Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 14 страница




Компоненттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі-түрлі бо-лады. Мыс.:

1. Заттың, құбылыстың, оқиғаның бұрынғысы мен қазіргі куй салыстырыла қарсы қойылады:

Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып

алды (Майлин). Орта белінен жерге батқан ағаш үй ерте күнде еді-

рейіп-ақ тұрған шығар, су тасқыны бұны да шоңқитыпты (Мұстафин).

Мен білетін жолдардың ізі ішіне қарай батыңқы болушы еді, мынау жол үстіне қарай шығыңқы (Мұқанов).

 

2. Бірінші компоненттегі субъектінің іс-әрекетіне, ой-ниетіне екін-ші компоненттегі субъектінің әрекеті, ісі қайшы келеді:

Қасындағы ұсақ қыздар тен қалыңдық та күліп алдаусыратпақ болып еді, Абай мен Ербол оған көнген жоқ (Әуезов). Біраз бермей тұрып едім, біреуі арт жағымнан келіп қамшымен тартып-тартып жіберіп мылтығымды тартып алды (Сейфуллин). Ағашқа кірген соң адастырып кетем бе деп біраз тырысып ем, оны сезді ме, немесе сыбдырымнан біле ме, я қыр соңымнан қалмай қойды (Мұқанов). Сүзісер жеріміз осы болар ма деп Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші ә рі асып кетті деген хабар алды (Мүсірепов).

3. Бірінші компоненттегі іс-әрекеттің логикалық қорытындысы ретінде екінші компонентте болуға тиісті әрекет болмай шығады, не-месе басқаша болады:

Кірпіш үй сыртынан қораш еді, ішіне енгенде бұған да көңілі тойып қалды (Мұстафин). Құтыла алмайтынын көрген Ыбрай Мұстафаға келіп айтып еді, ол мені жазалаған жоқ (Мұқанов). Марфа жалма-жан терезеге ұмтылып сырт жаққа қарап еді, көшеде ешбір бейсауат жүріс те, қимыл да көзге түспеді (Есенжанов). Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ (Мұстафин). Жаз ортасы боп қалды, мал әлі тойынған жоқ (Мұқанов).

4. Қарсылықты мағына компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылуы арқылы да жасалады. Мыс:

Күлпаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Әйтекеңмен сөйлесіп тұрмын. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. Хакім бұл оңай әдісті молдалардан естіген жоқ, мұны оған Әмір айтып еді (Есенжанов). Бұның бірі де сүлу келіншектің қуанышы емес, келіншектің өзі қуаныштың жемісі (Мұстафин). Мол жарық қазақ терезесінен түскен жоқ, сол келіп жүрген жұмыскер жолдастары түсірген жарық еді (Мүсірепов).

Компоненттері жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты сала-| лас сөйлемдердің көпшілігіне қарсылықты жалғаулығын қосып айта беруге болады, бірақ мұндай өзгерісті жалғаулықсыз қарсылықты салаластың кез келген түрі көтере бермейді. Мыс.:

Сейттің жаңағы ыңғайын жігер лебі деп ұққан жоқ, ояна бастаған кек салқыны деп түйді (Мүсірепов). «Қара әулиенің» үңгірі біреу емес, бүйірлеп кететін бірнеше қалтарыстар бар еді (Әуезов). Мені ешкім жұмсаған жоқ, өзім кеттім (Есенжанов).

Компоненттері мағыналарының бір-біріне қайшы келіп тұрғанына қарамастан бұл мысалдағы, сол сияқты жоғарғы төртінші тармақта келтірілген сөйлемдердің де ешқайсысына қарсылық жалғаулығын айтуға болмайды.

Түсіндірмелі салалас сөйлем

 

Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, кейінгі компонентте я компоненттерде оның мәні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Мыс.:

Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреу-лері оның атын атап айғайлады. Күн бесіндікке келген кезде Көр-кемтайдың аулы астан-кестен болды: кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды (Майлин); Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нәлі бар да, бақыры болмай шықты (Мүсірепов). Олардың төбесі төмен төңкерілген судағы көлеңке елесі түрлі-түрлі: кейбіреуі суға шаншыла құлаған шоп-шошақ көк сәукеле сияқты да, енді біреулері жүнін сілкіп тірілткен үлкен-үлкен сеңсең бөріктерге-

187

ұқсайды (Есенжанов). Балалар ол ұяға барудың да әдісін табады: сирағын қияққа тілдірмеу үшін олар аяғына жас қоғажайдан етік өріп алады, қолына қоғажайды қолғап өріп киеді (Мұқанов).

Келтірген мысалдағы бірінші сөйлемнің алдыңғы компоненті жұрттың дүрліккенін ғана айтып қойса, кейінгі компоненттер сол дүрлігудің қалай болғандығын, дүрліккен жұрттың не істегендігін талдап түсіндіреді. Ал мысалдың ең соңғы сөйлеміндегі бірінші ком-понентте балалардың үяға барудың әдісін тапқандығын ғана айта-ды, бірақ оның қандай әдіс екендігі, оны қалай тапқандығы белгісіз, сол белгісіз жайттар кейінгі компоненттерде сараланып ашылған. Мысалдағы басқа сөйлемдер де осылар тәрізді.

Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда бі-рінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншама, сон-шалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдер де осы түсіндірмелі салалас сөйлемге жатады, өйткені мұнда да бірінші компоненттің сыры кейінгі компоненттерде ашылады, түсіндіріледі. Дегенмен салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік біраз өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктер мыналар:

Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы және сол арқылы екі жай сөйлемді құрмаластырушы больш тұрған с о л, сонша, соншалық, сондай, соншама сөздері өз бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын әрекетке, жағдайға ерекше мән беру, көңіл аударту мақсатымен соған сілтейді де, оның сыры кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нәтижесінде кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баян-дауышы орнына қолданылады да, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді. Мысалы: Менің де ойлап жүргенім с о л, енді біз татула-сайық, — деген сөйлемдегі енді біз татуласайық деген екінші компонент бірінші компоненттің баяндауышы білдіруге тиісті мағынаны білдіріп тұр. Сөйтіп, бір пікір екі рет айтылады. Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түрінде ғана айтылса, екіншісінде ол талданьш ашылады.

Ал енді, бірінші компонентінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай, соншама сөздерінен болатын құрмаластағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасында с о л сөзі арқылы жасала-тын құрмаластан гөрі біраз өзгешеліктері болады. Оны байқау үшін мына мысалдарды талдап көрейік:

Жұрттың бәріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайға үйлесімді кө-рінгені с о н ш а л ы қ, өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды. Ақы-рында хутордың іруінің қатты етек алғаны с о н д а й, жалаң аяқ. сымбатты, білімді балаларға хутор қыздарының сызылған назы да әсер етпеді (Макаренко). Мұндай санасыз қондырыла салатын тәртіптен тартқан азабым с о н ш а м а, ақыры, тіпті, Россияға қайта қашып кетпек болдым (Козлов).

Мысалдардан байқалып тұрғанындай, бұл сөйлемдердің барлы-ғында да бірінші компонентте сол коммпоненттің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы байқалатын әрекеттің, жай-күйдің ерекше мәнді, әсерлі, күшті болғандығына назар аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.

 

Салыстырмалы салалас сөйлем

 

Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін

 

қасиеттерін, жай-күйлерін салғастыра баяндайтын сөйлемдер жата-ды. Салыстырмалы салалас сөйлем мақал, мәтелдерде өте жиі кезде-седі. Мыс.:

Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тын-дырмас. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Ынтымақты елге еш-кім жетпес, ынтымақсыз елдің өкініші кетпес. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес.

Мысалдағы сөйлемдердің бір компонентінде жақсылықтың, ізгі қасиеттің жақсылығы, артықшылығы айтылса, екінші компонентте оған жамандықтың жағымсыз нәтижелері, кесапат қылықтары қа-рама-қарсы қойыла салғастырылған.

Бірақ салыстырмалы салалас сөйлемнің барлық түрі бірдей бұлай болып келе бермейді. Ол кейде бір-біріне аналогия ретінде алынған екі түрлі заттың, құбылыстың іс-әрекетін, жай-күйін жай ғана баяндайды. Мысалы:

Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Өнерағып жатқан бұлақ, ілімжанып жатқан шырақ. Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды. Көп қорқытады, терең батырады. Ата көргеноқ жонар, ене көргентон пішер. Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер, адам болар баланың етек-жеңі кең келер. Байлауы жоқ шешеннен үндемемеген есті артық, бәйгі алмаған жүйріктен белі жуан бесті артық. Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас. Қатты жауған күн тез ашылады, қатты ашуланған кісі тез басылады. Қарау адам күншіл, мекер адам міншіл (мақал).

Міне, бұл келтірген мысалдағы сөйлемдерде компонентте баян-далған іс-әрекеттің ешқайсысына да, жоғарыдағыдай, артықшылық мән берілмейді. Бір-біріне аналогия ретінде алынған субъектілердің қайсысының қандай қасиеті барлығы, қайсысы қандай әрекет жасай алатындығы баяндалады. Сөйтіп, мұндағы салыстырудың, теңдесті-рудің, аналогияның негізі компоненттер субъектілерінде болады. Мысалдағы сөйлемдерде бір-біріне аналогия ретінде алынып отырғандар тал мен бала, су мен сөз, өнер мен ілім, кең киім мен кеңесті ел, көп пен терең т. б. Бұл субъектілердің әрекеттері, қасиеттері өз ара теңдестіріле, бірі-біріне ұқсастырыла, аналогия ретінде баяндалады: Тау мен тасты су қалай бұзса, адамзатты сөз де солай бұзады. Қарағайға қарап талдың өсетіні сияқты, қатарына қарап бала да өседі, т. б.

 

Шартты салалас сөйлем

 

Компоненттер мағыналары өз ара шарттас болып келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Бүгін өзің қоншы осы жерге, бәрін де көзіңмен көресің. Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапшы өзің, қозыдай көгендеп қолыңа бе-рейік. Кәрімғали тезірек қымыз әкеле қойса жарар еді, ең болмаса қымызға қосып ішер едің (Есенжанов). Сіз сүңгіп көріңіз, одан да асыл табарсыз. Енді жіберіп көрші, құдай біледі,әкеңді таныта-мыз (Мұстафин).

Келтірген мысалдың бәрінде де бірінші компоненттердегі іс-әре-кеттер екінші компоненттегі іс-әрекеттердің алдағы уақытта болуына шарт ретінде алынған. Бәрін де өз көзімен көру үшін қону шарт; Қозыдай көгендеп цолына беру үшін тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын табу шарт, т. б.

Сөйтіп, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан да, шартты білдіретін жай сөйлемнің орналасу тәртібі жағынан да шарт-

 

ты салалас сөйлемнің шартты сабақтас сөйлемнен ешқандай өзге-| шелігі жоқ. Бүгін өзің осы жерге қоншы, бәрін де көзіңмен көресің, — деген шартты салалас сөйлемнің, — Бүгін өзің осы жерге қонсаң, бәрін де көзіңмен көресің, — деген сабақтас сөйлемнен құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да өзгешелігі шамалы. Бұлардағы өзгешелік — тек шартты білдіретін компоненттің баяндауыш формасында ғана: сабақтас түрінде шартты білдіретін жай сөйлем баяндауышы тиянақсыз формада (шартты рай формасында) айтылады да, салалас түрінде ол тиянақты формада (бұйрық, қалау не ашық рай формаларында) айтылады.

 

Көп тармақты салалас сөйлем

 

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің көп бағыныңқылы болып ке- летіні сияқты бір салалас сөйлем құрамында да үш немесе одан да көп жай сөйлемдер келе береді. Мұндай көп компонентті салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары- на қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің | бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді. Мысалы:

Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай-ақ- түсінісе береді (Есенжанов). Молдаекесі, кенже балам еді, өзі өте қорцақ, тым ұра бермессіз (Майлин). Арқа бусанды, маңдай терледі, шықырлаған аяз естен шықты (Сейфуллин). Биенің сауыны болды, ағытайық, құлын ұшып кетер (Мұстафин). Ол түзелді ме, біз түзелдік пе, оны мына Штегірдеп сұраңыз (Мүсірепов). Қолда қамшым жоқ еді, тұсаумен басқа бір тартып жіберіп едім, екіншісі қолдап кетті (Есенжанов). Бұл арада жайлайтын да, қыстайтын да ел жоқ, себебі ең болмаса ықтайтын шілігі жоқ, не суы жоқ, бірақ жерінің шөбі қалың өседі (Мұқанов).

Мысалдың бірінші сөйлемінде алдыңғы екі компонент өз ара ыңғайластық қатынаста айтылса, соңғы үшінші компонент ол екеуі-не қайшы мағынада айтылған. Екінші сөйлемде алдыңғы екі компо-нент бір-бірімен ыңғайластық қатынаста айтылса, соңғы үшінші компонент ол екеуіне себептестік қатынаста тұр, бесінші сөйлемде алдыңғы екі компонент бір-бірімен себептестік қатынаста айтылса, үшінші компонент екіншімен мезгілдестік қатынаста айтылған. Ал ең соңғы сөйлем компоненттері мағыналық қатынастарында себеп-тестік те, ыңғайластық та, қарсылықты да қатынастар бар. Бұл жағ-дайлар құрамында үш, болмаса одан да көп компоненттері бар көп тармақты салалас сейлемдерді салаластың басқа түрлері сияқты компоненттерінің мағыналық қатынастарына -қарай жіктемей, өз алдына жеке қарауды керек етеді.

Көп тармақты салалас сөйлем комцоненттері бір-бірімен жалғау лықтар арқылы да, жалгаулықсыз да байланыса береді. Мысалы:

1. Қатыннан келген жалғыз алашаны қысты күні ашыққанда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді мынау бәрі налогқа кетейін деп отыр (Майлин). Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле-қараған жоқ, Әбдірахманның тұла бойын, жүзін шарлап қарады (Есенжанов).

2. Қарын ашады, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген сияқты (Мұқанов). Ақырын ғана есікті ішке қарай итеріп еді, болмашы саңылау көрінді, бірақ кілтті ме, әлде іштен сұқпа салған ба байқап болар емес (Есенжанов).

 

3. Қоян бастапқыдай жүгіре алмады, өйткені ол шаршап қалып-ты, бірақ әдіс алған неме енді жалтармамен жан сақтап қалың ағашқа жақындап келеді (Мұқанов). Аманғали молданың насыбай атуы мүмкін, өйткені насыбайды иіскемейтін адам аз, ал, ана ишандардың балаларының шылым тартуы сөкет екен (Есенжанов).

Келтірген мысалдың бірінші тобындағы сөйлемдер компонент-тері бір-бірімен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласқан. Екінші топтағы сөйлемдердің алдыңғысында бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық арқылы, екіншісі үшінші компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, соңғы сөйлемінде, оның керісінше, бірінші мен екінші жалғаулықсыз, екінші мен үшінші жалғаулық арқылы құрмаласқан. Сөйтіп, бұл сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен байланысы әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз түрде араласып келген. Ал, мысалдың, соңғы үшінші тобындағы сөилемдер компоненттерінің барлығы да бір-бірімен жалғаулықтар арқылы құрмаласып бірыңғай болып келген.

Сонымен, көп тармақты салалас сөйлем, компоненттерінің бір-бірімен байланысу тәсілі жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғау-лықты болып та, әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз аралас болып та айтыла береді.

Көп тармақты салалас сейлем компоненттері жоғарыда келтірген мысалдардағыдай әрдайым әрқайсы әр түрлі мағыналық қатынаста келе бермейді, мағыналық қатынастары жағынан олар бір тектес, бірыңғай болып та тұрады:

Көш бетімен жайылған мал, біресе ұйыса, біресе бытырай қон-ған киіз үйлер, көмір қораларының ескі төмпешіктері (Мұстафин). Оның кескіні күндегіден күреңденіп кеткен, үстіндегі киімдері де өзгелерден өзгеше көркем, кеудесіне жалтыраған әлденемелерді қа-дап алған (Мұқанов). Кілем, көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектінің бәрі бар, артық еш нәрсе жоқ (Мүсі-репов).

Мұндағы компоненттердің өз ара байланысты, бір уақыттың, бір мезгілдің ішіндегі көріністі, жай-күйді суреттегені болмаса, оларды мағыналары жағынан пәлендей қарым-қатынаста тұр деуге бол-майды:

Төбесінде аспанға шығып алып шырқаған боз торғайдың үні бойды балқытқан сұлу әндей, артына бөктерген қасқыры мерт болған мықты жауындай, екі тазыға кезек төнген көк құладын белдесуге жоқ, сырттан кіжінген күншілдердей, астындағы жүйрік боз әзір кіршік шалмаған ұшқыр ақ көңілдей еді (Мұстафин).

Компоненттерінің мағыналық қатынасы жағынан алғанда, бұл да осының алдында келтірген мысалдағы сөйлемдердей. Бірақ мұнда-ғы компоненттер бірлігі жоғарыда айтылғанның үстіне қосымша сөйлемдегі төрт компонентке ортақ бір сөздің (мүшенің), төрт компонентті бірдей арқандап, өз төңірегіне иіріп тұрған ілік септікті сөздің (Асанның) болуы болса (Асанның төбесінде, Асанның артына бөктерген, Асанның астындағы, т. б.). Екіншіден, ең соңғы компо-нент соңындағы еді көмекшісінің сөйлемдегі барлық компонент баяндауыштарына да бірдей қатынасы бар, ортақ көмекші болуы.

Көп тармақты салалас сөйлемдер бірінші компоненті жалпылық мағынада айтылып, кейінгілері соның мәнін саралап ашып тұратын түсіндірмелі сөйлем түрінде де көп кездеседі:

Лашын әр түрлі болады: біреулері ілген үйрегін ала жерге түседі екен де, енді біреулері бір жолдың өзінде бірнеше үйректі түсіріп қалады екен (Мұқанов). Елдің іші сапырылысып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді (Майлин).

 

САБАҚТАС Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ

(Жалпы мәлімет)

 

Сабақтас сөйлем — құрмаластың ең бір күрделі де көлемді түрі. Мұның кейбір заңдылықтары мен ерекшеліктері оның өзіндік табиғатынан шығады. Бұл — сабақтаса құрмаласқан сөйлемнің бағыныңқы және басыңқы компонент негізінде құралуымен айқындалынады. Мұндай қасиет сабақтас сөйлем құрамының салаластағыдай өз ара тең, бір дәрежеде еместігін көрсетеді. Олай болса, сабақтас құрмалас деп құрамындағы бір сөйлемнің екіншісіне тәуелді, бағына байланысуын айтамыз. Ал, бағыныңқы компонентті жетектеуші, өзіне бағындырушы бөлшек басыңқы сөйлем (компонент) деп аталады. Сөйтіп, сабақтастың құрамы бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер деп өз ара ажыратылып отырылады.

Сабақтас құрмалас сөйлем, негізінен алғанда, бағыныңқылардың өз басыңқыларымен грамматикалық жағынан байланысын, соған орай, бағыныңқы сөйлем түрлерін қарастырады. Сабақтастың мұндай функциясын сөз етпестен бұрын, оның грамматикалық табиғатын айқындап алу қажет. Ал бұл салада, ең алдымен, бағыныңқы, басыңқы компоненттердің бір-бірімен жақындығы, өз ара айырмашылықтары еске алынады.

Сабақтас құрмаластың қарамағына түскен жай сөйлемдердің бір-бірімен өз ара байланысы, ара қатынасы олардың тек жай ұласу, жалғасуы ғана емес (бұлай болған күнде олар бір бутін күрделі ой мазмұнының көрінісін бере алмаған да болар еді), мағыналық және тұлғалық жақтарынан өз ара тығыз, берік байланысқа түсіп, бір-бі-рімен ұласа айтылған күрделі ойдың бірлігі.

Сабақтас сөйлемнің грамматикалық табиғатын айқындауда, ең алдымен, мұндағы бір бүтін синтаксистік қатынасқа түскен әрбір жеке сөйлемдер әдеттегі сөйлемдік қасиетін сақтай ма, не болмаса бағыныңқы компонент басыңқыға сіңісіп, соның бір мүшесіне айналып кете ме, не соған қатысты бола ма — деген сұраудың мазмұнын ашып алу керек. Бұл мәселе жайында тіл білімінде екі түрлі көзқарас бар. Біреулері құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді бұрынғы сөйлемдік қасиетінен айрылған, деформацияланған элемент ретінде ғана түсінсе, енді біреулері бұларды толық мағынасындағы сөйлем есебінде қарайды. Соңғы пікірді қуаттауға болады. Өйткені сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер — деформацияланған (біріншісі екіншісіне сіңіп кеткен) сөйлемдер емес, жеке сөйлемдік қасиетін жоймаған сөйлемдер. Рас, синтаксистік байланыс жағына келгенде, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз, басыңқыға иек ар- тып тұрады. Алайда бұл оның сіңіп кетуі емес, қайта сөйлемдік қасиетін сақтай отыра, тұлғалық, мағыналық жақтарынан тиянақталмай, келесі сөйлеммен байланысын көрсетеді. Мұның өзі бағыныңқы сөйлемнің ерекшелігін айқындайды, оның синтаксистік единицалық бір бүтіннің құрамына кіруін дәлелдейді. Мұндайда бағыныңқы сөйлем екінші бір сөйлемнің (басыңқының) қажетін өтеу үшін жұмсалады. Ол қажеттілік басыңқы компоненттегі оқиға әрекетінің мазмұны ашылу барысында айқын байқалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 2127; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.