Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №6




Тіліктер. МЕСТ 2.305-68**

Тілік деп бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша кесілген заттың кескінін айтады. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде және оның аржағында жатқан кескіндер көрсетіледі.

Заттың ойша кесілген кескіні тек берілген тілікке тиісті және оның басқа кескіндеріне өз әсерін тигізбейді.

1-суретте фронталь жазықтықпен кесілген тілік көрсетілген. Тілік келесі кезекте орындалады:

1) Сызбаның қажет жерінен ойша қиюшы жазықтық жүргізіледі;

2) Бақылаушы мен қиюшы жазықтықтың арасында орналасқан нәрсенің бөлігі шартты түрде алынып тасталады;

3) Заттың қалған бөлігі көріністердің біреуінің орнына немесе сызбаның бос жеріне кескінделеді;

4) Бөлшектің ішкі көрінбейтін нұсқалары негізгі тұтас сызықпен бастырылады;

5) Қиюшы жазықтықта орналасқан фигура штрихталады.

 

 
 

 

 

  5.15-сурет

 

 

Тіліктің қиюшы жазықтығының орны ажыратылған сызықпен белгіленеді (2-сурет). Штрихтың қалыңдығы контур сызықтарының (S) қалыңдығына байланысты және S -1,5 S арасында алынады, яғни 1, 5 - 2мм.Штрихтар кескіннің контурын қимауы және алдыңғы мен соңғы штрихтарда проекциялау бағытын көрсететін нұсқамалар қойылуы керек; нұсқама кескіннің сырт жағынан штрихтың соңынан 2-3мм қашықтықта қойылады.

 

     
А
2-сурет

Қиюшы жазықтықты орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. Әріптерді проекциялау бағытын көрсететін нұсқаманың жанына жазады, тіліктің кескіні (2,3-сурет) «А-А» жазбасымен белгіленеді.   Келесі шарттар орындалатын жағдайларда қиюшы жазықтықтарды және тіліктің кескіндерін белгілемеуге болады:      
 
А – А

 

 

3 - сурет

1) Тілік жазықтығының орны біржақты белгілі (4, 5, 6- суреттер); 2) тіліктің кескіні Е әдісінің принциптерімен кескінделген; 3) Тіліктің кескіні сызба бетінде тілік орындалатын кескінмен тікелей байланыста орналасқан.      
    4-сурет     Тілікті қиюшы жазықтықты, сондай-ақ ті-ліктің кескінін, егер зат проекциялар жазық-тығына жалғыз жазықтықпен қиылысса және тіліктің кескіні берілген кескінмен проекциялық байланыста орналасса әріптермен белгілемеуге болады (3, 4, 5-суреттер). Егер тілік жазықтығы ось бойымен немесе қатаңдылық қабырғасы, тұтас өзек және басқа да осындай элементтердің ұзын жағымен бағытталған болса, онда олар қиылмаған күйінде кескінделеді (4-сурет). Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты қарапайым(бір қиюшы жазықтық) және күрделі (екі және одан да көп жазықтықтар) болып бөлінеді.
 
  5-сурет   6-сурет
               

 

       
   
 
 
 

 


7-сурет.

Горизонталь проекциялар жазықтығына қарағандағы орналасуына байланысты тіліктер келесі түрлерге бөлінеді: горизонталь тілік – егер қиюшы жазықтық го­ризонталь проекциялар жазықтығына параллель болса (6-сурет); вертикальтіліктер (көлденең және бойлық) – егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр болса (5, 7-суреттер); көлбеутілік– егер қиюшы жазықтық

горизонталь проекциялау жазықтығына параллель де, перпендикуляр да болмаса.

Егер кескін симметриялы болатын болса, онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіріп сызуға болады. Тілікпен көріністің шекарасы симметрия осі болады.    
      Тілікте заттың оң (8-сурет) немесе төменгі (9-сурет) жартысын кескіндеу кеңес ретінде ұсынылады. Көрінбейтін контур сызықтары көріністе көрсетілмейді.         10-сурет    
  8-сурет    
      9-сурет    
     
 
       
   
 
 

 


 

 
11-сурет    
           

Контур сызығы мен симметрия осі беттесіп қалған кезде, көрініс пен тілікті бөліп тұратын сызықтың қызметін тұтас ирек сызық атқарады (10-сурет).

Жергілікті тілік дегеніміз заттың шектелген бөлігінің тілік кескіні. Жергілікті тілік көріністе тұтас ирек сызықтармен бөлектенеді (11-сурет).

Егер қиюшы жазықтықтар бірі-біріне параллель болса (12-сурет), онда к үрделі тіліктер сатылы, егер қиюшы жазықтықтар 90° жоғары бұрышта қиылысатын болса, онда сынық тілік деп аталады (13-сурет).

 

 
 

 


 

 
  12-сурет   13-сурет

 

Тіліктің жазықтықтармен қиылған элементтері шартты түрде бір жазықтықта орналасқан деп кескінделінеді.

Сынық тілікті кескіндеу кезінде (13-сурет) көлбеу жазықтықты шартты түрде вертикаль немесе горизонталь жағдайға келгенше бұрады (тіліктің негізгі жазықтығының бағытымен беттескенше). Қиюшы жазықтарды бұрған кезде, оның аржағындағы элементтер бұрылу бұрышына орын ауыстырмаулары тиіс.

Күрделі тіліктер барлық кезде белгіленіледі. Бір жазықтықтан екінші жазықтыққа өтетін жерлерде ажыратылған сызықтар әріптерсіз орындалады. Әріптер тек нұсқама қойылатын соңғы штрихқа ғана қойылады.

Егер тілік біржақты белгілі болса, онда күрделі тіліктерді орындау кезінде қиюшы жазықтықтарды әріптермен және қарау бағытымен белгілемеуге болады.

 

Қималар. МЕСТ 2.305-68**

Қима деп затты жазықтықпен (немесе бірнеше жазықтықпен) ойша қиғанда пайда болған фигураның кескінін айтады. Қимада заттың тек қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді.

Қима сызбада орналасуына байланысты шығарылған (15-сурет) және қабаттасқан (14-сурет) болуы мүмкін. Қима проекциялау жазықтығына проекциялау бағыты мен сызбада нұсқамамен белгіленген қарау бағытына сәйкес болатындай етіп кескінделеді (14а-сурет).

Қабаттасқан қима негізгі кескінде кескінделеді. Қабаттасқан қима контуры жіңішке тұтас сызықпен көрсетіледі, ал қима фигурасы штрихталады. Егер қима симметриялы болса, қабаттасқан қима мен қиюшы жазықтық белгіленбейді (14 б-сурет).

 

               
   
   
     
 
 
 
   
 
 

 


а) б)

 
    14-сурет     15-сурет  

Симметриялы емес немесе қабаттасқан қималардың (5.37а-сурет), қиюшы жазықтығын белгілейді, нұсқамамен қарау бағытын көрсетеді, бірақ қима белгіленбейді.

 

                   
 
   
     
       
 
   
 

 


 

16-сурет

  17-сурет
 

Қиюшы жазықтықтың ізінің жалғасына орналасқан симметриялы емес шығарылған қималарды кескіндеу кезінде қима жазықтығы мен қарау бағыты көрсетіледі, бірақ қима белгіленбейді.

Егер шығарылған қималар көрініспен проекциялық байланыста орналаспаған болса, онда қиюшы жазықтықтың орны көрсетіліп, қима А-А, Б-Б жазбаларымен белгіленеді.

Егер қиюшы жазықтық тесікті немесе шұңқырды шектейтін айналу бетінің осі арқылы өтсе, онда тесіктің немесе шұңқырдың контуры толық көрсетіледі (16-сурет).

Егер зат өз алдына әртүрлі профильдегі бөліктерден тұратын болса, онда тіліктерді жеке сызу керек болады.

Қиманың кескіні екі (немесе бірнеше) қиюшы жазықтықта бірдей болатын болса, онда бұл қималардың біреуін ғана көрсетуге болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтықтар бірдей белгіленуі тиіс (18-сурет).

Қиюшы жазықтықтарды нормаль көлденең қималарды алатындай етіп таңдайды (19-сурет).

 

           
 
А
   
А
     
А - А
 
 

 

 

 
  18-сурет   19-сурет  



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 1923; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.