КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
О.А. Затепякин 3 страница
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады: 1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар. 2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп - шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар. 3. М2= М1+мерзімді салымдар. 4. М3 = М2 + мемлекеттік зайым облигациялары. Несиенің түрлері
Несиелік жүйенің негізгі элементтері: І Орталық (эмиссиялық банк) ІІ. Банктік жүйе: - коммерциялық банктер - жинақ банктері, - инвестициялық банктер, - ипотекалық банктер, - басқа да мамандандырылған банктер. ІІІ. Сақтандыру ұйымдары: - сақтандыру компаниялары, - зейнетақы қорлары. ІҮ. Мамандандырылған банктік емес несие қаржылық институттар: - инвестициялық компаниялар, - қаржылық компаниялар, - қайырымдылық қорлары және т.б. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктердің функциялары: 1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару. 2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігін капиталға айналдыру. 3. Айналымға несие құралдарын шығару (вексель, чек, банкнот) Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады: - І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі. - ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.
15. Экономикалық өсу. 1.Экономикалық өсудің түсінігі, оларды өлшеу. 2.Экономикалық өсудің типтері және факторлары.
Экономикалық өсу дегеніміз белгілі бір уақытқа (бір жыл) нақты ЖІӨ (немесе ЖҰӨ) көлемінің салыстырмалы өзгеруі. Экономикалық өсуді өлшеудің үш әдісі бар: 1. нақты ЖҰӨ - нің белгілі бір уақытта (жыл) көбеюі; 2. Нақты ЖҰӨ-ді жеке адам басына шаққанда көбеюі; 3. ЖҰӨ -нің жылдық өсу қарқының пайызы. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары. Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті және аралас (нақты). Экстенсивті өсу – ол ұлттық өнімді өндіріс факторларын қосымша іске қосу (санын көбейту) арқылы көбейту. Мысалы: бидай өндіруді қосымша егетін жер көлемін көбейту арқылы өсіру, т.с.с. Интенсивті өсу – ол ұлттық өнімді техниканы және технологиялық әдістер жетілдірудің нәтижесінде көбейту. Мысалы: бидай өндіруді агротехникалық, иррациялық шараларды қолданып, жердің құнарлығын көтеріп, әр 1 га егін түсімін арттыру. Аралас (нақты) өсу – ол ұлттық өнімді, пайдаланып жүрген өндіріс факторларының санын көбейту арқылы, өндіріс қуаттылығын арттыру және техника мен технологияны жетілдіру арқылы көбейту. Экономикалық өсудің факторлары
Экономикалық өсудің үлгілері. Экономикалық өсу үлгілері жоғарыдағы аталған факторларға тәулігіне байланысты. Экономикалық әдебиетте әртүрлі үлгілерді ұсынды. Олар: Ч.Коббо-П. Дуглас үлгісі, Р.Солоу үлгісі, А.Тинберген үлгісі, Рой Ф.Хоррод –Е. Домар үлгісі. Жоғарыда келтірілген экономикалық өсу үлгілерін екі топқа бөлуге болады: көпфакторлы және қосфакторлы үлгі.
Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 378; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |