Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 4 страница. Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады




Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қо-сымша дауыс сарыны немесе обертондар болады. Соп обертондар арқылы адамның жеке-дара өз даусы жасалынып, үні таза шығады.

Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу үенін түзейді.

Дауыстың өзіндік сапалары — дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.

 

Негiзгi әдебиет:1[336-339], 5[43-54]

Қосымша әдебиет: 1[87-95]

Бақылау сұрақтары:

 

11-шi дәрiстiң тақырыбы. Ас қорыту жүйесінiң биомеханикасы. Ас қорыту жүйесiнiң құрылысы мен жұмысы. Ас қорытудың механикалық қасиетi. Ас қорыту мүшелерi мен процестерінің үлгiсi.

 

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады.

Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Бұл химиялық "конвейерде" асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы
бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші "кеуіп" мазасы кетеді.

Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу - өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы - қоректік заттар - организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.

Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.

Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар - глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.

Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа шығатын сілекейдің құрамында су көп болады. Құрғақ және қою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің және үрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. (Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі реакция болғаңдықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы муциннің маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.

Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы лизоцим ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды..

Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздарының тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздар дың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.

Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөлінің құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қышқылы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар. Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы - қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.

Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.

Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казеинін ұйытатын х и мозин (мәйек), майды қорытатын липаза ферменттері болады.

Түз қышқылы ас түйіршіктерін ұсақ тап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен липазаның әсер етуіне дайындайды.

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Пепсиннің әсерінен ірі молекулалы белок ыдырап, ұсақ молекулалы пептон мен альбумозаларға айналады. Қарында барлық белоктар қорытылады, соның ішінде тамақпен бірге енген бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. Қарын сөлі ұзақ тұрғанда бүлінбейді, шірімей, ашық тұра береді. Химозин сүтті ұйытады, сондықтан жаңа туған балалардың асты қорытуында оның маңызы үлкен.

Қарын сөлінің құрамындағы липаза ферменті ұсақ молекулалы, айталық жұмыртқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

Бұл ферменттің әсер етуі үшін түз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына айналдырады.

Қарын сөлінде амилаза ферменті болмаса да, ауыз қуысында қорытыла бастаған көмірсу сілекей амилазасының әсерінен ас қоймалжыңының ортасында әрі қарай қорытылады.

Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені өсімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.

 

Негiзгi әдебиет:1[349-352 ], 4[155-172 ], 5[26-30 ]

Қосымша әдебиет:1[164-207 ]

Бақылау сұрақтары:

1. Ас қорыту жүйесi неден тұрады?

2. Асқазанның құрылымы?

3. Сфинктердiң функциясын түсiндiрiңiз.

4. Ең үлкен ас қорытатын ағза қалай аталады?

 

12-шi дәрiстiң тақырыбы. Сыртқа шығару ағзасының биомеханикасы. Терінің құрылысы мен жұмысы. Терінің механикалық және жылу шығарғыштық қасиеттерi. Адамның организміндегі жылу алмасудың есептiк сұлбасы мен үлгiсi. Несеп ағзаларының құрылысы мен жұмысы. Несеп ағзалары элементтерінің құрылымдарының физикалық-механикалық қасиеттері мен үлгiлерi.

 

Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болган қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.

Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.

Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне лйналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.

Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.

Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның Бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.

Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі және құрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.

Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1.Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2.Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3.Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т. б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залал-сыздандырылады.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің молшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.

Қуыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сол қышқыл. Құрамының негізі - су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.

Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.

Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.

Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Терінің құрылыс ы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы дерма және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.

Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв үштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.

Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, мандай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады.

Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, қүрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.

 

Негiзгi әдебиет: 1[312-320], 5[31-41]

Қосымша әдебиет:1[164-207]

Бақылау сұрақтары:

1. Терінің негiзгi қызметі.

2. Эпидермис неше қабатты болады?

3. Терінің механикалық қасиетiн түсiндiрiңiз.

4. Бүйректер қандай функцияны орындайды?

 

13-шi дәрiстiң тақырыбы. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштардың механикасы. Негiзгi қондырғыш заттардың қасиеттерiнiң интегралдық сипаттамалары мен талаптары. Эндопротез жасауға арналған полимерлiк заттар. Жүрек қолқасы хирургиясының полимерлері мен композиттерiнiң қолданылуы. Буындар мен сiңiрлердiң эндопротездерiндегi композиттер мен полимерлер. Оксигенация және диализге арналған мембраналар. Офтальмологияда қолданылатын полимерлер. Эндопротез жасаудағы жадтық эффектiсі бар материалдар.

 

Өткен ғасырдың 60 жылдары мүгедектердің жұмысқа жарамсыздығына қарамастан реабилитациялау маңызын түсіне бастады. Әлемдік медициналық ұйымның отырысында реабилитация бұл комбинирленген және координируемденген мүгедектердің функционалді жоғарғы дәрежеге жету үшін қолданады.

Протездеу – қайтымсыз зақымға ұшыраған сегментті немесе арнайы құралдардың көмегімен аяқ-қолдардың формасы мен қызметін біртіндеп қалпына келтіру.Осы мақсатпен протездер, ортопедиялық аппараттар, корсеттер және ортопедиялық аяқ киімдер қолданылады.

Протездік ортопедиялық құралдар тіректік және қимылдық қызметтердің орнын басады, ауру ағымына қолайлы жағдайлар туғызады және тірек-қимыл аппаратының екіншілік деформациясының алдын алады.

Протездеу туралы алғашқы ұғым грек Фемистокоптың тұтқыннан қашуы кезінен белгілі. Ол шындырға байланған аяғын кесіп кашып шығып, ұста оған протез жасап берген. Содан бері қарақшылар ілмегі, ағаш аяқтар пайда бола бастаған.

• Механиканың дамуына байланысты протездердің жаңа түрлері пайда бола бастады, олар тұрақты аяқ – қолға ұқсас болды.

• Аяқ – қолдың протездерінен басқа қазіргі медицинада буындардың, тістердің протездеуі, сонымен қатар көз бен дененің басқа да мүшелерінің косметикалық протездері пайда болды.

Протездеуден басқа хирургияда ақаулы аяқ – қолдың жартылай функционалдық қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында неміс дәрігері Герман Крукенберг Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін «Крукенберг қолын» ойлап тапты. Ол «қысқыштарға» ұқсас болды, жараланғандардың травмалық ампутацияланған қолының кәрі жілігі мен шынтақ сүйектерінен жасалды. Жіктелуі:

Қол протездері:

1. 1. Активті: Механикалық, Комбинирленген




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1068; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.