КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
АЛМАТЫ, 2011 2 страница
45. Шарт жасасудың тәртібі. 46. Шарттарды жіктеу (вербальды, литтеральды, нақты, консенсуалды контрактілер). 47. Атаусыз контрактілер. 48. Пактілер. 49. Квази контрактілер: түсінігі мен түрлері. 50. Деликтілерден туындайтын міндеттемелер. Жеке құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері. Талап қою күші бар формальды емес келісімдер.
1. Пән туралы ақпарат
2. «Рим құқығы» пәнін оқытудың мақсаты: Студенттерді рим құқығының негіздерімен, оның даму процесімен таныстыру және қазіргі азаматтық заңдармен байланысын түсіндіру. Рим құқығында қалыптасқан көптеген ұғымдардың түсініктерімен, олардың қазіргі заң шығару және құқыққолдану тәжірибесінде пайдалану жағдайларын көрсету және оларды тәжірибеде қолдануға дағдылар беру. «Рим құқығы» пәнін оқытудың міндеті: Рим құқығының негізгі ережелері, институттары мен қағидаларын зерделеу; қазіргі кездегі азаматтық құқықта кездесетін міндеттемелердің түрлеріне сипаттама беру; міндеттемелердің жеке түрлеріне талдау жасау. Рим құқығы – ежелгі уақыттан белгілі құқық саласы. Ол еліміздегі құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тұрмыс тіршілікпен, сонымен қоса азаматтық құқықтың барлық субъектілерімен өте тығыз байланысты екендігі бәріне мәлім. «Рим құқығы» пәнін оқу негізінде студент: қоғамдағы құқықтың рөліне баға беру, құқықтық нормаларды талдау, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік басқаруға баға бере білуі керек; Нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық құрылымдарын құру, курстық жұмыс пен рефераттарды жазуды меңгеруі керек.
3. Пән пререквизиттері Жалпы тарих; Құқық негіздері;
4. Пән постреквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы; Азаматтық құқық Азаматтық іс жүргізу. Рим құқығы заң мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқытылатын негізгі оқу пәндерінің бірі. Басқа пәндердің арасында оның алатын орны қазіргі кездегі азаматтық заңдардың маңызымен тығыз байланысты. Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қатынастарды азаматтық заңнамалардың көмегімен ғана шешу мүмкіндігі бар, өйткені бұл заңнамалар тауар-ақша қатынастарына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау жөніндегі қатынастардың дамуына ықпал етеді. Силлабуста дәріс, семинар сабақтарының және СӨЖ, СОӨЖ тақырыптары қарастырылады. Әрбір тақырыпқа қатысты әдебиеттер мен нормативтік актілер көзделген. 5. Рим құқығы пәні бойынша КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
6. Оқытуға арналған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер 1. Дигесты Юстиниана. Избранные фрагменты. -М., 1984. 2. Дождев Д.В. Римское частное право. –М., 1997. 3. Кузицин В.А. История Древнего Рима. Учебник для ВУЗов. –М., 1994. 4. Машкин Н.А. История Древнего Рима. Учебник. - М., 1979. 5. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Лекциялар курсы. А., 1999. 6. Орта ғасырлар тарихы. І том. Редакциясын басқарған С.Д. Сказкин және басқ. А., 1976. 7. Памятники римского права: Законы 12 таблиц, Институции Гая, Дигесты Юстиниана. М., 1997. 8. Хрестоматия по истории Древнего Рима. –М., 1989. 9. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. Под ред. З.М.Черниловского. –М.,1994. 10. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. –М., 1997. Қосымша әдебиеттер 1. Бартошек М. Римское право (понятия, термины, определения). -М., 1984. 2. Бартошек М. Энциклопедия римского права.- М., 1989. 3. Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004. 4. Новицкий И.Б. Основы римского гражданского права. –М., 1972. 5. Новицкий И.Б., Перетерский И.С. Римское частное право. –М., 1999. 6. Омельченко О.А. Римское право.- М., 2000. 7. Римское частное право. Учебник./ Под ред. Новицкого И.Б., Перетерского И.С. –М., 2002. 8. Скрипилев Е.А. Основы римского права. Конспект лекций. М., 1998. 9. Смирнов М.М. Римское частное право (конспект лекций). М., 1999. 10. Харитонов Е.О. Основы римского частного права. –Ростов, 1999. 11.Большой юридичесий словарь. 2-е изд./Под ред. А.Я. Сухарева, В.Е. Крутских. М., 2001. 12. Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004. 13. Платонова Е.В. Римское частное право (конспект лекций в схемах). М., 1999. 14. Черниловский З.М. Лекции по римскому частному праву. –М., 1991. 15. Черниловский З.М. Римское частное право. Элементарный курс.Учебник. –М., 1997. 16. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы. А., 2005. 17. Хутыз М.Х. Римское частное право. –Харьков, 2000. 18. Римское частное право. Учебник./ Под ред. Новицкого И.Б., Перетерского И.С. –М., 1997. 7. Бағалау критерийі
8. Оқытушы талабы. Студенттердің сабаққа қатысуы есептелінеді. Дәріс сабағына кешігіп келген студенттер сабаққа кіргізілмейді. Әр жіберілген сабағы үшін студент бір балл жоғалтады. СОӨЖ-ге кешігушілер кіргізіледі. Ауырып қалуына байланысты жіберілген сабақтары бойынша белгіленген уақытта қайта тапсыру құқығы бар (медициналық анықтамасыбар болса). Қайта тапсыру формасын оқытушы белгілейді. Сабақ барысында (дәріс, семинар, СОӨЖ) сағыз шайнауға, ұялы телефон қолдануға рұқсат етілмейді.
«Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)»пәнін оқу-әдістемелік жабдықтау картасы Мамандық «5B030100» Заңтану Заңтану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті 2011/2011 оқу жылы
Дайындаған: пән оқытушысы Жумабаева Қ.Ж. Кафедра меңгерушісі Молдабаева Д.Ж. Рим құқығы 1-тақырып Тезис
Рим құқығы жалпы теориялық және тарихи заң ғылымдары жүйесінде ғылыми пән ретінде ерекше орын алады. Ол мемлекет пен құқықтың тарихи дамуын зерттейтін заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясында қалыптасқан түсініктер мен терминдерді қолданады. Рим құқығы екі жарым мың жыл бұрын пайда болып, қазіргі кезде де өз маңызын жоғалтпаған көптеген азаматтық құқық кодификацияларының негізі, түсініктер мен анықтамалардың жинағы болып табылады. Ол мүлік иеленушілердің барлық маңызды құқықтық қатынастарын дәл және нақты реттейтін мүліктік – құқықтық институттарды зерттейді. Рим құқығы бүкіл континентальдық еуропадағы құқықтың дамуына әсер етті және оның негізі болып қаланды. Ортағасырлық мемлекеттердегі рим құқығының рецепциясы арқылы еуропалық мемлекеттер оның негізгі түсініктері мен терминдерін өздеріне қабылдап алды. Сондықтан көптеген құқықтық жүйелерде рим құқығының терминдері сақталып қалды және оларды түсіну үшін болашақ заңгер Рим құқығы курсын оқуы қажет. Студент рим құқығымен таныса отырып,тек сол құқық жүйесінен бізге жеткен терминдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге қазіргі кездегі азаматтық құқықтың негіздерінен де жалпы мағлұматтар алады,сондай-ақ рим құқығындағы мүліктік, отбасылық, мұрагерлік қатынастарды, құқықтарды қорғау әдістерін оқып үйренеді. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді рим құқығының негіздерімен, оның даму процесімен таныстыру және қазіргі азаматтық заңдармен байланысын түсіндіру. Рим құқығында қалыптасқан көптеген ұғымдардың түсініктері олардың қазіргі заң шығару және құқыққолдану тәжірибесінде пайдалану қажеттілігін дәлелдейді. Рим құқығы курсын оқытудың міндеттері антикалық Римдегі жеке құқықтың пайда болуы мен оның даму тарихын, жеке құқықтың негізгі институттарымен және құрылымдарымен таныстыру, рим заң ғылымында қолданылған негізгі түсініктер мен терминдердің мағынасын түсіндіру және олардың қазіргі кездегі қолданылу аясын көрсету, сонымен бірге нақты казустармен және оларды рим заңгерлерінің шешу жолдарымен таныстыру.Пәнді оқытудың негізгі міндеттерінің бірі студентте заңи сана-сезім, яғни айғақтарды құқық призмасы арқылы қарауға қабілеттілік қалыптастыру. Осыған байланысты студенттер рим құқығының қайнар көздерін, заттық құқықтар мен рим заңгерлерінің көзқарастары бойынша талаптарды, міндеттемелік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін жеке-жеке нақтылы оқиды. Рим құқығы пәнін оқытудың нәтижесінде студент келесі дағдыларға үйренуге міндетті: рим жеке құқығындағы негізгі институттарды білу, рим құқығынан рецепцияланған қазіргі кездегі азаматтық құқықтағы түсініктер, терминдер мен институттардың мағынасы мен мазмұнын түсіну. 2-тақырып Тезис Ең ежелгі Рим құқығы квириттік құқық деп аталды,кейін ол цивильдік құқыққа айналды.Цивильдік құқыққа әдет-ғұрып құқығы және оған берілген түсіндірмелер кірді.Цивильдік құқықпен бірге преторлық құқық қалыптасты.Ол преторлардың цивильдік құқыққа жасаған өзгерістер мен толықтырулары шығарған эдиктілерінен тұрды. Рим құқығындағы тағы бір құқықтық жүйе халықтар құқығы болды.