Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Білім - максималды 100 балл 3 страница

АМСК деңгейінде алдын алудың әр түрлі стратегиялары бар: 1) жеке, 2) топтық және 3) популяциялық алдын алу. Жеке алдын алу медицина қызметкерлерінің сұхбаттасу, кеңес жүргізуінен тұрады, осы орайды медицина қызметкері емделушіге қауіп жайттары, олардың созылмалы ауру барысына әсері туралы ақпарат беруі, өмір салтын өзгерту жөніндегі ұсыныстар беруі тиіс. Жеке жұмыс дәрігердің СИЕА асқынуының мүмкін болатын даму себептерін белгілеуіне және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Топтық деңгейдегі алды алу бірдей немесе ұқсас аурулары бар емделушілер тобына арналған лекциялар, семинарлар жүргізуден тұрады. Топтың деңгейдегі жұмыс түрлерінің бірі «денсаулық мектептері» ұйымы, мысалы, «диабет мектебі», «артериалды гипертония мектебі», «демікпе мектебі» болып табылады. Дәрігерлік қабылдау кезінде екінші алдын алу бойынша барлық шаралар кешенін көрсету қиынға соғады, сондықтан осы емделушілер «денсаулық мектептерінде» білім ала алады. «Денсаулық мекетептерінің» мақсаты емделушілерге ауру, қауіп жайттары туралы ақпарат беруден, сондай-ақ жүріс-тұрысты өзгерту дағдыларына үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастырудан тұрады. Популяциялық алдын алу барлық тұрғындар үшін жүргізілетін жаппай шаралардан, сондай-ақ тұздар мен ұн өнімдерін йодтаудан, сауықтыру әдістерін кеңінен насихаттау мен таратудан тұрады.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Тулебаев К.А., Айтжанова Г.Б. Руководство по формированию здорового образа жизни, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 с.

2. Аканов А.А., Тулебаев К.А., Назирова И.Н. и соавт. Руководство по пропаганде здорового образа жизни и профилактике заболеваний. - Астана, 2007. – 115 с.

3. Аканов А.А., Сейсенбаев А.Ш., Аканова Г.Г. и соавт. Алгоритмы действий медицинских работников на уровне ПМСП по основным факторам риска ХНЗ. - Алматы, 2000. - 40 с.

4. Арингазина А.М., Егеубаева С.А. Укрепление здоровья: теория и планирование программ. - Алматы, 2003. – 158 с.

5. Доскалиев Ж.А., Диканбаева С.А., Аканов А.А. Управление организацией и проведением мероприятий по профилактике наиболее значимых заболеваний. - Алматы, 2004. – 47 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Өмір салтының негізгі критерилерін атаңыз.

2. Қауіп жайттарының топтық жиктелуі.

3. Денсаулықты нығайтудың анықтамасы.

4. Медициналық алдын алудың түрлері.

5. БДҰ -мен жүзеге асырылған салауатты өмір салты атты негізгі бағдарламаларды атаңыз.

 

Тақырып 5. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Мақсаты: Студенттер қоғамдық денсаулықтың нашарлау себептерін және оларды жеңіп шығудың жолдарын білулері тиіс.

Алғашқы медициналық санитарлық көмек бойынша халықаралық конференциясы (Алма-Ата, 1978). Алматы декларациясы – ХХ – ғасырдың ұлы хартиясы. БДҰ стратегиясы «Жиырма бірінші жүзжылдықта денсаулық барлығы үшін» (Денсаулық-21), мақсаты, стратегиясы, міндеттері. Мыңжылдық Саммитте (Нью-Йорк, 2000) қабылданған мыңжылдық даму мақсаттары, Қазақстан үшін мақсаты, мониторинг идикаторы. «Қазақстан-2030» стратегиясы. Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. 4 ұзақмерзімді басымдыллық «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының аман-саулығы», шешілетін мәселелер: туулықты жоғарылатуға, өлім көрсеткіштерін төмендетуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған демографиялық саясат, салауатты өмір салты және т.б. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдамасындағы денсаулық тақырыбы.

Денсаулықтың нашарлауының тікелей себептері келесілер:

· Басқарудың барлық деңгейінің билік органдары қызметтеріндегі қоғамдық денсаулықтың басымдылықтары;

· тұрғындардың көпшілігінің денсаулықтың жай-күйіне жауапкершіліктің жеткіліксіздігі: өзінің, отбасының және айналасындағылардың (өзін-өзі сақтандыру жүріс-тұрысы мәдениетінің болмауы);

· қолайсыз жағдайлар санының өсуі, маскүнемдік мен алкоголизм, нашақорлық және токсикомания салдарынан уланулар мен жарақаттанулар, қылмыстың көбеюі;

· тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан едәуір осал топтарының кедейленуі және олардың едәуір бөлігінің өтпелі кезеңнің оқиғаларына реакциясы ретінде әлеуметтік-психологиялық стресі;

· негізгі параметрлер бойынша тамақтану сапасының нашарлауы (құнарлылылығы, нәруыыз, май және көміртектері бойынша теңденуі, дәріумендік құндылық, экологиялық тазалық);

· инфекциялық аурулардың бірқатар себепшарттарға байланысты өсуі: еліміздің көптеген аймақтарында ауыз су сапасының төмендеуі, нашар тұрмыс жағдайлары, тұратын орындарының қанағаттанарлықсыз санитарлық жай-күйі, санитарлық-техникалық инфрақұрылымдар жай-күйінің үдерісті нашарлауы (су құбырлары, канализация, суды биологиялық тазалау стансалары, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды сақтау орындары);

· адам өмір сүретін ортаның ұзаққа созыла ластануы мен қоршаған ортаға техногендік қысым, экологиямен байланысты аурулардың пайда болуы және тұрғандардың, әсіресе, балалардың иммунитетіннің төмендеуі;

· эпидемиялық өрт белең алатын орындарда, сондай-ақ Қазақстанның шекараларында, әсіресе, ТМД елдерінде санитарлық-эпидемиялық деңгейдің күрт төмендеуі; аса қауіпті инфекциялардың тырысқақ, күл ауруы және балаларда болатын инфекцияларының пайда болу ықтималдылығының жоғарылауы;

· еңбекті, еңбек тәртібін және қауіпсіздік техникасын сақтаудың едәуір нашарлауы, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар деңгейінің жоғарылауы;

· тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық жабдықтармен медициналық қамтамасыз ету мекемелерінің мемлекеттік және аймақтық жүйелерінің құлдырауы, сондай-ақ нақты ұстанымдар мен басымдылықтардың болмауы, өзінің материалдық жағдайының қиындығына байланысты медициналық көмекті қажет ететін және өз есебінен емделе алмайтын тұрғындардың топтарына медициналық көмек көрсету сапасының төмендеуі.

· медициналық және қылмыстық айналымдардың жоғары деңгейі – бала туу жасындағы әйелдердің өлімі, мүгедектігі мен ауруларының себептері;

· балалар мен жас өспірімдердің өтпелі кезеңдегі ушыққан әлеуметтік проблемалары (балалардың қаралусыздығы, жас өспірімдік қылмыстар мен жезөкшелік), тұрғындардың осы топтарының туберкулез, мерез, психикалық күйзеліс, алкоголизм, нашақорлыққа салыну ауруларының ұлғаюы.

Қоғамдық денсаулықты түбегейлі сақтау – бұл әрбір адамның және барлық тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік-ұжымдық-топтық және жеке тұлғалық шаралардың кешені. Денсаулықты сақтау қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның барлық элементтерін, сондай-ақ өмірді тікелей қамтамасыз ету жүйелерін, сонымен қатар тұрғындар өмірінің салты мен жағдайларын, оның білімі мен мәдениет деңгейін және адамдардың денсаулығын, олардың белсенді еңбекке қабілеттілігін және шығармашылық қызметін барынша ұзартуды жандандырудан тұрады.

