Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Учебно-методический комплекс. Шарт туралы жалпы ережелер




Www.kar-femida.kz

Kk.wikipedia.org

Www.google.ru

Www.zakon.kz

Тезис

 

Шарт туралы жалпы ережелер

Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Шарт екі жақты немесе көп жақты болып жасалуы да мүмкін.

Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.

Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасауғаерікті.

Шарт жасау кезінде заңда көрсетілген нақты мәмелелерін қоспағанда, шарт тараптардың өз қалаулары бойынша жасалуы мүмкін.

Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы лауы немесе бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып саналады.

Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсесіз қызмет көрсетсе онда ол ақысыз шарт болып есептеледі.

Шарттардың мерзімінде тараптар өзара келісе отырып белгілейді, тек тараптардың келісімі заң негіздеріне қайшылық туғызбауы тиіс.

Тараптар шарт жасасқан кезден бастап шарт өз күшіне енеді және ол тараптар үшін міндетті болып табылады. Және шарттың көрсетілген мерзімі аяқталған кезде шарт тоқтатылады.

Шарт жасау кезінде тараптар ерікті түрде өз кеісімдерімен келісе отырып жүзеге асырады, ал егер шарт жасасқаннан кейін тараптар арасында дау туындаған болса және ол дауды тараптар өзара келісіммен шеше алмаса, онда сот арқылы шешіледі. Сонымен қоса шарт жасасқан кезде шартқа байланысты қолайсыздықтар туындаса тараптар алдын ала бір-біріне ескертуге міндетті. Шарт жасау барысында тараптар бір-бірінің алдында құқықтар мен міндеттерге ие болады және оны орындамаса не орындау шегінен шықса заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады не шарт тоқтатылады.

Семинарлық сабақтар

Сабақ тақырыбының аттары Тақырып мазмұны Барлы ғы (сағ) Семестр аптасы
  Рим құқығының түсінігі мен маңызы, қайнар көздері. 1. Рим жеке құқығының түсінігі, маңызы. 2. Рим құқығының кезеңдері. 3.Құқықтың қайнар көздерінің түрлері мен жалпы сипаттамасы. 4. Юстиниан кодификациясы.    
  Құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау. 1. Құқықтарды жүзеге асыру және оның нысандары. 2. Талаптар. 3. Жеке даулар бойынша іс жүргізу. 4. Уақыттың құқықтарды жүзеге асыру мен қорғауға әсері.    
  Тұлғалар. 1.Құқық субъектілері және олардың құқық қабілеттілігі. 2. Жеке тұлғалар мен олардың түрлері. 3. Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы. 4. Заңды тұлғалар.    
  Отбасы құқығы. 1.Рим отбасы құқығының жалпы сипаттамасы, туыстықтың түрлері. 2. Неке және оның түрлері. 3.Жұбайлардың арасындағы құқықтық қатынастар. 4. Ата – аналар мен балалардың құқықтық қатынастары.    
  Заттарға құқық.   1.Заттар туралы жалпы түсінік. 2.Иеленудің түсінігі, түрлері және оны қорғау. 3.Меншік құқығының түсінігі мен түрлері. 4.Меншік құқығын қорғау. 5.Басқа біреудің заттарына құқықтың түсінігі мен түрлері.      
  Мұрагерлік құқық. 1.Мұрагерліктің түсінігі мен түрлері. 2.Өсиет бойынша мұрагерлік. 3.Заң бойынша мұрагерлік. 4.Мұраны қабылдап алу.    
  Рим міндеттемелік құқығы.     1.Міндеттеменің түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері. 2.Міндеттемені орындау және оның тоқтатылуы. 3.Шарттардың түсінігі, түрлері мен жарамдылық талаптары. 4.Міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік. 5.Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету.    
  Міндеттемелердің жеке түрлері.   1.Шарттарды жіктеу. Вербальды және литтеральды контрактілер. 2.Нақты контрактілер. 3.Консенсуалды контрактілер. 4. Квази- контрактілер.    
  Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың түсінігі мен пайда болу негіздері   1.Меншік құқығының түсінігі мен элементтері 2.Меншік құқығы мен заттық құқытың пайда болу негіздері 3.Заттық құқық түсінігі, ерекшеліктері және түрлері      
  Меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтардың тоқтатылу негіздері   1.Меншік құқығы мен заттық құқықтардың тоқтатылу түсінігі мен негіздері 2.меншік иесінің еркімен тоқтату және ықтиярынсыз тоқтату 3.Меншік құқығы мен заттық құқықты алып қою 4.Ұлттандыру, тәркілеу, реквизициялау    
  Ортақ меншік түсінігі мен түрлері   1.Ортақ меншік түсінігі мен түрлері 2.Ортақ бірлескен меншік 3.Ортақ үлестік меншік    
  Міндеттемелік құқық. Міндеттеме түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері 1.Міндеттемелік құқық түсінігі мен жүйесі 2.Міндеттеме түсінігі мен түрлері 3.Міндеттеменің пайда болу негіздері    
  Міндеттемені орындау мен міндетемедегі адамдарды ауыстыру. Міндеттемені тоқтату 1.Міндеттемені орындау түсінігі мен қағидалары 2.Міндеттемедегі адамдарды ауыстыру 3.Міндетемені тоқтату негіздері    
  Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері   1.Міндетемені орындауды қамтамасыз ету түсінігі мен тәсілдері 2.Айып төлеу, кепіл 3.Кепілдік пен кепілболушылық 4.кепілпұл және ұстап қалу    
  Шарт туралы жалпы ережелер   1.Шарт түсінігі 2.Шарт түрлері 3.Шарт жасау тәртібі    
  Барлығы:   15 сағ. 15 апта

 

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары

 

СОӨЖ тақырыптардың аттары және тапсырмаларының мазмұны Жүргізу түрі Сағат саны Семес тр аптасы
  Рим құқығының түсінігі мен маңызы, қайнар көздері. Реферат жазу    
  Құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау. Пікір-талас    
  Тұлғалар.   Реферат жазу    
  Отбасы құқығы. Кесте жасау    
  Заттарға құқық. Кесте жасау    
  Мұрагерлік құқық. Реферат жазу    
  Рим міндеттемелік құқығы.   Реферат жазу    
  Міндеттемелердің жеке түрлері. Реферат жазу    
  Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың түсінігі мен пайда болу негіздері Пікір-талас    
  Меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтардың тоқтатылу негіздері Кесте жасау    
  Ортақ меншік түсінігі мен түрлері Ауызша сұрау    
  Міндеттемелік құқық. Міндеттеме түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері Ауызша сұрау    
  Міндеттемені орындау мен міндетемедегі адамдарды ауыстыру. Міндеттемені тоқтату Ауызша сұрау    
  Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері Ауызша сұрау    
  Шарт туралы жалпы ережелер Пікір-талас    
  БАРЛЫҒЫ:     15 апта

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

 

СӨЖ тақырыптардың аттары және тапсырмаларының мазмұны Жүргізу түрі Сағат саны Семес тр аптасы
  Рим құқығының түсінігі мен маңызы, қайнар көздері. Баяндама    
  Құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.   Баяндама    
  Тұлғалар. Баяндама    
  Отбасы құқығы. Баяндама    
  Заттарға құқық.   Баяндама    
  Мұрагерлік құқық. Баяндама    
  Рим міндеттемелік құқығы.   Баяндама    
  Міндеттемелердің жеке түрлері. Баяндама    
  Меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтың түсінігі, пайда болу негіздері Баяндама    
  Меншік құқығы мен заттық құқықтың тоқтатылу негіздері Баяндама    
  Ортақ меншік: түсінігі мен түрлері Баяндама    
  Міндеттемелік құқық. Міндеттеме түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері Баяндама    
  Міндеттемені орындау мен тоқтату Баяндама    
  Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері Баяндама    
  Шарт тураы жалпы ережелер Баяндама    
  БАРЛЫҒЫ:     15 апта

Рим құқығы пәнінен аралық бақылау сұрақтары

1 аралық бақылаудың сұрақтары:

1. Рим жеке құқығының негізгі белгілері.

2. Рим мемлекетінің даму кезеңдері және құқық жүйесі.

3. Рим құқығының тарихи қалыптасуы мен даму кезеңдері.

4. Ежелгі Римнің азаматтық құқығы.

5. Рим құқығының рецепциясы.

6. Рим құқығының қайнар көздерінің түсінігі.

7. Рим құқығындағы құқықтық жүйелер.

8. Юстинианның кодификациялық еңбектері.

9. Рим құқығы бойынша құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі мен шектері.

10. Құқықтарды қорғаудың нысандары.

11. Құқтарды мемлекеттік қорғаудың жалпы сипаттамасы.

 

2 аралық бақылаудың сұрақтары:

1. Сотта іс жүргізу. Легисакциондық, формулярлық, т.б. процесстер.

2. Сотта іс жүргізудің түрлері мен сатылары.

3. Құқықтарды жүзеге асыру мен қорғаудағы өкілдік.

4. Рим құқығындағы талаптардың түсінігі мен түрлері.

5. Талаптың ескіру мерзімінің әрекет етуі.

6. Рим азаматтығын алу жолдары және рим азаматтарының құқықтық жағдайы.

7. Патронат – клиент құқықтық қатынастарындағы субъектілердің қарым-қатынастары. Құқық субъектілерінің және тұлғалардың құқық қабілеттілігі.

8. Рим азаматтарының құқықтық жағдайы.

9. Латындар мен перегриндердің құқықтық жағдайы.

10. Құлдардың, колондардың және еркіндікке жіберілгендердің құқықтық жағдайы.

11. Отбасы құқығындағы отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайларына сипаттама беру.

12. Агнаттық және когнаттық туыстық.

13. Жұбайлардың жеке мүліктік қатынастары.

14. Некенің тоқтатылуы.

 

 

Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

«Рим құқығы» пәніне оның болашақ заңгер маман үшін маңызының зор екендігі ескеріліп 2 кредит бөлінген. Яғни Сіз жыл бойына осы пәнді оқып, игеретін боласыз.

Пәннiң оқытылу жүйесi құқықтық құбылыстардың мазмұны және мәнi, мемлекеттiк механизмi және құқықтық реттелеу жүйесi тұрғысында қарастырылады. Рим құқығы пәнiн оқыту процесiнде құқық жүйесi, заң шығарушылық қызметiнiң негiздерi, құқықтық қатынастың түрлерi және құқықты iске асыру нысандары толығымен қаралды.

Рим құқығы оқыту студенттерге құқықтық құбыластардың жеке тұлғаларымен қарым-қатынасын, демократиялық қоғамдағы және саяси жүйедегi ерекшелiктердiң маңызын, заңдылық конституциялық, құқықбұзушылық пен құқыққа сәйкес мiнез-құлықтың мазмұнын нақты түрде түсiнуге көмектеседi.

Рим құқығы оқып-үйрену барысында студенттер құқықтың барлық саласының негiздерi бойынша бiлiм алады; құқық шығармашылық негiздерiмен танысады; заңдардың даму барысын және ҚР қолданыстағы құқық тиiмдiлiгiн талдап, бағдарлай алу мүмкiндiктерiн қалыптастырады. Рим құқығы оқу пәнi ретiнде оқыту барысында дәстүрлi әдiстермен бiрге қоғамның құқықтық өмiрiнiң құбылыстарына сәйкес жаңа әдiстер де қолданылады, құқықтық тәжiрибелер пайдаланылады. Оқытушы дәрiс оқуда барынша ғылыми негiздiлiкке және объективтiлiкке жүгiнiп, құқықтық институттардың маңызы, рөлi, мәнi туралы студенттерге ақиқатты да, жан-жақты бiлiм беруi қажет. Рим құқығы басқа заң ғылымдарымен салыстырғанда болашақ заңгердiң құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң қалыптасуына зор ықпал жасайды, сонымен бiрге жас заңгерлердiң кәсiби дәрежесiнiң биiк болуына ықпал етедi.

Өзге пәндер сияқты кредиттік оқыту тәсіліне қарай Рим құқығынан өткізілетін сабақтар дәріс, семинар, студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы болып бөлінеді. Әр сабақтың өткізілу тәртібі мен талаптары бар, сонымен қатар, оларда орындалатын тапсырмалар да бір-бірінен өзгеше болып келеді. Рим құқығы бойынша оқытушы пән силлабусын даярлап студенттерге таратып беруге міндетті. Бұл пәннің силлабусы әр жоғарғы оқу орнының талаптарына қарай нысаны жағынан әртүрлі болып келеді, бірақ, барлығының мазмұны ұқсас болуға тиіс.

 

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық

Студенттің өзіндік жұмысы үш элементтен қалыптасады:

- Дәрістердің материалдарымен, оқу және қосымша әдебиетпен танысу;

- Семинар сабақтарына дайындалу бойынша өзіндік жұмысы;

- Емтиханға дайындалу бойынша өзіндік жұмысы.

 

1. Д әрістердің материалдарымен, оқу және қосымша әдебиетпен танысу

Дәрістің конспектісін сабақтан кейін қайта оқып шығу қажет. Содан кейін оқытушымен ұсынылған оқу құралдарының тиісті тарауларымен танысу керек. Дәріс кезінде студент теориялық білімдерді алады, сондықтан осындай теориялық базаны нақты айғақтармен бекіту дұрыс, ал оқулықтарда сондай айғақтар кең көлемде беріледі. Студенттің басты мақсаты - осындай айғақтарды дәріс барысында алынған теориялық білімдерімен сәйкестендіру.
Осындай жағдайда дәптерде қалдырылған бос жақтары қажет болады, оларды пайдаланып дәріс мәтінін толықтыруға болады.

Қажет болған жағдайда оқулықтардың тарауларын конспектілеуге болады.

Дәрістердің материаладарымен танысып болған соң, студент қосымша әдебиетпен таныса алады. Қажет болса, студент қосымша әдебиеттің конспектісін жасайды.

 

2. Семинар сабақтарына дайындалу бойынша өзіндік жұмысы. Семинар – бұл оқытушының жетекшелігімен өткізілетін тәжірибелік сабақ. Осындай сабақтарда студент жария түрде сөз сөйлеуге, баяндама жасауға үйренеді.

Семинар сабақ өткізудің басты шарты – тақырып сұрақтарын қызығушылықпен талқылау, сондықтан студенттердің сабақтарға сапалы дайындалуы өте маңызды болады.

Семинар сабағына дайындалу барысында студент кітапханада ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істейді. Семинар дәрістің жай ғана қайталануы болмаса да, алдымен студент дәрістің материалдарын еске салуға тиісті.

Семинар сабағына дайындалу осындай кезектілікте жүзеге асырылады: 1. Семинар жоспарымен танысу, әдебиетті табу; 2. Семинар сұрақтарына оқу әдебиеті бойынша дайындалу; 3. Барлық сұрақтар бойынша жауап берудің кең түрдегі жоспарларын құру; 4. Жауаптардың конспектілерін дайындау.

3. Емтиханға дайындалу бойынша өзіндік жұмысы.

Емтиханға дайындалу үшін алдымен оқытушыдан емтихан сұрақтарын алдын алу керек.

Емтиханға дайындалу кезінде студенттер пәннің оқу бағдарламасын, дәрістердің конспектілерін, оқу және қосымша әдебиетін қолданады.

Емтихан сұрағын оқу бағдарламасында табу қажет, өйткені бұл материал жауап берудің жоспары болып табылады. Осыдан кейін конспектілердің ішінен қажетті ақпараттарды тауып, материалмен жақсылап танысу қажет.

Керек болған жағдайда кейбір сұрақтардың жауаптарының конспектілерін жасауға болады.

Жауаптар сұрақтың мазмұны бойынша ғана болу керек. Жауап нақтылықпен, логикалық байланысымен сипатталу керек.

Емтиханға дайындалу барысында туындаған кез келген сұрақтарды студенттер емтихан алдындағы консультациясы кезінде оқытушыға қоя алады.

 

 

Емтихан бағаларын қою негіздері:

- жауабының байланыстығы;

- құқық нормаларын білуі;

- жауап беретін сұрақ бойынша ғылыми пікірлерді білу;

- жауап беретін сұрақ бойынша сот тәжірибесін білу;

- талқылау жасау өнері

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ  

«БЕКІТЕМІН»

Оқу істері жөніндегі проректор,

ф-м.ғ.д., профессор

_______________ Әмірғалиева С.Н.

«____»__________ 20___ж.

 

Рим құқығы пәні бойынша

5В030100 «Заңтану» мамандығы үшін

 

Білім алушыларға арналған пәннің

оқу-әдістемелік кешені

Алматы, 2011

Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

· 5В030100 «Заңтану» мамандығы бойынша

жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттің жалпыға міндетті стандарты;

· «22» маусым 2006 ҚР БҒМ хаттамалық шешімімен бекітілген

«Рим құқығы» пәнінің типтік бағдарламасы

(МЖБС-ның міндетті компонентіндегі пәндер үшін);

· «»____________ 20__ ж. Бекітілген 5В030100 «Заңтану» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалды.

 

 

Дайындаған _____________________ Жумабаева Қ.Ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі __________________ Молдабаева Д.Ж.

 

«»____________ 2011 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі

 

Құжаттаманың атауы Беті
1. Силлабус  
2. Дәрістер тезистері  
3. Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (жоспарлар, семинар және практика сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар, СОӨЖ, СӨЖ);  
4. Зертханалық және студиялық сабақтардың тақырыптары мен қысқаша сипаттамалары  
5. Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер  
6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер  
7. Интернет-ресурстардың тізімі  
8. Глоссарий  

«Рим құқығы» пәнінен курстық жұмыстар»

«Рим құқығы» пәні бойынша курстық жұмыс жазу – студенттерді аталмыш пәнді оқып үйренуінде өз бетімен жұмыс жасауға үйрететін негізгі кезең. Курстық жұмыс жазу арқылы студент мемлекет пен құқықтың негізгі ережелерімен дербес танысады, өз бетімен бай заң әдебиетімен жұмыс жасауға үйренеді, мемлекет пен құқықққа қатысты материалдарды дұрыс түсінуге, құқық нормаларын пайдалана білуге үйренеді. Курстық жұмысты жазуға кіріспестен бұрын студент мемлекет және қылмыстық құқық пәнінің негізгі түсініктерімен танысуға міндетті. Курстық жұмыс тақырыбын осы курста қарастырылатын мәселелердің өзі үшін қызықтылығына, осы тақырыпқа арналған әдебиеттердің бар екендігіне, сонымен қатар тақырып көлемін қарастырылған мәселенің тәжірибеде қолданылу мүмкіндігіне көз жеткізіп барып таңдаған жөн. Курстық жұмысты жазуды бастамай тұрып осы тақырып бойынша табылған әдебиеттерді жан-жақты, терең түрде оқып шығу міндетті. Әрине, бұл жерде тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілердің орны ерекше. Әдебиеттермен танысып отырып, өз жұмысыңның жоспарында көзделген сұрақ бойынша материалды көшіріп алған жөн, осы көшірілген материалдың қай қайнар көзден алынғаны жөнінде толық мәліметті де ұмытпаған дұрыс. Жалпы, курстық жұмысты жазуда қайнар көз ретінде газет, журнал, арнайы органдар шығаратын бюллетендерді пайдалануға болады. Студент жоспар бойынша аталған барлық мәселенің тәжірибеде жүзеге асырылу барысына тоқталуға міндетті.

Курстық жұмысты оқытушымен келісе отырып жасалған жоспар шегінде жазуға тиіс. Студент жұмыстың жоспарын өз бетінше, әдебиеттерді меңгеру деңгейіне қарай өзгерте алады, сонымен қатар қосымша сұрақтар да енгізе алады.

Курстық жұмысты дербес орындау қажет. Студент жоспарда көзделген барлық сұрақтарды қамти отырып, өз бетімен сұрақтардың қарастырылу ретін де өзгерте алады. Жұмысты жазу барысында оқулықтардан көшірумен ғана айналысуға болмайды, мұндай болған жағдайда алатын баға өте төмен болады немесе оқытушы жұмысты қайта жазу үшін қайтарып беруге құқылы. Жоспардағы көзделген сұрақтарды олардың жоспардағы реті бойынша қарастыру қажет. Жұмыста жоспардың сұрақтары мәтіннен бөлектеніп жазылады, бұл өз кезегінде жоспар бойынша қай мәселенің қарастырылып жатқанынан хабар береді. Курстық жұмысты жазу үшін А4 қағазы алынады, ал жұмыс көлемі 25-30 бет болуы керек.

Курстық жұмысты қолмен немесе компьютермен жазуға болады. Оны рәсімдеудің өзіндік тәртібі бар: жұмыстың алғашқы бетінде жоғарғы оқу орнының, факультеттің атауы, жұмыс жазылған кафедра атауы, курстық жұмыс тақырыбы, студенттің аты-жөні мен оқитын курсы және тобы, жұмысты қабылдаған оқытушының аты-жөні, орындалған елді мекен атауы мен жылы жазылады, жұмыстың әр бетіне номер қойылады, әдебиеттерден алынған цитатаның жанына жақша ашылып, ішіне қолданылған қайнар көздің номері мен беті жазылады, жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі, онда әдебиет авторы, атауы, шығарылған жері мен жылы көзделінеді, жұмыс соңында студент жұмысты өткізген күні мен қолын қояды.

Егер тақырып таңдауда қиындық туып жатса студент кафедраның өзге оқытушыларымен кеңесуге толық құқылы. Егер студент берілген тақырыптардан өзге мәселе бойынша өзінің ғылыми жұмысының жобасын ұсынып жатса, онда ол тақырыпты «Рим құқығы» пәніне сәйкестендіре отырып дайындауға болады. Курстық жұмыс жазу барысында студенттің өз бетінше ғылыми тұрғыда жаңаша пікірін қалыптастыру міндет болғандықтан, оған нақты тақырып бойынша қоғамда орын алып отырған мәселелерді мысал ретінде кеңінен пайдалануға бағыт беріледі.

Ұсынылатын курстық жұмыстар тақырыптары:

1. Римдегі азаматтық заңдар жинағы.

2. Рим құқығының тарихы кезеңдері

3. Римнің отбасы құқығы: тарихы, жүйесі

4. Римдегі заттық құқықты қорғау

5. Римдегі жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесі

6. Рим міндеттемелік құқығыеың ерекшеліктері

 

Қосымша тақырыптар:

1. Рим құқығыедағы шарттың құқықтық жағдайы

2. Римдегі шарттық ережелер

3. Рим жеке құқығының құқықтық негіздері

4. Рим көпшілік құқығын сараптау

5. Рим заңды тұлғаларының құқықтық жағдайы

6. Римдегі цивильдік құқық: түсінігі, даму кезендері, құқықтық салдары

7. Римдегі квириттік құқық: ұғымы, басқа құқықтармен өзара байланысы

8. Рим мұрагерлік құқығын құқықтық қорғау нысандары

9. Римдегі сот процесін жіктеу негіздері

 

 


Қылмыстық құқық (Жалпы бөлім) пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1. Дигесты Юстиниана. Избранные фрагменты. -М., 1984.

2. Дождев Д.В. Римское частное право. –М., 1997.

3. Кузицин В.А. История Древнего Рима. Учебник для ВУЗов. –М., 1994.

4. Машкин Н.А. История Древнего Рима. Учебник. - М., 1979.

5. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Лекциялар курсы. А., 1999.

6. Орта ғасырлар тарихы. І том. Редакциясын басқарған С.Д. Сказкин және басқ. А., 1976.

7. Памятники римского права: Законы 12 таблиц, Институции Гая, Дигесты Юстиниана. М., 1997.

8. Хрестоматия по истории Древнего Рима. –М., 1989.

9. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. Под ред. З.М.Черниловского. –М.,1994.

10. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. –М., 1997.

Қосымша әдебиеттер

1. Бартошек М. Римское право (понятия, термины, определения). -М., 1984.

2. Бартошек М. Энциклопедия римского права.- М., 1989.

3. Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004.

4. Новицкий И.Б. Основы римского гражданского права. –М., 1972.

5. Новицкий И.Б., Перетерский И.С. Римское частное право. –М., 1999.

6. Омельченко О.А. Римское право.- М., 2000.

7. Римское частное право. Учебник./ Под ред. Новицкого И.Б., Перетерского И.С. –М., 2002.

8. Скрипилев Е.А. Основы римского права. Конспект лекций. М., 1998.

9. Смирнов М.М. Римское частное право (конспект лекций). М., 1999.

10. Харитонов Е.О. Основы римского частного права. –Ростов, 1999.

11.Большой юридичесий словарь. 2-е изд./Под ред. А.Я. Сухарева, В.Е. Крутских. М., 2001.

12. Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004.

13. Платонова Е.В. Римское частное право (конспект лекций в схемах). М., 1999.

14. Черниловский З.М. Лекции по римскому частному праву. –М., 1991.

15. Черниловский З.М. Римское частное право. Элементарный курс.Учебник. –М., 1997.

16. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы. А., 2005.

17. Хутыз М.Х. Римское частное право. –Харьков, 2000.

18. Римское частное право. Учебник./ Под ред. Новицкого И.Б., Перетерского И.С. –М., 1997.

Интернет қайнар көздері

«Қылмыстық құқық» пәні бойынша глоссарий

Жеке құқық – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы мүддесін қорғайтын құқықтың нормасы.

Магистрат эдиктілері – эдикт термині «dico» сөйлеймін деген сөзден шыққан. Бұл сөз бастапқыда магистраттың белгілі бір мәселелерге ауызша жарияламасын білдіреді.

Перегриндер – римдік және латиндік құқық қабілеттілікке ие болмағандарды айтады. Кез – келген перегрин Рим магистратының сотына жүгіне алады.

Заттық құқық – бұл біреудің басқалардың еркінен тыс және тәуелсіз затқа әсер ету құқығы. Заттық құқық иелену, пайдалану және билік құқығынан тұрады.

Виндикациондық талап – арыз – бұл зат иесінің басқа біреуден затын өзіне қайтару жөнінде талап-арызы.

Сервитут – белгілі бір учаскіні пайдалану барысында одан пайда алу мақсатында немесе бүреудің мүддесі үшін біреудің затын пайдалану.

Кепіл – бұл пайдалану жіне белгілі бір жағдай кезінде біреудің затын басқару құқығы.

Эмфитевзис – бұл мерзімге дейін мұрагерлік құқығы және иеліктен шығару бойынша ауыл шаруашылық жерін пайдалануға беру.

Айып – бұл қарыз алушының міндеттемені орындамау немесе орындай алмау барысында айқын сомманы төлеуді өз міндетіне алу.

Пигнус – мұндай кепілді түрінде қарыз алушы несие берушіге қарызды қамтамасыз ету үшін затты меншікке емес иелікке беру.

Ипотека – бұл жалданған төлем төленбегенше кепілдікке жер учаскесін беруі.

Фидеикомисстер – бұл басқа адамның абыройына жасалады, яғни өлген адамның өтініші орындалады, ол ауызща не жазбаша болуы тиіс.

Консул – жоғарғы әскери-азаматтық билікке ие болған тұлғалар.

Латиндер – Лацицумның тұрғындары мен ұрпақтары.

Квирттер – Рим азаматтарының ежелгі атауы, сондай-ақ квирт сөзі әскерлерге қарама қарсы азаматтық тұлғаларға қолданылған.

Юстиниан кодексі – 4652 үзінділерден құралған конституция.

Диктатор – ежелгі римде жалғыз әдеттен тыс магистратура. Диктаторды сенаттың келісімімен консулдардың бірінен тағайындалады.

Агнаттар – ер адамның тарапынан туысқандар.

Когнаттар – әйел адамның тарапынан туысқандар.

Арбитр – Римдіктердің төрелік сот төрағасы.

Дисциплины Римское право

 

Б.3. Профессиональный цикл. Вариативная часть

 

Направление подготовки

030900.62 – Юриспруденция

 

Профиль подготовки

государственно-правовой, уголовно-правовой, гражданско-правовой

 

Квалификация (степень) выпускника

Бакалавр

 

Форма обучения

Очная, заочная, заочная (на базе высшего образования)

 

 

Разработчик УМК

к.ю.н., доцент Валеев Р.А. _____________________ «_____» ________________ 2011 г.

 

 

Уфа 2011


 

С О Д Е Р Ж А Н И Е

 

 

1. Место учебной дисциплины в структуре основной образовательной программы    
2. Цели освоения учебной дисциплины    
3. Компетенции обучающегося, формируемые в результате освоения дисциплины    
4. Рабочая программа    
5. Образовательные технологии    
6. Учебно-методическое и информационное обеспечение дисциплины    
7. Материально-техническое обеспечение дисциплины    
8. Методические рекомендации для преподавателя    
9. Методические указания для студентов    
10. Учебно-методическое обеспечение самостоятельной работы студентов    
11. Контрольно-оценочные материалы    
12. Рейтинг-план дисциплины  

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 1314; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.