Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лабораторна робота №14 4 страница




Ақшаның атқаратын қызметтері

Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдык еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жок. Ақша құн өлшемі қызметін колдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жок, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар - адам еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне-бірін теңестірудің бірыңғай негізі - абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны - тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы онын салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешіліктер бар. Құн өлшемі - ол ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен - құқықтық сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтык бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның кұн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі - айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т - ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп біртұтас тауар айналысы процесін (T-A-T1 A1-T2-A2) құрайды. Осы процестер барысында ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын) емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, солғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналыстағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кем бағалы ақша құнсызданады. Оны ғылым тілінде "инфляция" деп атайды.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл - тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы - несие беруші (кредитор), ал сатып алушы (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в) банктік - мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д) құқықты-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б. Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктер бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді.
Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбіне төлем құралы ретінде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол ақшаны қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін (мысалы, вексель) өзара есепке алу жолымен өтеуге мүмкіндік туғызады.
Ақша төлем құралы қызметін орындауына байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәнге ие болады. Атап айтқанда, тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма-қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымға ақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтелетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша (жабдықтаушының шоты бойынша) уақытында төлем түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді (өтеу мезгілі өткен қарыздар, бюджетке төлейтін төлемдер, жалақы бойынша және т.б.төлемдер).
Сөйтіп, ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол - алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.
Ақшаның келесі қызметі - қop жинау және байлық құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі - бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының үзіліссіз бірқалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі. Көктемде егін егу үшін алдын ала қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық, т.с.с. әлеуметтік себептер де ақша жинауға әсер етеді.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Ал, толық құнды ақша (алтын) материалданған құн ретінде жалпы байлықтың өкілі болып табылады. Мұның мәнісі, ақшаның байлық құру құралы қызметін тек толық құнды ақша ғана: алтын құймалары, одан жасалған әшекей бұйымдары, сонымен қатар қымбат тастар атқарады. Бұндай қор - елдің байлығының көрінісі. Байлық мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде стихиялы құбылыстар кезінде жұмсалады.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар - ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша "өзінен ұлттық мундирін шешіп", яғни алтын құймасы (995 сынама) формасында айналысқа түседі. 1867 ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезден алтын дүниежүзілік ақша ретінде танылып, үш түрлі бағытта қолданылды. Атап айтқанда:
• бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
• бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді. (Мысалы, егін шықпай қойған жылдары - астық, қант және т.б);
• қоғамдық байлықты материалдандыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция (соғыста жеңілген мемлекеттің жеңіп шыққан мемлекетке төлейтін соғыс салығы) салығын төлегенде, репарация (жеңілген елдің жеңген мемлекетке соғыс зиянын түгел, ия жартылай төлеуі) зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.
Дегенмен, тіпті алтын стандартты ақша жүйесі кезінде де ағымдағы халықаралық есеп айырысу алдыңғы елдердің ұлттық валютасымен жүргізілді. Халықаралық төлем айналымында негізінен несие құралдары жүрді. Мысалы, 1913 ж. Халықаралық есеп айырысудың 80 проценті ағылшындық фунт стерлингпен толтырылған аударым векселімен жүргізілген, ал халықаралық есептесудің сальдосын (қалдығын) өтеу үшін ғана алтын қолданылған
Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие қатынастарының дамуы, сонымен бірге әлемдік бірыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтынның орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті. 1922 ж. Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айналымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінін негізі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтік валюта статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды: СДР - Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970 ж.), ЭКЮ - аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше мемлекеттер қолданады. Ал 1999 жылдың 1 қаңтарында енгізілген жаңа валюта - еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп күтілуде. Айта кететін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.
Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:
Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғары үлесті салмағы бар.
Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.
Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.
Алайда, дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын танылғасын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркін айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем қатынастарының дағдарысын көрсетеді. Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша - кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес. Адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп таниды. Осы кезге дейін шығарылған барлық дүниежүзілік алтын 90 мың тоннаға жуық болған. Осы мөлшердің 60 мың тоннадан астамы XX ғ. шығарылса, ал оның тең жартысына жуығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шығарылды. Осы және басқа да бірсыпыра себептерге байланысты әлемде біртіндеп алтынды ақша материалы ретінде қолдану тоқталды. Әйтсе де шаруашылықта алтынды қолдану үнемі ұлғаюда. Ол әр түрлі салаларда - электроникадан бастап, зергерлік іске дейін - бірнеше микрондық қалыңдықпен, біресе тоғандау үшін құйма түрінде қолданылады. Мысалы, тек циферблатының диаметрі 6 м болатын Кремль куранттарын қалыңдығы 3 мк алтынмен жалатуға 26 кг алтын жұмсалады екен.
Ал электронды есептегіш және компьютерлік техника, механиканың дәл аспаптары, синтетикалық талшықтар және т.б. алтын қосындысыз болуы мүмкін емес.

Ақша теориясы және оның эволюциясы.

Ақшаның өндіріспен байланыстылығы талайдан белгілі. Ақша кез келген экономикалық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Ақшаның ролін бағалау және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты бірнеше ақша теориясы бар.
Үш ақша теориясын атап айтуға болады – металдық, номиналдық и сандық.
Металдық ақша теориясы. Бұл теория Англияда капитала бастапқы шоғырлануы тұсында XVI – XVII ғғ. пайда болды. Металдық ақша теориясыныңы негізін салушылардың бірі У.Стаффорд (1554- 1612).
Бұл теорияны мақұлдаушылар ақшаны қағаз ақша түрінде болғанын қаламады.
Меркантилисттер металдық ақша теориясының бастауында тұрғандар болып табылады, сондықтан бұл ағымға біршама тоқталғанды жөн көрдім.
Меркантилизм (итальян тілінен аударғанда «мирканте» - көпес, саудагер) ақша теориясының дамуындағы бір саты болғаны анық. Меркантилизм феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (1518 ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Бұл бағыттың өкілдері (Т.Ман 1571-1644 ж.ж), Ж.Б.Кольбар (1619-1683 ж.ж), Д.Юм (1711-1776) қоғам байлығы тек саудада ғана пайда болады деп санады. Бұл тұжырымдар кездейсоқ болған жоқ. Олар капиталдың алғашқы жиналымына, яғни халықаралық саудаға сәйкес келді. Мұнда тауарлар бір елде төмен бағаға сатып алынып, басқа елде жоғары бағамен сатылды. Сондықтан, меркантилисттер мемлекетке сауданы кеңейтіп, елдегі алтын қорын толтыруға кеңес берді.
Металл ақшаға алтын мен күміске деген қажеттілік үстем экономикалық ілім меркантилизмнің теоретикалық қалыптасу бағытын анықтады.
Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.
Бұл ілімді қолдаушылар ұлттың өркендеуінің негізі алтын қорларының болуында деп бекітті. Ақша құралдары (алтын, күміс түрінде) әскерді ұстауға мүмкіндік береді, мемлекет басшысының басқарушы ретіндегі дәрежесін күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабрикалар (мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады. Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда алтынды қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз. Ең жоғары пайда алу үшін мемлекеттің араласуы мен сыртқы сауданың үстінен бақылау ұсынылды. Ғалымдар тарапынан шет елдік тауарларға кедендік жарналарды енгізу және өз тауарлары үшін алтын мен күміс алу арқылы экспортты арттыруға және импортты шектеуге бағытталған сауда саясатына қатысты ұсыныстар жасалды. Осылайша, қатаң протекционистік шаралар қолданылды және сыртқы саудадан түсетін пайда протекционистік саясат жүргізетін елдің басқа мемлекеттер есебінен алынатын артықшылықтарға ие болуымен байланысты болды. Белгілі бір мерзімде металдың нақты көлемі сақталынғандықтан, алтынның көп мөлшеріне ие болу үшін басқа елдердің немесе ұлттардың экспортын шектеу керек болды. Бұл жағдай ұлтшылдықтың дамуына, басқа елдер есебінен пайдаға ұмтылуға және де қайшылықтардың өршіп кетуіне жағдай жасайды.
Біржақты тәртіппен енгізілген импорттық шектеулер халықаралық сауданы қиындатып жіберді. Басып алынған орталық аймақтарға тауарлар тек қана метрополиялардан ғана әкелінді; басқа тауар жеткізушілер қатаң тосқауылдарға тап келіп қалды. Халықаралық сауда метрополиялардың және олармен байланысты колониялық елдердің мүдделерін қанағаттандыратын «аймақтарға» бөлінді. Людовик XIV заманындағы Франция мемлекетінің, орыс патшасы Петр І-нің саясаттары меркантилистік саясаттың айқын мысалдары болып табылады.
Меркантилизм өз дамуында екі кезеңнен өтті. Ақша балансының жақтаушылары, алғашқы меркантилисттер алтын мен күмістің елден шығарылуына қарсы көзқарас білдірді. Сауда балансы жүйесінің жақтаушылары, кейінгі меркантилисттер егер жалпы саудада оңтайлы саудаға қол жеткізілсе, онда бағалы металдардың шығарылуына қарсы болған жоқ. Олар шикізаттың өнеркәсіптік өңделуін және транзитті сауда тиімділігін пайдалануды жақтады. Алайда, меркантилизм әдебиеттері ең бастысы бір жақты эмпирикалық сипатқа ие болды. Алайда мұндай іс-әрекеттер әлемдік нарықты белсенді түрде бөлісуге бағытталған капиталистік өндірістің дамуына, халықаралық сауданың кеңеюіне қайшы болды, сөйтіп жаңа концепциялар қажет болды.
Номиналдық ақша теориясы. Бұл теория өкілдері ағылшындар Дж. Беркли (1685 – 1753) и Дж. Стюарт (1712 – 1780) болатын. Олардың теориясының негізінде мынадай екі қағида жатқан болатын. Біріншісі, ақшаны мемлекет жасайды, және екіншісі, ақша құны оның номиналымен анықталады. Номиналистердің негізгі қателігі ақша құнын мемлекет анықтайды деп ұғынуында жатыр. Демек олар еңбектің құн теориясын және ақша тауарлық табиғатын теріске шығарады.
Бұл теорияның одан әрі дамуы XIX- XX ғғ. соңында жүрді. Ең танымал номинализм өкілі неміс экономисі Г. Кнапп (1842 – 1926) еді. Оның пікірінше ақшада мемлекет берген сатып алу қабілеті болады. Г. Кнапп өз теориясын толыққанды монеталарға негіздемей қағаз ақшаларға арқа сүйеген еді. Ақша массасын талдау барысында ол тек қана мемлекеттік қазына билеттерін (қағаз ақша) және майда тиындарды есептеп, несиелік ақшаларды қоспаған еді.
Номиналистердің негізгі кемшілігі олар ақшаны алтыннан және тауар құнынан ажыратып алып оларды мемлекет заңдары арқылы «құн», «сатып алу» қабілеттерін жүктегенінде жатыр. Номиналисттік теорияның ережелері Германияның экономикалық саясатында бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңінен қолданылды. 20-жылдардағы гиперинфляцияға ұшыраған Германия кезеңі бұл теорияны толығымен теріске шығарды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 492; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.