Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 16 страница




I. Р е а л д ы ш а р т б а ғ ы н ы ң қ ы. Мұнда бағыныңқы компонентте болатын шартқа басыңқыдағы нәтиже қайшы келмейді, қайта сондағы (бағыныңқыдағы) бір қимылдың болуына байланыс-ты іле екінші бір қимыл орындалатын болады. Сөйтіп, компоненттер арасындағы қимыл, әрекеттердің осындай аралық қатынастары негізінде айтушы адам тарапынан баяндалған оқиға іс жүзіне асатын болып тұрады. Шартқа негізделген оқиғаға нәтиженің болмысы қайшы келмейді. Ол (оқиға) қазір не келешекте орындалатын болады. Сондықтан да мұндай сөйлемдердің бағыныңқыларының баяндауыштары осы — келер шақпен беріледі.

 

Шартты бағыныңқының бұл түрінде шарттық дәреже біркелкі бола бермейді. Бірінде шарт айқын, өте күшті көрінсе, енді бірінде солғын болады. Мына екі сөйлемді салыстырып қараңыз: Қолыңдағың аз көрінсе, әлің жетсе тек болыс бол (Әуезов). Бір атқаннан кейін тілін жібермей тартып тұрсаң, кезекпен барлық оғын бірінің артынан бірі шығарады (Мұқанов).

Алғашқы сөйлемде шарт дәрежесі күшті берілген, сондықтан мұнда, тіпті, бұйыра айту да бар. Ал, кейінгі сөйлемдегі шарт дәрежесінің күші, әрине, алғашқыдай емес, мұнда тек бір қалыпты түрде ғана берілген. Бүтін сөйлемнің өнбойынан байқалатын шарт-тық дәреженің мұндай әр түрлі болуы оның құрылымдың өзгешелі- гімен айқындалынады. Алайда қайсысында болмасын бағының-қыдағы қойылған шарттық болмыстың басыңқыда орындалу нәтижесі қалай болса да іс жүзіне асырылуға тиіс екендігі белгілі болып тұрады. Бұл жағдай, әсіресе, алғашқы сөйлемдерден айқын байқалады. Өйткені мұнда шарттық негіз екі жағында да (бағыныңқы, басыңқы) бір-біріне қарама-қарсы қойылады: бағыныңқы компонентте бір уақиғаның орындалу барысына шарт қойылса, басыңқыда сол шарттың орындалуына қайтарма ретінде тағы да шарт қойылады. Мұндай қатынас, сөз жоқ, шарттық дәрежені күшейтеді.

Шартты бағыныңқының күшті түрінде болатын мұндай заңды-лықтар бүтін сөйлемнің құрылымымен астарласып жатады. Олар тө-мендегіше:

1) Басыңқының баяндауышы етістіктің бұйрық райында келеді. Бұлайша берілу — бағыныңқыдағы шарттық дәреженің күшін одан сайын арттыра түседі.

Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер... (Ерубаев). Әгәр зорлықпен о т ы р с а, күйеуімен қосып а л ы п к е л і ң д е р осында. Әгәр совет тәртібіне бағынбаса, күшпен бағындырыңдар (Мұстафин). Қысым көрсеңдер, осында к е л і ң д е р! (Сейфуллин).

2) Кейбір реалды шарт бағыныңқы сөйлемдер а н т есебінде келеді: айтушы адам бір нәрсені орындау үшін өзіне серт қояды. Мұндай көрініс бағыныңқының баяндауышы болымсыз түрде келуі мен басыңқының баяндауышы ант есебінде айтылған сөздер арқылы (атым құрысын, аруағы атсын, құрып қалсын т. б.) берілуінен айқын байқалады. Бұл жай да шарт мәнін күшейтіп тұрады.

Тап осы жолы тұяқ серіппесек, бәрімізді де атаның а р у а ғ ы а т с ы н! Мен елдің көз жасын тыйып, айналадағы көрші елдің есесін Оразбай мен сенен әпермесем, өзге жаман-жәутік, жалғыз-жалқы сүмелек ұрыдан әпергенім құрып қ а л с ы н! (Сейфуллин). Жаясының майы тап б і р е л і ш ы қ п а с а, м ұ р н ы м д ы к е -с і п б е р е й і н (Әуезов).

