Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Теміреткі темірден 4 страница




 

Саған қас қылған кісінің,

Базарға барып, аты өлсін!

Ерте кетіп, қайтқанда,

Үйіне келсе, қатыны өлсін...

Шаңырағы шартылдап,

Шандырына қадалсын!

Босағасы бортылдап,

Борбайына қадалсын!

Күлдіреуіші күрт сынып,

Көтіне қадалсын![391]

 

Немесе:

Қия жолда атың туласын,

Жарым түнде үйің шуласын.

Еңісте тартпа айылың үзілсін,

Өрге шыққанда артқы айылың үзілсін.

Жете бергенде желкең үзілсін,

Таяй бергенде тақымың қиылсын[392].

Бұл қарғыстарда қазақтың тұрмыс-тіршілігінде ең маңызды қызмет атқаратын, өмірінің қажетіне айналған практикалық-қолданбалы сипатқа ие қасиетті заттарына жаманшылық тіленген. Олар: шаңырақ, босаға, күлдіреуіш, ат, ер-тұрманның айылдары.

Қарғыс, шынтуайтында, жалпақ көпшілікке емес, ар-ұяттан безген елдің нақтылы бір жауына арналады. Қазақ халқы үшін сондай дұшпандардың бірі – малдың ұрылары. Оны былайша қарғап-сілеген:

 

Менің ақ байталымнан жеген етің – қан болсын,

Үйіңді құйын құлатып, аузы-басың шаң болсын.

Ел ет жесе, сен дерт же,

Ел жал шайнаса, сен тал шайна.

Ел жілік жесе, сен бүлік же.

Ел мойын жесе, сен сойыл же.

Ел айран ішсе, сен ойран іш[393].

 

Қарғыс магияның бір түрі екендігі анық. Нақтырақ айтқанда, ол – қатерлі магия. Оның мақсаты – бағытталған нысанына қастық жасау. Бұл тұрғыдан келгенде оның кейбір сипаттары арбаумен ұштасып жатыр. Бірақ арбаудан елеулі айырмашылығы да бар. Алдымен арбауда түсініксіз сөздер мол болса, қарғыстың тілі халыққа түсінікті анық тіл. Арбау зиянкес жәндіктерді қууға, уын қайтаруға немесе табиғат құбылыстарын басқаруға, меңгеруге бағышталып айтылса, қарғыс, негізінен, адамдарға арналады. Әйткенмен, арбау мен қарғыстың арасында белгілі дәрежеде байланыс та бар. Мәселен, тістің құртын арбаудағы «жайлауыңды жау алды, қыстауыңды өрт алды» деген сөздер бұйрық рай түрінде қарғыста да жиі қолданылады. Демек арбаудағы жекіру, ұрсу, бұйыру, дөңайбат жасау сарындары кейіннен тасымалданып, қарғыс жанрының қалыптасуына да қажетінше ұйытқы болған. Одан кейін батаның құрамында да қарғыстың шумақтары жүргенін байқаймыз. Мысалы:

 

Тасың өрге домалап,

Өсе берсін ырысың.

 

Саған қас сағынған дұспанның,

Өз руы құрысын![394].

 

Құдайым, малды қыл,

Тең-құрбының алды қыл.

Қас сағынған кісіні

Қасқа шұнақ жарлы қыл[395].

Тіпті, «бұл дүниеде жиғаның болсын, о дүниеде иманың болсын», «көсегең көгерсін, көрпең ұлғайсын» деген сияқты алғыстар кейде кері мағынаға түсіп, қарғыс пішінінде де айтылады. Халық шығармасында жанрлар арасында ауыс-түйістер, байланыстар, тоғысулар жиі болып тұратындығының бір мысалы, міне, осы.

Қарғыстың тілі айшықты да ащы, тиіп кетсе, қиып кететін нағыз қиғыр тіл. Батаны тілдің балы десек, қарғысты уы деуге болады. Оның поэтикалық өрнегі кестелі. Әсірелеу, астарлау, ишаралау, кекету тәсілдерін мол қолданғандықтан сырлы да сиқырлы болып елестейді. Бұл жанр қоғамдық өмірден әлдеқашан ығысқанымен, оның мәтіндері тіліміздің байлығы мен шешендік қуатын байқататын, ұлтымыздың төл дүниетанымынан, психологиясынан дерек беретін құнды тарихи-рухани ескерткішке айналып отыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 601; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.