Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Темпратурасы




Негізгі тізбектегі жұлдыздардың беткі темпратурасы өзегінде жасалатын энергияға және оның радиусына байланысты болады. Оны рең индексі арқылы мөлшерлеуге болады. Жұлдызды идеалдастырылған қара шар деп есептеп, оның өзегінда жасалатын энергия оның беткі қабатына жеткенде қанша болатыны арқылы есептеу теориялық есептеу болып, ол әдетте "өнімді темпратура" деп аталады. Бірақ, өнімді тепратура тек бір көрсеткіш қана. Өйткені жұлдыз темпратурасы өзегінен бетіне жеткенше үздіксіз әлсірейтін бірнеше сатылардан өтеді. Ал, өзегінде миллион К ге жетеді.

Үлкен массаға ие негізгі тізбек жұлдызының беткі темпратурасы 50,000 K -ге жетеді. Ал, Күн секілді біршама кіші жұлдыздың беткі темпратурасы бірнеше мың К. Алып қызыл жұлдыздың беткі темпратурасы 3,600 K болғанымен, бірақ оның жарқырайтын аумағы үлкен болған соң жерден жарық болып көрінеді.

Cәулеленуі (радиация)

Жұлдызда пайда болған энергия термоядролық реакцияның нәтижесі болып, ол электромагниттік сәулелену(радиация) және бөлшектер сәулеленуы арқылы әлемге тарайды. Бөлшектік сәулелену (олар жұлдыздың сыртқы қабатындағы еркін протондар, α бөлшектер, β бөлшектер болып газды ағындарға ілеседі) жұлдыз бораны болып таралады. Әрине, жұлдыз боранында тағы жұлдыз өзегінен келетін нейтринолар да болады.

Өзегінде пайда болған энергия жұлдызды қалай жарқырата? Мәлім элементтің екі және одан да көп атомдары өзара бірігіп, одан да ауыр элементті пайда қылғанда, γ-сәулелер мен фотондартермоядролық реакция арқылы сыртқа атылады. Бұл энергия беткі қабатына жеткенде көрінетін сәуле секілді формадағы электромагниттік энергияға айналады.

Жұлдыздың реңі көрінетін сәуленің толқындық жиілік мәнімен өлшенеді. Ол жұлдыз сыртқы қабатындағы температурамен тіке байланысты болады.] Жұлдыз әдетте көрінетін сәуледен басқа көрінбейтін электромагниттік сәулеленуден де тұрады. Шынтуайтында, электромагниттік сәулелену жұлдыздың бүкіл электромагнитті спектрін – ұзын толқынды инфрақызыл сәулесі мен радиотолқындардыжәне қысқа толқынды ультракүлгін сәулесін, рентген сəулесін және γ-сәулесін жауып тұрады.

Жарқырауы

Астрономия саласында, жарқырау дегеніміз аспан денесінің мәлім уақыт бірлігінде сәулеленген жарығы мен басқа да энергиялар шашырауының бірбүтін жиынтығы. Жұлдыздың жарқырауы жұлдыз радиусына және беткі темпратурасына байланысты болады. Бірақ, көптеген жұлдыздардың сәулелену ағыны біртегіс болмайды. Тез айналатын Вега жұлдызын алсақ, одан сәулеленген энергия ағыны экваторында ең көп болады екен

Жұлдыз бетіндегі жұлдыз дағы дегеніміз сәулеленген энергия мен температура орташа сәулеленген аймақтан төмен өңір есептеледі. Шағын, Күн секілді ергежейлі жұлдыздардың бетінде дақтардан басқа өзгеше құбылыстар сирек болады. Алып жұлдыздардағы жұлдыз дағы үлкен және анығырақ болады. Олардың жиек өңірінде айқын күңгірттену құбылысы болады, яғни жарығы жұлдыз табақшасының орталық өңірінен айналасына дейін біртіндеп әлсіреумен болады.

 

23.Біздің галактика.

Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байкалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы.

Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе.

Галактика түрлері - өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады. Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Қазіргі ғаламат Әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1173; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.