Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді. Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.Қолма-қолсыз ақшалар айналысы-қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы. Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Инфляция (лат. inflatio — «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды. Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады. Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты: Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Ақша массасы және ақша жүйесі
Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша базасы — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементері болады. Ақша жүйесінің типі-бұл ақшаның қандай нысаны болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайдық.
Елдің атаулары
Ақша бірлігі
Елдің атаулары
Ақша бірлігі
Қазақстан
1 теңге = 100 тиын
АҚШ
1 доллар = 100 цент
Ресей
1 рубль = 100 копеек
Англия
1 фунт стерлинг = 100 пенса
Украина
1 гривня = 100 копийка
Израйль
1 шекель стерлинг = 100 агора
Беларусь
1 рубль = 100 копеек
Жапония
1 иен = 100 сена
Өзбекстан
1 сум = 100 тийн
Сауд Арабиясы
1 риал = 100 халал
Қырғызстан
1 сом = 100 тыйн
Түркия
1 лир = 100 куруш
Тәжікстан
1 сомони = 100 дирам
Кувейт
1 динар =100 дирхам = 1000 филса
Әзірбайжан
1 манат = 100 гепик
Қытай
1 юань = 10 цзяо = 100 финям
Армения
1 драм =100 люма
Йемен
1 риал = 100 филса
Молдова
1 лей =100 бань
Кипр
1 фунт =100 миллима
БіріккенАрабӘмірлігі
1 динар = 100 филса
Үндістан
1 рупия 100 пайса
Ауғаныстан
1 ауған = 100 пул
Марокко
1 дирхам = 100 сантима
Египет
1 фунт = 100 пиастра
Монголия
1 тугурик =100 мунгу
Австралия
1 австралия доллары = 100 цент
Тайланд
1 бат = 100 сатанга
Ирландия
1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса
Бразилия
1 крузейро = 100 сентаво
· металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
· несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
· Биметализм;
· Монометаллизм.
Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері
Тиынның екінші беті
Жиао зы алғашқы қағаз ақшаның түрі, Сонг әулеті, Қытай
Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар. Өндірісті дамыту мақсатында пайдаланылатын ақшаның яғни қаржының бастапқы түріне ақша капиталы жатады. Ол орта ғасырда сауда және өсімқорлық капиталдар түрінде пайда болды. Өнеркәсіп капиталының ауыспалы айналымның бірінші сатысында ақша капиталы өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады. Өндіріс процесінде тауар өндіріліп, ол өткізілгеннен кейін өнеркәсіп капиталы тағы да ақша капиталына айналады. Сөйтіп, өндіріс процесінде капиталдың бір түрі оның екінші түріне тұрақты айналып отырады, осының көмегімен қосымша құнның мөлшері де өсіп отырады. Капиталдың ауыспалы айналымы процесінде босаған ақша капиталы қарыз капиталына айналуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, ақша — қосымша құн әкелетін ақша түріндегі капитал. Ол өнеркәсіптік капиталдың бір түрі болып табылады. Ақшаны пайдалану процесінде ақшаға табыну — ақша фетишизмі пайда болады. Ақша фетишизмі — тауарлы шаруашылықтың табиғатынан туатын обьективтік құбылыс. Алтынның жалпыға бірдей балама рөлін атқаратыны сияқты, ақшаның өз жаратылысында кез-келген затқа айырбасталатын сиқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Ақша фетишизмі нарықтық экономика жағдайында, әсіресе, ақша тапшылығы орын алып отырған кезде, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ақшаның кез-келген тауар түріне айналу мүмкіндігі ақшалық материалдың — алтынның табиғи қасиеті деп түсіндіріледі.
Тарих – ақша баламасында
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол -Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – И.Х.Эккель. Ақша –жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар,тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде стихиялы жолмен пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Айырбастың өзі ерте заманда шықты, әуелгі кезде ол кездейсоқ сипатта болды. Мұнда бір еңбек екінші түрдегі еңбек өніміне тікелей айырбастырылды. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі-мал бағушы тайпалардың егіншіліктен бөлініп шығуы еңбек өнімділігін арттырып, оған тұрақты сипат берді. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді.
Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, ерекше тауар түрі-ақша пайда болды.
Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда –саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, атқарды. Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл, әсіресе алтын, күміс өзінің табиғи қасиетінің (біртектілігі, бөлінгіштігі, қолайлылығы, сақталғаштығы) арқасында Ақша ролін атқаруға өте лайықты болды. Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.Оны кез-келген тауарға айырбастыру мүмкіндігі туды. Демек металл ақшаның пайда болуы ақша тарихында жаңа бір тарихи бастау кезеңі болды. Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мықты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған. Металл ақшаны жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс,ал сол бетін реверс деп айырған.Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабын, тиын сарайының,тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын т.б.көрсеткен. Және оң бетінде мемлекеттік өкіметті немесе оның гербі,ал сол бетінде оның бағасы шыққан жері мен жылы берілген.Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды. Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы бейнеленген теңге болған. Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген. Оның бетінде «Түркеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттің дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған. Тарихи деректер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азияда сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең етек алған. Әсіресе, мыс, күміс,ақшалар көп шығарылған. ХІІ-ғасырдың 2-жартысы мен ХІІІ ғ-ң басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда-саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан. Ол дәуірде мыс,алтын, ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енген. Сөйтіп Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында Отырар ақшасы көптеп тараған. 1271ж ақша айналымына енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізіледі. Бұл күміс ақшалар Қазақстаннның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленіп шығарылған. Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі. Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық деректер ХІІІ ғ.аяғы мен ХІҮ аралықты қамтиды.Ол жерден табылған көне теңгелер Өзбек ханның билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан. Осы кезеңдегі өзгерістер ақшалардың сыртқы түрінде өз ізін қалдырды. Күміс теңгелерде ислам дінінің енуі,орнығуы күмістеңгелер –дирхемдерде сунниттік сенімнің белгісі мен құранныңалғашқы жолдарыныңжазылуынан көрінеді. Теңгелерде «Кутлуг булсун» деген көне түркі сөзі яғни «Құтты болсын»деген тілек жазылған. Сондай-ақ бет жағында «билік, байлық, ержүректіліктің белгісі болып табылатын- сұңқар,алдыңғы аяғын көтерген, арқасынан күн шығып келе жатқан арыстан» бейнелері берілген. Олардан тағы басқа да жануарлар бейнесін, тартымды, геометриялық және өсімдік тәріздес оюлармен қатар зодиак белгілерін көруге болады. Ал ХІҮғ.ортасында шығарылған теңгелердің көбінде әрленген екі басты бүркіт пен алты жапырақты гүл бейнесі берілген. Бұл теңгелер ақша айналымында көп жүрген. Олардың көптеп шығарылуы жеке сауданың дамығанын, Алтын Орда қалалары тұрғындарының ауқатты өмір сүргенін көрсетеді.Сарайшық Қырымнан Хорезмге дейін, одан шығыс пен оңтүстікке созылып жатқан ірі магистраль бойындағы қала ретінде дамыған. Сол себепті қалаға ең жақын сауда орталығы –Хорезмнің теңгелері айналымда басқаларға қарағанда көп болған. Мұнда Тоқты ханның атынан Хорезмде шығарған күміс теңге хижраның 694 жылымен мерзімделген, онда «Әділ тоқты» деген жазу жазылған. БұлСарайшықта табылған теңгелердің ең көнесі. Хорезмнің теңгелері бедер салынуымен, ірі салмағымен және көркемдігімен ерекшеленеді.Ал жергілікті Сарайшық теңгелерінде көп жапырақты гүл немесе «Сарайджук қаласынан шығарылған» деген жазу болған.(Мұндай теңге түрлерін Сіз біздің «Архелогия» мен «Алтын Орда «залындағы экспозициядан көре аласыз ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы транзиттік сауда Орта Азияның көптеген елдерімен және Ресеймен сауда –саттық қатынасын орнатады.Ресей империясының мемлекеттік гербі –екі басты бүркіті мен императорлар бейнесі бейнеленген ақшалар ХҮғ аяғында пайда болған. Мұндай белгісі бар ақша Ежелгі Египетте, Ертедегі Римде де болған. Ә детте ол билік белгісін білдірген.Музей қорында ХХғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі және осы кезеңнен кейінгі ақша түрлері көп сақталған. ХҮІІІғ аяғында ХІХғ басында шығарылған бұл қағаз ақшалар есеп айыру белгісі ретінде қолданыла басталған. Олар есеп-айырысу белгілері (расчетные знаки) деп аталған. Сондай-ақ осы кезеңде әр түрлі құнды қағаздар шығарыла бастайды.Мәселен, «Заем свободы» деп аталатын құнды қағаз иесіне белгілі бір құқық пен еркіндік берген. Бірақ олар халық тарапынан қолдау таппағандықтан ұзақ қолданылмаған.Сонымен бірге 400 мың рубльдік чек-бон деп аталатын ақша түрі айналысқа енген. Кейін қаржылық тапшылығына байланысты оның саны 50 миллионға дейін өскен. Бірақ бонның түрлерін қолдан жасау көбейіп кеткен соң және сапасы төмен болғандықтан қағаздардың орнына металл түрлерінен жасалған бондар айналысқа енгізілген.
