ 10 дәріс (1 сағат)

Тақырып. Тұрақты даму

Жоспары:

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. Тұрақты дамуқамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамутеориясының ғылыми негіздерін жасау жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметі. ҚР тұрақты даму стратегиясы. ҚР Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық қорықтар. Биосфералық қорықтарды дамытудың Севилья стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар, биосфералық қорықтар туралы түсініктер.

Қорықтар - толық қорғаудың жеңілдетірілген түрі, себебі; оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылыкта пайдалануға рүқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табигаттың ерекше объектілерін қарауға алынған жүйелі үйымдастыру - қорғалымдар болып табылады. Табиғи тіршілік ортасын корғайтын катигориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябактар жатады. Олардың міндеті - халықты реакциялық қамтамассыз ету.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың эртүрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуан түрлілікті қамтамассыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ XX ғасырдың ІІ-жартысында «корық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бүзылып отыр. Атмосфераның өндірістік үлы қосылыстар мен радиоциялык ластану, олардың тасымалдануы біздің планетамыздың кез-келген бөлігіне міндетті түрде эсер етеді.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемелекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген жэне бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту жэне жалпы экологиялық балансты үстап түрып мақсатында қүрылады. Қорғалымдар ландшафтық, биологиялық, гидрологиялык, геологиялық, палеонтологиялык болуы мүмкін.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық корықтар көптеп қүрыла бастады.

Биосфералық қорық жердің эр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы жэне көпжылдық деректер жүргізулермен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Атмосфералык қорықтық белдеу, буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен түрады.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам жэне биосфера» бағдарламасының жүмысшы тобы үсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резарват кіреді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен Б¥¥-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы, ФАО, МСОП-ның үсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халыкаралық Конгресс өтті.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода жердің жоғарғы форумында иологиялык алуан түрлілік туралы конвенцияға қол қойылды. ¥лттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялыр мәселесі бойынша Каракос (Венесэла, 1992 ж.) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгрессте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар өткізілді жэне биорезервтердің жаңа формалары жасалды. Мысалы: «Кластерлік» және трансшекаралық қорықтар.

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет», шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.

Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.

Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 805; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.