КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 8 страница
Жұмыстың орындалу ретi Операцияға көрсеткіш болғанда таңдау ретінде буындардың эндопротездеуі қолданылады. Қазіргі кезде жамбас және тізе буындарының эндопротездері жасалынып кеңінен қолданылады. Остеопороз кезінде эндопротездеу цементті бекітпелермен жасалынады. Кейінгі консервативті ем операция жасалған науқастардың реабилитация ұзақтығын қысқартуға және емнің нәтижелілігін арттыруға бағытталған. Аяқ – қолдарды протездеу кезінде ең бірінші культия жағдайын, науқастың жалпы жағдайын, оның мамандығын және еңбекке жарамдығын есепке алады.Протездеу мүмкіндігі культияның ауырсынусыз болуымен, пішінімен, жабыспаған тыртықпен, буынның жақсы қозғалысымен анықталады.Протездеу жетістігі негізінен культия жағдайына және протездің дайындалу сапасына байланысты болады. Ампутация дәрежесіне байланысты табан, балтыр, сан және сан бөлшектенуінен кейінгі протездеу болып бөлінеді. Табанның алдыңғы бөлігінің ампутациясынан кейін (Лисфранк, Шопар бойынша) ортопедиялық аяқ киім тағайындайды. Өкше сүйегінің және ілгек тәрізді культияның сақталуымен Пирагов бойынша ампутациядан кейінгі культияны протездеу, оның төзімділігіне қарамастан протезді таңдау бірталай қиынға соғады, себебі ілгек тәрізді культя протездеуге қиындықтар туғызады.Жиі мұндай жағдайда протездің қабылдағыш гильзасын полиэфирден жасайды. Аса назар аударуды қажет ететін протездеудің жиі кездесетін түрі.Себебі жұмсақ індердің аз болуы, үлкен жіліншіктің алдыңғы беткейіндегі сүйектік шығынқылар, жиі трофикалық бұзылыстар, протездеуді қиындатып, протездің дәл келуін талап етеді. Балтыр протезінің дәл келуі ушін бірнеше талаптар қойылады: • Культяның қабылдағыш гильзаға толық сәйкес келуі; • Барлық сүйек шығынқыларын есепке ала отырып, гильза қабырғаларына жүктеменің біркелкі түсуі; • Культяның жүктеме сызығының оның осіне сәйкес келуі; • Протез шарнирінің тізе буының бұралу орталығымен байланысты; • Тізе және балтыр табан буындарының осьтері проекцияларының дұрыстығы. Балтырдың шина-терілік, ағаштық, металл, пластмас протездері кең тараған. Балтырдың шина-терілік протезі ортан жілікке,балтырға, табанға арналған гильзалардан құралған. Протездің кемшілігі – ауыр болуы және деформацияның пайда болу мүмкіншілігі. Ағаш протездерде балтыр гильзасы культяға арнайы дәлме-дәл етіп жасалынған.Қатты гильзалары бар балтыр протездері балтыр-табан шарнирінен, резеңке немесе полиуретанды табан және ортан жілікке арналған тері гильзадан тұрады. Балтыр культясына арнап жасалған протез дұрыс әрі дәлме-дәл болса протездеудің қолайлы нәтижелерін көруге болады.
Негiзгi әдебиет: 1[349-352], 4[155-172], 5[92-110] Қосымша әдебиет:2[73-80] Бақылау сұрақтары: 1. Буындар және сiңiрлерге эндопротездерді қолданудың қажеттiлiктері. 2. Буындар және сiңiрлерге эндопротездерді қолдануда қойылатын негiзгi талаптар. 3. Буындар және сiңiрлерге қолданылатын эндопротездердің негiзгi сипаттамалары.
№ 6-шы тәжірибелік жұмыс Офтальмологиядағы полимерлер. 1. Офтальмологияда полимерлердi қолданудың негiзгi мәселелерімен танысу. 2. Офтальмологияда полимерлердi қолданудың әдiстерiнiң игеруi. 3. Офтальмологияда полимерлердi қолдануды зерттеу әдістерін игеру.
Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар 1.Көз алмасының жеке бөлімдері мен оның қызметі 2.Тор қабықтың құрылысы 3.Көз ұясының құрылысы 4.Қабақтардың, конъюктива мен жас ағзаларының ерекшелігі мен қызметі 5. Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады.
Жұмыстың орындалу ретi 1.Көз алмасының жеке бөлімдері мен оның қызметі 2.Тор қабықтың құрылысы 3.Көз ұясының құрылысы 4. Қабақтардың, конъюктива мен жас ағзаларының ерекшелігі мен қызметі 5. Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады. Көздің сыртқы қабығы фиброздық қабық деп аталады. Екіге бөлінеді: қасаң және ақ қабық. Қасаң қабық – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік, оптикалық гомогенділігімен ерекшелінеді. Қасаң қабық жарық сәулелерін сындыруға қатысады, көздегі өте күшті оптикалық орта болып саналады. 5 қабатты ажыратамыз: 1-алдыңғы эпителий; 2-алдыңғы шекаралық пластинка; 3-меншікті зат; 4-артқы шекаралық пластинка; 5-артқы эпителий. Қасаң қабықта қантамырлары мүлдем жоқ, тек қана лимбтің беткейлік қабаттары қасаң қабық маңылық қантамырлар өрімінен және лимфалық тамырлармен жабдықталған. Қасаң қабықтың сезгіштігін үшкіл нерв жүзеге асырады. Үшкіл нерв пен беттік нервтер құрамында қоректендіру талшықтары да бар. Зат алмасу құбылыстарын реттеп тұруға симпатикалық нерв жүйесі де қатысады. Қасаң қабықта 80-ге жуық түрлі нерв талшықтары бар. Ақ қабық (sclera) – көз алмасының коллагендік және созылғыш талшықтарынан тұрады. Ақ қабық өзінің басты массасын құрайтын меншікті заттан, оның үстіңгі беткейлік жұқа пластинкасы мен ішкі қоңыр түсті пластинкаларынан тұрады. Талшықтар ретсіз, батысып, шырмалып жатқандықтан ақ қабық мөлдір болмайды. Жаңа туған балаларда ересектерге қарағанда ақ қабық созылғыштау және жұқарақ болғандықтан ішкі пигментті қабықтың түсі оны көгілдірлеу етіп көрсетеді. Шынында ақ қабықтың өзінің қан тамырлары аз, бірақ та тамырлы қабық қантамырлары осы склера арқылы өтеді. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін тесіп өтетін қантамырлар тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігіне бағыт алады. Ақ қабықтың артқы бөлігі қантамырларға байырақ. Ақ қабықтың барлық үш қабатында да оның қантамырлары өзара жалғасып байланысқан. Үшкіл нервтің көздік тармағының кірпіктік талшықтары ақ қабықтың сезгіштігін қамтамасыз етеді. Симпатикалық талшықтарды ол мойынның жоғарғы симпатикалық түйінінен алады. Көз алмасының жан-жаққа қозғалуын қамтамасыз ететін сыртқы 4 тік және 2 қисық бұлшықеттердің тарамыстары ақ қабыққа жабысып бірігеді. Көздің ортаңғы қабығы тамырлы қабық деп аталады. Ол шатыраш қабық, цилиарлы дене, меншікті тамырлар қабығы – хориоидея болып үш бөлімге бөлінеді.
Негiзгi әдебиет: 1[345-346], 4[242-247], 5[111-118] Қосымша әдебиет: 2[56-61] Бақылау сұрақтары: 1. Офтальмологияда полимерлердi қолданудың қажеттiлiктері. 2. Офтальмологияда полимерлердi қолданудағы негiзгi талаптар. 3. Офтальмологияда қолданыстағы полимерлердiң негiзгi сипаттамалары.
№ 7-шi тәжірибелік жұмыс Қосалқы бауыр және диализаторлардың биомеханикасы.
Жұмыстың мақсаты: 1. Қосалқы бауыр аппаратын және диализаторды қолданудың негiзгi жолдарымен танысу. 2. Қосалқы бауыр аппаратын және диализаторды қолданудың негiзгi әдiстерiн игеру. 3. Қосалқы бауыр аппаратын және диализаторды жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.
Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар Адам, жан-жануарлар ағзасындағы бауыр (hepar) – ең үлкен ас қорыту безі болып саналады. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту, қоректі сіңіру, өзіне май, көмірсу жинау қызметін атқарады.Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр – ұйқы безі деп те атай береді. Негізінен, омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр – күрделі орган.
Жұмыстың орындалу ретi Бауыр адам ағзасында зат алмасу үдерісіне қатысады, онда ас қорыту сөлдерінің бірі — өт түзіледі. Ересек адамдардағы бауырдың орташа салмағы 1,5-2 килограмм болады. Бауыр іш қуысының оң жағында. Бауырдың көк етке жанасып жатқан жоғары дөңес, төменгі ішкі беттері бар. Олар бауырды үлкен оң, кіші сол бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасындағы көлденең ойық-бауыр қақпасы деп аталады. Сол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтіп тұр. Ал одан лимфа тамырлары мен өт түтігінің шығатыны белгілі. Адам ағзасындағы бауырдың қорғаныш қызметі де өте жоғары. Тамақтың құрамында болған зиянды заттар ішекте сіңіріліп, белоктың алмасуы нәтиже-сінде қанның құрамында улы өнімдер түзілсе, бұлар бауырда залалсыздандырылады. Лимфа түзілуінде, қан ұюын реттеуде де бауырдың атқаратын қызметі зор. Бауыр қанның тұрақты құрамының сақталуына да қатысады. Қанмен келген амин қышқылдарынан бауырда белоктар, глюкоза, фруктоза, глицирин, май қышқылы түзіліп, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады.
Негiзгi әдебиет: 1[336-339], 5[43-54] Қосымша әдебиет:2[78-98] Бақылау сұрақтары: 1.Қосалқы бауыр аппаратын қолданудың қажеттiлiктері. 2. Қосалқы бауыр аппаратын қолдануда қойылатын негiзгi талаптар. 3. Қосалқы бауыр аппараттарының негiзгi сипаттамалары. 4. Диализаторларды қолданудың қажеттiлiктері. 5. Диализаторларға қойылатын негiзгi талаптар. 6. Диализаторлардың негiзгi сипаттамалары.
2.4 Оқытушымен бірге өткізілетін студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары(СОӨЖ)
2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары (СӨЖ)
2.6 Өзіндік бақылауға арналған тестілік сұрақтар 1. Сөл - сарылау түсті... тұратын сәл сарылау сұйық болып келеді A)ақуыздан B)плазмадан C)сарыуызды D)іріңді E)фиброзды
2. Артерия - эластикалық... түрдегі түтікше A)цилиндр B)жазықтау C)квадратты D)үшбұрыштанған E)доғалдау
3. Тұтқырлығы тұрақты сұйықтықты... деп атайды A)ньютондық B)эйлерлік емес C)менделеевтік D)ньютондық емес E)эйлерлік
4. Жүрек қанды... тұрақты айдап тұрады A)веналық жүйеден артериалыққа B)сөлдік жүйеден артериалыққа C)артериалық жүйеден веналыққа D)веналық жүйеден сөлдікке E)артериалық жүйеден сөлдікке
5. Кеңістікте бас пен денені және қозғалыс бағытын анықтап тұратын ағза – бұл... аппараты A)вестибуляр B)сөйлеу C)көру D)есту E)тірек-қозғалыс
6. Тыныштықта және қозғалыста тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ағза – бұл... аппарат A)вестибуляр B)көру C)сөйлеу D)тірек-қозғалыс E)есту
7. Жақтардың жабық күйiнде ауыздың қуысын толтыратын жылжымалы бұлшық еттiк ағза – бұл … A)тіл B)ерін C)тістер D)таңдай E)қызылиек
8. Ауыз қуысын шектейтін тері-еттік құрам - бұл … A)ерін B)тіл C)таңдай D)қызылиек E)тіс
9. Соқыр iшек... ішектің бастапқы бөлiмі болып табылады A)тоқ B)тік C)ащы D)аш E)жұқа
10. Бұлшықеттердiң босаңсымай ерiксiз қысқаруын … дейді A)спазм B)стразм C)сарказм D)тарылу E)кризис
11. Бұлшық еттердің ұзақ уақыт бойы қалыбын сақтауы - бұл … A)атония B)агония C)атопия D)утопия E)афония
12. Ең үлкен ас қорытатын без - бұл... A)бауыр B)асқазан C)өт D)сфинктер E)секрет
13. Бұлшық еттің негізгі қасиеті — бұл оның … алуында A)жиырыла B)қозғала C)жіктеле D)жылына E)босай
14. Рецептор топтарының кең тараған түрі — бұл … A)механорецепторлар B)физиорецепторлар C)биорецепторлар D)нанорецепторлар E)фоторецепторлар
15. Механикалық әсерлердің ұзақтығы... аралығында болғанда қан айналым мен дем алу жүйесі үшін қауіпті болып саналады A)бір секунд және ондаған секунд B)бір жыл және ондаған жыл C)бір минут және ондаған минут D)бір сағат және ондаған сағат E)бір сөтке және ондаған сөтке
16. Биотіннің негізін... құрайды A)эластин, коллаген және байланыстырушы зат B)эластин, коллаген және ақ зат C)пластик, коллаген және байланыстырушы зат D)эластин, коллаген және сұр зат E)эластин, қамыт және байланыстырушы зат
17. Эластин — бұл … A)серпімді ақуыз B)аморфты ақуыз C)серпімді коллаген D)қатты ақуыз E)серпімді пластик
18. Сіңірдің, байланыстырушылар мен дерманың негізгі компоненті – бұл … A)коллаген B)пероген C)тераген D)компаген E)ферроген
19. Тиксотропты суспензия - бұл … A)қан B)өт C)сілекей D)асқазан сөлі E)плазма
20. Жілік сүйегі … түрінде болады A)төте қуыс құбыр B)бұрыштай қуыс құбыр C)қисық қуыс құбыр D)төте қуыс арна E)төте толы құбыр
2.7 Емтихан сұрақтарының тізімі 1. Биомеханиканың ортақ және дербес есебi тұратын биомеханиканың заты деген не және бұл ғылым және оқу пәнi. 2. Биомеханиканы дамытуының негiзгi кезеңдерi мен оның басқа ғылымдармен байланысы. 3. Биологиялық тін. 4. Биологиялығық сұйықтар. 5. Тығыз сүйек тіндерінің құрылымдық деңгейлерi. 6. Спонгиоз сүйек ұлпасы. 7. Афферент және эфферент торшалары. Рецепторлар. 8. Классификация сыртқы әсер. 9. Жүрекшелер және жүректiң асқазандары. 10.Қолқа клапаны. 11.Тамыр, күре тамыр және сөл тамырлары. 12.Қанның тұрақты және тұрақты ағындары. 13.Механорецепторлар. Синустың адвентициялы жiгi. 14.Кеңiрдектiң қабырғасының қабығы және бронхтар. 15.Тыныс аймақ жеңiл. 16.Қаңқаның бұлшық еттері. 17.Изотониялық және изометриялығы бұлшық еттердiң қысқартулары.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 828; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |