Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Планеталар космогониясы




20 ғ-дың 40-жылдары, Джинс гипотезасының күйреуінен кейін, космогония ілімі планеталардың шашыраған заттан пайда болғандығы туралы Кант пен Лапластың классикалық идеяларына қайта оралды. 20 ғасырдың 70-жылдары планеталар Күн жүйесіндегі қатты денелерден, ал Юпитер мен Сатурн сол жүйедегі қатты денелер мен газ-тозаң бұлтынан құралған деген идея жалпы жұртшылық мойындаған тұжырым болды. Бұл бұлт бір кезде Күнді қоршап, планеталар жүйесінің шегіне дейін созылып жатқан. Күннің сығылатын әрі айналатын тұмандықтан пайда болғандығы туралы кең тараған пікірге сүйене отырып, көптеген астрономдар: Ф.Хойл(Ұлыбритания), А.Камерон (АҚШ), Э.Шацман (Франция) алғашқы планеталар (протопланеталар) бұлтының соңғы сығылу сатысында, осы тұмандықтан орталықтан тепкіш күштің әсерінен бөлініп шыққан деген тұжырымға келді. Лаплас болжамында тұмандықтың бөлініп шығуы таза механикалық жолмен қарастырылса, жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымдарында тұмандыққа Күннің корпускулалық сәулесі мен магнит өрісіне байланысты әсерлері ескерілді. Планеталардың алғашқы планеталар бұлтынан түзілуін орыс ғалымы О.Ю.Шмидт және оның қызметкерлері толық зерттеген. Бұл процесті екі кезеңге бөлуге болады. Шамамен 106 жылға созылған 1-кезеңде бұлттың тозаң құраушыларынан мөлшері жүздеген км болатын «аралық» дене түзілген. Шамамен 108 жылға созылған 2-кезеңде «аралық» дене тобынан және олардың сынықтарынан планеталар жинақталған. Юпитер мен Сатурн планеталарының маңындағы «аралық» денелер тобынан серіктер жүйесі пайда болған. Олар дөңгелек орбита бойынша планеталармен бір бағытта айналады. Ал Юпитер, Сатурн, Нептун планеталарының өздеріне қарсы айналатын серіктері де өздерін қоршаған «аралық» денелерден жаралуы мүмкін. «Аралық» денелердің қалдықтары мен сынықтары – осы кездегі астероидтар мен құйрықты жұлдыздың ядролары. Ғаламда ұшып жүрген басқа денелермен, сондай-ақ бір-бірімен соқтығысуы салдарынан астероидтар бөлшектеніп кетеді. Жұлдыздың және құйрықты жұлдыздың ұйтқулары әсерінен кейбір құйрықты жұлдыз ядролары қысқа периодты құйрықты жұлдызға айналады. Ежелгі метеориттердің жасы шамамен 4,7 млрд. жыл деп есептеледі. Күн жүйесінің жасы үшін онымен бір мезгілде жаралған әрі метеориттердің аталық денесі деп есептелетін астероидтардың жасы алынады. Ай топырағының үлгілерін өлшеу нәтижесінде Ай мен Жердің бір дәуірде жаралғандығы анықталған.

Жұлдыздар космогониясы

Мұнда жұлдыздардың, сондай-ақ жұлдыздық жүйенің пайда болуы әрі эволюциясы зерттеледі. Эволюция барысында жұлдыздар өздерінің қойнауындағы механикалық және жылулық тепе-теңдіктің өзгеру жағдайымен анықталатын сатыдан өтеді. Сутекті гелийге айналдыратын ядролық реакцияның нәтижесінде жұлдыз ядросының химиялық құрамы өзгереді; газдың орташа молекулалық салмағы артып, ядро нығыздалып, қызады. Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, бұл жағдай жұлдыздардың жарқырауы мен радиусын арттырады. Жұлдыз эволюциясының уақыты оның массасына едәуір дәрежеде тәуелді. Күн эволюциясының уақыты 1010 жылға тең. Кәрі жұлдыздардағы (эволюциясының уақыты бірнеше млн. жылға тең) сутек қоры тез таусылады. Олардың температурасы едәуір төмен болып келеді.[1]

Галактикалық космогония

Әр түрлі типтегі жұлдыздар Галактикада қосалқы жүйелер құрайды. Ең әуелі Галактика созылып жатқан, баяу айналатын газ бұлты түрінде болған. Газ орталыққа қарай қысылып, одан жұлдыз шоғыры түзілген. Осы кезде түзілген жұлдыздар созылыңқыорбита бойымен қозғалып, газ орнында пайда болған сәл қысылыңқы сфероидты толтырады. Мұндай жұлдыздар Галактиканың сфералық құраушысына жататын жұлдыздық қосалқы жүйелердің құрамына енеді. Ретсіз қозғалған газ кинетикалық энергиясынан айрылып, қысылады. Сөйтіп, сфероид радиусы кемиді. Осыдан кейін сфероид орталыққа қарай емес, экваторлық жазықтық бойынша қысылады. Осы кезеңде Галактиканың аралық құраушысы болып есептелетін қосалқы жүйелер түзіледі. Қосалқы жүйелер түзілгеннен кейін газ сығылмайды, енді ол қозғалыстың әсерімен ғана емес, магнит өрісі қысымымен де ұсталып тұрады. Газдан пайда болған жаңа жұлдыздар Галактиканың жазық қосалқы жүйелерінің (ыстық жұлдыздар мен шоғырлар да) құрамына енеді. Жазық қосалқы жүйелерде жүздеген не мыңдаған жұлдыздар болады, олар шашыраған шоғырлар деп аталады. Ал сфералық қосалқы жүйелерде ондаған және жүздеген млн. жұлдыздар болады, олар шар шоғырлар делінеді. Қосалқы жүйелер жұлдыздардың жасына, кинематикалық айырмашылықтарына, сондай-ақ химиялық құрамына қарай ажыратылады. Жұлдыздар мен жұлдызаралық орта Галактика құрамындағы зат эволюциясының 2 фазасы болып табылады. Уақыт озған сайын жұлдызаралық орта таусылып, Галактикадағы жас жұлдыздар жоғалады, олардың массасының көбі массасы аз жұлдыздарға (эволюциясы баяу), сондай-ақ ергежейлі жұлдыздарға, нейтронды жұлдыздарға және коллапс күйдегі шомбал қалдықтарға шоғырланады. Жұлдыздар да, галактикалар да алғашқы диффузиялық газдың қоюлануынан түзілетіндіктен баяндалған тұжырымдама өте маңызды болып есептеледі. Қазақстанда Космогония мәселелерін зерттеу жұмыстары Астрофизика институтында 20 ғ-дың 40-жылдарының 2-жартысынан жүргізіле бастады. В.Г.Фесенков пенД.А.Рожковский көп жыл бойы фотографиялық тәсілмен зерттей отырып, диффузиялық тұмандықтағы газ-тозаң талшықтары жеке қоюланған бөлшектерге ыдыраудың нәтижесінде жұлдыздарға айналады деген болжам ұсынды. Олар бақылау деректерінің көмегі арқылы әйгілі Орион тұмандығы (Таразы шоқжұлдызындағы) мен ондағы жұлдыздар бір жерден пайда болған жас нысандар екендігін дәлелдеді. Сөйтіп, жұлдыздар эволюциясы мәселесінде диффузиялық тұмандықтардың үлкен рөл атқаратындығы анықталды. Жас Таразы шоқжұлдызының бас құраушыларының құрылысы трапеция тәріздес екендігі және осы конфигурацияның ұзақ уақыт сақталатындығы жөніндегі теорема дәлелденді.

26.Космостағы өзіндік құрылу мен динамикалық хаос.

Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде Ғ. ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады.Ғ. Жер төңірегіндегі кеңністікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғ. және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғ. болып ажыратылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1177; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.