Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аукциондардан Алынатын Алым

Аукциондардан алынатын алым аукциондарда мүлiктi сату кезiнде алынады.

Алым төлеушiлер

Аукциондарда мүлiктi сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

 

Алым алу объектiсi

1. Мүлiктi сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

2. Мыналардан:

1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;

2) соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;

3) мыналарды:

салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;

салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;

соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;

4) мыналарды:

соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;

белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;

белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;

5) банкрот заңды тұлғалардың конкурстық массасын сату жөнiндегi аукциондардан;

6) мәжбүрлi түрде таратылатын банктердiң, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату конкурстық массасын өткiзу жөнiндегi аукциондардан;

7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасындағы сауда-саттықта;

8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнынан алым алынбайды.

 

Алым ставкасы

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткiзу құнының 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.

 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

 

1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

2. Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсiн бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.

3. Алым төлеу алым төлеушiлердiң орналасқан жерi бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың төленген жерi бойынша алым төлеушiнiң салықтық өтiнiшi бойынша жүргiзедi.

 

Салық декларациясы

1. Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, өзi орналасқан жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етедi.

2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзi орналасқан жердегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты табыс етедi.

Жекелеген Қызмет Түрлерiмен Айналысу Құқығы

Үшiн Лицензиялық Алым

1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезiнде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.

2. Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.

3. Лицензиарлар тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты табыс етедi.

 

Алым төлеушiлер- лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

 

Алым ставкалары Алым ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып белгiленедi және мынаны құрайды:

 

Ескерту:

1) * лицензиялық қызмет үшiн лицензиялық алым ставкалары:

мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн пайдалану – АЕК-тiң 500 еселенген мөлшерi;

тау-кен, мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтау объектiлерiн, магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану – АЕК-тiң 10 еселенген мөлшерi;

2) ** лицензиялық қызмет үшiн лицензиялық алым ставкалары:

азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау – АЕК-тiң 10 еселенген мөлшерi;

азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын сатып алу – АЕК-тiң 3 еселенген мөлшерi;

3) *** лицензиялық қызмет үшiн лицензиялық алым ставкалары:

азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, өткiзу – АЕК-тiң 10 еселенген мөлшерi;

азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу – АЕК-тiң 3 еселенген мөлшерi;

4) **** банк операцияларына байланысты қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алым ставкалары:

екiншi деңгейдегi банктер үшiн – АЕК-тiң 80 еселенген мөлшерi;

банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн АЕК-тiң 40 еселенген мөлшерi.

 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн алым төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi.

2. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың бiрiншi жылында лицензия алатын төлеушiлер алым сомасын лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төлейдi.

3. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған төлеушiлер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейiн төлейдi.

4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.

Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушiнiң салықтық өтiнiшi бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейiн олардың төленген жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

 

Телевизия Және Радио Хабарларын Тарату Ұйымдарына

Радиожиiлiк Спектрiн Пайдалануға Рұқсат Бергенi Үшiн Алым

1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi – рұқсат) берген кезде алынады.

Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.

2. Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.

Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткiзу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын алымның есебiне жатқызылмайды.

4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

Алым төлеушiлер

1. Салық Кодексінің 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.

2. Өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.

 

Алым ставкалары

 

Алым ставкалары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтерi көрсетiлетiн елдi мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгiленедi және мынаны құрайды:

 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi.

2. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргiзiлмейдi.

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушiнiң салықтық өтiнiшi бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген құжатты табыс еткеннен кейiн олардың төленген жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

 

Жер Учаскелерiн Пайдаланғаны Үшiн Төлемақы

1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.

2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленедi.

3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергiлiктi атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

Төлемақы төлеушiлер

1. Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарастырылады.

Заңды тұлға мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша салық органына салық кезеңi басталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi.

3. Мыналар:

шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;

концессия шартында көрсетiлген, бiрақ өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын iске асыру мақсатында берiлген жер учаскелерi бойынша концессионер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

Салық салу объектiсi

Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретiн жер учаскесi салық салу объектiсi болып табылады.

 

Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте Салық Кодексінің 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелердi есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.

 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгiмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергiлiктi атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.

Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудiң тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергiлiктi атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiктерi төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.

2. Салық кезеңiнде төленуге жататын төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негiзге ала отырып айқындалады.

3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.

4. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерiне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны есептеудi Салық Кодексінің 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзедi.

5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушiлердi қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен төлейдi.

Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудiң келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 25-i бюджетке төлеу мерзiмi болып есептеледi.

6. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.

Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей төленедi.

8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi.

 

Салық есептiлiгi

1. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушiлер жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.

2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.

3. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 20-cынан кешiктiрмей табыс етедi.

4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бiрге жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгiмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi табыс етiледi.

Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.

5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкiмшiлiгi оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

 

Жер Үстi Көздерiнiң Су Ресурстарын Пайдаланғаны Үшiн Төлемақы

1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Ресiмделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемi белгiленген лимиттерден асып түсетiн су пайдалану ретiнде қарастырылады.

4. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.

5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өңiрлiк органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

Төлемақы төлеушiлер

Мынадай:

1) жер үстi көздерiнен және теңiз суларынан механикалық және өзi ағып жатқан суды алу жөнiндегi стационарлық, жылжымалы және жүзбелi құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргiзу үшiн су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) балық ресурстарын өндiру үшiн;

5) су көлiгi мұқтаждары үшiн жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.

 

Салық салу объектiлерi

1. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылады:

1) мыналарды:

бөгеттерге және басқа да тiрек гидротехникалық және су реттеушi құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемiн;

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеудi жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;

2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;

3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;

4) балық аулау көлемi.

2. Төлемақы кеме тiркемесiнсiз сүректi ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.

Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен төлемақы есеп-қисабының әдiстемесi негiзiнде белгiлейдi.

2. Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген су пайдалану лимиттерiнен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлiгiнде бес есе ұлғайтылады.

Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып, төлеушiлер дербес есептейдi.

2. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей ай сайын бюджетке төлейдi.

3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетiлген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.

Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеуi мен төлеуiнiң ерекшелiктерi

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы төлеудi Салық Кодексінің 446-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.

2. Жеке және заңды тұлғалар тiрек гидротехникалық және суды реттейтiн құрылыстары бар су объектiлерiнде су көлiктерiмен тасымалдау көлемiне жүк тасымалының тонна/километрi үшiн төлемақы төлейдi.

3. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттерiне жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша айқындайды.

4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге су алу лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп кәсiпорындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.

Салық есептiлiгi

1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.

2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей декларация табыс етедi.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөнiндегi декларацияны табыс етпейдi.

4. Декларациялар салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өңiрлiк органында куәландырылады.

 

Қоршаған Ортаға Эмиссия Үшiн Төлемақы

1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.

2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – рұқсат құжатын беретiн орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрi – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Төлемақы төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыларды дербес төлеушiлер ретiнде қарастырыла алады.

Осындай шешiм қабылданған жағдайда, заңды тұлға құрылымдық бөлiмшенiң тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органын бұл туралы салық кезеңi басталардан кемiнде он жұмыс күнi бұрын жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

 

Салық салу объектiсi

Қоршаған ортаға эмиссиялардың:

1) ластағыш заттар шығарындыларының

2) ластағыш заттар төгiндiлерiнiң

3) өндiрiс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескерiле отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi – АЕК) мөлшерiн негiзге ала отырып айқындалады.

2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшiн төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

(кесте)

7. Мынадай коэффициенттер:

1) коммуналдық қызметтер көрсету кезiнде түзiлетiн эмиссия көлемi үшiн табиғи монополия субъектiлерi мен Қазақстан Республикасының энергия өндiрушi ұйымдары үшiн осы бапта белгiленген төлемақы ставкаларына:

2-тармақта – 0,3 коэффициентi;

5-тармақта – 0,43 коэффициентi;

6-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициентi;

2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшiн тұрғылықты жерi бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемi үшiн 6-тармақтың 1.1.-жолында белгiленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициентi қолданылады.

8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемi үшiн төленетiн төлемақыға қолданылмайды.

9. Жергiлiктi өкiлдi органдардың, осы баптың 3-тармағында белгiленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, осы бапта белгiленген ставкаларды екi еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.

10. Белгiленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшiн осы бапта белгiленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.

Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Төлемақы төлеушiлер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып дербес есептейдi.

2. Жылдық жиынтық көлемi 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi төлемдер көлемiнде төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын беретiн орган белгiлеген қоршаған ортаға эмиссиялар лимитiн сатып алуға құқылы. Лимиттi сатып алу рұқсат құжаты есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей ресiмделген кезде ағымдағы жыл үшiн алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргiзiледi.

3. Рұқсат құжатын Салық Кодексінің 498-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

4. Бюджетке төлемақысы уәкiлеттi мемлекеттiк орган оларды мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша енгiзiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзiнiң (объектiсiнiң) рұқсат құжатта көрсетiлген орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi.

5. Төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрмей енгiзедi.

6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы төлеудi Салық Кодексінің 446-бабында белгiленген мерзiмдерде жүргiзедi.

Салық есептiлiгi

1. Рұқсат құжатын берушi орган мемлекеттiк тiркеген жерi бойынша декларация табыс етiлетiн ластанудың қозғалмалы көздерiн қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.

2. Төлемақы төлеушiлер декларацияны, осы баптың 3 және 5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

3. Жылдық жиынтық көлемi 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi төлемдер көлемiнде төлемақы төлеушiлер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөнiндегi декларацияны табыс етпейдi.

Жануарлар Дүниесiн Пайдаланғаны Үшiн Төлемақы

1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртiбiмен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленедi.

4. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

5. Мынадай жағдайларда:

1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;

2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды жолмен өсiрiлген әрi қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн пайдаланған кезде;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшiн аулауды жүзеге асырған кезде;

4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай залал келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс жануарлар түрлерiн алған кезде төлемақы алынбайды.

6. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Төлемақы төлеушiлер

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Төлемақы сомасын белгiленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағын) негiзге ала отырып, төлемақы төлеушiлер дербес есептейдi.

2. Төлемақы сомасы рұқсат алғанға дейiн жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша не төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке төленедi.

3. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

Орманды Пайдаланғаны Үшiн Төлемақы

1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшiн алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөнiс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:

мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;

аңшылық шаруашылығы қажеттерi;

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану.

2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленедi.

3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде берiлетiн ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң негiзiнде берiледi.

4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтер бередi.

Төлемақы төлеушiлер

1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта өз меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Салық салу объектiсi

1) көшеттердiң құрамы мен нысанына күтiм жасау үшiн кесудi, сондай-ақ оның жас талдарының толықтығын реттеудi (жарықтандыру, тазарту) және құндылығы шамалы ағаш көшеттерiн қайта жөндеуге және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесудi жүзеге асыру кезiнде түбiрiмен босатылатын сүрек көлемiн;

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемiн қоспағанда, пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектiсi болып табылады.

Ерекше Қорғалатын Табиғи Аумақтарды Пайдаланғаны

Үшiн Төлемақы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы мемлекеттiк табиғи ескерткiштердiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың, мемлекеттiк қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.

2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салынатын объектiлер туралы мәлiметтер бередi.

Төлемақы төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар:

елдi мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелерi бар жеке тұлғалар;

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкасы

1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбiр күн үшiн айқындалады.

2. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

 

Радиожиiлiк Спектрiн Пайдаланғаны Үшiн Төлемақы

1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

3. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.

Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi.

4. Бюджетке төленуге тиiс бiр жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебiне есептелмейдi.

5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтер бередi.

Төлемақы төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Мыналар:

1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;

2) Салық Кодексінің 474-бабында аталған төлемақы төлеушiлер;

3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;

4) бiр станция үшiн пайдаланылатын жиiлiктер үшiн ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелерi төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Қалааралық Және (Немесе) Халықаралық Телефон Байланысын, Сондай-Ақ Ұялы Байланысты Бергенi Үшiн Төлемақы

1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергенi үшiн төлемақы

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшiн алынады.

2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрi – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтер бередi.

Төлемақы төлеушiлер

"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

 

Кеме Жүзетiн Су Жолдарын Пайдаланғаны Үшiн Төлемақы

1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.

3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.

4. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ай сайын, келесi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салынатын объектiлер туралы мәлiметтер бередi.

 

Төлемақы төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

Сыртқы (Көрнекi) Жарнаманы Орналастырғаны Үшiн Төлемақы

1. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы плакаттар, стендiлер, жарық берушi табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегi және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiктегi жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде және көлiк құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн алынады.

2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:

1) автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;

2) жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен беретiн рұқсат негiзiнде елдi мекендерде, сондай-ақ көлiк құралдарында жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде жүргiзiледi.

Жарнама объектiлерiн тиiстi құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.

3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн нақты орналастыру төлемақы сомасын өндiрiп алуға және бюджетке енгiзуге негiз болып табылады.

4. Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей өздерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салынатын объектiлер туралы мәлiметтер бередi.

 

Төлемақы төлеушiлер

1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Өздерiне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

 

Мемлекеттік баж. Консулдық алым.

Мемлекеттік баж обьектілері

Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;

3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;

4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;

5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергенi үшiн;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;

7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;

8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) &#

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тiркеу Алымдары | Контроль якості та випробування продукції
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 1572; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.