Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лкен не алып кометалар 2 страница




18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. .Б.з.д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін (лат. Lyceum) ашты. Бұл кейінгі лицейдің негізі болды. Ликей Аполлон ғибадатқанасы маңындағы "Қасқыр соғушының" атында аталған.Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Оның табиғат және физика туралы жаратылыстанулық және философиялық еңбектері Платон диалогтарына қарағанда күрделі болып келеді. Кейбір диалогтар жазғаны белгілі, бірақ ол диалогтарының аз бөлігі ғана сақталған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылған.Аристотель тұңғыш ғылымдарды түрге бөлуші, әрбір ғылымның нені зерттейтінін айқындаушы болды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомия, астрономия, экономика, эмбриология, география, геология, метеорология, физика, зоология салаларын зерттеді,философия саласында эстетика, этика, саясат, үкіметтану, метафизика, психология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиет, поэтика зерттеді. Оның осынау ғылым мен философия саласындағы кітаптары ежелгі заман ғылымын негізінен түгел қамтыған білімнің энциклопедиясы болды. Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.Бірақ (б.з.д. 323 жылы) ол Еубеяда ауырып қайтыс болды. Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрадАристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.

«Метафизика» еңбегінде және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді. Олар: Материал (құрамы) себебі, Форма (құрылым, пішін) себебі, Қозғатушы (келіп шығуы) себебі, Мақсат (көздеу) себебі.

Материал себебі — заттың неден құралғаны. Яғни, бөлшегі, мүшесі, материалы. Кез келген зат мәлім бөлшектен, құрамнан, алғышарттан, материалдар бірлестігінен құралады. Заттың құрылымы дәл осы құрамдарға қатысты болады. Құрамы қалай болса ол заттың сондай қасиеті болады.

Форма себебі — заттың құрамдарының ұйымдасып қандай пішін қалыптастырғаны. Затқа қалай анықтама беру оның пішіні, күйі, мәні, бүтіндігі, қалыптасу ережесі, заттың зат болуында негіз болған заң-қағидасына байланысты.

Қозғатушы себеп — заттың қайдан пайда болғаны, не әсер еткені, неден жаралғаны, неден өзгеріп келгені. Ол заттар өзгерісінің себебін көрсетеді. "Не өзгертті?", "Қандай себеп оны осы күйге жеткізді" дегендей. Ол барлық затаралық дәнекерді де, органикалық және бейорганикалық заттардың қозғатушы себептерін де қамтиды.

Мақсат себебі — егер зат туралы болса оның қандай керекке жарайтыны, пайдасы, маңызы құны, өнімі; ал егер адам туралы болса ол қандай мақсатпен өмір сүретіні, ертең кім болмақшы екені, оны жетелеп жүрген (қазіргі заман психологиясындағы "мотивация ілімі" секілді) арман, ерік, зерде,бейақыл, этика, ниет, қалау, талап, талпыныс, құлшыныс қатарлылар белгілі әрекетке алып барады. Зат атаулының өмір сүру себебі мәлім мақсат бойынша болады. Мысалы бір қашалып біткен мүсін мүсіншінің мақсатын көрсетеді. Бұл ғылымда телеология (мақсат ілімі) деп аталады.Себеп байланысын ішкерлей зерделеу арқылы түрлі себептер дәрежеге жіктелді. Аристотельдің пікірінше, мәлім заттың жеке қасиеті емес жалпылық форма өмір сүрмейді.Әрине, бұл пікірлер өте қарапайым көрінгенімен, әйгілі ғұлама Платонның жалпылық идея жеке заттарға тәуелсіз дербес өмір сүреді, заттар сол идея негізінде бар болады деген идеалистік пікіріне қарсы айтылған.