3) Реалды шарт бағыныңқының күшті түрі мүшелік қ а т ы н а с негізінде жұмсалған сөйлемдер арқылы да жасалады. Мүшелік қатынас дегенімізде бағыныңқыда сұрау есімдігі мен басыңқыда со-ған лайық сілтеу есімдіктерінің бірі қолданылып, олардың бір-бірімен өз ара іліктесе айтылуын түсінетін боламыз. К і м осы тіресте әкетсе, соныц ж ү л д ы з ы оңынан туды дей бер! (Мұқанов).

Мүшелік қатынаста жұмсалған сөйлемдердің барлығы бірдей шартты бағыныңқы бола бермейді, кейде олар мағыналық жақтан ыңғайлас бағыныңқы да бола алады.

Реалды шарт бағыныңқыдағы мүшелік қатынастағы сөздер өз ара төмендегіше мына түрде жұптаса қолданылады:

а) Бағыныңқы сөйлемде кім, не, қай сұрау есімдігі, басыңқыда сол сілтеу есімдігі келеді:

 

Күндерде бір күн сол елдің патшасы:К і м д е-к і м н і ң ая-ғындағы. кебісі жараса, қызымды соған беремін; к і м д е - к і м н і ң аяғындағы кебісі ұлымның аяғына жараса, с о л қызды ұлыма алып б е р е м і н,деп еліне жар салыпты. Осы топта к і м д е-кім күресіп жығып, к ү ш і а с с а, қызымды соған беремін (Фольк.). К і м ақшаны көп берсе, соның баласын қалдырады (Сейфуллин). Қай жақтың атызы бұрын бітсе, сол жақ суды бұрын алады (Мұстафин).

ә) Бағыныңқы сөйлемде қайда сұрау есімдігі де, басыңқыда сонда сілтеу есімдігі айтылады:

Партия қайда жіберсе, мен сонда барамын (Мұқанов). Мен, жұрт қ а й д а болса, с о н д а болам да, балам (Мүсірепов).

б) Бағыныңқыда неғұрлым, басыңқыда соғұрлым мөлшер үстеу-лері қолданылып та шарттық болмыстың мөлшері білінеді. Кісі не-ғұрлым көп болса, канал соғүрлым тез бітеді (Мұқанов). Көмірді неғұрлым көп берсе, ақы солғұрльп көп. Уклон неғұрлым ұзара берсе, солғұрлым көмір қойнына қол еркін жетпек... (Мұстафин)... Жарық неғұрлым көп түссе, өсімдік солғұрлым жақсы өседі (Иманжанов).

Жоғарыда талдағанымыздай, бір-біріне қатысты айтылған сөздер сөйлемнің шарттылық мәнін күшейте түседі.

Реалды шарт бағыныңқы сөйлемдердің шарттық дәрежесі әр- дайым бұлай күшті түрде көріне бермейді, көбінесе,олар жай қалып- та жұмсалады. Мұндайда бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдердің баяндауыштары шақ жағынан өз ара тығыз байланыста келіп, төмендегіше қолданылады:

1) Б а ғ ы н ы ң қ ы сөйлемнің баяндауышы етістіктің келер шағында тұрады да, басыңқынікі а у ы с п а л ы осы шақ, болжалды, келер шақ және ж е д е л өткен шақ түрлерінде жұмсалады.

Қораның ортасын бір сүйемдей қ а з с а, бір құмыра алтын ш ы ғ а д ы (Фольк.). Сен оның тілін б і л с е ң, көкірек көзің ашы- лады. (Абай). Аспаннан жаңбыр құйылса, еңбегі жанады (Мұқанов). Жалпы теңдік о р н а с а, өңешін үңірейткен озбырлық та ж о й ы л а д ы,деді ішінен (Талжанов). Бұлақты таудан арна ақса, Теңіз б о л ар аяғы (Жамбыл). Бұл тойға Ақан к е л с е, шығар үн де сонікі (Мүсірепов).

2) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен ш а қ п е н беріледі де, басыңқынікі — ауыспалы осы шақ, болжалды келер шақ және өткен шақ түрлерінде келеді. Мұндайда бағыныңқының баяндауышы болымсыз түрде жұмсалады.

Біз ешкімнің ештеңесін а л м а с а қ, бізге н е қыла қояр д е й с і ң (Сейфуллин). Қу малдың з а р ы ө т п е с е, Айша сияқты көлдегі аққу құстың балапанындай мөлдіреген сұлуды қатыны өліп қалған күйек сақал, қара шұбар сұмға еріксіз қосып берер м е е д і? Сен болыс болмасаң, Базаралы к е л е р м е еді? (Әуезов). Егер сол үйдің менімен шамалас баласы мұрнына шөп жүгіртпесе, одан да кеш оянатын т ү р і м б а р е к е н (Мұқанов).

II. И р р е а л д ы шарт бағыныңқы. Жоғарыда талданған сөйлемдерден шартқа негізделген уақиға нәтижесінің орындалуы шындыққа қарама-қайшы келмейтіні байқалды. Сондықтан да оларда компоненттердегі оқиға әрекеттердің бірінің орындалуына байланысты екіншісінің де іс жүзіне асырылатыны белгілі болып тұрады.

Шартты бағыныңқы сөйлемдерде мұндай аралық қатынас әр-

 

дайым осы түрде келе бермейді. Кейде бағыныңқы сөйлемдегі қойылған шарт басыңқыдағы нәтиженің орындалуына қайшы тұрады, осыдан барып хабарланған уақиға, негізінде, іс жузіне аспайды, субъектінің алға қойылған мақсаты орындалмайды. Синтаксистік компоненттер арасында болатын мұндай мағыналық қатынастағы сөйлемдерді тюркологияда шартты бағыныңқының ирреалды түрі (кейде потенциялды түрі) деп атап жүр. Мәселен, мына тәріздес сөйлемдерді уақиға барысы нәтижесінің орындал-мауына байланысты ирреалды шарт багыныңқы деп таныған жөн: Егер көңілді кірбең ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап ағындап шапқылар е д і (Әуезов). Шындығында, сол күні Әбіш шапқылады ма? Әрине, жоқ. Оған себеп Әбіштің ауыр ойда болуы. Ауыр ойда болмаса, оның шабуы да ықтимал. Алайда, жоғарыдағы сөйлемнен Әбіштің шапқыламағандығы байқалып тұр. Мұндай ұғымның болуын сөйлемнің өз басынан не контекст арқылы ажыратуға болады. Соңғыда шартты бағыныңқының ирреалдылығы сол сөйлемнің алдында не соңында келген сөйлемдерден айқындалып тұрады.

...көпшілікті жинақы ұстай алмады. Қайдан ұстасын. ¥ с т а р е д і, оң қ о л ы, о й м а қ т а й а у з ы, жү д ә, т а з а тұрса!... Аузы да, қолы да былығып жатты (Мұқанов). Сиректеп терілген сөйлемнің ирреалдылығы алдыңғы және соңғы сөйлемдерден айқын білініп тұр: алдыңғы сөйлемнен оның көпшілікті ұстай алмағаны хабарланса, соңғы сөйлемнен — ұстай алмауының себебі қолы мен аузының таза емес, былығып жатқандығынан екендігі ұғынылады. Енді мына сөйлемді қараңыз: О н д а й х а л г е М а р ф у ғ а к е л-м е с п е е д і, қ а й т е р е д і, е г е р м а ң ы н д а к ө ң і л і н ау- лап кеңесерлік а д а м б о л с а. Ондай адам маңында түгіл бүкіл Алмалықта жоқ... (Мұқанов). Сирек терілген сөйлемнің ирреалды-лығы соңғы сөйлемнен айқындалып тұр: маңында кеңесерлік адам болған жоқ, сөйтіп, мұнда да бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы нәти-женің (Марфуғаның ондай халге келмеуі) шығысына қайшы келгендігі байқалады.

Ирреалды шарт бағыныңқы сөйлемнің мұндай мағыналық қаты-наста жұмсалуы оның екі жақты баяндауыш формаларының берілуі-не және бүтіндей сөйлемнің ішкі мазмұнына байланысты болады. Сондықтан шартты бағыныңқының бұл түрінде де бағыныңқы мен басыңқы баяндауыштарының бір-бірімен ара қатынас байланыстарын талдау — бұл сөйлемнің шарт негізіндегі ирреалдылығын айқындай түседі.

Ирреалды шарт бағыныңқы сөйлемдердің баяндауыштарының тұлғалық, шақтық жағынан бір-бірімен ара қатынастары төмендегіше болады.

Б а ғ ы н ы ң қ ы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық ұғымды білдіреді де, басыңқынікі — аяқталмаған өткен шақта (имперфект) тұрады. Тұлғалық жағынан басыңқының баяндаушы әрдайым да еді көмекші етістігімен тіркесе айтылған келер шақты есімшенің болымды (-ар), болымсыз (-мас) түрінде келіп отырады да, б а ғ ы - н ы ң қ ы с ы н і к і — етістіктің шартты рай тұлғасында және -ған формантты есімшенің жатыс септігінде келеді.

Мен сол үйде т ұ р а б е р е р м е е д і м, қайтер ем, егерде «тышқан інге ене алмай жүріп құйрығына қалжуар байлапты» дегендей өзім тиыш жүрсем... Олар осы әнді ұзақ айтып отырып а л а р м а е д і, қайтер еді, егер үстерінен гулеп балшық төгіліп к е т п е с е. Тарпаңдау ат мөңкімегенде, әрі қарай да жылжып ү л- г і р е р м е е д і м, қайтер едім, оныма «тәңірім» дес бермей

сырғып түстім де қалдым (Мұқанов). Егер аттылар осылай қарай т у р а беттегенде, Олжабек сасқанынан «ал, Жамал, ұсталдық» деуге де б е й і м е д і (Мұстафин).

III. Болжалды шарт бағыныңқы. Шартты бағыныңқы сөйлемнің бұл түрінде қойылған шарт реалды түрде болады, бірақ оның орындалуы не орындалмауы әлі белгісіз, тек болжалды түрде ғана көрініп тұрады. Сондықтан да мұндай сөйлем кейде мүмкіндікті шарт бағыныңқы деп те атала береді. Мына бір сөйлемді талдап қа-райық: Егер осы ойларды і с к е а с ы р а а л с а, «Кеңтоғай» кол-хозы лезде бұрқырап ө с і п к е т у г е т и і с т і (Мұқанов). Бұл сөйлемдегі уақиға, әрекеттің болымдылық нәтижесі әлі тек болжалды түрде ғана берілген. Оның (уақиға, әрекеттің) орындалмай қалуы да мүмкін. Ал, мұнда бұл құбылыстың орындалуы үшін ойлардың іске асырылуы қажет. Ойлар іске асырылса, сөз жоқ, «Кеңтоғай» колхозы өркендейді. Бұл тәрізді болжалды шарт бағыныңқы сөйлемдердің басыңқысының құрамында кейде мүмкін, тиіс модаль сөздері айтылады. Жоғарыда келтірілген сөйлемнің басыңқысының баяндауышы тиісті модаль сөзімен тіркесе жұмсалып тұр. Болжалды шарт бағыныңқы сөйлемде уақиға, әрекеттің орындалуы күмән түрінде беріле-тіндіктен, тюркологияда мұны реалды мен ирреалды шарт бағыныңқылардың аралығында қарайды.

Болжалды шарт бағыныңқыда екі жақ компоненттің баяндауыш- тары да келер шақта айтылады. Бұл түсінікті де, өйткені болжалды шарт бағыныңқыда айтушы адамның бір нәрсе жайында қалау-тілегі арман, ойы, түрліше көңіл-күйі, шамалау, топшылауы т. б. сезімдік әсерлері баяндалып отырылады. Мұндай модальдық белгілер өз көрінісін тек келер шақтық ұғымнан ғана таба алады. Ал, келер шақта баяндалу бұл сөйлемдердің болжалдылығын айқындайды.

Бағыныңқы сөйлемнің осы түрі, негізінен, болжау мағынасында айтылғанмен, мұның өз ара бір-бірінен іштей аз да болса модальдық белгілері болады. Бұл модальдық белгілер бүтіндей сөйлемнің мазмұны және басыңқы сөйлем баяндауышының жасалу жолдары арқылы танылады.

Қос қанат құсқа біткен маған бітсе, Барар ем қалқа жанға, әлденеше (Сейфуллин). Менің еркіме салса, мұның бәрін қойып майданға кетер ем... (Мұқанов). Шіркін, күріш ексең, қандай тұнып шығар еді! (Мұқанов). Дауылды күні ылайланған суық жайқын көбік атып толқын ұрса, ортасында кішкентай көк жасыл арал қандай көз тартар еді (Әуезов). Егер он бес мыңдай кісі жиналса, бірінші кезектің жер қазу жұмысын осы екі айда бітіріп кетуі мүмкін (Мұқанов).

Е, тәңір-ау, осы жолы итті қан-қан қылып кетсем, арманы болмас еді! (Сейфуллин). Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда «Шұ- ғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансьш өтер едім (Майлин). Осындай жап-жас адам осы күннен жаманшылық етсе, қылмысқа үйренсе, мұның келешегі кім болады? (Әуезов).

Бұл мысалдардағы шарт арман, қалау-тілек, шамалау-топшылау және күман мәндерімен ұштаса келген.

 

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем

 

Бағыныңқы компоненті басыңқы сөйлемдегі оқиға мазмұнына қарама-қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдер қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып қанша і з д е т с е д е, мұңсыз адам табылмады (Алтынсарин). Бұл сөйлемнің синтаксистік компоненттері арасындағы мағыналық байланыс бағы-

 

ныңқылардың басңа түрлеріндегідей емес, мұнда оқиға желісі бірін-бірі толықтап сипаттап тұрған жоқ, керісінше, бір-біріне қарама-қар-сы мәнде айтылған. Жоғарыдағы сөйлемнің алғашқы компонентінде патшаның әрекеттенгендігі хабарланса, соңғысында — сол әрекет-терінің іске аспағандығы баяндалады.

Құрылысы жағынан кейбір жай сөйлемдер қарсылықты бағы-ныңқыға ұқсас болып келеді. Бұл, әсіресе, — са да түрінде қолданылған сөзі бар жай сөйлемдерде болады. Ондай сөздер тобы, көбінесе, қайда болса да, қашан болса да, қандай болса да, сондай болса да, болмаса да, не жазса да т. б. тұрақты тіркес түрлерінде қолданылады. Маңдайыма н е ж а з с а д а осы үйден күтіп алам (Мұқанов). — Қайда б о л с а да өзіміздің бөлім емес педей салды. Қ ай же р б о л с а д а осы үйге бір соқпай кетпейді (Мұстафин).

Сонымен қатар, құрамында түгіл, былай тұрсын тәрізді сөздері бар сөйлемдер де мағыналық жақтан қарсылықты бағыныңқыға ұқ-сайды. Алайда құрылысы жағынан мұндай сөйлемдер жай сөйлем-дердің қатарына қосылады. Өйткені бұлар бағыныңқының өзіне тән белгілеріне жауап бере алмайды. Түгіл шылауы мен былай тұрсын сөзі бірде мақсатты келер шақ тұлғасындағы сөздермен, бірде есім сөздермен тіркесе айтылады.

Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр (Майлин). Жарқын сияқтылар келеке е т п е к т ү г і л, мұның алдында жымдай болып жүрер еді (Иманжанов). Мен елге а й т у т ү г і л, есіме алуға қорқамын (Мүсірепов). Қ о с у б ы л а й т ұ р с ы н, жақының қайда екенін де маған әлі күнге дейін айтпай жүр (Фольк.).

Тюркологиялық әдебиеттердің көпшілігінде сөз қылып отырған бағыныңқыны шарттының бір түрі деп қарайды. Бұған дәлелдері қарсылықты бағыныңқы сөйлем етістіктің шартты рай тұлғасынан кейін да дәнекері келуі арқылы жасалады деулері болса керек.

Қазақ тілінің өзіндік фактілері қарсылықты бағыныңқыны шарттының бір түрі деп қарауға болмайтынын дәлелдейді, өйткені мұның жасалу жолдары тек бір-екі түрмен ғана шектелмей, басқа ба-ғыныңқылардай, әр алуан болып келеді. Олар төмендегіше: шартты райлы етістік, есімше және көсемше арқылы. Әрқайсысы баяндауыш тұлғасының құбылуына қарай өз ара бірнеше жолдарға бөлінеді.

I. Шартты рай тұлғасы арқылы құрмаласу. Бұл жолдың өзін екіге бөлуге болады:

1) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасында (-са/-се) тұрады.

Бірақ онысын кейбіреулер мазақ қылса, Омар ол мазаққа түсін-бейтін еді (Сейфуллин). Абай бұл пішенді «шаппа» деп бұйырса, әкем «шап!» деп бүйырып, мені әдейі осы пішен үшін қалдырып кетті (Әуезов). Майысса да сынбайтьін болат п а д е с е м, морт кетер шойын екен ғой (Мұстафин).

Бұлардың бір-бірімен байланысу амалы — бағыныңқының баян-дауышы шартты рай тұлғасында келуі арқылы больш тұр. Ал, мағы-налық жақтан әрбір құрмаластың құрамындағы екі жай сөйлем бір-біріңе қарама-қарсы қойылған.

Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің осы жолын бұрыннан айқын-далған -са да, -ғанмен түрлерімен өзгертіп айта беруге болады.

Оның өткір тілінен біреу сескенсе, [сескенсе д е, с е с к е н г е н - м е н] біреудің мейірі қанып отырады (Мұстафин).

2) Шартты райлы етістікке да (де. та, те) дәнекерлігі қосылады. Отқа салып ерітсең де, алтын сірә жез болмас; аяққа шұлғау-

қылсаң д а, асыл жібек бөз болмас (Әуезов). Раушан сол орнында о т ы р а б е р е м д е с е д е, болмай столдың басына шақырды (Майлин). Көрмесем д е, к ө р с е м д е, Көңілім сенен айрылмас (Абай).

да дәнекерлігі кейде қолданылудан қалып бара жатқан дағы формасында да кездеседі. Мұндайда ол, кебінесе, өлеңді сөйлемдері буын құрылысының ұйқас келуі үшін қолданылады.

Қаншама дұшпан қамалап т ұ р с а д а ғ ы,

Сырдың суы келмейді жұлығымнан (Мұканов).

Қаншама зейіндімін д е с е ң д а ғы

Көп жәйт болады екен уға алмаған (Аманжолов).

 

Шартты райлы етістікке да дәнекерлігі қосылу арқылы жасал- ған бұл жол — ең көне, әріден келе жатқан жол. Ертеде жазылған туркі тілдерінің грамматикаларында қарсылықты бағыныңқының жасалуынан тек осы жол ғана көрсетілген. Қазіргі әдеби тілімізде бұл жол өте жиі ұшырайды.

Әдетте да дәнекері шартты райлы етістік баяндауыштан келеді. Кейде мұның бағыныңқы сөйлем баяндауышынан бұрын келетіні де байқалады. Бұл, біріншіден, бағыныңқы сөйлем баяндаушының құрамында «бол» етістігінің болуына, екіншіден, да дәнекерлігінің өзінен бұрын тұрған негізгі мүшені айқындап, анықтап, күшейте түсуімен байланысты болса керек.

Қанша малы көп те болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды (Алтынсарин). Оқ у а у ы р д а б о л са, оқытушы мен оқушылар күлісіп, желпінісіп алды. (Мұстафин).

II. Есімше арқылы құрмаласу. Бағыныңқы сөйлем баяндауы-шы етістіктің -ған тұлғалы есімше түрімен беріледі. Ол к ө м е к - т е с септік жалғауында (ған + мен) тұрады. Бұл түр — есімшелі қарсылықты бағыныңқының тілімізде ең көп қолданылатын түрі.

Арыстан айға шауып м е р т болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға, шырмаған- мен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!- деген қазақ неткен дана (Әуезов). Немістер ожар қимылдап, ілгері басып келе жатқанымен, артына қарайлауы да аз емес (Мұстафин).

III. Көсемше арқылы құрмаласу. Қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауышының бұл жолы әрдайым күрделі келеді де, көсемшенің -а, -е жұрнағы оларға бірдей жалғанып отырады.

Әкесінің рұқсаты бо л а тұра, Гүлнар Байжанды осы Мар-фуғаның сөзіне қарап үйіне түсірмеді. Кейбір сұраулары бола тұра, Сырбайдың Масақбай туралы айтқан сөздерін Естай бөлген жоқ (Мұқанов).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 505; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.