Оған сауда құқығы,сауда қатынасындағы әдеттік құқықтар және римдіктердің басқа қауымдармен неке құқығы кірді. Юстинианның институциясы бойынша құқықтың қайнар көздерін ауызша және жазбаша деп екіге бөлді.Ауызша құқықтың қайнар көздерін әдет-ғұрыптар деп атады. Заң деп- ежелгі Римде халық жиналысының шешімдерін айтты.Заңның қабылдануына үш мемлекеттік орган қатысуы тиіс болды: -Магистрат заңның жазбаша жобасын жасады. -Халық жиналысы заңды қабылдады немесе одан бас тартты. -Сенат заңды мақұлдап бекітті. Магистраттардың эдиктілері- магистраттар қызметіне кіргенде міндетті болатын бағдарламасын жариялайтын эдиктілер болып табылады. Сенатус консульттер- Сенаттың құқықтық актілері мен қаулылары. Юриспруденция- заңгерлердің қызметі кезіндегі айтқан көзқарастары мен жазған шығармалары.
Императорлық конституциялар- олар төрт нысанда шықты: - Эдиктілер- императордың қаулылары. - Декреттер- сот ісі бойынша шешімдер. - Рескрипттер- императорға түскен сұрақтарға жауап. - Мандат- мемлекеттік қызметшілерге нұсқаулықтар.
Рим құқығының жүйелері біріктіріліп Юстиниан кодификациясы деп аталды. Ол негізгі төрт бөлімнен тұрды: - Институциялар - заң ғылымын түсіндіретін оқулық. - Дигеста - құқықтық материалдардың жинағы. - Кодекс - ең маңызды императорлық жарлықтардың жинағы. - Новеллалар - Юстинианның конституциялары. 3-тақырып Тезис Рим құқығы бойынша құқық дегеніміз- жалпыға бірдей құқықтарда көрсетілген,белгілі бір тұлғаға тиісті құқытық тәртіпнемесе құқықтық ереже болып табылады. Әр адам өзінің жеке құқығын пайдалануына және одан бас тартуына болады. Субъект өз өкілеттіктерін жүзеге асырғанда өз құқықтарының шектерін сақтауға міндетті. Рим құқығының алғашқы кезінде жеке құқықтарды қорғауды құқығы бұзылған адам оны бұзған адамға өзі шара қолдану арқылы іске асырды.Кейінірек өз бетінше әрекет ету немесе өзі жазалау мемлекеттік органдар арқылы қорғауға көшті. Құқықтарды мемлекеттік қорғауда магистрат алдын-ала іс жүргізіп,тараптар арасындағы даудың құқықтық негізі белгіленіп,оны шешу негіздері қаралады. Юрисдикция- магистраттың сотты ұйымдастыруға көмек көрсетуі. Арбитр- төрелік сот төрағасы. Легиациондық процесс- магистраттың тараптардың дауын дұрыс құқықтық негізде қарауы. Формулярлық процесс- претор судьяға бағдарлама ретінде жазбаша формула беруі.
Рим құқығы бойынша талап дегеніміз- адамдардың өзіне тиісті құқығын сот тәртібімен жүзеге асыруы болып табылады. Талаптар екіге бөлінді: - жеке талап белгілі бір нақты тұлғаға бағытталады. - заттық талап мүлікке бағытталады. Сотта дәлелдемелер ретінде оқиға болған жерді қарау,құжаттарды тексеру,ант қабылдау және куәгерлерден жауап алу қабылданды. Кейінірек сотта өкілдік етуге рұқсат берілді.Өкілдіктің дамуы барысында процессуалдық өкіл прокураторлар пайда болды . Талаптың ескіру мерзімі - мүдделі адамның белгілі бір уақыт ішінде құқығын қорғамауына байланысты процессуалдық қорғаудың жойылуы болып табылады. Бұл мерзім талап ету құқығы пайда болған кезден есептеледі. Юстиниан кодификациясы бойынша талаптың ескіру мерзімі отыз жыл болып белгіленген. Оның өтуін талап қою және міндетті адамның талапты мойындауы тоқтатты. Талап ету мерзімі өткен соң талап қанағаттандырылмайды.
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 797; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |