КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жер альбедосы 1 страница
Жердің әлемдік кеңістікке беретін (атмосферамен бірге) Күн радиациясының атмосфераның шекарасына келіп түскен Күн радиадиясына қатынасы жер альбедосы деп аталады. Жердің Күн радиациясын беруі — жер жөне бұлттар бетінен шағылысуы, сонымен бірге тік радиацияның атмосферамен бірге әлемдік кеңістікке шашырауы арқылы болады. Жер альбедосы мөлшері 35-45% (немесе 0,35—0,45) Жер ғаламшарының қозғалыстары Күн жүйесінің барлық басқа ғаламшарлары тәрізді Жер де Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Сондықтан Күнге дейінгі қашықтық тұрақты емес. Афелий— орбитадағы Күннен ең қашық нүкте (152 млн км), Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді; ал перигелийден — ең жақын нүктеден (147 млн км) 3 каңтарда өтеді. Орбитаның жалпы ұзындығы — 940 млн км, оның бойымен Жер түрліше жылдамдықпен қозғалады. Орташа қозғалу жылдамдығы — 29,8 км, сонда Жер өз орбитасын 365 тәулік 6 сағ 9 мин 9,6 с-та бір рет айналып шығады. Осы уақыт аралығын жұлдыздың жыл деп атайды. Ал бізге мәлім 365 күндік календарлық жыл қайдан шықты? Қалған 6 сағат пен минуттарды 4 жылда бір тәулікке жинақтап, ең қысқа ай — ақпанға апарып қосады да, ол жылды кібісе жылы (високосный год) деп атайды. Бұл — күнтізбе жасауды жеңілдету үшін қолданылған шара. Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді. Жердің өз білігшен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер қозғалысында ауытқу пайда болады. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс — Кориолис күші (француз ғалымы Г. Кориолис есімі бойынша) деп аталады. Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Өсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткіағыстардан айқын байқалады. Экватор бойында Кориолис күші өлсіз, керісінше полюстерге карай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу өсіресе жел бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті дауылдар туғызатын тропиктік циклондар қозғалысын білудің қашан да маңызы зор. Күн мен түннің алмасуы табиғаттағы тәуліктік ырғақтылықты туғызады, ол жарық пен жылудың өзгерісіне байланысты жүзеге асады. Адамның әлеуметтік өмірі детәуліктік ырғақтылыққа сәйкес келеді. 28.Ғаламдағы физикалық заңдылықтар. Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр. Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады. Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді. Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады. 36.Жұлдыз өлшемі. Жұлдыздық абсолюттік шама және жұлдыздардың жарқырауы Жұлдыз- өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері.Күнге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.Күнен Жерге дейінгі аралықты жарық 81/3 мин, ал ең жақын Центравдағы жұлдызына дейінгі аралықты 4 жыл 3 айда жүріп өтеді.Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоп пен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоппен арқылы млрд-таған жұлдызды көруге болады. Жұлдыздардың негізгі сипаттамалары – олардың массасы, радиусы жəне жарқырауы. Бұл шамалар, көбінесе Күннің массасы, радиусы жəне жарқырауының үлестерімен өрнектеледі. Негізгі параметрлерден басқа эффективтік температура, спектрлік класс, абсолюттік жұлдыздық шама, түрлі-түстілік көрсеткіші тəрізді туынды параметрлер де қолданылады. Жұлдыздар əлемі өте əр алуан Жұлдызды аспанмен танысқаннан-ақ жұлдыздардың жарықтығы бірдей емес екендігін білеміз. Ең жарық жұлдыздарды ертеде (ертедегі грек астрономы Гиппарх біздің дəуірімізге дейінгі II ғасырда) бірінші жұлдыздық щама деп атаған.Жұлдыздарға дейінгі арақашықтық бірдей деп есептеп, жұлдыз неғұрлым жарық болған сайын, оның өлшемі де үлкен болады деп ойлаған.Ең жарық жұлдыздарды бірінші шамаға (қысқаша таңбалануы , латынның magnitudo-шама сөзінен), ал қарусыз көз ұшында әрең көрінетіндерін алтыншы шамаға () топтастырған.Қазіргі кезде жұлдыздық шама жұлдыз өлшемін емес, оның жылтырауын, яғни жұлдыздың Жер бетін жарықтандыруын сипаттайтын білеміз. Қарапайым көзбен аспанда 5 000 жұлдызды көруге, ал жуық мөлшерде телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды: жартысын оңтүстүк жарты шарда, жартысын солтүстік жарты шарда көруге болады. Астрономияда «жұлдыз кескінінің жарықталынуы» деген ұғым орнына жалтырау ұғымы қолданылады. Жалтырау азайған сайын бақылау жасау мүмкін болатын жұлдыздар саны арта береді. Жұлдызды картаға 11-жұлдыздық шамадан жарық барлық жұлдыздар түсірілген. Гиппарх бойынша жұлдыздың жарықтылығы əлсіз болған сайын оның жұлдыздық шамасы үлкен деп санау ұйғарылған. XIX ғасыр ортасында ағылшын астрономы Норман Погсон жұлдыздық шамалардың қазіргі кездегі шкаласын ұсынды: шкала бір жұлдыздық шамаға өзгергенде жұлдыздардың жалтырауы Гиппарх есептеуі сияқты жуық шамамен 2,5 есеге өзгереді. Жұлдыздық шаманың 5-ке өзгеруі жұлдыздар жалтырауының 100 есеге өзгеретін көрсетеді. Бір жұлдыздардың көп жалтырауы, екіншілерінің аз жалтырауы жұлдыз жайлы нақты ақпарат бере алмайды. Өте жарық жұлдыз үлкен жарқырауға ие болып, бірақ өте алыста орналасуы мүмкін, сондықтан жұлдыздық шамасы да үлкен болады. Жұлдыздың нақты жалтырауын анықтау абсолют жұлдыздық шама ұғымын енгізеді. Бір жұлдыздар күшті,екіншілері əлсіз жарқырайды. Сəуле шығарудың қуатын жарқырау деп атайды. Жарқырау- бұл жұлдыздан 1 секундта бөлінетін толық энергия. Жұлдыздардың жарқырауын жұлдыздың барлық бағыт бойында шығаратын энергия ағынын көрсетеді, өлшем бірлігі Дж\с немесе Вт. Жарқырауы өте жоғары жұлдыздар ішінде алып жұлдыздар жəне аса алып жұлдыздар болады. Алып жұлдыздардың температурасы 3 000 К- 4 000 К, оларды қызыл алыптар деп атайды. Аса алып жұлдыздар, мысалы, Бетельгейзе жарықтың ең қуатты көздеріне жатады. Жарқырауы ең төмен жұлдыздарды ергежейлілер деп атайды. Жұлдыздар Жердегі белгілі химиялық элементтерден тұрады, бірақ проценттік қатыста жеңіл элементтер сутегі мен гелий басым. Жұлдыздардан спектрі бойынша олардың жарқырауын, жұлдызға дейінгі қашықтықты, температурасын, өлшемін, оның атмосферасының химиялық құрамын, осінен айналу жылдамдығын, ортақ ауырлық центрі айналасында қозғалу ерекшеліктерін білуге болады. Телескопқа орналастырылған спектрлік аппарат жұлдыздар жарқырауын толқын ұзындығы бойынша спектр жолағына түсіріп береді. Спектр бойынша жұлдыздан қандай толқындағы энергия келетін жəне оның температурасын бағалауға болады.
37.Күн- Күн жүйесінің негізгі обьектісі Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран, және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.Күн жер тіршілігінде маңызды орын алады.Ғаламшарымыздағы бүкіл органикалық дүниенің бар болуы тікелей Күнге байланысты.Күн тек жарық пен жылудың ғана қайнар көзі болып қана коймай, сонымен қатар басқа да көптеген энергия түрлерінің (мұнай, көмір, су, жел энергияларының) алғашқы көзі болып табылады. Күн кейбір халықтарды табыну объектісі болып келген.Оны ең күшті құдірет тұтқан.Күнге арнап кесене салып, жыр жазып, құрбандық шалған. Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады. Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Күн радиусы Жердің радиусымен салыстырғанда одан 109 есе, ал көлемі шамамен 1300000 есе зор.Күн массасы да орасан зор.Ол жер массасынан 330000 еседей және оның төңірегінде қозғалатын барлық ғаламшарлардың жылпы массасынан 750 еседей көп.Күнді бақылау өте сақ болуды қажет етеді.Көзді өте тығыз жарық сүзгішпен қорғамай, Күнге қарауға болмайды.Тіпті жарық сүзгіші бар болғанның өзінде де Күнге мектеп телескопымен қарауға болмайды.Ең дұрысы телескоптың окулярлық жағына бетінде ақ қағазы бар экран орналастырып, Күн кескінін экранда қарастырған дұрыс.Күнді бақылау үшін арнаулы құрылымды телескоптарды-Күн телескоптарын қолданады.Күннің өз осінен бір айналуы экватор аймағында-25, ал Күннің полюсіне жақын аймағында-шамамен 30 Жер тәулігінде өтеді.Күн экваторындағы сызықтық жылдамдық 2 км/с.6000 К температурада Күн заты газ тәріздес күйге енеді, әрі кейбір химиялық элементтердің атомдары иондалған болады.Тереңдеген сайын температурада өседі де, онымен бірге иондалған атомдар саны артады.Сондықтан да Күн затының негізгі күйі плазма, ал КҮН дегеніміз қызған плазмалық шар. 38.Қос жұлдыздар.Жаңа және аса жаңа жұлдыздар. Құралсыз көзге Мицар маңынан көмескі жұлдыз-Алькор көрінеді.Алькор мен Мицардың бұрыштық ара қашықтығы 12" шамасында, ал олардың сызықтық ара қашықтығы шамамен 1,7*104 а.б..Бұлар оптикалық қос жұлдыз, себебі: Мицар мен Алькор аспан күмбезіне қатар проекцияланады, яғни олар бір бағытта көрінеді,бірақ бір-бірімен физикалық түрде байланыспаған.Егер Мицар мен Алькор ортақ масса орталығын айнала физикалық қос жұлдыз жүйесін құра қозғалса, онда айналыс периоды 2*106 жыл болар еді. Косарлық- жұлдыздар арасында кең тараған құбылыс: барша жұлдыздардың жартысына жуығы қос немесе күрделі (еселі) жүйелердің құрамына кіреді.Мысал ретінде Егіздер (Кастор) жұлдызын алалық.Бұл жүйеде ара қашықтық шамамен 100 а.б, ал айналу периоды-600 жыл шамасында.Кастордың А және В жұлдыздары өз кезегінде қос жұлдыздар.Бірақ олардың қосарлығын көзбен немесе фотосуреттен бақылауда анықтау мүмкін емес, себебі сыңарлар бар болғаны астрономиялық бірліктің бірнеше жүздік бөлігіндей қашықтықта орналасқан.Мұндай тығыз жұптардың қосарлығы тек олардың спектрлерін зерттеу кезінде ғана айқын болады, онда спектр сызықтарының мерзімді түрде екі сызыққа жіктеліп, қосақталып тұруы байқалады.Біз әр бағытта қозғалатын жұлдыздардың спектрлерінің қабаттасуынан пайда болатын қосынды спектрді көреміз. Жиі тығыз жұптардың қосарлығын олардың жылтырауының периодты өзгеруін зерттеуде айқындауға болады.Егер бақылаушыдан қос жұлдыздың масса орталығына бағытталған бағыт орбита жазықтығы маңында өтсе, онда бақылаушы тұтылуды, яғни бір жұлдыздың екіншісін уақытша көлегейлеуін көреді.Мұндай жұлдыздар тұтылмалы қос жұлдыздар немесе тұтылмалы айнымалылар д.а Көптеген бақылаулар нәтижесінде тұтылмалы айнымалы жұлдыздың жылтырау қисығын (графигін) салуға болады.Егер жылтырау максимумы мен минимумындағы жұлдыздық шамаларды салыстырса, онда біз жылтырау өзгерісініңң амплитудасын аламыз.Көршілес екі масимум (немесе минимум) аралығындағы уақытты өлшеп, жылтырау өзгерісінің периодын табамыз.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың жылтырау қисығын талдау арқылы жұлдыздардың бірталай маңызды физикалық сипаттамаларын, мысалы радиустарын анықтауға болады. Әр түрлі стационар емес жұлдыздардың ішінде өздеріне ерекше көңіл аударатындар жаңа және аса жаңа жұлдыздар. Шын мәнінде бұлар жаңадан пайда болған жұлдыздар емес, олар бұрын да болған, жылтырауы кенет өсуімен өздеріне назар аудартқан жұлдыздар. Жаңа жұлдыздың от алысы кезінде жұлдыз жылтырауы бірнеше тәуліктен бірнеше айға дейін уақыт аралығында мыңдаған, миллиондаған есе өседі.Жаңа жұлдыз ретінде қайыра от алған жұлдыздар да белгілі.Қазіргі мәліметтер бойынша жаңа жұлдыздар қос жүйе құрамына кіреді де, жұлдыздардың бірінің от алысы қос жүйені құрайтын жұлдыздар арасында зат алмасу нәтижесінде болады. Жылтырауы кенет шамамен -ге өсетін аса жаңа жұлдыз от алысы бұдан да керемет.Жылтырауының максимумында жұлдыздың сәуле шығаратын беті бақылаушыға секундына бірнеше мың км жылдамдықпен жақындайды.Аса жаңа жұлдыздың от алыс көрінісі аса жаңаның қопарылушы жұлдыз екенін көрсетеді. Аса жаңаның қопарылысы кезінде бірнеше тәулік ішінде орасан зор энергия - Дж бөлінеді.