Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 2 страница. 2. Бас сүйектiң жеке сүйектерінің қосылуы не бередi?




Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы әсер ұғымы?

2. Бас сүйектiң жеке сүйектерінің қосылуы не бередi?

3. Тербелістердің адам организміне әсерін сипаттаңыз.

3-шi дәрiстiң тақырыбы. Жүрек биомеханикасы. Жүректiң құрылысы және жұмысы. Жүректiң құрылымдарының механикалық қасиетi. Жүректiң сұлбасы мен үлгiсi және оның құрылымдары.

 

Адам жүрегі – қуысты бұлшық етті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

Перикард (жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық.

Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып - жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады.

Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

 

Негiзгi әдебиет:1[93-110]

Қосымша әдебиет:1[11-14]

Бақылау сұрақтары:

1. Жүректiң негiзгi функциясын түсiндiрiңiз.

2. Жүректiң орналастырылуы неге тәуелдi болады?

3. Жүрек бөлiмдерiндегi қанның айналу бағыты.

 

4-шi дәрiстiң тақырыбы. Қан тамырлары жүйесінiң биомеханикасы. Тамыр жүйесiнiң құрылысы және жұмысы. Тамырдағы қанның ағымы. Қан тамырларының механикалық қасиетi. Қан тамырларының сұлбасы және үлгiсi.

 

Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70—80 мл-ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі.

Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.

Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.

Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.

Осы берілгендерге жеке тоқталайық:

1. Жоғарғы ұшының соққысы.

Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.

2. Жүрек тондары - жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.

Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І-ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон - созыңқы және төмен.

Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.

Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды.

Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.

Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты - жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше - қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы түйіншектен жүрекше - қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады. Жүрек басының бөлігінде жүрекше - қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары қарай иіліп, қарыншалардың жұмысшы (жиырылғышты) миокардіне батырылған өткізгіш миоциттер тізбегіне (Пуркинье талшықтары) ауысады.

SA- синоатриалды түйіншек, AV- атриовентрикулярлы түйіншек. Сандар синоатриалды түйіншекте серпіністің пайда болу мезетінен бастап секунд бойынша жүрек бөліктерінің қозу аумағын көрсетеді.

Кәдімгі жағдайда миокард жасушалары белсенді ырғақты күйде (қозу) болады, сондықтан олардың тыныштық потенциалы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген жасушаларда оның мәні шамамен

90 мВ-ті құрайды және ол К+иондарының мөлшерлік градиентімен анықталады. Жасушаішілік электродтар көмегімен тіркелген жүректің әр бөлігіндегі әрекет потенциалдарының (ӘП) пішіні, амплитудасы, ұзақтығы жағынан елеулі айырмашылықтары болады.

Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркинье талшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуымен анықталады, яғни жасушалы мембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігімен анықталады. ӘП-ң шыңы кезінде мембраналық потенциалдың таңбасы өзгереді (-90мВ-тан +30 мВ қа дейін).

 

Негiзгi әдебиет:1[75-85, 111-114]

Қосымша әдебиет:1[11-14]

Бақылау сұрақтары:

1. Жүрек-қан тамыр жүйесiн не құрайды?

2. Қан тамырлар жүйесі өз алдында нені көрсетеді?

3. Күре тамырлар өз алдында нені көрсетеді?

4. Тамыр қабырғасының өзгерiстерiнiң бiр түрi.

 

5-шi дәрiстiң тақырыбы. Тыныс жолдарының биомеханикасы. Құрылымдар және органдардың тыныс жолдарының құрылысы. Тыныс жолдары органдардың құрылымдары мен механикалық қасиетi. Тыныс жолдары құрылымдары мен органдардың есептiк сұлбасы және үлгiсi.

 

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасындағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда олсыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.

Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

Дем алынған кезде жұтылған ауаның 30 пайызы тыныс жолдарында қалады да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті мұрын қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альевеолаларға) дейінгі жолды "пайдасыз кеңістік "деп атайды. Бұл тек шартты атау, шын мәнінде тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жоғарыда баяндап өттік. Сонымен қатар мұрын қусының кілегейлі қабығында тыныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары орын тебеді. Тыныс жолдарында түрлі қорғаныс рефлекстерін (жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв ұштары да орналасады.

Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы - шеміршекті және сыртқы-сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналарынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы әрдайым ашылып тұрады. Кеңірдек сақиналарының саны мойынының ұзындығьша байланысты. Жүректің жоғарғы тұсыңда кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі - өкпе, құрылысы жағынан түтікшелі - көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.

Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардың жалпы беткейі 100-120 м2 құрайды, демек дене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады.

 

Негiзгi әдебиет:1[86-88, 118-119]

Қосымша әдебиет:1[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Кеңiрдек және қолқалар қандай қызмет атқарады?

2. Өкпенің қызметі не?

3. Көкiрек пердесі неден тұрады?

 

6-шы дәрiстiң тақырыбы. Тірек–қимыл аппаратының биомеханикасы. Тірек–қимыл аппараттың құрылысы. Тірек–қимыл аппараттың кинематикасы. Тірек–қимыл аппаратының динамикасы. Қозғалысты басқару.

 

Тiрек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттерi жатады. Қаңқа eкi жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негiзгi қатты тұлғасы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ, қол сүйектерінен тұрады. Балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектер тез бұзылып денсаулыққа зиян келеді. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекiтiлген. Олардың көбi eкi сүйекке бекiгеңдiктен олардың қозғалысын iскe асырады. Бұлшық еттің негiзгi қызметi – сүйектердi қозғау. Сол арқылы адамның еңбек eтyiн, күрделi жұмыстарды орыңдауын қамтамасыз етедi. Жаңа тyғaн нәpecтeнiң денесiнiң, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бiрақ олар дұрыс үйлеспеген, ерiксiз шым-шытырық қимылдар түрiнде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмiрiңде көpiнe бастайды: ең алдымен жарық көзiне немесе дыбыс шыққан жақа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейiннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының epiктi қимылдары пайда болады. Соның нәтижесiңде нәресте көзiне түскен затты ұстай алады.

Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.

Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс).
Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің(элементтері) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.
Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.

Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан, сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы, оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын, бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса, олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.
Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.

Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.

 

Негiзгi әдебиет:1[47-66, 118-119, 130]

Қосымша әдебиет:1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

1. Бұлшық еттердiң қосымша бөлігіне не жатады?

2. Буынның негiзгi бөлшегі не болып табылады?

3. Адам денесіндегі сүйектің нешеуі қозғалыста болады?

 

7-шi дәрiстiң тақырыбы. Көз биомеханикасы. Көздiң құрылысы. Көздің және оның құрылымының механикалық қасиеті. Көздің және оның құрылымдарының нормадағы және патологиядағы үлгiсi.

 

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1390; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.068 сек.