Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс саясаты. 9 страница




Төртінші сұрақ бойынша – ақпараттық-экономикалық құжаттарды сипаттау және қарастыру

Ұсынылатын әдебиет:

1. Давыдова Э.Н., Рыбакова А.Е. Іс жүргізу: Оқу-практикалық нұсқаулық. – 4-е басылым –Мн.: Тетра Системс, 2000, - 288 с. Тарау 1 Раздел 1,2,3, стр.9-29;

2. Кирсанова М.В., Аксенова Ю.М. Курс делопроизводства: документационное обеспечение упарвления: Учебное пособие. -4-е изд. –М: ИНФРА-М; Новостбирск: Сибирское согласшение, 2001. -296 с. Тема 1, стр 7-14.

3. Временные требования к оформлению организационно-распорядительных документов/Қазақстан Республикасы Президент іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы: РМК Баспа полиграфиялық орталығында басылады

4. Инструкция по делопроизводству в таможенных органах Республики Казахстан, утв. Приказом Комитета таможенного контроля №5, от 22 апреля 2005 г.

Тақырып 8. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі

1. Кеден органдарында іс жүргізудің жалпы ережелері.

2. Кіріс корреспонденциясын қабылдау және тіркеу.

3. Кіріс құжаттарын қарастыру және олардың қозғалысы.

4. Шығыс құжаттарын дайындау және ресімдеу.

Бірінші сұрақ бойынша – Кеден органдарында іс-қағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін қарастыру, ҚР іс-қағаздарды жүргізу нұсқаулығымен танысу.

Екінші сұрақ бойынша – кіріс корреспонденциясын қабылдау және тіркеу ережелерін қарастыру.

Үшінші сұрақ бойынша – ҚР-ның кедендік органдарында кіріс құжаттары мен олардың қозғалысын қарастыру

Төртінші сұрақ бойынша – шығыс құжаттарын дайындау және ресімдеу ережелері мен кестесін қарастыру

1. Құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеруді ұйымдастырудың ережесі.

2. Бұйрықтарды ресімдеу мен сақтау ережесі.

3. Қызметтік пайдалану үшін деген грифі бар құжаттармен жұмыс жасау.

Бірінші сұрақ бойынша – құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеруді ұйымдастырудың ережесін қарастыру

Екінші сұрақ бойынша – бұйрықтарды ресімдеу мен сақтау ережесін қарастыру

Үшінші сұрақ бойынша – қызметтік пайдалану үшін деген грифі бар құжаттармен жұмыс жасау ережелерін қарастыр

Ұсынылатын әдебиет:

1. Давыдова Э.Н., Рыбакова А.Е. Делопроизводство: Учебно-практическое руководство. – 4-е изд –Мн.: Тетра Системс, 2000, - 288 с. Глава 1 Раздел 1,2,3, стр.9-29;

2. Кирсанова М.В., Аксенова Ю.М. Курс делопроизводства: документационное обеспечение упарвления: Учебное пособие. -4-е изд. –М: ИНФРА-М; Новостбирск: Сибирское согласшение, 2001. -296 с. Тема 1, стр 7-14.

3. Временные требования к оформлению организационно-распорядительных документов/Қазақстан Республикасы Президент іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы: РМК Баспа полиграфиялық орталығында басылады

4. Инструкция по делопроизводству в таможенных органах Республики Казахстан, утв. Приказом Комитета таможенного контроля №5, от 22 апреля 2005 г.

Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

 

Бұл оқу курсының оқыту пәнi iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.

Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға конституциямен бекiтiлген шешiм сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары маманданған деңгейде қолдануды, соттардың қатесiз және жүйеленген жұмысын, сот беделiнiң бұлжымастығын мойындауды талап етедi.

Қазақстанда сот жүйесiн реформалау сот төрелiгiнiң шынайы тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге, сот процесiнiң жарыспалығын, тараптардың тең құқықтылығын бекiтуге, дәлелдемелер жинауды тараптарға жүктеу арқылы сотты бұл мiндеттен босатуға, соттың қоғамда заңдылық принципiнiң әрекет етуiнiң кепiлi ретiнде болуына бағытталған болатын.

Осыған орай, азаматтық сот iсiн жүргiзуде де түпкiлiктi өзгерiстер болды. Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғауда, еңбектiк және басқа да дауларды шешуде, моральдық және материалдық зиянның орнын толтыруда, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуде тиiмдi құрал болуы тиiс. Сот актiлерiнiң орындалуы үшiн тиiмдi әрекет етушi жүйе құрылуы керек.

Аталған мiндеттердi iске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың және заң саласының басқа қызметкерлерiнiң жұмысында бiлiктiлiктi талап етедi.

Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын, азаматтық қоғам мен мемлекеттi қазiргi заманғы құрылымын түсiнетiн маман-заңгерлердiң (жоғары кәсiби заң бiлiмiне ие тұлғалардың) бiлiктi корпусын қалыптастыруға студенттердiң Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасы саласында терең бiлiм алуы ықпал етедi.

Пәнді оқудың мақсаты студенттердiң азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн iске асыру барысында сот пен iске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсiнуi, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негiзгi iс жүргiзушiлiк институттар мен ұғымдар: азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының мәнi, азаматтық процестiң соттық сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша қызметi екендiгi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың ерекшелiгi, соттың және азаматтық сот iсiн жүргiзу қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық iс жүргiзу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдар туралы дұрыс түсiнiк қалыптастыру.

Бұл курсты оқудың мiндетi: құқықтың қажеттi қайнар көздерiмен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерiмен таныстыру, маңызды заң актiлерi мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот iсiн жүргiзудi реттейтiн, азаматтық iс жүргiзу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiн бiлу, әрбiр iс жүргiзу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсiндiру, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершiлiк талаптар туралы нақты пiкiрдi орнықтыру.

Студенттер судья, прокурор, адвокат ретiнде жұмысты орындау үшiн тәжiрибелiк дағдыларға ие болып, iс жүргiзу құжаттарын (талап арызды, шешiмдi, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра бiлуi тиiс.

Азаматтық iс жүргiзу құқығын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласы, сондай-ақ бiрқатар салалық пәндер бойынша бұрын алған құқықтық бiлiмдердiң кешенiне сүйенiп оқу қажет.

Осы курсты конституциялық, азаматтық, экологиялық, еңбек, әкiмшiлiк, қаржылық құқық тәрiздi пәндердi бiлмейiнше меңгеру мүмкiн емес, өйткенi аталған пәндер шеңберiнде мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi туралы, субъективтi құқықтар мен заңды мүдделердi қорғау тәсiлдерi, материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектiлерi, материалдық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi туралы мәселелер оқытылады.

Аталған алуан түрлi материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын құқық және заңды мүдде туралы даулар сотта азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қараудың және шешудiң пәнi болып табылады. Сондықтан азаматтық-iс жүргiзушiлiк қызметтi меңгеру сәйкес материалдық құқық салалары бойынша бiлiмдермен тығыз байланысты.

Құқықтың екi iс жүргiзушiлiк салалары: азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы өзара байланысты атап өту қажет. Екеуiнде де арнайы мемлекеттiк орган - соттың қызметi арқылы сот төрелiгiнiң жүзеге асырылуының заңмен реттелуi жөнiнде айтылып отыр. Бұл мән-жай аталған құқық салаларының ортақ белгiсi болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрдей болып табылатын сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiне негiзделген. Құқықтың екi саласында да сот iсiн жүргiзу саласындағы қатынастарды реттейтiн ұқсас институттар бар. Дегенмен, азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы айырмашылықтардың көптiгi соншалық, оларды ортақ сот құқығына бiрiктiруге мүмкiндiк бермейдi. Бұл айырмашылықтар азаматтық және қылмыстық процестердегi сот қарауының және шешуiнiң пәнiнен шығады.

Тәуелсiз Қазақстанның жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы жағдайында азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мәнi мен ролi түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Бұл бөлiгiнде ҚР Президентiнiң 1994 ж. 12 ақпандағы қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы негiзгi бағыттары) iске асырылды деп айтуға болады. Сот iсiн жүргiзу “жалпы халықтық” меншiктi қорғау құралы ролiн атқаруды тоқтатып, мемлекеттiк азаматтық даудағы тең құқылы тараптарға көрсететiн қызметiне айналады. Азаматтық процесс бiртiндеп азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың тиiмдi құралына айналуда. Бұған соттарды ұйымдастыру және сот iсiн жүргiзу туралы жаңа заңнамалық базаның құрылуы ықпал еттi. Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласы құқықтық мемлекет идеясын көрсететiн және қоғамның әрi қарай демократиялануы талаптарына сай келетiн жаңа бастама ережелерге негiзделедi.

Пәндi оқудың нысанасы азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарда, соттың заңды күшiне енген актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша iс жүргiзумен, сондай-ақ сот актiлерiн және өзге органдардың актiлерiн орындаумен байланысты пайда болады. Сонымен бiрге, оқу пәнi болып азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар табылады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының зерттеу объектiсi болып мыналар табылады: құқық саласы ретiндегi азаматтық iс жүргiзу құқығы, оның нормалары мен институттары, сондай-ақ iс жүргiзу нормаларын қолдану тәжiрибесi; азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының және заңнаманың даму тарихы; шет елдердiң азаматтық iс жүргiзу құқығының және заңнамасының тарихы мен теориясы.

Құқықтық құбылыстарды танудың тиiмдi әдiсi ретiнде салыстыру болады. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының, әсiресе теориялық сипаттағы, мысалы, азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң принциптерi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар, iске қатысушы тұлғалар, ведомстволық бағыныстылық, талап, дәлелдеу және дәлелдемелер, сот актiлерiн қайта қарау бойынша iс жүргiзу сияқты жекелеген проблемаларын оқу кезiнде әртүрлi оқулықтардың атаулары бiрдей тарауларындағы оқу материалдарын салыстырса дұрыс болар едi.

Оқу материалдарын салыстыру және талдау құқықтық көзқарастардың қалыптасуына ықпал етедi және азаматтық iс жүргiзу құқығының проблемалық мәселелерi бойынша әртүрлi пiкiрлердi дербес бағалау қабiлетiн дамытады.

«Халықаралық жеке құқық» пәнінен курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар.

Халықаралық жеке құқық жүесі және Халықаралық жеке құқық құқығы пәнінің оқу материалдарын игеруде маңызды шарт болып, студенттердің ұсынылған әдебиеттермен – оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, нормативті материалдармен өзіндік дайындалғаны болады. Студент үшін оқу және ғылыми материалдармен кәсіби терминологиямен, нормативтік құқықтық актілермен өзіндік істеу дағдыларын игеруде жазбаша курстық жұмыстар үлкен рольге ие.

2 курс студенттері жаз және қыстық емтихандық сессия басталғанға дейін, деканатқа тапсырылатын курстық жұмыс жазады.

Берілген жұмысты орындауға кіріспес бұрын курс бағдарламасымен мұқият танысып, Халықаралық жеке құқық тарихының берілген проблематикасының негізгі түсініктерін меңгеріп, ұсынылған әдебиетті және нормативті материалдарды оқу керек. Курстық жұмыста материалды жазу барысында қолдану үшін, жоспардың әр мәселесіне арналған үзінділер істеген дұрыс болады. Сонымен қатар жазылып жатқан жұмыстың негізгі тұжырымдарын бекіте түсу үшін ҚР-ның және де әлемдегі мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен мысалдарды жинап, сараптау керек. Қайнар көз ретінде монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар, құқық қорғау және басқа да органдардың басылып жатқан тәжірибелерін қолдануға болады.Студент өз жұмысында теорияның өмірмен байланысын және онда тапқан көріністерін көрсету керек.

Мынадай маңызды журналдарды атап кету керек «мемлекет және құқық», «заң және заман», «саясат» және т.б. Курстық жұмыс аталған тақырып бойынша әдебиетті жақсы меңгеріп, материалдың тереңдетілген түрде көрініс тауып, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды дұрыс сараптай білу қабілетін көрсету қажет. Халықаралық жеке құқық тарихы пәнінен курстық жұмыс жазу үшін мұндай әдістің қолданылуы өзіндік ойлау үрдісін, өз көзқарасын ұсынуды және материалды сараптау қабілетін шыңдай түседі. Жоғарыда айтылғаннан оқулықтан, монографиядан, мақаладан көшіруге болмайтындығы анық болды.

Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар

1. Ғылым ретінде статистика дегеніміз не?

2. Сан түрлі статистикалық пәндерді не біріктіреді?

3. Экономикалық және кедендік статистика арасында байланыс бар ма?

4. Кедендік статистика кеден ісінің элементі ретінде нені зерттейді?

5. Статистикалық зерттеу пәні болып не табылады?

6. Статистикалық жиынтық неден құрылады?

7. Сыртқы сауда статистикалық жиынтық ретінде қалай бейнеленеді?

8. Шекарадан өтетін тауарларды статистикалық жиынтыққа қандай қасиеті біріктіреді?

9. Кедендік статистиканың негізгі мақсаты болып не табылады?

10. «Статистикалық заңдылықтар» дегенді қалай түсінесіз?

11. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі (ҰОС) кезеңдерде кедендік есеп қалай жүргізілді?

12. 1959 жылға дейінгі және кейінгі кезеңде есеп қалай жүргізілді?

13. Қай жылдан бастап сыртқы сауда тауарларының есебі (экспорт, импорт) тек кеденде жүргізіледі?

14. Кедендік статистиканыжүргізудің ресми негізі болып не табылады?

15. Статистикалық ақпараттың рөлі қандай?

16. Кедендік статистиканың кеден органдары қызметіндегі рөлі қандай?

17. Қазақстанның кедендік статистикасының мәселелері одақтас елдердің қай құжатының мәселелері мен мақсаттарымен үндесуі керек?

18. Кедендік статистиканы құру үшін бастапқы мәліметтер қайдан алынады?

19. ТМД қатысушы елдердің сыртқы саудасының кедендің статистикасының біріңғай методологисы қашан бекітілді?

20. Арнайы статистика дегеніміз не? Ол ұсынатын ақпарат қалай аталды?

21. Ақпараттың конфиденциалды болуы немен сипатталады?

22. Кедендік статистикада қандай ақпараттар конфиденциалды болып есептеледі?

23. Экономикалық одақтың жалпы статистикалық базасын құрудың мәні неде?

24. Қазақстанның кедендік статистикасында тауарларды классификациялау мен код беру үшін не қолданылады?

25. 1995 жылдың 3 қарашасында Мәскеуде ТМД ердері қандай келісімге қол қойды?

26. ТМД Кеден Одағына қатысушы елдер қандай ақпаратты беріп отыруы керек?

27. Кедендік статистикада техникалық жабдықтанудың рөлі қандай?

28. Сыртқы экономикалық байланыстар статистикасының міндеті қандай?

29. Сыртқы экономикалық байланыстар статистикасында есеп объектісі болып не табылады?

30. Сыртқы экономикалық байланыстар статистикасының классификациясы?

31. Кедендік статистиканыі классификациясы?

32. Сыртқы сауданың кедендік статистикасының бақылау және зерттеу объектісі болып не табылады?

33. Кедендік статистикадағы экспорт ұғымы нені сипаттайды?

34. «Отандық өндірілген тауар» ұғымы нені білдіреді?

35. Елдегі материалдық құндылықтардың ұлттық қорларына экспорт қандай әсерін тигізеді?

36. Кедендік статистикадағы импорт ұғымы нені сипаттайды?

37. Елдегі материалдық құндылықтардың ұлттық қорларына импорт қандай әсерін тигізеді?

38. Реэкспорт және реимпорт ұғымдарын сипаттап беріңіз.

39. Кедендік статистикада тікелей зерттеу объектілері болып не табылады?

40. Кедендік статистикада қандай операциялар есепке алынады?

41. Кедендік статистикада қандай операциялар есепке алынбайды? Неге?

42. Кедендік статистикада тауарларды есепке алу қандай түрде жүргізіледі?

43. Халықаралық тауар айналымының көлемін есептің қай түрі едәуір толық көрсетеді?

44. Брутто салмағы дегеніміз не?

45. Нетто салмағы дегеніміз не?

46. Нетто салмағы бойынша қандай есеп жүргізіледі?

47. Сыртқы сауда айналымын құндылық бағалаудың мәні?

48. Тауарларды бір елден екінші елге жеткізу бойынша сатушы мен сатып алушының міндеттері ол неге баланысты белгіленеді?

49. Коммерциялық жеткізу шарттарының негізгі қанша түрі бар? Және қандай түрлері бар?

50. Шот-фактураға сатушы қандай шығындарды жатқызады?

51. Экспорттық бағаларды есептеуде базистік ретінде қандай баға алынады?

52. Тауардың статистикалық құны қайсы валютада және қай бағаммен есептеледі?

53. Импорттық бағаларды есептеуде базистік ретінде қандай баға алынады?

54. Төмендегі туарларды жеткізу шарттарын сипаттаңыз. «Инкотермс – 2000»

55. FOB – жеткізу шарты

56. DAF – жеткізу шарты

57. CIF – жеткізу шарты

58. CIP – жеткізу шарты

59. Тауарлардың экспорты мен импортының географиялық үйлестіру есебі қалай жүргізіледі?

60. Тауар экспорты қай ел бойынша көрсетіледі?

61. Тауар импорты қай ел бойынша көрсетіледі?

62. Кедендік статистикада контрагенттер болып қандай елдер есептелінеді?

63. Кедендік статистиканың негіздерінің классификациясы?

64. Сыртқы сауданың кедендік статистикасының құқықтық негізінің сипаты.

65. Кедендік статистика Кеден кодексінің қайсы баптарына сәйкес жүргізіледі?

66. Сыртқы сауданың кедендік статистикасының әдістемелік негізінің сипаты.

67. Сыртқы сауданың кедендік статистикасының әдістемесі орындайтын қызметтері қандай?

68. Сыртқы сауданың кедендік статистикасының құжаттық негізінің сипаты.

69. Сыртқы сауданың кедендік статистикасын құратын ЖКДда көрсетілетін көрсеткіштердің тізімін атаңыз.

70. Сыртқы сауданың кедендік статистикасының конструктивтік негізінің сипаты.

71. Статистикалық мәліметтерді алу кезеңдерін атағыз.

72. Статистикалық бақылау кезеңі нені қарастырады?

73. Кедендік статистика объектілерінің классификациясы.

74. Арнайы кеден статистикасының классификацисы.

75. Статистикалық салыстырып тексеру нені қарастырады?

76. Кедендік статистиканың объектілеріне мысал келтіріңіз.

77. Тауарларды сандық есепке алудың мәні неде?

78. Тауарларды құндылық есепке алудың мәні неде?

79. Экспортталатын тауарлары қандай бағамен есепке алынады?

80. Импортталған тауарлар қандай бағамен есепке алынады?

81. FOB, CIF бағалары қандай кесетемен есепке алынады?

82. Тауарлырдың құны қалай құрылады?

83. Экспорттаушы елдің шекарасына дейін тауарлады жеткізу шығындары неден құрылады?

84. Тауарларды экспортер елдің шекарасынан ҚРның кеден шекарасының аумағына дейін жеткізумен байланысты шығындар неден құрылады?

85. FOB бағасы қалай есептелінеді?

86. CIF бағасы қалай есептелінеді?

87. ҚРның кедендік аумағына «әкелу орны» деп нені айтамыз?

88. Егер тауар ақысыз жеткізілетін болса бұл жағдайда экспорт пен импорт қалай бағаланады?

89. Экспорт пен импортты елдер бойынша географиялық үйлестіру қандай қағидаларға сәйкес жүргізіледі?

90. Егер жеткізу сәтінде тауарларды тағайындаған және шығарған ел булгісіз болса экспорт пен импорт қалай бейнеленеді?

91. ЖКДың мәні неде?

92. Кедендік декларациялау дегеніміз не?

93. Кедендік декларациялауда қолданылатын негізгі құжат болып не табылады?

94. Кеденік статистикада декларацины кім толтырады?

95. Декларациялау үрдісін кім қадағалайды?

96. ЖКДың айрықша болуы неде?

97. Статистика қоғамдық құбылыстардың қай жақтарын зерттейді?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 434; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.126 сек.