Мұндай зор қопарылыстар массасы Күн массасынан бірнеше есе үлкен жұлдыздардың эволюциясының ақырғы сатысында болады. Аса жаңа жұлдыздартың тек қабығының қалдығы ғана емес, сонымен қатар бір кезде қопарылған жұлдыздың орталық бөлігінің де қалдығы табылып отыр.Мұндай "жұлдыз қалдықтары" (лүпілдектер (пульсарлар) деп аталған) радиосәуленің керемет қайнар көзі болып шықты.Алғашқы лүпілдектер 1967 жылы ашылды. Кейбір лүпілдектерде сәуле шығару импульстерінің қайталану жиілігінің тұрақтылығы керемет: импульстер с-тан жоғары дәлдікпен өлшенген дәлме-дәл тең уақыт аралықтарында қайталанып тұрады.Ашылған лүпілдектер бізден бірнеше жүз парсектен аспайтын қашықтықта орналасқан.Болжам бойынша лүпілдектер- шапшаң өте тез айналушы, радиусы 10 км-ге жуық, ал массасы Күн массасына жақын өте тығыз жұлдыз. Мұндай жұлдыздар өте тығызнықталған нейтрондардан құралған да, нейтрон жұлдыздар д,а. Нейтрон жұлдыздар өз өмірінің тек кішігірім бөлігінде ғана өзін лүпілдек ретінде көрсетеді. Аса жаңа жұлдыздардың от алысы сирек құбылысқа жатады.Соңғы мыңжылдықта біздің жұлдыз жүйемізде аса жаңа жұлдыздың бар болғаны бірнеше ғана от алысы болды.Олардың ішінде мынадай үшеуі деректі түрде анықталды: 1054 ж. Торпақ шоқжұлдызында, 1572 ж.-Кассиопея шоқжұлдызынды, 1604 ж.-Жыланбөктерген шоқжұлдызында.Бұл аса жаңалардың алғашқысын-қытай және жапон астрономдары "қонақ-жұлдыз" ретінде, екіншісін Тихо Браге суреттеген, ал үшіншісін Иоганн Кеплер бақылаған.1054 ж және 1572 ж аса жаңаның жылтырауы Шолпан жылтырауынан асып түсіп, ол жұлдыздар күндіз де көрінген.Телескопты ойлап тапқалы біздің жұлдыз жүйемізде бір де бір аса жаңа жұлдыз бақыланған жоқ. 39. Лүпілдеуші жұлдыздар және нейтрон жұлдыздар. Пульсар— (қазақша "лүпілжұлдыз" деп те атауға болады) тұрақты периодпен әлемге (жер бетіне дейін) радиолық (радио-пульсар), оптикалық (оптикалық пульсар), рентгенді (рентгенді пульсар) немесе гаммалық (гамма-пульсар) импульс сигналын (ақпарын) тарқатып тұратын жұлдызды дене. Лүпілдектер - шапшаң өте тез айналушы, радиусы 10 км-ге жуық, ал массасы Күн массасына жақын өте тығыз жұлдыз. Лүпілдектер радиосәуленің керемет қайнар көзі болып шықты. 1967 жылы қазанда Кембридж университеті Кавендиша зертханасы Антоний Хьюиш профессордың 24 жасар аспирант қызы Jocelyn Bell Burnell радиотелескопқа келген ақпарларды тексерген кезде кейбір дыбыс сигналының өте тәртіпті екеніне назар аударады. Олардың периоды тұрақты болып, шамамен 1.337 секунд болады. Алғашында ол мұны бөгде ғаламшарлық "кішкентай жасылдар" (LGM) жіберген ақпар болуы мүмкін деп есептейді. Бірақ былайғы жарты жылда ол бұл түрдегі сигналдардың әртүрлісін анықтайды. Кейін адамдар бұл түрдегі аспан құбылысын жаңаша аспан денесінің құбылысы ретінде танып, аталған жұлдыздарды Пульсар (Лүпілжұлдыз) деп атайды. "Пульсар", "Квазарлар", "Ғарыштың микротолқынды фон нұрлануы", "Жұлдызара молекула" төртеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы "төрт астрономиялық жаңалық" есептеледі. Антоний Хьюиш профессор пульсарды байқағаны үшін 1974 жыл физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды. Ал бұл жұлдызды шындап алғаш байқаған Jocelyn Bell Burnell бойжеткеннің Нобель сыйлығын алмай қалуы қоғамда біршама талас туғызған болатын.Бір ғажабы, 1967 жылы Алясканың зымыраннан қорғану орталығының радар тізгіндеуші қызметкерлері кейбір лүпілдеген сигналдарды байқап, олардың аспаннан келгенін тұрақтастырады. Бұл байқау Кембридж университеті Кавендиша зертханасындағы Пульсар лүпілін байқаудан әлдеқайда бұрын болса да, бірақ әскери құпия ретінде жасырылып, тек ХХІ ғасырда ғана жұртқа белгілі болды.
Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 4104; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |