Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аспан сферасы




Робота в групах. (4 хв.)

Перевір себе:

Ø Чому кажуть що одяг вияв індивідуальності?

Ø Як в одязі виявляються мода і стиль?

Ø Якими є етикетні правила в одязі?

 

Домашнє завдання

Завдання 1:

Роздивіться малюнок із зображенням традиційного українсь кого вбрання та сучасного. Що в одязі змінилося, а що лишилося незмінним?

Завдання 2:
Роздивіться малюнок із зображенням традиційних костюмів різних народів. Які особливості способу життя цих народів втілені в костюмах? Чому, на вашу думку, традиційний одяг вельми цікавить істориків?

 

 

Завдання 3:
Намалюйте своє улюблене вбрання. Поясніть, чим воно вам до смаку.

Жұлдыздардың, планеталардың, т.б. аспан денелерінің орналасу орындарын анықтау және өлшеу сияқты практикалық мәселелерді шешу үшін астрономияда аспан сферасы деген ұғым колданылады. Аспан сферасы—радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары, әртурлі қашықтықта болғандықтан, онық бетіне бақылаушы белгілі бір уаңытта өзі орналасқан орыннан кәретін букіл аспан шырақтары проекциялаиады.
Аспан сферасының орталық нүктесі,өдетте, жер центрі немесе жер бетіндегі бақылаушы тұрған орынмен (бақылаушы көзімен) сәйкестендіріледі. Аспан сферасында тек бұрыштық өлшеулер ғана карастырылады. Бұрыштық қашыңтық деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталык бұрыш шамасын айтады. Яғни, бұл —бақылаушы көзімен қарағандағы (аспан сферасының орталық нүктесінен) осы екі нүктеге тарайтын сәулелердіңарасындағы бұрыш. Еске түсірсек, бұл принцип география пәнінде де қолданылады: ендік пен бойлық —жер шары орындарының бұрыштық мәнде берілген географиялык координаталары. Аспан сферасы туралы ұғым адамзат тарихында өте ертеде пайда болған. Себебі аспан адамға жер бетін көмкерген өте үлкен күмбез тәрізді болып кәрінеді. Ежелгі дүниетаным бойынша, бүкіл әлем бетінде козғалмайтын шырақтар (Ай, Күн, планеталар,жұлдыздар) орналасқан мөлдір сфералардан құралған. "Аспан" сөзінің өзі кәне үнді тілінде "тастан жасалған күмбез" деген ұғымды білдіреді. Түркі халыктарының ежелгі ұғымы бойынша,аспан (көк) жеті немесе тоғыз қабаттан тұрады. Оларда дәрежелеріне сәйкес тәңірлер мекендейді. Астрономияның дамуы мұндай түсініктің қате екенін дәлелдеп берді, әйтсе де ыңғайлы болғандықтан, "аспан сферасы" деген ұғым казіргі астрономияда кеңінен қолданылады. Ерте заманда аспан сферасы айналады деп есептелсе, біз оның айналысы Жердің өз осін айналуынан пайда болатын көрінерлік құбылыс екенін жаксы білеміз. Жер шары батыстан шығыска карай айналатындықтан, аспан бізге шығыстан батыска қарай айналатын болып кәрінеді. Осыдан аспан шырақтарының шығыстан туып, батыстан батуы туындайды.Аспан сферасының негізгі элементтері. Зенит (Z) нүктесі бакылаушының дәл төбесінде, ал Надир (Z) — сфераның қарама-қарсы нүктесінде орналаскан. Осы екі нүктені қосатын түзу вертикаль сызық немесе тік сызық, оған перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы деп аталады. Ол аспан сферасын қиып, үлкен дөңгелек (центрі аспан сферасының центрімен сәйкес келетін шеңбер мағынасында) — нақты көкжиек (немесе жай ғана көкжиек) түзеді. Көкжиек аспан сферасын кәрінетін және кәрінбейтін екі бөлікке бөледі. Зениттен М шырак аркылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек шырақ вертикалі деп аталады. Аспан сферасыжәне шырақтардың тәуліктік айналысы дірние