1918 жылдан бастап екі басты бүркіт бейнеленген мемлекеттік несие билеттеріқолданысқа енгізілді. Сөйтіп жергілікті жерлердегі сауда –саттық осы билеттер бойынша жүргізілген. Мысалы, 1000 несиелік билетін мемлекеттік банктерде алтын тиындарға ауыстыру мүмкіндігі берілген.Сонымен бірге осы жылдары Орал шаһарында Орал казак әскерлерінің арнайы бес, алты пайыздық міндеттемесі бар заемдік құнды қағазы айналымға шығарылған. Бұл құнды қағаз Орал Казак Әскери басшылығының жарлығы бойынша шығарылған. Мұндай құнды қағаз арқылы 5 немесе 6 пайызбен арнайы купон алып, 3 рет үлкен сауда жасауға, немесе қор жинауға болатыны аталған. Есеп айырысу барысын Әскери басшылық қадағалап отырған. Құндылығын 9 айға, кейбірі 10жылға дейін сақтаған, көрсетілген мерзімнен кейін өз күшін жойған болып есептелген.Жалпы металлдан тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану сол қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында қандай табысқа жеткендігін байқатты.Тиындардағы белгілер мен жазулар арқылы басқару түрлерін, патшалықтың ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б.анықтауға болатын. Әдетте мұндай ақшаларда негізінен тұтастай бір тарихи тұлғалардың портреттік галереясы, мифологиялық оқиғалар, тұрмыстық көріністер айқын көрінді. Оны мына витринадағы Ресей империясының, Венгрия, Чехославакия, Польша, Германия, Жапония елдерінен шығарылған ақшалардан көруге болады.(Сондай-ақ осы витринада: Ресей императорлары: І-Петр, Николай, Александр бейнелері салынған ақша түрлері қойылып отыр)
1922жылдан бастап Кеңестер Одағының белгісі (жер шары, егін сабақтарымен көмкерілген орақ пен балға бейнеленген) ақша түрлері шығарыла бастайды.Кейбірі арнайы тарихи даталарға арналып мерейтойлық ақшалар күйінде шығарылды.(орыс ақыны А.Пушкин, 1980-жылғы Мәскеу Олимпиадасы құрметтеріне арналып шығарылған ақша түрлері көрініске қойылып отыр) Металл ақшаны мемлекеттер қазіргі кезде де тарихи оқиғаларды,мәдени ескерткіштерді,көрнекті қайраткерлерді есте қалдыру үшін,мерейтойлық күндерді,мәдениет және спорт саласындағы жетістіктерді атап өту үшін пайдаланады.Ол елдің тарихи дәуірдің өзіндік «өкілі», «бет-бейнесі болып табылады.Жаңа кезеңде сонымен бірге никельден, алюминийден, т.б. металдардан құйылатын болды. Осы қосындыларды лигатура, ал тиындағы асыл металл пайызын сынама деп атаған. Сынаманы (пробаны) мемлекеттік өкімет белгілеген. Бірақ кейбір мемлекеттердің тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын және салмағын төмендетіп шығарған кездері болған. Сондықтан металл ақша көлемі жағынан әр түрлі болып келеді.Ресейде 1917 жылғы Уақытша үкіметтің орнауымен сол кезде «керенки» деген ақша түрі қолданылды. Ол- 20,40 сомдық қазыналық белгілер еді.Керенкидің сыртқы көрінісіндегі ерекшелік қағаз ақшадағы болатын міндетті атрибуттары: нөмірі, шыққан уақыты көрсетілмеген, тек неше сом екендігі және «Қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу жазылған. Керенкидің көлемі үлкен-үлкен беттерге басылып, бөлінбей жасалған. ХХғ басында айналысқа 100,250,500,1000,5000, 10 000 рубль болып шығарылып, 1,5 және 10 миллионға дейін барған қағаз ақшалар енгізіле бастайды. Оның ерекшелігі көлемі үлкен болған, өзі ашық үгіт -насихат түріндегі плакаттар тәрізді жасалған. Бұл ақшалардың көпшілігі Мәскеу, Пермь, Пенза, Казанның ақша фабрикаларында жасалған. 1921және 1922жылдары Ресей Федерациясында қағаз ақшалармен қатар 1миллион теңгені құрайтын міндеттемелік құнды қағаздар шығарыла бастайды. Олар осындай құнды қағазы бар адамға 6 ай көлемінде 1миллион ақша төленетінін міндеттеген. ХХ ғасырда, яғни Кеңестік дәуір кезеңінде үш рет -1922-24, 1947,1960 жылдары ақша реформасы болды. «Реформа» деген сөздің өзі француз тілінен шықан. «Өзгертемін» деген ұғымды береді.