Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс саясаты. 7 страница




Құжат айналымының көлемі белгілі бір уақыт кезеңіндегі (ай, тоқсан, жыл) кіріс, шығыс, ішкі құжаттардың және олардың көшірмелерінің қосындысынан тұрады.

Құжат айналымының жылдық көлемі іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелер қызметкерлері санының есебі, құрылымдық бөлімшелердің және жеке қызметкерлер жұмысының көптігін анықтау, ұйымдастыру және есептеу техникасына қажеттілік, құжаттарды тіркеудің едәуір рациональдық және тиімді жүйесін және анықтама аппаратын таңдау үшін бастапқы шама болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органы құжат айналымын азайту үшін үнемі шаралар қолдануы қажет.

Кіріс құжаттарды қабылдау, өңдеу және тіркеу тәртібі

Кеден органдарына келіп түсетін құжаттар мен хат-хабарлар іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелерде қабылданады және тіркеледі.

Құжаттар мен хат-хабарларды тіркемесетен, орындау үшін қабылдауға және тапсыруға тыйым салынады.

Кеден органдарына келіп түсетін құжаттар алғашқы өңдеуден, алдын ала қараудан, тіркеуден, басшылықтың қарауынан өтеді және орындаушыға беріледі.

Құжаттары бар конверттер іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелердің қызмет бөлмелеріндеашылады, сонымен қатар, дұрыс жеткізілуін, құжаттың орамын (қабын) тексереді. Келіп түскен құжаттың толық еместігі немесе бүлінгені анықталған кезде еркін нысандағы акт үш дана етіліп құрастырылуы мүмкін, оған іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелер қызметкерлері қол қояды, сонымен қатар тіркеу журналындағы «Ескерту» деген бағанға тиісті белгі қойылады. Актінің бірінші данасы құжатты жіберушіге, екіншісі іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшеге, үшіншісі – жауапты құжаттың орындаушысына жіберіледі.

Жіберушінің мекенжайын анықтау мүмкін болған жағдайдан басқа жағдайда конверттер жойылуға жатады.

Келіп түскен құжаттың бірінші парағының төменгі оң жағында келіп түскен күні, кіріс нөмірі және парақ саны көрсетілген тіркеу мөртаңбасы қойылады.

Құрылымдық бөлімшелерге және лауазымды тұлғаларға тікелей жіберілген құжаттар тағайындалу бойынша беріледі.

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттер ашылмастан, тағайындалу бойынша беріледі.

Қате жеткізілген хат-хабар пошта байланыс бөліміне қайтарылады.

Іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімше келіп түскен құжаттарды мазмұнын бағалауды және кеден органындағы қызметкерлер арасында белгіленген функцияларды, міндеттер мен өкілеттілікті шектеуді ескере отырып, тарату үшін алдын ала қарайды.

Тіркелмейтін құжаттардың тізбесіне сәйкес тіркелетін және тіркелмейтін құжаттар деп сұрыптау қарастырудың бірінші кезеңі болып табылады.

Одан әрі тіркелетін құжаттар мынадай топтарға бөлінеді:

1. басшылыққа жіберілетін немесе бөлімшенің атауы көрсетілмеген құжаттар;

2. азаматтардың өтініштері;

3. құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттар.

Басшылықтың қарауына міндетті түрде ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Үкіметінен, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінен, орталық атқару органдарынан, ведомстволардан, жергілікті өкілетті және атқару органдарынан келіп түскен құжаттар мен азаматтардың өтініштері және кеден органының басшылығы талап ететін құжаттар беріледі.

Қараудың нәтижесі басшының қарарында (резолюциясында) көрінеді.

ҚР кеден органдарының басшылары ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің тапсырмаларын қарау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес нақты мерзімде кеден органдарының құзіретінде орындалуының қажетті бағыттарын көрсете отырып, орындау үшін құжаттарды тапсыруды жүзеге асырады.

Құжаттарды орындаушыларға тапсыру олар келіп түскен және басшылықтың қарарын ресімдеу күні жүзеге асырады. Артқа қалдырмай орындау қажет болған жағдайда, орындаушыға басшылықтың қарауына дейін құжаттың мазмұнымен танысуға рұқсат беріледі.

Келіп түсетін азаматтардың өтініштері арнайы журналда өтініштерді алған күні тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне реттік нөмірі мен келіп түскен күні көрсетілген мөртаңба қойылады.

Электронды құжат айналымының жүйесі жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының кеден органдарында құжаттардың орындалуын есепке алу және бақылау жасау электрондық тіркеу-бақылау карточкаларында жүзеге асырылады. Оларда тіркеу нөмірі, қозғалысы, қарау мәтіні, орындаушылардың тізбесі және орындалу мерзімі белгіленеді.

Азаматтардың жазбаша өтініштерінде арыз берушінің қолдары қойылмаса, фамилиясы көрсетілмесе немесе анық көрсетілмеген болса және арыз берушінің мекенжайы немесе оның жұмыс орны немесе өзге де шұғылданатын жұмыс түрі туралы мәліметтер болмаса, олар домалақ арыздар деп аталады. Домалақ арыздар, әдетте, қарастыруға жатпайды.

Домалық арыздар іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлімшелерінде сақталады және акт бойынша жойылады.

Құжаттардың орындалуын бақылауды басшылар, іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлімшелері және жауапты орындаушылар жүзеге асырады.

Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың орындалуына бақылауды басшылықтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлімшелерінің жұмыскерлері жүзеге асырады.

Орындалу мерзімі құжатқа қол қойылған (бекітілген) күннен бастап күнтізбелік күндер бойынша есептеледі, ал келіп түскен құжаттар үшін – келіп түскен күннен бастап кеден органдары басшылығымен белгіленген құжаттардың орындалуының типтік және дербес мерзімдері негізінде есептелінеді.

Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру кезінде құжаттарды тіркеуде толтырылатын тіркеу-ұйымдастыру карточкаларының даналары қолданылады. Іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлімшелері құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру кезінде мынадай операцияларды:

1. Құжаттқа бақылау қоюды (құжатқа бақылау туралы белгі қою, орындаушыларды белгілеу, орындалу мерзімдері, бақылау-тіркеу карточкаларын жазу);

2. Құжаттарды орындаушыларға жеткізуді (келіп түскен құжатты – келіп түскен және тіркелген күні, ішкі құжаттарды – қол қойылғаннан кейін немесе бекітілгеннен кейін);

3. Орындалу барысын алдын ала тексеруді және реттеуді (ауызша немесе жазбаша түрде орындаушылардың естеріне салу)

4. Бақылау нәтижелерін есепке алуды және қорытындылауды (мерзімімен орындалған және орындалмаған құжаттар туралы, орындалмау себебі немесе орындалу мерзімінің ауыстырылуы туралы мәліметтерді құрастыру);

5. Қазақстан Республикасы кеден органдарының басшылығын құжаттардың орындалу жағдайы мен нәтижелері туралы жүйелі түрде ақпараттандыруды;

6. Жедел мәжілістерде құжаттардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.

Құжаттарды орындау кезінде мыналарды:

Уақтылы орындалуын;

Қолданыстағы нормативтер мен үлгілердің нысандары мен бланкілеріне сәйкестігін;

Құрылған құжаттар нысандарының олардың мазмұнына сәйкестігін;

Қойылған қолдардың олардың толық жазылуына сәйкестігін;

Барлық даналардың біріздендірілуін;

Мемлекеттік тілдегі құжат мәтінінің орыс тіліндегі құжат мәтініне сәйкестігін бақылайды.

Міндетті түрдегі бақылауға мынадай құжаттар:

Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырма берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері;

Үкімет қаулылары және хаттамалық шешімдері, Премьер-Министрдің өкімдері. Қазақстан Республикасы Президентінің, Кеңсе Басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның орындалу мерзімдері көрсетілген, оның ішінде «шұғыл» деген белгісі бар немесе бақылауға алу туралы нұсқауы бар немесе «баяндаңыз», «ұсыныс енгізіңіз» деген белгілері бар және т.б. тапсырмалары.

2. Орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың, жергілікті үкіметтік және атқарушы органдардың;

3. ҚР ҚМ, ҚР ҚМ КБК өкімдік құжаттары;

4. Азаматтардың арыздары мен шағымдары жатады.

Құжаттардың орындалу барысын тексеру барлық кезеңдерде мерзімінің өткеніне дейін төмендегідей тәртіпте жүргізіледі:

Кейінгі жылдардың тапсырмалары – бір жылда бір реттен кем емес;

Ағымдағы жылдың келесі айларындағы тапсырмалар – айына бір реттен кем емес;

Ағымдағы айдың тапсырмалары – орындалу мерзімінің өтуіне дейін әрбір он күн сайын, бес күн сайын және екі күн сайын.

Құжаттарды бақылаудан алу мынадай операциялардан:

1. Қазақстан Республикасы кеден органдары басшыларының құжатты бақылаудан алу туралы шешімдерді қабылдауларынан және іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлімшелеріне осы өкімді берулерінен;

2. Тіркеу-бақылау карточкаларына (электрондық тіркеу карточкаларына) немесе журналға (электронды журналға) орындалу туралы белгіні қоюдан;

3. Бақылау картотекасынан анықтамалық картотекаға тіркеу-бақылау карточкасын орналастыру;

4. Орындалу туралы белгісі бар құжатты тиісті іске тігуден тұрады.

Электронды карточкадағы мәліметтер базасы негізінде кіріс құжаттарды электрондық тіркеу кезінде жұмыс кеңістігі «орындалу мерзімі» деген бағанға толтырылады да, автоматты түрде құжат бақылауға қойылады.

Құжаттармен жұмысқа бақылауды тиімді жүргізу мақсатында автоматты режимде құрылатын бірнеше анықтамалар-есеп берулер әзірленуде:

кіріс құжаттар туралы мәліметтер;

шығыс құжаттар туралы мәліметтер;

бұйрықтар туралы мәліметтер;

бақылау құжаттардың орындалуы туралы мәліметтер;

бақылауға алынған құжаттардың орындалуы туралы мәліметтер;

құжат айналымы туралы мәліметтер.

Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің азаматтарымен хат алмасу мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жүргізіледі, ал алыс шетелмен хат алмасу тиісті тілдерде жүргізілуі мүмкін.

Жіберілетін құжаттарды өңдеу мынадай операциялардан:

құжаттардың жобаларын құрастырудан;

құжаттың жобасын келісуден;

құжаттың дұрыс ресімделуін тексеруден;

қол қойылған немесе қажет болған жағдайда құжатты бекітуден;

құжатты тіркеуден;

адресантқа құжатты жіберуден;

екінші дананы тиісті іске тігуден тұрады.

Құжаттың жобасын (жауапты немесе бастамалық) Қазақстан Республикасы кеден органдарының басшылары мен қызметкерлері құрастырады.

Жауап берілетін құжаттарда бұрын келіп түскен құжаттарға, ұйымдардың сұрау салуларына және азаматтардың өтініштеріне сәйкес ҚР кеден органдарының жұмыс нәтижелері жазылады. Бастамалық шешімдер жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органының басшылығымен қабылданған шешімін береді.

Құжат жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен немесе қызметкерлерімен, заңды бөлімшемен келісіледі.

Келісілген құжат жобасын осы құжаттың негізінде дайындалған басқа құжаттармен бірге басшылыққа ұсынады.

Дайындалған құжатты қол қоюға беруге дейін орындаушы оның мазмұнын, жинақтылығын және сөйлемдердің ресімделуін тексереді. Іс қағаздарын жүргізуді қаматамасыз ету бөлімшесінің қызметкері құжаттың дұрыс ресімделуін, құжаттың қажетті деректемелерінің болуын тексереді. ҚР Президентінің Әкімшілігіне, ҚР Үкіметіне, ҚР Парламентіне жіберілетін хаттар тапсырмаға міндетті түрде сілтеме жасаудан, орындаушының қосымшаға қол қойған әрбір парағына баспа түріндегі істің номенклатурасынан, соңғы ілеспе парағының артқы жағында орындалғаны туралы мәліметтерден тұруы тиіс. Дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға пысықтау үшін қайтарылады. Қол қойылған құжаттар тіркеледі, содан кейін жіберілетін құжаттарға экспедициялық өңдеу жүргізіледі, оларға мыналар жатады:

Мекенжайлар бойынша сұрыптау;

Конвертке салу;

Пошта мекенжайы мен адресанттың атауын конвертке жазу;

Құжатты жіберу тізбесін толтыру;

ҚР кеден органына мөртаңба және пошта төлемінің белгісін қою;

Хат-хабарды жіберу бекетіне (пошта байланыс бөлімшесі) тапсыру.

Құжаттар өңделіп, 2 күн ішінде, жедел хаттар мен факстар – тез арада жіберілуі қажет.

Шығыс хаттарды әдеби тілдің нормаларын және заң терминологиясын сақтай отырып жазу керек, мәтін барынша қысқа және мағынасы түсінікті болуы тиіс.

Шығыс құжаттарды, әдетте, екі дана етіп ҚР кеден органының атымен басып шығарады және оған басшы, оның орнындағы тұлға қол қояды. Бірінші дана адресатқа, екінші дана тиісті іске тігіледі.

Құжаттарды орындау тиісті құқықтық актілермен белгіленген қолданыстағы типтік мерзімге немесе кеден органы басшысының бұрыштамасында көрсетілген жеке мерзімге сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін орындауға жауапты Қазақстан Республикасының кеден органдары олардың іске асырылуы бойынша тапсырма берілгеннен кейін немесе ресми баспаларда жарияланғаннан кейін үш күндік мерзімнен кешіктірілмей, егер көрсетілген актілер мен тапсырмаларда өзге мерзімдер белгіленбесе, өз шешімдерін қабылдайды.

Мемлекет басшысының жеке тапсырмалары, егер Мемлекет басшысымен немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілігімен өзге мерзім қойылмаса, лауазымды тұлғалармен екі аптадан артық емес мерзімде орындалуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сұрау салуларына жауаптар тіркелгеннен кейін 25 күн мерзімде немесе оларда көрсетілген мерзімде орындалады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының бұрыштамаларының мәтінінде «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі бар тапсырмалар 10 күн мерзімінде орындалады. Қалған мерзімдер оларда немесе оларға қосылған тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерде орындалады, ал нақты мерзімдері болмаған жағдайда – 25 күн мерзімде орындалады.

Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдармен орындаған кезде, атауының жанында «шақыру» деген белгісі тұрған орган жауапты болып табылады. Жауапты орган бірге орындаушылармен келіскеннен кейін орындалу мерзімі туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Сонымен қатар бірге орындаушылар шақыру бекітілген жауапты органға орындау мерзімінің аяқталуынан 3 күн бұрын ұсыныс енгізеді.

Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген, яғни, «шақыру» деген белгі болмаған жағдайда, тапсырмада көрсетілген барлық органдар өз жауаптарын тапсырма берген органға жібереді.

Азаматтардың өтініштері мен шағымдары 1 айдан артық емес мерзімде, ал қосымша зерделеуді талап етпейтіндері 15 күннен артық емес мерзімде қаралады.

Құжаттың орындалу мерзімі оны белгілеген тұлғамен өзгертілуі мүмкін. Орындалу мерзімін ұзарту құжаттың орындалу мерзімі өткенге дейінгі 2-3 күннен кешіктірілмей ресімделенеді. Құжаттың орындалу мерзімін 2 реттен артық ұзартуға рұқсат етілмейді.

Тапсырманың орындаушылары болып табылатын құрылымдық бөлімшелер тапсырманың орындалуы бойынша қорытынды беруге міндетті.

Орындалған құжаттар Қазақстан Республикасы кеден органының басшылығына белгіленген мерзімнен 1-2 күн кешіктірмей орындаушылардың бұрыштамаларымен бірге қол қоюға ұсынады. Орындалу мерзімі 3 күнге дейін деп белгіленген жағдайдан басқа.

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары белгіленген заңнаманың талаптарына сәйкес дайындалады.

Бақылау сұрақтары:

1. «Құжат» термині қандай мағынаны білдіреді.

2. Іс жүргізу дегеніміз не?

3. «Құжат» түсінігің мағынасы қандай?

4. Ресми құжат дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер

1.ЌР кеден шекарасы арқылы, жеке тұлғалармен өткізіліп жатқан тауарларды және көлік құралдарын мәлімдеу тәртібі" 02.07.99 жылғы ҚР МКМ КК Инструкциясы.

2.Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. Учебное пособие. Алматы., 1997 г.

3.ҚР Статистика Агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.18.01 № 24 Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні; 2005.18.01. Мем.тіркелімдегі №22586

8 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі

Дәрістің мақсаты: «кеден статистикасы» түсінігін анықтау,сонымен қоса оның негізгі тапсырмаларын қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Кеден органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету қызметі

2. Құжаттармен жұмысты регламенттейтін нормативтік-әдістемелік материалдар

3. Құжат айналымын ұйымдастырудың жалпы ережелері

4. Құжаттарды қабылдау және алғашқы өңдеу

5. Келіп түскен құжаттарды тарату

Құжаттармен жұмыс ұйымдастыруға жауаптылық, құжаттардың уақтылы шығуын және орындалуын сақтау, істердің номенклатуралық істерін әзірлеу Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы іс қағаздарын жүргізуге жауапты бөлімшенің басшысына жүктеледі.

Іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлімшелері құжаттар арқылы мынадай операцияларды үйлестіреді:

құжаттарды қабылдау және өңдеу;

Қазақстан Республикасының кеден органдары басшысының құжаттарды қарастыруы;

құжаттарды тіркеу;

құжаттарды орындау;

құжаттардың орындалуын бақылау;

құжаттарды жедел сақтау және пайдалану;

құжаттарды ведомстволық мұрағатта сақтауға тапсыру.

Қазақстан Республикасының кеден органдарында іс қағаздарын ұйымдастырудың негізгі құқықтарын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының 2000 жылғы 17 сәуірдегі Өкімімен бекітілген ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптар, 2003 жылғы Қазақстан Республикасының кеден органдарында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық құрайды. Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық құпиялы емес сипаттағы ресми құжаттарды, азаматтардың өтініштерін және таратылуы шектелген мәліметтерден тұратын құжаттарды есепке алу, жүгіну, бақылау, орындау және жедел сақтау тәртібін анықтайды. Нұсқаулық кеден органдары істері номенклатурасының жұмыс практикасын әзірлеу, мақұлдау, келісу, бекіту және енгізу тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының кеден органындағы құжаттар қозғалысы, яғни, олардың құрылу немесе алыну сәтінен орындалуының аяқталуына немесе жіберілуіне дейінгі қозғалысы құжат айналымы деп аталады.

Құжат айналымы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1. Құжаттардың мақсатты қозғалысы (құжаттар қысқа мерзімде орындаушының қолына түседі, құжаттардың қайта қозғалысы жүргізілмейді);

2. Лауазымдық міндеттерге сәйкес басшылар мен қызметкерлердің арасында құжаттардың анық бөлінуі;

3. Құжаттардың қатаң түрдегі қажетті қозғалысы (инстанциялардан айыру, қайталану және қозғалу болмайды);

4. Құжаттар қозғалысының технологиялық кестелерінің және олармен бірге техникалық операциялардың біркелкілігі, әрбір операциялардың бір-ақ рет өткізілуі.

Қазақстан Республикасы кеден органының құжат айналымы мынадай ағымдардан:

Жоғары тұрған, ведомствоға қатысты, басқа да мемлекеттік органдар мен сыртқы ұйымдардан келіп түскен (кіріс) құжаттардан және азаматтардың өтініштерінен;

Жоғары тұрған, ведомствоға қатысты органдарға және сыртқы ұйымдарға жіберілетін (шығыс) құжаттардан және азаматтардың өтініштеріне жауап құжаттардан;

Осы кеден органдары шегіндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ішкі құжаттардан (хаттамалар, актілер, қызметтік жазбалар, жеке құрам бойынша бұйрықтар, негізгі қызмет бойынша бұйрықтар және т.б.) тұрады;

Құжат айналымының көлемі белгілі бір уақыт кезеңіндегі (ай, тоқсан, жыл) кіріс, шығыс, ішкі құжаттардың және олардың көшірмелерінің қосындысынан тұрады.

Құжат айналымының жылдық көлемі іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелер қызметкерлері санының есебі, құрылымдық бөлімшелердің және жеке қызметкерлер жұмысының көптігін анықтау, ұйымдастыру және есептеу техникасына қажеттілік, құжаттарды тіркеудің едәуір рациональдық және тиімді жүйесін және анықтама аппаратын таңдау үшін бастапқы шама болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органы құжат айналымын азайту үшін үнемі шаралар қолдануы қажет.

Кіріс құжаттарды қабылдау, өңдеу және тіркеу тәртібі

Кеден органдарына келіп түсетін құжаттар мен хат-хабарлар іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелерде қабылданады және тіркеледі.

Құжаттар мен хат-хабарларды тіркемесетен, орындау үшін қабылдауға және тапсыруға тыйым салынады.

Кеден органдарына келіп түсетін құжаттар алғашқы өңдеуден, алдын ала қараудан, тіркеуден, басшылықтың қарауынан өтеді және орындаушыға беріледі.

Құжаттары бар конверттер іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелердің қызмет бөлмелеріндеашылады, сонымен қатар, дұрыс жеткізілуін, құжаттың орамын (қабын) тексереді. Келіп түскен құжаттың толық еместігі немесе бүлінгені анықталған кезде еркін нысандағы акт үш дана етіліп құрастырылуы мүмкін, оған іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшелер қызметкерлері қол қояды, сонымен қатар тіркеу журналындағы «Ескерту» деген бағанға тиісті белгі қойылады. Актінің бірінші данасы құжатты жіберушіге, екіншісі іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшеге, үшіншісі – жауапты құжаттың орындаушысына жіберіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 671; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.258 сек.