осінің төңірегінде өтеді. Жер өлшемі жұлдыздарға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте кіші болғандықтан, іс жүзінде дүние осі жер бетіндегі кез келген орын үшін Жер осіне параллель болады. Дүние осінің аспан сферасымен қиылысатын нүктелері аспан сферасының айналысына катыспайды. Сондықтан да олар дуние полюстері деп аталады. Төңірегінде аспан сферасының айналысы (сфераның орталық нүктесінде орналаскан бакылаушы үшін) сағат тілін айналу бағытына кері болатын полюс дүниенің солтүстік полюсі, оған карсы полюс дүниенің оңтүстік полюсі деп аталады. Дүниені солтүстік полюсі маңында (1°-ка жуық қашықтықта) Темірқазық жұлдызы орналасқан. Зенит және дүние осі арқылы өтетін жазықтық аспан меридианының жазықтығы, ал оның аспан сферасымен қиылысқан кезінде пайда болатын үлкен дөңгелек аспан меридианы болып табылады. Аспан меридианы аспанның тәуліктік айналысына қатыспайды да, көкжиекпен екі нүктеде қиылысады, олар — көкжиектің оңтүстік (S) және солтүстік (N) нүктелері. Математикалық көкжиек және аспан меридианы жазыктыктарының киылысуында пайда болатын түзу талтүстік сызық деп аталады. Оның себебі,тал түсте тігінен койылған бағанның келеңкесі осы түзу бойымен бағытталады. Жер бетінің кез келген нүктесінде накты оңтүстік-солтүстік бағытты осы талтүстік сызык бағыты береді. Сондыктан ол Жер бетінде дұрыс бағдарлану үшін өте кажет бағыт болып табылады. Аспанда оның кызметін аспан меридианы аткарады.Аспан сферасының орталык нүктесі арқылы өтетін және дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық аспан экваторының жазықтығы деп аталады. Жер экваторына параллель бағытталған бұл жазықтық аспан сферасымен киылысканда пайда болатын үлкен дөңгелек аспан экваторы деп аталады. Аспан экваторы аспан сферасын оңтүстік және солтүстік екі жарты шарға бөледі және көкжиекпен екі нүктеде — шығыс (Е) және батыс (W) нуктелерінде қиылысады. Дүние полюстері және шырақ арқылы өтетін үлкен дөңгелек шырақтың еңістік дөңгелегі деп аталады. Кез келген шырақ аспан сферасының тәуліктік айналысына қатыса отырып, тәуліктік параллелъ деп аталатың кіші дөңгелектер бойымен козғалады. Бұл жайт жылжымайтындай етіп бекітілген фотоаппаратпен түсірілген түнгі аспанның суретінен айқын кәрінеді.
Эклиптика — Күннің зодиак шоқ жұлдыздары бойымен жылдық козғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек. Күннің эклиптика бойымен козғалуы Жердің Күнді айналуынан туындайды. Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына е=23°26' бұрыш жасай орналаскан. Күн шарығының орталық нүктесі аспан экваторын жылына екі рет — 21 наурыз бен 23 кыркүйек маңында қиып өтеді. Бұл нүктелер көктемгі және кузгі күн мен түннің теңелу нуктелері деп аталады. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі (ϓ — Тоқты шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жарты шарынан солтүстік жарты шарына, ал күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі -Таразышоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) аркылы кері бағытта өтеді.
Күн мен түннің теңелу нүктелеріне 90° құрайтын Күннің токырау нүктелері орналасады.Жазғы күннің тоқырау нүктесіТорпак пен Егіздер шоқжұлдыздарының шекарасында, Шаянның зодиак таңбасымен ᵑ белгіленеді. Қысқы күннің тоқырау нцктесі Мерген шоқжұлдызында, Ешкімүйіздің (Ұғылақ) таңбасымен белгіленеді. Негізгі жазықтықтар мен үлкен дөңгелектер аспан координаталарын енгізуде қолданылады.

Аспан координаталарының жүйелері

Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны — ендік және бойлық (ф және X) географиялық координаталардың көмегімен анықталатыны белгілі. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.
Аспан координаталары географиялық координаталарға ұқсас,бірақ астрономдар географтарға қарағанда әртүрлі зерттеу мәселелеріне байланысты аспан координаталарының бірнеше жүйесін қолданады. Солардың екеуімен танысайық.
Координаталардың көкжиектік жүйесі. Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына катысты кәрінерлік орналасуын қарастырсақ, онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы. Бұл жүйедегі негізгі жазықтық —математикалық көкжиек жазықтығы. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі — көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш — азимут (А). Бұл бұрыш астрономияда, әдетте, оңтүстікнүктеден батысқа қарай, ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді. Екіншісі —вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы— шырақ биіктігі (һ).
Шырақ биіктігінің мәні -90°-тан +90°-қа дейін болады. Бұрыш өлшегіш құрал көмегімен (мысалы, теодолит) аспан денесінің көкжиектік координаталарын анықтау оп-оңай.Бірак бұл координаталар жүйесін колдану кезінде туындайтын қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің кекжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының тұрған орнына байланысты. Мұндай координаталарды жұлдыздық карталар мен атластарда қолдану мүмкін емес. Көкжиектік координаталар шырақтардың аспанда белгілі бір орын мен уақыттағы орналасуын анықтайды. Координаталардың экваторлық жүйесі. Аспан сферасының керінерлік айналыста болатынын білдік, әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол — экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы — аспан экваторының жазықтығы. Жер бетіндегі географиялық ендік сиякты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын керсететін координата еңістік деп аталады да, δ әрпімен белгіленеді. Ол еңістік деңгелегі бойымен өлшенетін доға үзындығына тең. Еңістіктін, аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы "оң", мәні 0-ден +90°-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда — "теріс", 0-ден -9 0 қа дейін. Экваторлық жүйеде қолданылатын екінші координата географиялық бойлықка ұксас. Ол тура көтерілу деп аталады да, а әрпімен белгіленеді. Тура көтерілу координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтық еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта өлшенеді. Сондықтан да жұлдыздардың көкжиектен шығу кезегі олардың тура көтерілу мәндерінің өсу ретімен болады. Тура көтерілудің мәні градустық (0°-ден 360-қа дейін) және сағаттық (0-ден 24 сағатқа дейін) бірліктермен өлшенеді. Осы бірліктердің арақатынасын анықтау 24 car = 360° екеніне негізделеді. Демек, 1 сағ = 15°; 1 мин = 15'; 1 с = 15"; 1° = 4 мин; 1' = 4 с. Жұлдыздардың экваторлык координаталарының мәндері бакылаушыға катысты емес, әрі ұзақ уакыт бойы өзгермейді. Осылар бойынша олар аспан карталарында орналастырылады және каталогтарда тіркеледі.

Аспан координаталарының жүйелері

Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.

Координаталардың көкжиектік жүйесі. Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына қатысты көрінерлік орналасуын қарастыратынболсақ,онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы.Бұл жүйедегі негізгі жазықтық-математикалық көкжиек жазықтығы.Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады,оның бірі көкжиек сызығы бойыменөлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш-азимут.Бұл бұрыш астрономияда,әдетте оңтүстік нүктеден батысқа қарай,ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді.Екіншісі вертикаль бойымен есептелінетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы- шырақ биіктігі.

Координаталардың экваторлық жүйесі.Аспан сферасы көрінерлік айналыста болатынын білдік,әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді.Сондықтан да онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы.Ол- экваторлық координаталар жүйесі.

Оның негізгі жазықтығы-аспан экваторының жазықтығы.Жер бетіндегі географиялық ендік сияқты аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін координата еңістік деп аталады.Ол еңістік дөңгелегі бойымен өлшенетін доға ұзындығына тең.

№4 Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген. Уақыт - оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі.

Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды. Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандармен қатар) іргелі мүшесі. Готфрид Лейбниц пен Иммануил Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды.

Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспан бойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі.

Уақытты өлшеу мәселелері. Уақыт өлшемдері. Қас пен көздің арасы-халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаын білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) - жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 сек. аралығы. Сүт пісірім-халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут. Бие сауымдай уақыт-биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл. Таң сәрі-шолпан жұлдызының туған мезгілі. Бозала таң-күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Таң ата-күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. Сәске-күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс-күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазақтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Сәске түс-шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазақтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Кешқұрым-күн батқан кез. Түн ортасы- түнгі сағат 12. Түн жарым-түнгі сағат 3. Ат адым-ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым-қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым-қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең.

Жұлдыздық Уақыт – астрономияда қолданылатын уақыт есебі. Онда тәуліктің ұзақтығы қозғалмайтын жұлдыздар жүйесімен салыстырғандағы Жердің өз осінен айналу периодына тең деп қабылданған. 24 жұлдыздық сағат 23 сағ 56 мин 4,091 с орташа күн уақытына тең.

Кез келген жұлдызды таңдап алып, оның аспандағы орнын Жердегі козғалмайтын бір нәрсе (үй бұрышы, бағана) көмегімен белгілеп алайык. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23 сағ 56 мин өткенде қайтып оралады. Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздың тәулік деп аталады. Дәл айтсақ, жұлдыздың тәулік—күн. мен түннің теңелу 1 нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері. Ал 4 мин қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебі күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға Жұлдыздарға катысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта 1°-қа ығысып отырады. Оны "қуып жету" үшін Жерге осы 4 мин қажет. Сонымен, Жердің өз осінен айналып шығуына 23 car 56 мин уақыт кетеді. Ал 24 car осы айналыстың Күнге қатысты уақыты. Адам Күнсағаты бойынша өмір сүреді, жұмыс жасайды. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда Жұлдыз уақытын қолданады.

Жергілікті Жұлдыз уакыты (S) мен Жұлдыздардың экваторлық координатасы тура көтерілу мәні арасында карапайым байланыс бар. Егер Жұлдыз жоғарғы шарықтауда болса, онда

S = α

Демек, кез келген мезетте берілген орындағы жұлдыздың уақыттың мәні осы кезде жоғарғы шарықтауда ориаласқан. жұлдыздың тура көтерілу координатасының мәніне тең. Жер бетіндегі X бойлықтағы Жұлдыздық уақыт (S) пен Гринвич меридианындағы Жұлдыздық уақыт (S0) арасындағы байланыс мына өрнекпен анықталады:

S = S0 + X

Осыдан біз берілген орынның Жұлдыздық уақытын анықтау арқылы осы орынның географиялық бойлығының мәнін де анықтауға болатынына кез жеткіздік.

Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы. Күннің де, түннің де ұзақтығы өзгеріп, әр маусымда әр түрлі болып отырады. Тәуліктің ұзақтығын тұрақты шама деп есептеуге болады. Жуық түрде алғанда күн қанша ұзарса, түн сонша қысқарады. Шамалап алғандағы тәуліктің бұл тұрақтылығы біздің заманымыздан бұрын 4000 жылдықта анықталған. Бір тәулік ішінде Жер өз осін бір айналып шығады. Жердің өз осін бір айналып шығуына кететін уақыт жұлдыздық тәулік деп аталады. Жұлдыздық тәулік жуық түрде 23 сағат 56 минут 4 секундқа тең. Мұны тікелей бақылап анықтауға болады. Жұлдыздық тәулік – уақыттың астрономиядағы негізгі өлшемі. Ол 24-ке бөлінеді де, әрбір үлесі жұлдыздық сағат деп аталады. Жұлдыздық сағат кәдімгі сағаттан сәл кемірек, жуық түрде 59 минут 50,17 секунд болады. Уақытты жұлдыздық сағат бойынша өлшейтін аспаптар обсерваторияларда қолданылады. Жұлдыз уақыты – өзгермейтін тиянақты уақыт. Адам өмірі негізінен алғанда жұлдызға емес, Күнге байланысты. Сондықтан астрономияда“нақты күндік тәулік” ұғымы көбірек қолданылады. Бірақ нақты күндік тәуліктер бірдей емес, олардың ұзақтығы әр кезде әр түрлі болады. Себебі Күн (шын мәнінде Жер) кейде үдей, кейде баяу қозғалады. Нақты күндік тәуліктердің ең қысқасы, жұлдыздық уақыт өлшемімен – 24 сағат 3 минут 36 секунд (қыркүйек айының ортасы), ең ұзағы – 24 сағат 4 минут 27 секунд (қараша айының аяғы) болады. Шамасы үнемі өзгеріп тұратындықтан, нақты күндік тәуліктер өмірде сирек қолданылады. Халыққа қолайлы болуы үшін жыл ішіндегі нақты күндік тәуліктердің орташа мәні, яғни арифмет. ортасы алынған. Бұл уақыт орташа күндік тәулік деп аталады, ол 24 сағат асырқа тең. Нақты күндік уақыт орташа күндік уақытпен сәйкес келмейді. Ол екеуінің айырмасы астрономияда уақыт теңдеуі деп аталады. Уақыт теңдеуінің мәні жыл сайын шығып тұратын арнайы астрон. кестелерде келтіріледі. Уақыт теңдеуінің өзі де тұрақты емес, сондықтан кестелер жыл сайын қайта жасалады.

№5 Жұлдыздар каталогы- белгілі бір біртекті сипаттамалары (экваторлық координаттар, жұлдыздық шамалар, спектрлік кластар,т.б.) көрсетілген жұлдыздардың тізімі. Онда жұлдыздардың негізгі сипаттамаларынан басқа, аспандағы және Жұлдыздар каталогындағы жұлдыздарды салыстыруға мүмкіндік беретін қосымша сипаттамалар да беріледі. Жұлдыздар каталогында жұлдыздар шарықтау кезіндегі өсу реті бойынша орналастырылады. Кез келген Жұлдыздар каталогында әрбір жұлдызға міндетті түрде белгілі бір нөмір беріледі. Жұлдыздар каталогының жұлдыз орны белгіленген Жұлдыздар каталогы, іргелі Жұлдыздар каталогы, жинақталған Жұлдыздар каталогы, т.б. түрлері бар. Астрономиялық бақылаулар негізінде жасалған Жұлдыздар каталогы жұлдыздық жүйелердің құрылысы мен қозғалысын зерттеуде, аспан координаттарының жүйесін анықтауда, геодезияда, т.б. пайдаланылады. Ең алғашқы Жұлдыздар каталогын Гиппарх жасаған (850 жұлдыз орнының каталогы), сондай-ақ Ұлықбектің жасаған Жұлдыздар каталогы да белгілі (1018 жұлдыз орнының каталогы). Қазіргі кезде дүние жүзінде жүздеген Жұлдыздар каталогы бар. Қазақстанның Астрофизика институтында «Жұлдыздардың спектрофотометриялық каталогы» жасалды. Онда 1159 нысан қамтылған.

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы (ЖАЖК) белгілі бір орында жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін анықтау мақсатында қолданылады. ЖАЖК екі бөліктен құралған: жұлдыздар картасы және қондырма дөңгелек. Карта аспан сферасының жазықтыққа көшірілуінен құрылған.Картада жұлдыздар, шоқжұлдыздардың танымал бейнесі, олардың шекаралары, аспанның экваторлық координаталарының торы бейнеленген. Картаның орталығында еңістік дөңгелектерінің радиалды сызықтар түріндегі көшірмелері қиылысады. Бұл нүкте дүниенің солтүстік полюсі. Тура көтерілу мәндері сағаттық санмен карта жиегінің ішкі жағында сағат тілінің жүрісі бойынша әр 1 сағ сайын жазылған. Аспан экваторы (еңістігі 0') және аспанның үш ендігі әр 30° сайын концентрлік шеңбермен сызылып, бастапқы еңістік дөңгелегімен (0 сағ-12сағ түзуі) қиылысқан тұстарында градуспен таңбаланған. Осы сандардың көмегімен аспан шырақтарының экваторлық координаталарының мәндерін жуықтап анықтауға болады. Аспан экваторының ішкі жағында аспанның солтүстік жарты шары, одан тысқары оңтүстік жарты шарының 45° еңістікке дейінгі аймағы орналасқан. Аспан экваторымен екі нүктеде (күн мен түннің теңелу нүктелерінде: көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі α=0 сағ, δ=0° және күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі α=12 сағ,δ=0°)қиылысатын әрі орталық нүктесі дүние полюсімен сәйкес келмейтін шеңбер-эклиптика. Жазғы күн тоқырау нүктесі солтүстік жарты шарда эклиптиканың еңістік дөңгелегімен 6 сағ мәнінде, ал қысқы күн тоқырау нүктесі оңтүстік жарты шарда, онымен 12 сағ мәнінде қиылысқан тұста орналасқан. Карта жиегін ала күнтізбелік айлар және күндер көрсетілген. Олар Күннің эклиптикадағы орнын анықтайды. Қондырма дөңгелекте географиялық ендік мәндері жазылған сопақ пішінді түйық сызықтар көрсетілген. Оның орны мен пішіні бақылаушының Жер бетінде орналасуына, яғни оның тұрған орнының географиялық ендігіне тәуелді. Бақылаушының орналасу орнының ендігіне сәйкес бұрыштық белгі салынған қисық бойымен қиып алғанда, оның түйық жиегі осы орынның математикалық көкжиегіне сәйкес болады. Көкжиек бойында дүниенің «төрт бұрышы» белгіленген. Егер оңтүстік пен солтүстік нүктелерінің арасында жіп керілген болса, онда ол аспан меридианын көрсетеді. Осы жіптің орта шенін жуықтап зенит ретінде сақтауға болады. Оның дәл орны керілген жіптің Жер ендігі φ-ге тең аспан ендігімен қиылысқан нүктесімен сәйкес келеді. Мысалы, Алматы үшін «φ=43,25°» аспандағы орны картада δ=43,25°сәйкес ендік шеңберін сызып, сол шеңбердің талтүстік сызықпен қиылысқан нүктесін белгілеу арқылы анықталады. Қондырма дөңгелектің сырт жиегі 24 сағ-қа, ал әр сағат 6 бөлікке бөлінген. Бұл дөңгелекте сағат сандарының мәні жергілікті уақыт бойынша белгіленген. Бақылау кезінде бұл жайт есте болу керек. Қондырма дөңгелектің ойылып алынған жерін мөлдір қағазбен желімдеп жапсырып,онда талтүстік (меридиан) бұл сызығы мен зенит орнын белгілесе және де картаны дүниенің солтүстік полюсі нүктесімен шегеге қондырса,жылжымалы карта қолдануға ыңғайлы болады. Жұлдызды аспанның жылжымылы картасының көмегімен әртүрлі астрономиялық есептер шеше аламыз.Олар берілген орындағы жұлдыздардың шығу,бату,жоғары және төме шарықтаудың(яғни көкжиектен ең биік және ең төмен орналасуының)қай күні,қай уақытта болып өтетінің анықтауда қажет.Мәселен,берілген күннің белгілі бір уақытында жұлдызды аспанның көрінісін анықтау үшін қоңдырма дөңгелегінің сағаттық жиегіндегі уақыт шамасы картаның жиегіндегі күн санымен сәйкестендіріледі.Осы кезде ойық ішінде аспанда көрінетін жұлдыздар пайда болдады.Талтүстік сызық бойындағы жұлдыздар шарықтау шегінде:дүниенің солтүстік полюсінің оңтүстік жағындағылыры жоғарғы,ал оның солтүстің жағындағылыры – төменгі шарықтау сәтінде орналасады.Шығып келе жатқан жұлдыздар көкжиектің шығыс бөлігінде,ал батып бара жатқандары – батыс бөлігінде орналасады.Мысал,казақ халық астрономиясында кейбір жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың шығу және бату заңдылықтарын тұжырымдайтын жұлдыз ережесі бар.Солардың бірінде: "Үркер,Үшарқар,Таразы және Сүмбіле үш айда туып, бір айда батар" деп айтылыды.Бұл ережеде аспан шырақтарының ең соңғы кешкі батуы мен таңертеңгі ең алғаш тууы туралы айтылған.Олар,гелиакал бату және туу деп аталады.Шырықтардың гелиакал туу және мезгілі бақылаушы тұрған орнының географиялық ендігіне де тәуелді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 8228; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.