Ақша жүйелерінің толық өзгертілуі немесе белгілі бір белгінің жаңа белгіге ауыстырылып шығарылуы –осы,ақша реформасы негізінде жүргізіледі. Мәселен, 1922-1924 жылдары, яғни жаңа экономикалық саясат кезеңінде ақша реформасы айналысқа банк билеттері –червонецті шығарады. «Червонец» деп аталған ақша түрі Ресейге Украинаның қосылуымен байланысты пайда болған.Червонец ақ түсті қағазға басылып,біртектес болып жасалды. Онда Ресейдің мемлекеттік елтаңбасы, ақшаның сериясы,нөмірі,шыққан жылы,мәтіні және банк басқармасының қолы ақшаның оң жақ бетіне жазылды.Артқы беті таза күйінде қалған немесе сол кезеңнің көсемі Ленин бейнесі берілген.Сонымен қатар осы жылдарықұны 1,3, 5 сомдық қазыналық билеттер,1 сомдық,50,25,15,10 тиындық күміс және 1,2,3,5 тиындық қара шақалар шығарылды. 1941-1945жылдарға созылған Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1947жылы тағы да бір ақша реформасы жүргізілді. Ол бойынша: айналысқа ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1сомына айырбасталып шығарылды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Халықтың Отан қорғау шараларын қаржыландыруға берген ақшалары ескеріліп, жинақ кассаларындағы «Аманат» ақша жеңілдікпен қайтадан бағаланды. Сөйтіп халықтың мүддесі қорғалды.Ал 1960жылы 1,3,5,10,25,50,100 сомдық ақша билеттері және 1сомдық күміс ақша шығарылды.1961жылдың 1қаңтарынан бастап,сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-нан 0,987412 г-на дейін артылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылды. Өйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын болады. Нышандар жеке бір мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми роль атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін өзіміздің Елтаңбамыз, әнұраны белгіленіп, ұлттық валютамыз дүниеге келді.. Астанамыз Сарыарқа төрінен оз орнын тапты.1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы «теңге» айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.Алғашқы шығарылған ақшаларда қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан, Әбілхайыр хан бейнелері көрініс тапты. Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000 теңгелік билеттерде шығарылды. Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымынан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24гр, 37 гр т.б әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді. Мысалы, қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған «Домбыра», ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне «Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты әр түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар. Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық Банкілерінен алуға болады. Біздің еліміз “Қазақстан – 2030” ұзақ мерзімді бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгері дамып келеді. Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес.Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр. Ең бастысы бізде қоғам мен мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келелі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді.Солардың бірі- бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өзгерістер. Кейінгі жылдары шоттар жүйесінің дамуына айтарлықтай көңіл аударыла бастады. Экономикалық және техникалық дәуірдің ауысу кезеңінде бухгалтерлік есеп шоттарының ролі үздіксіз өсе түсті. әлемдегі ақпараттық технологияның үздіксіз дамуы қызметтің әртүрлі салаларынан жаңа деректерді алуға қажеттілікті көбейте отырып шоттар жүйесінің өзгеруіне өз әсерін тигізуде.
Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав!Последнее добавление