ХІVғ. кейін ғалымдар ғылымды математикаластырған кезде, оның еңбектерінен біраз қателерді де тапты. Оның қателіктері көбінесе масса, жылдамдық, күш, жылу секілді ұғымдарға қатысты. Ол бұл шамаларды математикалық дәлдік пен байланыста тануға сонша мән бермегендіктен, нақты зерттегенде басқаша мән шығатын жалпылық жорамалдық тұжырымдармен шектелген. Физика саласында Аристотель "заттар тек үздіксіз әсер еткен түрткі күш болғанда ғана қозғалыс сақталады" деп қарады. Ол және өмір сүрмейді, кеңістік қашанда затқа толып тұрады деп есептеді. Галилей болса "зат қозғалысы кедергіге байланысты болады, тоқтап тұрған нәрсе еш күш түспесе мәңгі тоқтап тұра береді, қозғалыстағы зат еш күш түспесе мәңгі қозғала береді" деген үдеудің жаңа тұжырымын жасады. Кейін ағылшын ғалымы Ньютон осы негізде инерция заңын ашты. Ньютон Аристотельдің "қозғалыстың себебі күш" ережесін сынап, "Күш қозғалыстың тіке себебі емес, ол тек қозғалыс шамасын өзгертуші ғана" - деп есептеді. Ньютонның классикалық механика теориясы ғылымға енуден бұрын батыс ғылымы Аристотельдің ғылымымен негізделген болатын.Бірақ, Аристотельдің бұл секілді қателіктері оның ғылым саласындағы ғаламат үлесін еш кемітпейді. Аристотель ғылымның пайдасына да айырықша мән берді, қолданылмалы ғылымға Аристотельдің зор еңбегі бар. «Физика» кітабы физикалық білімді де, химиялық білімді де, биологиялық білімді де, астрономия, жер туралы ғылым қатарлы салалардың білімдерін де қамтыған. Кітап табиғат әлемінің жалпы ережесі мен материялық әлемнің қозғалыс, өзгеріс жалпы заңдарын тұжырымдайды, сипаттайды.

Еңбектерінің тізімі

Аристотельдің еңбектері «Аристотель жинағында» (лат. Corpus Aristotelicum) бес түрге бөлінген. Төмендегі шығармалар тәртібі Оксфорд университеті аударған нұсқалардағы ережеге сай жасалған. Бұлар арасындағының кейбірінің растығына әлі де талас көп. Ұқсамаған кітаптардағы Аристотельдің бейнесі, оның оқушысы, кітаптағы ой-пікірлер ұқсай бермейді.Кей шығармасы, мысалы «Афина саясатын» көп санды зерттеушілер Аристотель ағымындағылар Аристотельдің ұйымдастыруымен жазған деп есептейді. Басқалары, мысалы «Рең туралыны» оның шәкірттері жазған болуы мүмкі, мысалы Теофраст жазған деген дерек айтылады. Кей шығармасы, мысалы «Өсімдік туралы» деген еңбегін Аристотель атында басқа біреу жазған болуы да мүмкін. Бұл тізімде оның атына орта ғасырда қосылған астрология (жұлдызнама), магияға (сиқыр) қатысты кітаптар аластатылды. Өйткені ол шығармалар бар болғаны Аристотелді жарнама ету үшін ғана оның атына тіркелген.Төмендегі тізімде * белгісі қойылғандары растығы біршама таласты кітаптар есептеледі.

Гиппарх Никейский (шамамен 190ж б.з.б.- 120ж б.з.б. - көне уақыттың ғаламат астрономы атанатын II ғасырда өмір сүрген грек астроомы, механик, географ, математик. Гиппархтың ең бағалы еңбегі оның Көне Вавилон астрономиясына грек геометриясындағы аспан денелері қозғалысы моделіне жуық дәлдік алып келгені болып саналады.

Жұлдыздық Шама, көрінерлік Жұлдыздық шама – аспан шырақтары (жұлдыздар, планеталар, Күн, т.б.) сәулесінің Жер беті жазықтығында (шырақтар сәулесіне перпендикуляр орналасқан) жасайтын жарықталынуының өлшемі; аспан шырағы жалтырауының өлшемі. Жұлдыздық шама ұғымын алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх енгізген. Гиппарх жай көзбен көрінетін жұлдыздардың бәрін олардың жалтырауы бойынша шартты түрде 6 Жұлдыздық шамаға бөлген. Өлшеу әдістемесіне қарай Жұлдыздық шама: визуалдық (тікелей көзбен анықталатын) Жұлдыздық шама, фотографиялық Жұлдыздық шама, фотоэлектрлік Жұлдыздық шама және радиометриялық Жұлдыздық шама болып ажыратылады; 2) 10 парсек стандарт қашықтықтағы аспан шырағының Жұлдыздық шамасын абсолют Жұлдыздық шама деп атайды. Абсолют Жұлдыздық шама (көрінерлік Жұлдыздық шамадан өзгешелігі) шырақтардың физикалық қасиеттерін, жарқырауын сипаттайды.

Полярлық координаталар жүйесінің шығу тарихы Шындығында, бұрыш пен радиус ұғымдары б.э.б. бірінші мыңжылдықта белгілі болған. Грек астрономы Гиппарх (б.э.б. 190-120 жж) әр түрлі бұрыштарға арналған хорда ұзындықтары келтірілген кесте ойлап тапқан. Оның аспан денелерінің орналасуын анықтауда полярлық координаталар қолданғаны жайлы мағұлматтар бар. Парсы астрономы Әбу Райхан Бируни (973-1048) полярлық координаталар суреттеуіне ұқсас көрінетін ойлар қозғаған. Ол, 1025 жылдары, аспан сферасының полярлық экви-азимутальдік теңаралы проекциясын суреттеген алғаш астроном. Полярлық координаталардың формалық координаталар жүйесіне енуі жайлы түрлі тұжырымдар бар. Полярлық координаталардың толық шығу тарихы мен зерттелуі Гарвард профессоры Джулиан Лоувел Кулидждың «Полярлық координаталардың шығу тегі» деген жұмысында суреттелген. XVI ғасырдың ортасында Грегуар де Сен-Венсан мен Бонавентура Кавальери бір-бірінен дербес ұқсас нәтижеге қол жеткізеді. Сен-Венсан полярлық жүйені жеке жұмыстарында 1625 жылы, басылымда 1647 жылы суреттеген. Ал, Кавальери болса өз еңбектерін 1635 жылы басылымға шығарып, 1653 жылы түзетілген түрін шығарған. Кавальери полярлық координаталарды шектелген Архимед спиралінің ауданын есептеуде қолданған. Нәтижесінде, Блез Паскаль полярлық координаталарды параболалық доғаның ұзындығын есептеуде қолданды. Координаталар полюстен қашықтық және полярлық осьтен бұрыш деп белгіленген. Бернуллидың жұмысы осы координаталар жүйесінде анықталған қисықтар қисығының радиусын табуда туған мәселелерге арналды. «Полярлық координаталар» терминін енгізген Грегорио Фонтана.

Клавдий Птолемей (100 - 178 жыл шамасы) - грек математигі және астрономы.Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастапАлександрияда өмір сүргені белгілі. Ол өзінің жетістіктері негізінде арабтар «Альмагест» деп атап кеткен. Үлкен еңбектің авторы «Алмагест» арабша «алмаджести», яғни «аса ұлы» шығарма дегенді білдіреді.

№57. Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке негізделгенімен, қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өте келе астрономдар бақыланып отырған ғаламшардың орындары мен оның алдын ала есептелген орындарында айырмашылық бар екенін байқады. Ғасырлар бойы астрономдар Птоломейдің жүйесі қажетті деңгейге дейін жетілмеген деп, оны жетілдіре түсу жолында әрбір ғаламшар үшін дөңгелектік қозғалыстардың жаңа үйлесімдерін енгізді.

Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі. Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердіңжәне Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник «жылжымайтын жұлдыздар сферасын» Күннен өте қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп аталды. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді. Коперник астрономияда алғаш рет Күн жүйесі құрылымының схемасын құрып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшарлардың Күннен салыстырмалы қашықтықтарын (Жердің Күннен қашықтық бірлігімен көрсете отырып) анықтады және олардың Күнді айналып шығу периодын есептеп шығарды.

Коперниктің ілімі дүниенің геоцентрлік жүйесіне күйрете соққы берді. Ол барлық жаратылыстанудың дамуына қуатты соққы бола тұрып, астрономия ғылымы аясынан алысқа тарады.

Гелиоцентрлік дүниетанымның қалыптасуы. Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы, 1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн — бұл Күн жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар — біздің Күн сияқты басқа жүйедегі «Күндер», сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.

1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Ендеше, Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан денелері қозғалысының центрі тек Жер болуы керек деген қате түсінікті жоққа шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын өзгертетінін байқады. Олай болса, Шолпан — Күннің сәулесіне шағылысып жарық шығаратын шар тәрізді дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей ол Жерді ғана емес, Күнді де айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады. «Аспан тазалығын» көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді, оларды бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады. Ендеше, әр түрлі аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу тән екен. Ақырында ол, Құс жолы — жай көзбен ажыратуға келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін анықтады. Олай болса, Ғалам ертеде ойлағандағыдан әлдеқайда ғаламат екен, ал ол кішкентай Жерді айнала бір тәулік ішінде толық айналым жасап шығады деп болжау мейлінше аңғырт түсінік еді. Галилейдің ашқан жаңалықтары дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қолдаушылардың санын көбейтті және сонымен қатар шіркеуді коперникшілдерді қудалауын күшейтуге мәжбүр етті. 1616 жылы Коперниктің «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» атты кітабы оқуға тыйым салынған кітаптар тізіміне енгізілді, ал ондағы ілім Қасиетті Жазбаға қайшы келеді деп жарияланды. Галилейге Коперниктің ілімін насихаттауға тыйым салынды. Солай бола тұрса да 1632 жылы оған өзінің «Дүниенің екі ең басты жүйелері — Птоломей және Коперник жүйелері жөніндегі диалог» атты кітабын жариялаудың мүмкіндігі туды, онда ол гелиоцентрлік жүйенің ақиқаттығын нанымды көрсете білді, сөйтіп ол католиктік шіркеудің оған деген ашу-ызасын күшейтіп алды. 1633 жылы Галилей инквизиция сотының алдына шақырылды. Жасы келген ғалымды өзінің көзқарасынан «бас тартуға» қол қоюға мәжбүр етті және өмірінің соңына дейін инквизицияның бақылауында ұстады. Тек 1992 жылы ғана католиктік шіркеу Галилейді біржолата ақтады.

Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.

Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын.

Николай Коперник

Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,

Жерді айнала қозғалады деді.

Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос - Күн) деп аталды.Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютон қолдап, одан әрі дамытты.Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.

Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі - кайта өрлеу дәуірінде пайда болған ұғым. Бұл ұғым бойынша, "Жер және басқа планеталар Күннің төңірегінде айналады, сонымен бірге өз өсінде өздері айналады" деп тұжырымдалды. Мұны сол заманға дейінгі басым болып келген "әлемнің геопентрлік жүйесі" ұғымын жоққа шығарып, поляк астрономы Н. Коперник дәлелдеп берді.

Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі (грекше hlіos — Күн және латынша centrum, грекше kentron — орталық нүкте, орталық) — Жер және басқа планеталар күнді өзінің осі айналасында айналады дейтін ілім. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілім қайта ерлеу дәуірінде пайда болып, жаратылыс ғылымының дамуына революциялық әсер етті. 1543 ж. атақты ғалым Коперник Жер — өлемдік кеңістіктің орталығында тұрады деген пікірді тасталқан егті. Кейінгі Дж. Бруно, Галилей тәрізді ғалымдар Жер — сансыз жұлдыздардың бірі деп дәлелдейді. Ал XVI—XVII ғ, Жер бір топ жұлдыздардың орталыгы бола алмайтыны, әлемдік кеңістік шексіз болғандықтан, онда еш орталық болмайтыны дәлелденді.

Бруно Джордано Филиппо — италиялық философ, ақын, астроном. Дінге қарсы көзқарасы үшін шіркеу басшылары оны қуғынға ұшыратты. Сондықтан ол Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция оны діннен безген деп айып тағып, сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін тірідей отқа жағып өлтірді. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды (“Ғалам және ғалам дүниелері, шексіздік туралы”, 1584). Дүниенің физ. біртектілігін (барлық дене жер, су, от, ауа және эфирден тұрады деген 5 элемент жөнінде ілімі) мақұлдайды. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрон. жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1420; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.024 сек.