КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер тізімі 1 страница. 3. Биомеханика систем человек – машина
Негізгі әдебиеттер 1. Бегун П.И., Кормилицын О.П. Прикладная механика: Учебник. – Спб.: Политехника, 1995. - 320 с. 2. Бегун П.И., Шукейло Ю.А. Биомеханика. Учебник для вузов. – Спб.: Политехника, 2000. – 463 с. 3. Биомеханика систем человек – машина. – М.: - Наука, 1981. – 119 с. 4. Бранков Г. Основы биомеханики / Пер. с болг. - М.: Мир, 1981. - 254 с. 5. Иванов К.П. Основы энергетики организма. – Т.1. – Л.: - 1990. – 307 с. 6. Искусственные органы / Под ред. В.И. Шумакова. – М.: - Медицина, 1990. – 272 с. 7. Проблемы космической биологии. – 1975. – Т.31. – 312 с. 8. Управление движением. – Л.: Наука, 1990. – 190 с. 9. Физиология движений. - Л.: Наука, 1976. – 375 с. 10. Формальский А.М. Перемещение антропоморфных механизмов. – М.: Наука, 1975. – 368 с. Қосымша әдебиеттер 1. Сенсорные системы: Слух. – М.: - Наука, 1982. – 200 с. 2. Биомеханика кровообращения, дыхания и биологических тканей. - Рига: Зинатне, 1981. - 320 с. 3. Биогидромеханика движения крови в полостях сердца и магистральных сосудов / В.Н. Захаров, Л.В. Полуэктов, Н.И. Кремлев и др. - Новосибирск: НИБХ СО СССР, 1989. - 31 с. 4. Пуриня Б.А., Касьянов В.А. Биомеханика крупных кровеносных сосудов человека. - Рига: Зинатне, 1980. - 260 с. 5. Кристенсен Р. Введение в механику композитов / Пер. с англ.. – М.: - Мир, 1982. 334 с. 6. Полимеры медицинского назначения. – М.: Медицина, 1981. – 248 с.
1.8 Білімді бақылау және бағалау 2-кесте. Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік пайыздарды бөлу
3-кесте. «Биомеханика» пәні бойынша барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
Қорытынды бағалар төмендегі шкала бойынша анықталады. 4-кесте. Студенттердің білімдерін бағалау
Модуль бойынша бақылау және аралық аттестация өткізуге арналған сұрақтар тізімі 1 модуль бойынша бақылау сұрақтары: 1. Биомеханиканың ортақ және дербес есебi тұратын биомеханиканың заты деген не және бұл ғылым және оқу пәнi. 2. Биомеханиканы дамытуының негiзгi кезеңдерi мен оның басқа ғылымдармен байланысы. 3. Биологиялық тін. 4. Биологиялық сұйықтар. 5. Тығыз сүйек тіндерінің құрылымдық деңгейлерi. 6. Спонгиоз сүйек ұлпасы. 7. Афферент және эфферент торшалары. Рецепторлар. 8. Сыртқы әсер классификациясы. 9. Жүрекшелер және жүректiң қалталары. 10. Қолқа клапаны. 11. Тамыр, күре тамыр және сөл тамырлары. 12. Қанның тұрақты және тұрақты ағындары. 13. Механорецепторлар. Синустың адвентициялы жiгi. 14. Кеңiрдектiң қабырғасының қабығы және бронхтар. 15. Өкпе тыныс аймағы. 2 модуль бойынша бақылау сұрақтары: 1. Қаңқаның бұлшық еттері. 2. Изотопиялық және изометриялығы бұлшық еттердiң қысқартулары. 3. Сүлденiң жүйесi. 4. Негiзгi синовиал сұйығының функциялары. 5. Омыртқа жотасы. 6. Омыртқа аралық диск. 7. Қозғалыспен сенсор жүйелерiнiң басқаруында рөл. 8. Бұлшық етке мәлiметтiң берiлуiнiң сұлбаларының жүйке талшығы. 9. Көз шарасының арқасының қабырғасының қабығы. 10. Көздiң iшiнде қысым. 11. Iшкi лабиринт. 12. Отолит аппараты. Утрикулюс. Саккулюс. 13. Негiзгi талаптар, көрсетiлетiнi қондырымдарға. 14. Негiзгiсi полимерлердiң топтары. 15. Буындар және сiңiрлердiң эндопротез қолданылатын материалдар. Аралық бақылау сұрақтары: 1. Iрiлi-уақты қанайналым желiлерi. 2. Көлденең жолақты бұлшық еттер. Тегiс бұлшық еттер. 3. Трансмуралдық және гематопульмоналдық тосқауылды қысымдар. 4. Қозғалыс аппараттары. 5. Есту аппаратының құрылысы. 6. Сезiм мүшелерiнің аппараты. 7. Шын және жалған дауыстық қатпарлар. 8. Таңдай пердесі. 9. Аш iшектiң бөлiмдерi. 10. Сфинктердiң функциясы. 11. Қабық. Нақты терi. Терi асты торшалары. 12. Гемодиализдегі полимерлер. 13. Жүрек клапандарының протездерi. 14. Контрпульсация. 15. Жасанды жүрек. 1.9 Курстың саясаты мен процедурасы Студенттер сабаққа міндетті түрде қатысулары қажет. Егер де студент сабаққа келмесе (себепті немесе себепсіз жағдайларға байланысты), онда ол оқудан тыс түрде жіберген сабағын тапсырады. Алдыңғы зертханалық жұмысты тапсырғаннан кейін ғана студенттерге келесі зертханалық жұмысты орындауға тапсырма беріледі. Қорытынды бақылауды тапсыру үшін студент алдымен барлық бақылау түрлерін тапсырып болуы қажет.
2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАЗМҰНЫ 2.1 Курстың тақырыптық жоспары әрбір тақырып үшін қарастырылған тақырыптардың атауы және академиялық сағат саны көрсетілген кесте түрінде құрастырылады. Курстың тақырыптық жоспары
2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері 1-шi дәрiстiң тақырыбы. Биологиялық тіндер және сұйықтардың механикалық қасиетi. Биологиялық тіндер және сұйықтардың механикалық қасиеттерiн ерекшелiк. Сүйек тінінің, шемiршектердің, қан тамырының, бұлшық еттер тіндерiнің, тері және жүйке тіндерінің механикалық қасиетi.
Биомеханика (био... және механика) — адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т.б.) зерттейді. Биомеханика құпияларын зерттеудің тарихы 13 ғасырдан Леонардо да Винчиден басталады. Ол адамның қозғалысын анатомия және механика тұрғысынан зерттеген. Бұл саланың дамуына Ресей ғалымдары И.М. Сеченовтің, П.Ф. Лесгафттың, Н.А. Бернштейннің зерттеулері зор ықпал етті. Қазақстанда биомеханикалық зерттеулер академик Б.А. Домбровский мен академик Ф. Мұхамедғалиевтің жұмыстарынан басталады. 20 ғасырдың ортасында биомеханика тыныс алу, қан айналу, қозғалыс-қимыл биомеханикасы болып 3 салаға бөлінді: · тыныс алу биомеханикасы тыныс алу мүшелері (өкпе, көкірек қуысы) қимылының динамикасын зерттейді; · қан айналу биомеханикасы жүрек пен қан тамырларының серпімділік қасиетін, қан ағыны заңдылықтарын, жүрек жұмысын зерттейді; · қозғалыс-қимыл биомеханикасы анатомия және теориялық механика негізінде қимыл мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, дененің қозғалу заңдылықтарын, буын қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық ет күшінің әсерін, дене массасының дене бөліктеріне таралу заңдылықтарын зерттейді. Биомеханика саласындағы зерттеулердің еңбек пен спорт физиологиясы, ғарыштық биологиялық, ортопедия салаларын дамыту, жасанды тыныс алу, қан айналу аппараттарын жасау, бионика принциптеріне негізделген роботтар мен манипуляторлар құрастыру үшін маңызы зор. Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді. Сүйектің спонгиоздық тіні омыртқаларды, түтікше сүйектің соңғы бөліктерін, қабырғалар мен жауырындардың ішкі бөліктерін құрай отыра, адам қаңқасының массасының 20%-ын құрайды. Алғашқы спонгиозды тін минералды ламелден тұрады да, ол сүйектің кемірік бөлігін құрау кезінде түзіледі. Ал екінші спонгиозды тіннің кеңістіктік құрылымы қалыңдығы 0,2-0,6 мм-ден, ұзындығы 1,8 мм-ден тұратын жұқа цилиндр немесе жалпақ формадағы сүйек ламелдерінен түзілетін трабекулалардан (сүйек балкалары) тұрады. Трабекулалардың араларындағы қуыстар қызыл немесе сары түсті сүйек майымен, әр түрлі жасушалармен және жасушааралық сұйықтықтармен толған болады. Бұл тіннің тығыздығы - 0,24 г/см3, ал трабекуланың тығыздығы 1,78 г/см3-ге тең. Спонгиозды тіннің құрылымы біртексіз және анизотропты болып келеді. Оның құрылымынан сүйектегі кернеуліктің траекториясының кескінін көруге болады. Мысалы, 1.9-суретте салмақ әсерінен сүйек балкаларының орналасуларымен сәйкес келетін жамбас сүйегінің басындағы сығылу (тұтас сызықтар) мен созылу (үздік сызықтар) кернеуліктерінің траекториялары көрсетілген.
Негiзгi әдебиет:1[11-20 ] Қосымша әдебиет:1[11-14 ] Бақылау сұрақтары: 1. Биологиялық тіндер деген не? 2. Эластин деген не? 3. Таза коллагеннің механикалық қасиеттерiн айтып беріңіз. 4. Биологиялығы сұйықтарды нелiктен ньютондық емес деп атайды? 2-шi дәрiстiң тақырыбы. Адам организміне сыртқы әсерлер. Сыртқы әсер классификациясы. Динамикалық қысқа мерзiмдi әсерлер. Тербеліс биомеханикасы. Салмақсыздық. Жылу әсерлері.
Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас жарақаты әр түрлі болады: оқ тіген, кесілген, шаншылған, шабылған, тістелген, скальптелген және т.б. Бас жарақаты ашық және жабық болып бөлінеде, терең және онша терең кірмейтін, доғал және тесіп өтетін, жалғыз және көптеген, аралас болуы мүмкін. Бас сүйектің жабық зақымдануларын негізгі екі топқа бөледі: 1. Сүйектер зақымданбаған – мидың шайқалуы, мидың жаншылуы және бас сүйек ішінде гематомалар қалыптасатын (эпидуральды, субдуральды, ми ішіндегі, қарынша ішіндегі), субарахнойдальды қан құюлулары жатады. 2. Сүйектердің зақымдануы, соның ішінде тұйық сүйектен басталып, бас сүйектің жан жағына таралатын мидың базальды бөліктерінің, бағанасының, болмаса жаншылған немесе жарықшақтана сынған жердегі, сондай-ақ қашықтағы, соққыға қарсы жер тұсындағы мидың үстіңгі қабатының контузиясы қабаттаса жүретін бас сүйектің көптеген жарықшақтары жатады. Мидың шайқалуы кезінде мидың қызметі уақытша өзгереді ешқандай органикалық өзгерістер болмайды, аздаған гематомалар, мидың ісуі пайда болады. Мидың жаншылуы ауыр жарақатқа жатады, мидың бір бөлігі жаншылады, ісіді, қанталайды. Аурудың белгісі – мидың қай бөлігі жаншылуына байланысты. Зардап шегуші ес-тусінен айрылады, ұмытшақтық (амнезия) байқалады, кейде көзі көрмей, құлағы естімей қалады, орталық жүйке тамырлары зақымдалады, сондықтан сырқаттың жарақаттан қарама қарсы жағы тартылып, аяқ-қолы сал тартады. Мидың қысылуы миға қанның құйылуларына байланысты. Зардап шегушінің жағдайы қанның аққан мөлшеріне, ұзақтығына, мидың қан құйылатын бөлшегіне байланысты. Мидың қысылуы ауыр жарақатқа жатады. Аурудың белгісі ес-түсінен айрылады, қарама қарсы жағында аяқ-қолы тартылады, жансызданады, сал тартады, ауыр жағдайда сырқат мүгедек болып қалады. Бас сүйек пен мидың ашық зақымданулары – снарядтар мен оқ тию, пышақтар, балталар, қылыштар салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл болған жарақаттар көбіне үлкендігі мен түрі әр түрлі: жыртылған, сұғылған, соғылған болады. Мұндай жағдайда тек жұмсақ ұлпалар ғана емес, сонымен қоса сүйектер, ми қабықтары және ми зақымдалады. Кесілген, сұғылған және скальптелген жарақаттар өте сирек кезігеді. Бас сүйек пен мидың оқ тиюден болатын жарақаттарының сипаттары да әр түрлі: жарықшақтық және оқ тиген (шарикті, жебе тәрізді, жабық, жырып кеткен, тесіп өткен және шоршып тиген тәрізді). Бұлар өздерінің орналасқан жағынан күмбездің бас сүйек түбінің жарақаттары, оңнан да солдан да пайда болуы, жалғыз-жарым, көптеген, басқа мүшелер мен жүйелерді зақымдаған, аралас, құрама және басқа жарақаттар болуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек жарақаттанушыға басына асептикалық таңғыш салудан тұрады. Таңғыштың түрі тақия, ауыздық, сақпан тәріздес. Құсатын болса немесе мұрнынан қан кетсе, зардап шегушіні қырынан жатқызу керек. Тыныс алу бұзылған кезде, ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң, жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастауы мүмкін. Омыртқа мен жұлынның ашық зақымдануын терінің жыртылуына, ал оның іштей зақымдануын терінің бүтіндігіне қарай анықтайды. Омыртқа ашық зақымданып, омыртқа түтігінің тұтастығы бұзылса, тесіп өткен жарақат болғаны. Омыртқа түтігінің тұтастығы бұзылмаған ашық зақымдануы, тесіп өтпеген зақымдану деп атайды. Омыртқа мен жұлынның зақымданулары мынадай топтарға бөлінеді: а) омыртқа мен жұлынның мойын бөлігінің зақымдануы; б) омыртқа мен жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы; в) омыртқаның бел-сегізкөз, жұлын және құйымшақ бөліктерінің зақымдануы. Әр жағдайда жұлын өткізгіштігінің бүлінуіне қарай зардап шегушілер үш топқа бөлінеді: 1) жұлынның өткізгіштігінің толық бұзылуы; 2) жұлынның өткізгіштігінің ішінара бұзылуы; 3) жұлынның немесе құйымшақ талшықтары түбіршегінің бұзылмауы. Омыртқаның іштей зақымдануы: соғылу, таю, сыну-таю немесе сынып жылжу, созылу және сіңір аппаратының үзілуі, омыртқа аралық тиектердің бұртиып омыртқадан немесе омыртқа жотасы түтігінің ішіне қарай шығуы деп бөлінеді. Жарақаттың белгісі омыртқасы мен жұлыны зақымданғандардың жалпы жай-күйі жұлынның зақымдануының аурлығы мен орналасқанына, ішкі мүшелер мен мидың қосымша зақымдануына байланысты. Ауыр жарақаттанған кезде зардап шегушілер қимылсыз, әлсіз, боп-боз болады. Мойын омыртқа жарақаттанғанда естен танады, мең-зең болады, денесі қызады, қақырыну мен жұту қиындайды, тыныс алу бұзылады, аяқ-қолы сал тартады, несеп шығарудың бұзылуы, қуықтың өздігінен зәр шығаруы байқалады. Омыртқаның жоғарғы кеуде бөлімі зақымданған кезде дене қызуының төмендейтіні байқалады. Омыртқа мен жұлын қатты зақымданған жағдайда қозғалыстың бұзылуы жедел дамиды. Зақымданған адамдардың көпшілігінде жарақаттан кейін аяқ-қолдың симметриялы сал ауыруы күшейе түседі. Омыртқа мен жұлын жеңіл зақымдалған жағдайда аяқ-қолдың тонусы төмендейді, сіңірдің, сүйек қабығының және терінің рефлекстері жоғалады, қозғалыстың бұзылуы уақытша болады.
Негiзгi әдебиет: 1[29-49] Қосымша әдебиет:1[11-14]
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1461; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |