Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №7

ВОПРОС 4. РАБОТА НАСОСА НА СЕТЬ

 

 

 

Рис.15. Совместная работа двух насосов, включенных последовательно

1.1.4 Сымсыз қалалық тораптар (WiMAX технологиясы)

Кеңжолақты сымсыз байланыс- оны дәстүрлі үлкен жылдамдықты абоненттік қолжету «сымды» технология және оның ішіндегі DSL мен кабельдік модемнің реальді альтернативасы ретінде қарастыруға болады. Жергілікті және көпканалды көпнүктелі үлестіру жүйелері (Multipoint Distribution Systems – MDS) LMDS және MMDS (оларды «ұялық теледидар» және «сымсыз КТД» деп атайды), кабельдік инфрақұрылымы жоқ болса да бастапқыда өзінің аудандарында телебағдарламаны трансляциялауға арналған болатын, ал соңғы кезде жиі-жиі мәліметтерді «соңғы мильге» кеңжолақты сымсыз байланыс арқылы таратып ұйымдастыру үшін қолдана бастады. MMDS таратқыштарының жұмыс істеу радиусы 40-50 км-ге дейін жетуі мүмкін, егер де жұмыс істеу диапазоны 2,1-2,7 ГГц болғанда, сонымен бірге LMDS жүйелерінде сигналды таратудың максималды қашықтығы 2,5-3 км болады, үлкен жиіліктері 27-31 шамасында болғанда

Осы жүйелердің көптеп таралуына индустриалдық стандарттардың жоқтығы, әртүрлі құрылғы өндірушілердің бір-біріне сәйкес келмеуі әсер етеді.

2000 жылдың басында IEEE-де жаңа 802.16 жұмыстық комитеті құрылды, оның негізгі мақсаты барлығына ортақ ережелер мен щешімдерді шығару, (BWA, Broadband Wireless Access), сонымен қатарWLL(Wireless Local Loop) технологиясын жетілдіру болды. Оның бірінші міндеті 28-30ГГц диапазонындағы LMDS жүйелерін стандартизациялау болды, бірақ артынан оған жиілік обылысын 2-ден 66ГГц-ке дейін етіп берді және оның құрамында бірнеше жұмыстық топтар болды:

a) 802.16.1 жұмыстық тобы- 10-66ГГц жиілік диапазоны қолданатын жүйелердің радиоинтерфейсіне спецификацияны дайындайды;

б) 802.16.2 жұмыстық тобы – лицензиялы емес орнықтырылған кең жолақты қол жету 5-6 ГГц диапазоны бар топтардың «бірге өмір сүру» сұрақтарымен айналысады. (жекеше айтқанда 802.11.а стандарт негізіндегі сымсыз ЛТ байланысты);

в) 802.11.3 жұмыстық тобы – лицензиялы 2-11 ГГц диапазонындағы жүйелерге радтоинтерфейс спецификацияын дайындайды. Осы топтың бастапқы мақсаты MMDS жүйелерін жеделдетіп іске қосу, өндірушілерге барлығына бірдей стандарт ұсынып, олардың жасайтын құрылғыларын сәйкестендіру болып келеді.

Барлық стандарттар бәріне эталонды модель негізінде 802.16 комитетімен дайындалады, ол үш типті интерфейс, абоненттердің немесе тораптардың (мысалы, ЛТ немесе мекемелік АТС) арасындағы және транспорттық торап (ТфОП немесе Internet) трактісінде байланыстырады.. Бірінші радиоинтерфейс абоненттің тарату-қабылдау түйінінің базалық станциямен әрекеттесуін анықтайды, екіншісі екі компонентадан тұрады, ол радиотүйіндер арасындағы сигналдардың алмасуы және «одан кейін тұрған, оларға қатысы бар» тораптарды абоненттік кең транспорттың әрекеттесуін сипаттайды. Үшіншіге арналған спецификация қосымша радиоинтерфейс қайталатқыш немесе шағылдырғыш жүйенің қамту зонасын кеңейтуге және бөгеттерді айналып, сигналдардың тарату жолын ашуға қолданылады.

2003 жылдың сәуір айында Nokia, Harris Corp, Enseble және Crosspan фирмаларымен коммерциялық емес WIMAX Forum концорциумы негізі қаланды (Worldwide Interoperability for Microwave Access, Микрот олқынды қолжетудің глобалдық сәйкестендіру). Концорциумның басты мақсаты сымсыз кеңжолақты қолжетудің өткізу мүмкіншіліктерін қазіргі заманғы қолданушыларға сай етіп, басқа бар транспорттық технологиядан кем түсірмейтіндей стандартын жасау. Қазір консорциум WIMAX Forum-ға 180нен астам қазіргі заманғы телекоммуникациондық құрылғыларды өндіретін компаниялар кіреді. Бастама ретінде WIMAX Forum, WiFi Alliance-нің IEEE 802.11 WLAN – ға жасаған қадамдарымен жүріп, өзінің жолын таңдау:

1. Стандарттарды анықтау мен гармонизациялау;

2. Әр-түрлі құрылғы өндірушілерінің әрекеттесуін сертификациялау

3. WIMAX технологиясына көмектесіп ілгердендіру

Қазір WiMAX термині IEEE 802.16 WMAN стандартының коммерциялық аты болып келеді.

Жалпы айтқанда IEEE 802.16 жұмыстық комитеті кеңжолақты қолжету стандарты, консорциум WIMAX Forum-мен бірге 2005 жылдың аяғында 802.16 стандартының келесі серияларын шығарды (кесте 9):

а) IEEE 802.16 немесе IEEE 802.16-2001- 2001 жылы желтоқсан айында қабылданды. Ол WMAN облысында «нүкте-көпнүкте» стандартының біріншісі болып келеді, жұмыс істеу спектрі 10-66ГГц-ке негізделіп жасалынған. Сонымен қоса ол өзіне таратқыш пен қабылдағыштың тура көру обылысын(LOS, Line of Sight) қалалық жерде кемшілік деп қабылдайды. Спецификацияның жазуы бойынша 802.16 торабы 60 клиентке қызмет көрсете алады, егер жылдамды Т-1 класта (1,554мб/с) болғанда, қойылған құрылғысының бағасы $20 мың аспағанда. Бұл стандарт жақсы жасалды деп айтуға болмайды, одан кейін көп сұрақтар ашық қалды.

б) IEEE 802.16a- 2003 жылы қаңтарында қабылданып, бірінші «аяқталған» стандарт болып келеді, алдындағы стандарттың көп кемшіліктері жойылды. Сонымен бірге оған жаңа функционалдық мүмкіндік берілді, оның жұмыстық жиілігі 2-11Ггц төмендетілді. Соның арқасында, тура емес көру (NLOS, NearLine of Sight) облысының функционалдық мүмкіншіліктері игерілді. Сонымен бірге лицензиялы және лицензиялы емес жиілік спектрлерінде OFDM модуляция принциптерін қолданып, жұмысын қамтамасыздандырды. Мәліметтерді тарату жылдамдығы 75Мбит/с-ке дейін жеткізіледі.

в) IEEE 802.16 REVDd немесе IEEE 802.16-2004 2004 жылдың шілде айында қабылданды, 802.16 стандарттының жаңартылған нұсқасы.. Алдындағы стандарттан айырмашылығы: орнықты офистік немесе үйдегі соңғы терминал құрылғысына 2-11 ГГц жиілік диапазонын қолдайды және тура көрудің (NLOS) оған әсері аз тіпті жоқ, сигналды антенналар арқылы бағыттап және OFDM қосымша тасымалдаушыларын қолданудың керегі жоқ. IEEE 802.16-2004-те мәліметтер алмасу жылдамдығы таратқыш пен стационарлы абонент құрылғысының арасында 70 Мбит/с-ке дейін жетеді, егер бір-бірінен қашықтық радиусы 50км-ге дейін болғанда, бұл стандартты

корпаративті тораптарды құрғанда қолдануға болады.

 

IEEE 802.16 стандарттар тобы

    802.16 802.16а 802.16 REVd (2004) 802.16е
мақұлданған 2001 желтоқсан 2003 қаңтар 2004 шілде 2005желтоқсан
Спектр 10нан 66 ГГц дейін 1 1 ГГц тен аз 1 1 ГГц тен аз 2ден 6 ГГц дейін
Көрінушілік тік, LOS Тік емес, NLOS жақын зона үшін Тік емес, NLOS жақын зона үшін Офистік және үй қолданушылары үшін Тік емес NLOS
Модуляция QPSK, 16О.АМИ 64QAM OFDM 256, OFDMA + 802.16 OFDM 256, OFDMA + 802.16 OFDM 256, OFDMA + 802.16
Жылдамдық 32 -134 Мбит/с 1 - 75 Мбит/с см. 802. 16а до 1 5 Мбит/с
Мобилділік жоқ жоқ жоқ Ия, өңірлік роуминг мүмкіншілігімен
Канал ені 20, 25 и 28 МГц 1,25 ден 20 МГц с 16ке дейін логикалық каналдармен см. 802. 16а 5 МГц астам
Ұяшық радиусы 1 ден 5 км дейін 5тен 8 км дейін; максимум 50 км   максимальды таратқыш қуатымен см. 802. 16а 1 ден 5 км дейін
Терминалдық құрылғылар   сыртқы шығарылатын антеннамен сыртқы Өзіне қондырылған антеннамен PC-карта

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ВОПРОС 3. Характеристики центробежных насосов | Средневековая Англия
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 730; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.