Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Статистические данные для вычисления абсолютных и относительных явлений способом картограммы и картодиаграммы. 5 страница




 

80. Әр түрлі масштабтағы геологиялық карталардың айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Геологиялық Карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геол. жасын, ал сызықшалар литол. құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді. Антропоген шөгінділерінің к-сында осы жыныстардың жасы, құрамы, қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литол. карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеогр. карталарда Жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геол. карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физ. қасиеттері (қуыстылығы, су өткізгіштігі, т.б.) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геол. құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне тиісті баға беріледі. Геологиялық Карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл масштабты болып бөлінеді. Геол. шолу картасы (1:1000 000 және одан ұсақ) мен ұсақ масштабты (1000000 және 500000). Геологиялық Карталар белгілі бір аймақтың, мемлекеттің, құрлықтың не бүкіл дүние жүзінің геол. құрлысы жөнінде түсінік береді. Орта масштабты (1:100000, 1:200000) Геологиялық Карталарда белгілі бір ауданның геол. құрлысының негізгі сипаттары және олардағы кен байлықтарының болжамды мөлшері көрсетіледі. Ірі масштабты (1:50000, 1:25000) Геологиялық Карталар кен орындарының табылу келешегі бар, а. ш-на игерілетін, қалалар мен кәсіпорындар салынатын аудандардың геол. құрылысын толық сипаттау үшін жасалады. Дәл Геологиялық Карталар (1:10000 және одан ірілері) кен денелерінің орналасу заңдылықтарын анықтауға, кен байлықтар қорын есептеуге, кәсіпорындар, тұрғын және қоғамдық үйлер құрлысының тех. жобаларына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Геологиялық Картаға стратигр. бағана мен геол. қималар беріледі. Қималардың масштабы мен шартты белгілері картаға сәйкес келуі тиіс. Қазақстанның аумағы әр түрлі масштабтағы Геологиялық Картамен түгел қамтылған.

 

81.Әр түрлі масштабтағы тектоникалық карталардың айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Тектоникалық карта – жер қыртысының немесе оның жекелеген аудандарының құрылымдық ерекшеліктері мен белгілі геологиялық уақыт шамасындағы даму жолдарын сипаттайтын арнаулы карта. Тектоникалық карта тектоникалық процестердің табиғатын, туындау және көрініс беру ерекшеліктерін танып, білуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда алғашқы тектоникалық карта 1976 жылы жасалған. Тектоникалық картаны жасау үшін геологиялық картадағы шөгінділердің формациялық құрамы, құрылымдар пішіндерінің ерекшеліктері, геологиялық қималардың сипаты, геофизикалық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстарының деректері ескеріледі. Тектоникалық карталар ірі үш топқа: сұлбалық, байырғы және арнаулы болып жіктеледі. Әр топ қамтыған ауданына қарай аймақтық және жалпы, мазмұнына қарай құрылымдық және тектоникалық болып ажыратылады. Сұлбалық Тектоникалық карта – қатпар осьтерінің басты бағыттары мен ірі жарылымдардың созылу бағыттарын кескіндейді. Байырғы Тектоникалық карта – мұндағы құрылымдық пішіндер стратиграфикалық қиманың абсолюттік белгілері анықталған нақтылы деңгейлік сызықтары немесе статиграфикалық кешендер табанының жер бетіне шығу сызықтары, т.б. маңызды рөл атқаратын әр түрлі изосызықтарды графикті тұрғыдан кескіндеу негізінде жасалады. Мұндай тектоникалық карталар кез келген тектоникалық құрылымды тиімді зерттеудің негізі болып саналатын тектоникалық аудандастыру шараларын орындауға мүмкіндік береді. Арнаулы Тектоникалық карта тектоника ғылымының жекеленген мәселелерін шешуге көмектеседі. Оған геологиялық формациялар картасы, қатпарлану дәуірлері мен фазаларының картасы, қатпарлық типтер картасы, т.б. жатады. Тектоникалық карталардың масштабтары: құрлықтар мен ірі мемлекеттер үшін – 1:1000000 – 1:2500000, жеке аймақтар үшін – 1:2500000 – 1:500000 болып келеді.

 

82. Әр түрлі масштабтағы топырақ карталарының айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Топырақ Картасы– топырақ түрлерінің жер бетінде таралуын, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелейтін карталар. Т. к-ның – жалпы, топырақ-мелиоративтік және топырақ-эрозиялық түрлері болады.

Құрамы бойынша топырақ картасының классификациясы:

Жалпы карталар-топырақтардың географиялық генетикалық топтарының тарлу жүйесін бейнелейді.

Топырақ-мелиорация картасы — топырақ картасы, топырақтың мелиорациялық ерекшеліктері (су өткізгіштігі, жер бетіндегі тастар, құм, құрамындағы тұздар және т.б.) жөніндегі қосымша мағлұматтар түсірілген карта. Мелиорациялық шараларды жүргізудің ең негізгі құжаты болып табылатын бұл картаны топырақ зерттеуші мамандар жасайды.

Топырақ –эрозиясы картасы - топырақтағы эрозия мөлшері,қауіпті эрозия ареалдары.

Әр түрлі масштабтағы топырақ карталарының айырмашылықтары:

Жалпы М 1: 2 500 000 ұсақ,

Ұсақ масштабты М 1: 500 000 — 1: 2 000 000,

Орта масштабты М 1: 100000 — 1: 300 000,

Ірі масштабты М 1: 10 000 — 1: 50 000,

Детальді М 1:5000 және одан ірі.

 

83. Әр түрлі масштабтағы климат карталарының айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Климат (гр. (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

 

84. Әр түрлі масштабтағы жер бедер карталарының айырмашылықтары және оған сипаттама беру. Жер бедері, рельеф (франц. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы. Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.

 

85.Әр түрлі масштабтағы гипсометриялық карталарының айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Гипсометрлік карта - жербедер ерекшеліктері горизанталдар көмегімен, ал биіктік сатылары әр түрлі бояулар көмегімен кескінделген карта.

 

 

86. Әр түрлі масштабтағы зоогеографиялық карталардың айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Зоогеография (грекше: zoon - жануар және география) – Жер шарындағы жануарлар дүниесінің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биогеографияның бөлімі.Зоогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Құрлықтағы организмдерді зоогеографиялық тұрғыда жіктеуді Н.А.Северцов пен М.А.Мензбир экологиялық және тарихи тұрғыдан қарастырған. Құрлықтағы зоогеографиялық аудандастыруда В.Гептнердің жүйесі негізге алынды. Оның 2 варианты бар. Қазақстан фаунасын зоогеографиялық аудандастыру екіншісіне жатады. Бұл жіктелім бойынша құрлық жануарлары 8 облысқа бөлінеді:Жаңа Зеландия; Австралия; Полинезия; Неотропика; Эфиопия; Мадагаскар; Үнді-Малай; Голарктика.Қазақстан Голарктика облысы, Палеоарктика тармағының Орталық Азия провинциясына кіреді.Әр облыстың өзіне тән жануарлар дүниесі бар. Қазақстанды зоогеографиялық аудандарға жіктегенде И.А.Долгушин республика жерін мұндағы құстардың таралуына қарай, ал А.Л.Афанасьев сүтқоректілердің орналасуына қарай бөлді. Мұхиттар мен теңіздердің фаунасын аудандастыру ағылшын ғалымы Э.Форбстың, неміс ғалымы А.Ортманның еңбектерінде сипатталады.Жануарларды зоогеографиялық аудандастырудың сирек кездесетін жануарлар мен тұз хайуанаттарын қорғауды ұйымдастыруда (мысылы, қорық, қорықша ұйымдастыру) маңызы зор. Қазақстанда зоогеографиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Зоология институты айналысады. Зоогеография— қазіргі кездегі және өткен замандардагы жануарлар мен олардың қауымдастықтарының (зооценоздарының) географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін биогеографияның саласы; осы таралуды, сондай-ак экологиялық топтардың географиялық таралуын анықтайтың қазіргі және тарихи факторлар мен заңдылықтарды зерттейді. Зоогеографияның негізгі әдістерінің бірі — картаға түсіру.Зоогеографияны ареалогиялық зоогеография,Тарихи-фауналық зоогеография,аймақтық зоогеография,экологиялық зоогеография,зооценологиялық зоогеография деп бөледі. Ареалогиялық зоогеография — жануарлар түрлерінің, туысТарының және басқа таксондарының таралу атыраптарын;Тарихи-фауналық зоогеография — өткен геологиялык дәуірлермеп байланысты фауна мен оның тарихын зерттейді;Аймақтық зоогеография — Жер шарын әр түрлі типтегі фауналық аймаққа (патшалық, тараптық, тарапшалық) аудандаумен шүғылданады;Экологиялық зоогеография — жануарлардың тіршілік жағдайлары-на (абиоталық, биоталық, антропогендік) байланысты таралуын қарастырады;Зооценологиялық зоогеография — зооценоздарды, олардың құрылымын, құрамына енетін жануарлардың сандық және сапалық өзара қатынастарын зерттейді. Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы. Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жануарлар құрамы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар:палеарктика (Еуропа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі), Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия), Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка, Вест- Индия), Эфиопия (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар), Үнді-Малайя (Үнді, Үнді- Қытай және Малайя архпелагы, аралдар), Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея), Антарктида (Антарктида құрылығы және Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігі) биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді- Полинезия, Тропикалық – Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант, Үнді- Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді-Пацифи, Атлант және және Арктика аймақтарына бөлінеді. Қазақстанда таралған сүт қоректілер олардың фауна құрамына, кездесетін жеріне (шөл, дала, тау, оран) байланысты шағын 22 зоогеографиялық аймаққа бөлінеді. Бұлар – орман дала, орталық, шығыс дала аймақтары, батыс аралас аймағы, Ұлытау, Сарыарқа, Зайсан, Арал- Каспийдің солтүстігіндегі шөл, Бетпақдала, Алакөл, Үстірт, Қызылқұм, Мойынқұм, Қаратай аймақтары.Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, арам шөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор. Жануарлар географиясы жануарлар систематикасы, экология, палеонтология, фитогеография, климатология, океанология тағы басқа ғылымдарымен тығыз байланысты.

87. Әр түрлі масштабтағы халықтар карталардың айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Халықтар картасы

Халықтың орналасуы және қоныстануы

Ұлттық құрамы мен этнографиясы

Жастық құрамы

Дін және сенімдер

Халықтардың миграциясы

Еңбек ресурстары

Қоғамдық құрылыс

 

88.Әр түрлі масштабтағы саяси және саяси - әкімшілік карталарының айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Әлеуметтік-экономикалық карталар-әр түрлі қоғамдық құбылыстарды-халықтың орналасуын шаруашылықжәне экономикалық байланыстарды, қызмет көрсетуді, мәдениетті, ғылымды, политикалық-административті құрылғыларды тарихи-құбылыстарды және т.б жағдайларды көрсететін карталар.әлеуметтік – экономикалық географиялық: 1)халықтар карталар- Халықтар тығыздығы, ұлттық құрамы, эммиграциялық, т.б. карталар. 2) экономикалық карталар- Өндіріс, ауыл шарушылығы, транспорттық, сауда, финанстық, т.б. карталар. 3) қызмет көрсету карталар- Денсаулық, туристік, демалыс орындары, т.б. карталар. 4) саяси және саяси - әкімшілік карталар- Саяси партиялар, геополитикалық, әкімшілік бөліну, т.б. карталар. 5) тарихи карталар -- Археологиялық, әскери –тарихи, тарихи–мәдени, саяси-тарихи, т.б.

89. Құрлық суы немесе гидрологиялық карталардың айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Гидрологиялық карталар — құрлықтағы жер беті суларының таралуын, динамикасын, құрамы мен қасиеттерін (мысалы, өзендердің сулылығы, қатты ағынды, өзен суларының химиялық құрамы, олардың температуралық және мұз жүргілері) сипаттайтын карталар; гидрометриялық және гидрометеорологиялық байқауларды қорыту мен гидрологиялық зерттеулер нәтижесі. Аумақтардың жеке бөліктерінің су ресурстарын бағалау және гидротехникалық имараттар мен мелиорациялық объектілерді жобалау кезіндегі инженерлік-гидрологолиялық есептеулер үшін жасалады. Гидрологиялық карталарда зоналық үлестірімдегі гидрологиялық сипаттамалар мен ағындының есептік мәндерін анықтауға қажетті аудандау көрсеткіштері қамтылады. Гидрологиялық карталарға: жылдық және маусымдық ағынды қалыбының, өзен желісі жиілігінің, өзен еңістіктерінің, су лайлылығының, табиғи сулардың минералдылығы мен химиялық құрамының, ағын сулардың қату және құрғау, жауын-шашын, құрлық және су бетінен буланудың, ағынды коэффициенттерінің, гидрологиялық аудандаудың карталары жатады.

 

90. Геофизикалық карталардың айырмашылықтары және оған сипаттама беру.

Геофизикалық карталар - жердің гравитациялық, магниттік, геотермиялық және тағы да басқалары өрістерін бейнелейтін карталар

 

 

 

Вариант соответствует номеру по списку группы.

 

 


Показатели Административные округа
1. ЦАО 2. САО 3.СВАО 4. ВАО 5.ЮВАО 6.ЮАО 7.ЮЗАО 8. ЗАО 9.СЗАО 10.Зелено-градский АО 11.Ново-московский АО 12.Тро-ицкий АО
Площадь АО, км² 66,18 113,73 101,88 154,84 117,56 131,77 111,36 153,03 93,28 37,19 360,00 1060,00
Численность населения, тыс.чел. 742,689 1114,607 1366,303 1459,051 1313,848 1703,892 1366,282 1299,337 924,419 223,902 113,569 86,752
Численность пенсионеров тыс.чел. 247,563 378,459 596,521 574,116 525,539 679,147 498,512 385,254 295,258 96,269 54,649 21,124
Численность работающих пенсионеров тыс.чел. 129.234 117,123 222,455 289,253 301,147 335,963 301,281 158,987 204,268 58,149 25,862 18,561
Производство пищевых продуктов млрд. руб. 39,2 75,8 136,1 172,4 298,1 198,15 101,25 85,3 91,8 64,3 55,2 69,9
Производство потребит. товаров, млрд. руб. 54,3 191,6 159,0 201,3 359,2 228,3 159,4 107,6 145,7 87,5 73,8 88,3
Число общеобраз. школ                        
Численность учащихся тыс.чел. 64,4 73,95 86,25 96,20 105,0 117,18 95,375 129,18 123,62 118,450 20,25 29,5
Численность учителей, чел                          
Использование питьевой воды млн.м³   37,5   42,6   53,8   49,9   55,7   57,7   61,8   44,9   51,1   35,1   27,6   29,8
Объем промышл. продукции млрд.руб. 99,8 112,85 159,17 102,35 93,1 169,17 78,36 65,3 85,2 132,36 139,2 168,15
Количество легковых автомобилей тыс.шт. 25,7 17,3 15,9 20,7 22,1 19,5 29,4 21,9 24,4 13,8 8,4 9,9
Площадь, захваченная под свалки и вредные захоронения, % 0,7 0,81 0,85 0,63 1,35 1,5 0,75 1,17 0,62 0,5 0,79 0,88
Численность врачей, чел.                        
                         

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 516; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.