Қоғамдық денсаулықты жақсарту жөніндегі негізгі бағыттар:

  • тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан едәуір осал топтарына шұғыл экономикалық көмек және осы адамдар тобының медициналық мониторингін ұйымдастыру;
  • балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын сақтаудың аса маңызды проблемаларын көптеген министрліктер мен ведомстволардың бірлескен күшімен шешу, өйткені ол сан алуан шаралардан тұрады – педиатриялық қызметті бір ізге салудан бастап балалардың қаралусыздығы, жас өспірімдік қылмыстар және жезөкшелікпен күреске, жас өспірімдердің оқу және еңбек қызметін бақылауға дейін, мектеп жасындағы балаларды ыстық таңғы аспен қамтамасыз етуден бастап балалардағы мерез ауруларының алдын алғанға дейін;
  • санитарлық-техникалық инфрақұрылымды қалпына келтіру және эпидемиялық ошақтың белең алуының мүмкін болатын орындарында;
  • кәсіпорындарды еңбек және техника қауіпсіздігін сақтауды күшейту, көптеген мәселелерді, соның ішінде экологиялық, санологиялық және т.б. мәселелерді тез және әсерлі шешуге мүмкіндік беретін жаңа және алдыңғы қатарлы жан-жақты технологияларға ауысу;
  • қоршаған орта мен адам өмір сүретін ортаның ұзаққа созыла жаппай ластанатын аумақтардағы тұрғындарға техногенді қысымды едәуір төмендету, мүмкіндігінше жою (қазір оны жасауға болмайды, ластанатын аумақтарға экологиялық таза тамақ өнімдері, экологиялық қауіпсіз аумақтарға ақысыз жолдамалар және т.б. түріндегі әлеуметтік-экономикалық өтемдерді енгізген жөн);
  • науқастарды анықтауға баса назар аудара отырып, қауіпті эпидемиологиялық қатысы бар аумақтардағы тұлғалардың елімізге заңсыз енуін болдырмау мен шекараны санитарлық тұрғыдан сақтау мақсатында шекарадағы бақылауды күшейту;
  • құқық қорғау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің тұрғындардың магистральды топтары концентрациясы орындарын бақылауы;
  • ІІМ органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігінің (жаппай жарақаттану көздерінің бірі), сондай-ақ үлкен қалалардың атмосферасын ластаудың басты себебі болатын көліктің техникалық жайғдайына байланысты қызметін күшейту;
  • бас бостандығынан айырылу орындарында туберкулездің пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін тұтқындарды ұстау жағдайларын өзгерту;
  • денсаулық сақтау министрлігі жанында тұрғындар денсаулығы мен ауруларының жай-күйлерін анықтау үшін ірі жобалардың медициналық-санитарлық қызметін ұйымдастыру;

· адамдарға өз денсаулықтары мен отбасы денсаулықтарының әлеуметтік және психологиялық жауапкершілігін кеңінен насихаттау, ол медициналық-санитарлық білімсіз және тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулыққа зиян әдеттерге қарсы күрес тұрғысынан тәрбиелеусіз мүмкін емес.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд.

Әдебиет:

1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение. – 2-е изд., перераб. и доп.. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б.

2. Общественное здоровье и здравоохранение /Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – М.: МЕДпресс-информ, 2003. – 528 б.

3. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. - С.-Петербург, 2000.- 914 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулықты қорғау.

2. Денсаулықтың нашарлау себептері.

3. Қоғамдық денсаулықты жақсарту жолдары.

4. Қоғамдық денсаулықты жақсарту бойынша шаралар.

5. Денсаулықты нығайтудағы алдын алудың маңызы.


«Қоғамдық денсаулық» пәні бойынша

 

СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

Құрастырғандар: м.ғ.к., доцент Пругло Г.Ю., м.ғ.к., доцент Кожекенова Ж.А., м.ғ.к., аға оқытушы Нурбакыт А.Н.

 

 

Курс: үшінші

 

Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚҚА КІРІСПЕ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақсат: «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» туралы, оның зерттеу әдістерін, «денсаулық» аталуының анықтамасын, медициналық - әлеуметтік зерттеулердегі оның үйрену деңгейін, топтастыруын және қауіпті жағдайларының жіктелуі туралы студенттерге жалпы түсінік беру. Студенттер қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістемелерін білулері тиіс. Студенттерді ҚР қоғамдық денсаулық сақтаудағы негізгі заңдылықтармен, ҚР-да денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асырылған заңдылықтармен таныстыру.

Оқыту міндеттері:

- қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың дамуының қысқаша тарихын білу, ғылым және оқыту пән ретінде;

- Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының және Оттавтік Хартияның ұсынысы бойынша «денсаулық» анықтамасымен танысу;

- қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды зерттеу әдістемесі және тәсілдерімен танысу.

- қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістемесі және әдістерімен танысу.

- медициналық статистиканың негізгі әдістері.

- Денсаулықты қорғау аясында ҚР Конституцияның баптарымен танысу;

- «ҚР азаматтар денсаулығын қорғаудың, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік» заңдармен, белгілейтін негіздерімен танысу;

- ҚР-да халыққа медициналық көмекті көрсету жүйесі туралы түсінік алу және оның түрлері мен нысандары.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің анықтамасы.

2. Пәннің негізгі бөлімдері.

3. Қоғамдық денсаулық сақтауды зерттеудің негізгі әдістері.

4. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының және Оттавтік Хартияның ұсынысы бойынша «денсаулық» аталуының аңықтамасы.

5. Аурулардың пайда болуына және дамуына қауіп-қатер жағдайлары.

6. Денсаулықпен байланысты қауіп-қатер жағдайларың топтастыру.

7. Денсаулықты зерттеудін төрт деңгейі.

8. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды зерттеудін әдістері.

9. Өмір сапасының аңықтамасы.

10. Қоғамдық денсаулық сақтау үшін медициналық статистикасының маңызы.

11. Қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістері.

12. Қоғамдық денсаулықты зерттеудегі медициналық статистикасының мәні.

Оқыту және білім беру әдістері:

- презентация;

- шағын топтармен жұмыс;

- жағдаяттық есептерді шығару;

- ауызша және жазбаша сұрау.

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

6. Кодекс РК«О здоровье народа и системе здравоохранения». – 2009.

7. Конституция Республики Казахстан.

8. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана «Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев».Алматы, -1999.-67 с.

9. О здравоохранении в Республике Казахстан: Основные законодательные акты. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 с.

10. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 с.

Бақылау сұрақтары:

1. «Қоғамдық денсаулық» пәнінің зерттейтін негізгі сұрақтары.

2. Қоғамдық денсаулық пәнінің негізгі бөлімдері.

3. Қоғамдық денсаулық пәнінің негізгі әдістері.

4. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) және Оттавтік Хартиясының қабылдаған «денсаулық» аталуының аңықтамасы.

5. Аурудың даму және таралуына әсер ететің факторлар, олардың жіктелуі.

6. Ең көп таралған қауіп-қатерлі факторлардың ең көп таралған жіктелулері.

7. Қауіп-қатерлерлі топтылардың ең көп таралған жіктелулері.

8. Денсаулықты зерттеудін төрт деңгейі.

9. Медициналық статистиканың мәні.

10. Денсаулық құрылымы.

11. Қоғамдық денсаулық анықтамасы.

12. Жүйелі түрде денсаулық сақтауды анықтау жолдары.

13. Қазақстанда денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыты.

14. Қоғамдық денсаулықтың зерттеу бағдарламалар.

15. Қоғамдық денсаулық пәнінің негізгі әдістері.

16. Қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістері.

17. ҚР-да халық денсаулығын сақтаудың құқықтық негізін белгілейтін құжаттардың жіктелуі.

18. Халық денсаулығын сақтау аясында азаматтардың денсаулығың қорғау жүйедегі мемлекеттік саясат ұстанымдары.

19. Медициналық қызметкерлердің, мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелердің құқықтары мен міндеттері.

20. ҚР –да азаматтарға медициналық көмекті үйымдастыру жүйелері.

21. Денсаулық сақтау жүйедегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.

22. Халыққа медициналық көмек көрсетудегі медицина қызметкерілерінің құқықтары мен міндеттері.

23. Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлары.

24. Кепілді көлемде медициналық қызметің тізбесі, қайта қаралу мерзімдері мезгілі.

Тақырып 2. ДЕМОГРАФИЯНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ. РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ.

Мақсты: Студенттерді демографияның медициналық - әлеуметтік маңызымен және демографиялық үрдістеріне баға беру әдістерімен, халықтың табиги өзгерістерінің көрсеткіштерімен таныстыру. Студенттерді репродуктивті денсаулықтың анықтамасымен және отбасын жоспарлау, халықтың денсаулық деңгейімен таныстыру.

Оқыту міндеттері:

- туушылдық, өлім - жітім, сәбилер, перинаталдық өлім, ана өлімінің және табиғи өсімнің көрсеткіштерін өзіндік түрде есептеуді үйрену;

- қазіргі кезендегі халық денсаулығының жағдайына сәйкес, демографиялық көрсеткіштерге дұрыс баға беруді өзіндік түрде үйрену.

- туушылдық, өлім - жітім, сәбилер, перинаталдық өлім, ана өлімінің және табиғи өсімнің көрсеткіштерін өзіндік түрде есептеуді үйрену;

- ҚР-да репродуктивті денсаулықтың және отбасын жоспарлау бағыттарымен танысу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Демография туралы түсінік, оның негізгі бөлімдері.

2. Статика туралы түсінік, оның маңызы

3 Халықтың санын және құрамын зерттеудің әдістері.

4. Халық динамикасы туралы түсінік, оның негізгі құрамдары.

5. Халықтын табиги өзгеруі және оның халық денсаулығына баға берудегі маңызы.

6. Медициналық-демографиялық көрсеткіштер.

7. ҚР-да өлім көрсеткіштерінің деңгейі мен құрамы.

8. Қазақстанда халықтың табиги өзгерістерінің көрсеткіштері.

9. Мемлекеттің демографиялық саясаты, халықтың репродуктивтік денсаулығын қорғаудағы мемлекеттік бағдарламаларының мақсаты мен міндеттері.

10. Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік.

11. Отбасын жоспарлау.

12. Отбасын жоспарлау әдістері.

13. Отбасын жоспарлау мәселелері.

14. Әлеуметтік жағдайлардың түсік тастау жиілігіне әсер етуі.

15. Мемлекеттің демографиялық саясаты, халықтың репродуктивтік денсаулығын қорғаудағы

мемлекеттік бағдарламаларының мақсаты мен міндеттері.

Оқыту және білім беру әдістері:

- презентация;

- шағын топтармен жұмыс;

- жағдаяттық есептерді шығару;

- ауызша және жазбаша сұрау.

Әдебиеттер:

1. Девятко В.Н., Исав Д.С., Абылкасимов Е.А. Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка. – Алматы, 2002. – 299 с.

2. Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2007 г. /Стат. сб/. Астана-Аматы, 2008.-312 с.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

4. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. – 364 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулық туралы түсінік.

2. Халық денсаулығына әсер ететін жағдайлар.

3. Халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер.

4. Демография туралы түсінік, оның негізгі бөлімдері.

5. Статика туралы түсінік, денсаулық сақтау жүйедегі және ЕПБ жұмыстарын үйымдастырудағы маңызы.

6. Халық санын және құрамын зерттейтін әдістері.

7. Халық динамикасы туралы түсінік, оның негізгі құрамы.

8. Халықтың табиғи өзгеруі және оның халық денсаулығына баға берудегі маңызы.

9. Туу және туушылдық көрсеткіштерін есептеу әдістері.

10. Өлім-жітім, сәбилер және перинаталдық өлімінің, ана өлімінің көрсеткіштерін есептеу әдістері.

11. Халықтың табиғи өсім көрсеткіштерін есептеу әдістері.

12. ҚР-да өлімнің себептері мен құрамы.

13. Қазақстанда халықтың табиги өзгеруінің көрсеткіштері

14. Понятие репродуктивное здоровье.

15. Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік.

16. ҚР-да аналар өлімнің себептері мен құрамы.

17. Отбасын жоспарлау. Әлеуметтік жағдайлардың түсік тастау жиілігіне әсері..

18. Түсік тастудың туушылдық қабілеті жасындағы әйелдердің денсаулығына әсері..

19. «ҚР 2006-2016 жж.гендерлік тенділік стратегиясы» туралы Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.

20. «2009-2012 жж. ерлер және репродукциялық денсаулық» туралы Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Білім - максималды 100 балл 2 страница | Білім - максималды 100 балл 4 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 857; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.