Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Алматы, 2004ж

Участка дорог

Зависят от

Транспортные затраты

удалённости с/х культуры объёма грузов состояния

Особенно сложная ситуация складывается при производстве продукции на удаленных и мелкоконтурных участках сельскохо­зяйственных угодий, особенно на пахотных землях.

Себестоимость основных видов продукции увеличивается с уменьшением среднего размера контура паш­ни.

 

Таким образом, при экономическом обосновании и оценке эф­фективности землеустроительных решений необходимо учитывать как производительные, так и территориальные свойства земли, влияние которых наилучшим образом прослеживается через себе­стоимость продукции.

Контрольные вопросы и задания

1. Почему в истории землеустроительной науки столь большое внимание уде­лялось транспортному фактору?

2. Перечислите методы, применявшиеся для оценки величины транспортных затрат.

3. Как учитываются транспортные затраты при количественном выражении эффективности землеустройства?

4. Перечислите основные производительные и территориальные свойства зе­мельных участков.

5. Как влияют эти свойства на себестоимость продукции?

6. От чего зависит удельный вес транспортных затрат в структуре себестоимос­ти продукции растениеводства?

 

30 бет/

3.3. Сартаев С.С., Нұрпейісов Д. «Мемлекет егеменігі мемлекетке тән басты белгі»

Мемлекеттердің егемендік теңдігінщ негізі БҰҰ-ның Жарғысы мен Халықаралық құқық негіздері Декларациясында көрсетілген және қазіргі кезде халықаралық қүқықтың принципі ретінде кең ауқымда қолданысқа енгізіліп отыр. Аталған құжаттарға сәйкес, елдердің егемендік теңдігі олардың жер аумағының кеңдігі, халқының көптігі, табиғи ресурстарының молдығы және басқа да ерекшеліктеріне қарай анықталмай:

1) барлық мемлекеттер заң бойынша тең болуға;

2) кез келген мемлекет толық егеменділік құқын тең пайдалануға;

3) қай мемлекет болсын, басқа мемлекеттің жеке құқын құрметтеуге;

4) мемлекеттердің аумағының тұтастығы және саяси тәуелсіздігі сақталуы;

5) қай мемлекет болсын өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерін еркін таңдап және дамытуға құқылы болуға;

6) мемлекеттердің қай-қайсысы да өздерінің халықаралық міндеттерін толық және адал орындауға, барлық елдермен бейбіт қатар өмір сүруге мін-детті болып белгіленді.

Түптеп келгенде, мемлекеттердің бірінің-бірі егемендік теңдігін құрметтеуі, елдердің әлем қауымдастығына ашық болуы, сондай-ақ қоғамның жалпы демократиялық даму процестеріне икемді болуы халықаралық жаңа саясаттың элементтерін құрайды.

Демек, мемлекет егеменділігі елдің ішінде де, сыртында да белгілі бір шектеулерге негіз бола алады. Осының арқасында мелекеттің өз ішіндегі әртүрлі субъектілермен қоса, сыртқы елдермен арақатынасын реттеу егеменділігінің құдыреті пайда болады. Қазіргі кездегі елдер арасындағы әралуан қайшылықтар мен көптеген текетірестерде мемлекеттердің егемендік құқы мен еркіндігін қорғап қана қоймай, оның шектелуін де реттейтін халықаралық жүйені қалыптастырды.

Тағы бір айта кететін жайт, "егемен" алғашқыда тек жоғарғы жеке билікке тән (суверена - фр. - souverain) ұғым ретінде қабылданды. Алайда, егемен өз қоластындағыларға шексіз билік жүргізуші ретінде емес, бірінші кезекте, олардың қорғаушысы, құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде де белгілі болды. Тіпті оның жоғарғы құқықтық билігі қоластындағыларын қорғаумен және басқа да ортақ істерді жүзеге асыруы-мен де анықталды. Екінші сөзбен айтқанда, егерде атқаратын қызметі болмаса, билік жүргізуге де құқы жоқ деген сөз. Тұтас бір егеменді биліктің жоқтығы бостандықтың жоқтығына сілтеп қана қоймай, қорғансыздықты да мойындатады. Демек, "егеменділікке мойынсыну" ол жоғарғы билікке бағынышты болу емес, егеменді биліктің қорғанында болуды меңзейді. Тағы бір тоқтала кететін жайт, мемлекет туралы саяси-құқықтық ілімдерде адам үшін бостандық пен құқық қаншалықты маңызды болса, "егеменділік" те мемлекет пен билік үшін соншалықты маңызды. Осымен байланысты мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұғу, жеке адамдардың мүлкін ұрлаумен бірдей,- деген де түсінік қалыптасқанын айта кеткен жөн.

Мемлекет егеменділігі елдегі қоғамдық өмірдің саяси, экономикалық, құқықтық және басқа да салаларын қамтигъш аса күрделі және маңызды саяси-құқықтық құбылыс. Мемлекет егеменділігіне экономикалық берік тұғыр негіз болуы керек. Ондай тұғыр - мемлекет аумағы, ондағы табиғи ресурстар, яғни мемлекеттің барлық ұлттық байлығы.

Мемлекет егеменділігі мемлекеттің негізгі, бірден-бір ерекшелігі болғандықтан, оның белгілі бір саяси бағыты болуы керек. Ұлттық немесе халықтық сананың өсуі, елдегі саяси тұрақтылық, қоғамдағы келісімдер, сондай-ақ мемлекеттік биліктің пәрменділігі сияқты ерекшеліктер мемлекет егеменділігінің саяси тұғырын құрайды.

/Тәуелсіз Қазақстан – егеменді мемлекет

Алматы, 2004ж., Қазақ құқықтану және

халықаралық қатынастар институты

С.Сартаев, Д.Нұрпейісов

54-59 беттер./

Құқық түсінігінің негізі тұжырымдары.

Құқық түсінігі және құқықтың әлеуметтік тағайындалу проблемалары құқықтың түсініктері мен ұғымдарының барлық жүйесі үшін, құқықтың барлық теориясы үшін шешуші болып табылады, қалайда барлық теория профилі(оның ғылыми танымдық) және тәжірибелік- идеологиялық көкжиегі олардың шешіміне тәуелді. Осыған байланысты соңғы кезде құқық түсінігі туралы пікірталасқа айналған материалдар қызығушылық тудырады, алдымен «тар» немесе «тар нормативті» деп аталынатын пікірталас туралы және «кең мағыналы» құқық түсінігіне, ал соңғы кезде құқық түсінігіндегі «үш тұжырым» туралы әр түрлі көзқарасқа деген қатынасты түзеу қажет.

Құқық – көпдеңгейлі, көпөлшемді, көпқабатты құбылыс. Жалпы құқық түсінігі дамуы біздің заң ғылымы тарихында келесі негізгі кезеңдерді басынан өткерген: «құқықтық нигилизмнен» - қоғамдық қатынас тәртібі ретінде құқық туралы жалпы түсінікке, содан құқықтың нормативтік түсінігіне, ең соңында, көп аспектілі, яғни қазіргі тілмен айтқанда құқық түсінігіне.

«тар», немесе «нормативті» құқық түсінігіне жүгінсек, «құқық- бұл жауаптылықпен бірлесе отырып, белгілі мінез құлық бостандығын өрнектейтін, сонымен құқықтық және құқыққа қайшы мінез құлықтарға мемлекеттік- биліктік критериі сипатында берілген – формальді- анықталған, жалпыға міндетті нормалар жүйесі»2. Көрсетілген теория ХХ ғасырда әлдеқайда жетілген нысанға ие болды. Өкілдері: Штаммлер, Кельзен және т.б.

Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол әрекет етуші жүйе нормасы – аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез құлық ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін нормалардың тірі жүйесі.

Бұл тезистік тұрғыда келесідей:

Негізгі идеялар:

1) бастапқыда, жекелеп алсақ Кельзеннің тұжырымы үшін құқық туралы түсінік, нормалар жүйесі туралы (пирамида) түсінік болып табылады, онда оның ең жоғарғы сатысында заң шығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма орналасқан, бұл жерде әрбір төменгі норма маңызды заңдық күшке ие норма алдында өз заңдылығын жоғалтады.

2) Нормалар пирамидасының негізінде құқық түсінігіне кіретін және негізгі (ең алдымен конституциялық) нормаға сәйкес болуға тиісті соттардың шешімі, шарттар, әкімшілік нұсқаулар сияқты жеке актілер жатыр.

Жақсы жақтары:

- Нормативтілік сияқты құқықтың негізгі касиеттерін дұрыс бөліп көрсетеді, және құқық нормаларының заңдық күшінің дәрежесіне қарай бағыныштылығының қажеттілігін сенімді дәйектейді;

- Бұл көзқарас бойынша нормативтілік құқықтың формальдық анықтамасымен құрамдас байланыста, яғни заңдық талаптарды (белгілі нақты өлшемдер күшінде) жетекшілікке алу мүмкіндігін шамамен жеңілдетеді және субъектілерге келесі нормативтік - құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік тудырады;

- мемлекеттің қоғамның дамуына ықпал ету кең мүмкіндігі мойындалады немесе тек мемлекет негізгі номаны бекітеді және қамтамасыз етеді,

Әлсіз жақтары:

- құқықтың формальдық жағына өте «бет бұрғаны» байқалады, демек оның мазмұнды жағын (жеке тұлға құқығы, заңдық нормалардың адамгершілік бастауы, олардың қоғам дамуының объективтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі және т.с.с.) есепке алмауын тудырады. Сондықтан да бұл теорияның өкілдері құқықтың әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани факторлармен байланысын бағаламайды, яғни олардан құқықты артығымен тазартады;

- негізгі норманы заң шығарушы қабылдайды деген фактіні мойындай отырып, Кельзен тиімді заңдық нормаларды бекітудегі мемлекеттің рөлін артығымен бағалайды. Әртүрлі себептерге байланысты ол ескірген, және негізделмеген нормалармен қанағаттандырылуы мүмкін.

«Генетикалық» (марксистік) көзқарас құқықтың пайда болуы немесе тууы заңдылықтарымен және оның қалыптасуымен айналысады. Құқық түсінігіне деген осы көзқарастың тұғырын, құқықты қалыптастырушы таптық ерік, осы тап өмірінің материалдық жағдайымен анықталады деген марксистік формула қалады.

Әрекеттегі құқыққа, мемлекеттік құрылыс тәжірибесіне, олардың субъектілерінің қызметінің мінез-құлқына бағытталған құқықтүсінушілік «социологиялық» көзқарас деп аталады. Өкілдері: Эрлих, Жени, Муремцев және т.б. Бұл теория ХХ ғасырда әлдеқайда логикалы аяқталған нысанға ие болды. Әрекеттегі құқық дегеніміз «фактілік құқық» деп аталынатын яғни құқықтық қатынаста, құқықтықтәртіпте, құқықтық мінез-құлықта көрініс табатын, құқықтың іске асуы. Бұл құқықтық реттеудің тиімділігін, соңғы мақсатының жетістігін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті көзқарас.

Бұл бағыттағы өкілдеріне тән қасиет құқық пен заңды қарама-қарсы қою. Бұл жерде құқықтық жариялылыққа және судьялық бостандықты және әкімшілік құқық шығармашылықты кеңейтуге басты назар аударады.

Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:

Негізгі идеялар:

1) құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;

2) құқық астарында, ұласпалы, заңдық әрекеттер, заңдық тәжірибе, құқықтық тәртіп, заңдарды қолдану және т.с.с түсініледі. Құқық- құқыққатынас субъектілерінің – жеке және заңды тұлғалардың шынайы мінез-құлық;

3) мұндай тірі құқықты ең алдымен судьялар юрисдикциялық қызмет үрдісінде қалыптастырады. Олар сәйкес шешімдер шығара отырып және бұл жағдайда құқықшығармашылық субъектісі бола отырып заңдарды құқықпен «толтырады».

Жақсы жақтары:

- мұндай түсінік құқықтың іске асуына, тәжірибеде жүзеге асырылуын көрсететін мәніне бағытталады;

- қоғамдық қатынас құқықтық нысандағы мазмұн ретінде басымдылығы шынайы негізді аталады;

- бұл теория экономикаға мемлекеттің араласуын шектеумен, басқарудың орталықтандырылмауымен жақсы үйлеседі.

Әлсіз жақтары:

- егер құқықты заңдардың жүзеге асырылуы, нақты құқықтық тәртіп деп түсінсек, онда құқықтық және құқықтық емес нақты өлшемдер жоғалады, немесе құқықтың іске асуы заңды, сондай-ақ заңды емес болуы мүмкін.

- құқықшығармашылық қызметіндегі соттар мен әкімшіліктерге «ауырлық орталығын» көшіру арқасында құзырлы емес және арсыз лауазымды тұлғалар тарапынан ашық қателік қауіптілігі өсуде.

Өмірдегі құқық құқықтық тәртіпке және абсолютке айналады, барлық құқыққолданушылардың ұжымдық жағдайының жемісі болады. Құқықтың социологиялық түсінігіне психологиялық та тығыз байланысады. Құқықтың психологиялық теория өкілдері (Спенсер, Г.Гарл, В.Вунд, Л.И. Петражицкий) үшін құқық- психика өнімі. Осыдан келе, соттар мен әкімшілік эмоция, көңіл күйге және т.б. байланысты нақты құқықты тудырады, яғни көпе - көрнеу тұлғаның психологиясына қысым жасайды деген тезис заңды. Бұл тұрғыда, заң шығарушының, сондай-ақ азаматтың, құқық қолданушылардың және құқыққорғаушылардың құқық әрекетінің психологиялық механизмін: құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық бағдарлар және құндылық бағыттарын оқып үйренуінің теоретикалық және тәжірибелік маңызы зор.

Құқыққа деген аксиологиялық (құнды) көзқарас – қазіргі құқық философиясының негізгі сипаты, табиғи құқық теориясы. Бұл теория ХҮІІ- ХҮІІІ ғасырлардағы буржуйлық төңкеріс кезеңінде мазмұны жағынан қисынды аяқталған нысанға келеді. Өкілдері: Гоббс, Локк, Радищев және т.б.

Бұл бағытты қолдаушы өкілдерді құқыққа деген адамзат құндылықтарына негізделген мәнді, терең көзқарас қызықтырды.

Заңның сөздері адамдардың санасына кірмесе және олармен менгерілмесе қағазда ғана қалады. Қабылданған немесе өзгерген заңның мәтіні бұқаралық санаға танылмаса, оны құқық деп қанағат тұтуға бола ма? Заң қоғамға сана (бұқаралық құқықтық сана, ресми құқықтық сана) арқылы ғана ықпалын жүргізеді. Сондықтан құқық – заң мәтіні ғана емес, ал жалпы білім беру нормасы, құқықтар, міндеттер, тыйымдар, олардың пайда болуы мен жүзеге асырылу шарттары, тәртіп және қорғау нысандары туралы түсініктер жүйесінің қоғамдық санада мазмұндалған түрі.

Адамзаттың тарихи дамуы тұтастай дәуірдің және жеке мемлекеттердің, қайда және қашан заңсыз және мәтінсіз құқықтың әрекет еткенін дәйектейді: прецедент жүйесі кезінде оның қайнар көзі кәсіби құқықтық сана болды, әдет - ғұрып құқығы кезінде бұқаралық құқықтық психологияға жүгінген.

Қоғамдық сананың мазмұны қоғамдық моральдің нормасы мен өлшемдерімен («бұзақылық», «балағаттау», «жала жабу», «исключительный ценизм» және т.б.) санаспайынша түсініксіз және мүлдем жүзеге асырылмайтын терминдермен толықтырылып, нақтыланып және «бағалаушы ұғым» («уваж прич», «жеткілікті негіздер» және т.б.) деп аталатын жалпы мәнге ие болатынымен маңызды. Оң көзқарас тұрғысында, бұл жерде заң мәтіні қоғамдық санамен бағаланып қана қоймай, сондай-ақ осы аталмыш қоғамдық санада адамгершілік және әділеттілік түсініктерімен салыстырылады, заң мәтіндерінде әрқашан адамгершілік құндылықтары, адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсініктер белгіленбейді.

Сонымен, адамгершілік тұрғыдағы құқық түсінушілік құқықтың орнына қоғамдық, топтық және жеке санада қалыптасқан жақсылық пен арамдық, теңдік пен теңсіздік, мақтанатын және жиренетін, моральды және моральға жат түсініктер туралы қарама қайшы және әралуан пікірлерді қабылдайды және бере алады.

Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:

Негізгі идеялар:

1) аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).

2) құқық пен мораль ұқсастандырылған;

Жақсы жақтары:

- бұнда заң құқыққа қайшы болуы мүмкін, демек құқыққа, яғни әділеттілік, бостандық, теңдік және т.с.с. сияқты адамгершілік құндылықтарымен сәйкес келтірілуі керек деп дұрыс көрсетілген.

Әлсіз жақтары:

- осындай құқық түсінігі (абстрактілі адамгершілік құндылықтары сияқты) оның формальды – заңи қасиеттерін азайтады, оның нәтижесінде заңдылық және заңға қайшы нақты өлшемдерін жоғалтады, өйткені әртүрлі адамдардағы адамгершілік туралы түрлі елестерді әділеттілік тұрғысынан анықтау оңайға соқпайды;

Сондықтан, құқықтың шын мәнінде әрқашан бірдеңесі жетіспейді, жетілмеген, түрлі өзгертулер мен орны мен уақыты жағдайына байланысты бірдей емес трансформацияны талап етеді. Демек, ғылыми мақсатта және тиімді құқықшығармашылық мүддесі тұрғысынан құқыққа деген әртүрлі көзқарастарды, әртүрлі құқық анықтамаларын және бірыңғай анықтама шегінде оларды сомдауға ұмтылуды мақұлдау қажет.

29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.

Құқық мәні туралы айтпастан бұрын заңдық мағынада оның түсінігін анықтау қажет.

Құқық – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалді анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Құқық анықтамасынан шығып оның келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

1) мемлекетпен байланысы – құқық қоғамнан емес мемлекеттен туындайды, қоғам еркінің емес мемлекет еркінің жүзеге асырылуы ретінде, яғни билік басында тұрған саяси күштердің мемлекеттік еркі; тек мемлекет арнайы құзырлы орган атынан құқық нормаларын қабылдай алады;

2) жалпыға міндеттілік – құқық жалпы сипатқа ие, құқық нормалары олардың алдын ала көрсеткен жағдайына тап болғандардың барлығына және әр қайсысына бағыталған; құқықтық норма кімге бағытталса соларға орындау үшін міндетті, құқықтық норма талаптарын орындамаған жағдайда заңдық жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін;

3) формальды анықталғандық – құқық нормалары нақты құрастырылған және жазбаша нысанда бекітілген, жүйеленген түрде заңдарда, жинақтарда, прецеденттерде берілген, осы арқылы құқық тағдырлық өзгертулерден қорғалып, оның белгілі бір тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Құқықтың мәні дегеніміз қоғамдағы тағайындалуын және шынайы табиғатын өрнектейтін негізгі ішкі, қатысты тұрақты сапалық тұғыры. (Мемлекет және құқық теориясы. ред. жетек. Лазарев В.В. Оқулық. – М., 1994, 119 бет)

Құқықтың мәнін қарастырғанда келесі екі аспектіні ескеру қажет:

1) қандай да құқық бәрінен бұрын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатындығы;

2) кімнің мүддесін білдіретіні және қорғайтыны.

Құқықтың мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар бар:

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының, таптардың арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, социологиялық теориялар бар.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Ол тек таптық және жалпы әлеуметтік бастаумен ғана сабақтаспайды.

Қоғам және мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, оның тағайындалуы реттеушілік және қорғашы функциялар арқылы көрініс табады. (Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттке келтірудегі құқықтың рөлін өрнектейтін, құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары.)

Құқық қоғамдық қатынасты реттеуші ретінде, бірінші кезекте қоғам мен мемлекет үшін әлдеқайда құнды әлеуметтік байланыстарды дамытуға ықпал етуді көздейді. Реттеуші функциясын, ережеге сай көтермелеу, шегерімдер, рұқсат беру, ұсыныс білдіру сияқты құқықтық стимулдар қамтамасыз етеді. Олардың белсенділігі, бастамалығы, ыждағаттылығы үшін кең өріс аша отырып, тұлға мүдделерін қанағаттандыруға әсер етеді.

Егер қоғамдық қатынастардың дамуына белгілі бір кедергілер кауіпі төнсе, онда міндеттер, тыйымдар, жазалар сияқты құқықтық шектеулер арқылы жүзеге асатын қорғаушы функция іске қосылады. Қорғаушы функция реттеуші функциядан туындайды және оны қамтамасыз етуге арналған немесе қандай да әлеуметтік байланыстардың дамуының қалыпты үрдісі бұзылған жағдайда қорғау және сақтау әрекет етеді.

30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.

Қоғамда тіршіліктегі, өндіріс саласындағы, саясаттағы және т.б. салалардағы адамдардың мінез құлқын реттейтін сан алуан нормалар әрекет етеді. Кез келген жағдайда норма адамдардың жалпы мінез құлық ережелері ретінде көрініс табады, латын тілінен аударғанда бұл сөз ереже, нақты предписание, үлгі дегенді білдіреді.Барлық нормалар техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық нормалар затқа, табиғатқа қатысты адамдардың мінез құлқын реттейді.Бұл адамдардың табиғи заттарды, еңбек құралдарын, түрлі техникалық құралдарын әлде қайда тиімді пайдаланудың ережесі. Техникалық нормаларға мысал ретінде белгілі құрылыс жұмыстарын орындау ережелерін, техниканы эксплуатация бойынша инструкцияны, шикізатты, жанармайды шығындау шектерін, мемлекеттк стандарттарды, техникалық жағдайларды келтіруге болады.

Техникалық нормалардың ерекшелігі олар техниканы пайдаланумен байланысты адамдардың мінез құлқын реттейді. Қоғамға әлде қайда маңызды техникалық нормалар құқық нысанымен қамтылады және олар заңдық маңыздылыққа ие болады. Сәйкесінше бұл нормаларды сақтамау заңдық жауапкершілікті тудырады. Мысалы, ҚР ҚК 295 бабымен қарастырылған, темір жол, әуе немесе су транспортының қозғалыс қаіпсіздік және эксплуатация ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.

Әлеуметтік нормалар – бұл адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды реттейтін мінез құлық ережелері.

Әлеуметтік нормалардың түрлері екі негізгі белгісі бойынша шектеледі:

1) оларды орнату тәсілі бойынша;

2) оларды қамтамасыз ету шарасының сипаты бойынша.

Әлеуметтік нормалардың түрлеріне жататындар:

1) мораль нормалары (адамгершілік) - бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;

2) қоғамдық бірлестік нормалары (корпоративтік нормалар) – бұл қоғамдық ұйымның өзімен бекітілетін және осы ұйымдардың жарғысында көрсетілген қоғамдық мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалатын мінез құлық ережелері. (мысалы, жазушылар немесе бау-бақшашылар одағының жарлығында көрсетілген белгіленген мінез құлық ережелерін орындамау оларды бұл бірлестіктен шығаруына әкеп соқтырады). Басқаша айтқанда, корпоративтік нормалар тек ішкі қатынастарды реттейді: - қоғамдық бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) еркін білдіреді;

3) салт-дәстүр, әдет-ғұрып нормалары – бұл белгілі бір қоғамдық салада тарихи даму үрдісінде қалыптасқан мінез құлық ережесі; көп рет қайталану нәтижесінде әдетке айналып, соның арқасында олар қоғамдық пікірде қолдау тауып қолданылып келеді(ер адамдарда қол алысу, бірінші төлқұжатты беру);

4) құқық нормасы – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формалді анықталған мінез құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері:

1) мұнда реттеу пәні терең әлеуметтік – қоғамдық қатынастар;

2) «субъектілік» құрамы әлеуметтік сала өкілдері ретіндегі тек адамдармен ғана байланысты.

Әлеуметтік нормалардың түрлерінен құқық нормасын (құқық) бөліп көрсетеді.

Егер құқық нормасын нормамен, мысалы моральмен салыстыратын болсақ олардың бірлігі және айырмашылығы бар.

Бірлігі:

1) әлеуметтік норма жүйесінде олар әмбебап, барлық қоғамға таралатын болып көрініс табады;

2) олардың реттеу объектісі бір – қоғамдық қатынастар;

3) соңғы есепте қоғамнан туындайды.

Айырмашылығы:

1) пайда болуы бойынша (егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, ал құқық – мемлекетпен бірге);

2) көрініс табу нысаны бойынша (егер мораль қоғамдық санада болса, ал құқық – жазбаша нысанға ие арнайы нормативтік актілерде болады);

3) әрекет ету ауқымы бойынша (егер мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық әлде қайда маңызды және реттеуге келетін қатынастарды);

4) әрекетке енгізу уақыты бойынша (егер мораль нормалары әрекетке мойындалғаннан кейін енгізілсе, ал құықтық – нақты бекітілген мерзімде);

5) қамтамасыз ету тәсілі боынша (егер мораль нормалары қоғамдық мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал құқық нормалары – мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен);

6) бағалау өлшемі бойынша (егер мораль нормалары жақсылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық нормалары – заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес тұрғыда реттейді).

Қоғамдық қатынастарды реттеу үрдісінде құқық пен мораль өзара әрекеттеседі. Олардың талаптары көп жағдайда сәйкес келеді: құық қолдайтын және даттайтынды ережеге сай моральда қолдап, даттайды. Және керісінше көптеген құқық нормалары нравствендықтан (өлтірме, ұрлама және т.с.с.) туындайды.

Корпоративтік нормалар құық нормаларына ұқсас, өйткені:

1) заңдық нормалар сияқты жазбаша актілерде – жалпы жиналыстарда, конференцияларда, съездерде қабылданатын құжаттарда (мысалы, жарғыда, шешімдерде) бекітіледі;

2) ұйым мүшелеріне міндетті сипатқа ие;

3) жүзеге асыруда ішкі бақылауды қажет етеді;

4) өз нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету құралдарының тіркелген толық құрамырамына ие;

5) нормалар жүйесі, яғни реттелген мінез құлық ережелерінің жиынтығы ретінде көрініс табады.

Сонымен қатар құқықтық және корпоративтік нормалар арасында келесідей айырмашылықтар бар:

1) егер құқық нормалары мемлекетпен қабылданса, ал корпоративтік нормалар – сәйкес құрылымдармен қабылданады;

2) егер құқық нормалары мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал корпоративтік – берілген ұйымның қоғамдық пікірінің күшімен;

3) егер құқық нормалары жалпыға міндетті болса, ал корпоративтік нормалар тек сәйкесінше ұйымның мүшелеріне ғана міндетті;

4) егер құқық нормалары қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттеуге арналса, ал корпоративтік нормалар – тек ішкіұйымдастырушылық.

5) Құқықтық және корпоративтік нормалар түрлі ұйымдардың (мысалы, кәсіподақтық) құқық қабілеттілігін бекіту саласында, олармен қабылданған шешімдердің құқықтылығын бағалауда өзара әрекеттесуі мүмкін.

 


[1] Нурпеисов Д.К. Суверенный Казахстан: вопросы государства, государственной власти и государственного суверенитета. Алматы, Қазақ университеті, 2002. С. 16-19.

 

2 Алексеев С. С. Общая теория права. ­– М., 1981. Т.1.С104.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Влияние на себестоимость продукции | Боевое Знамя воинской части - символ воинской чести, доблести и славы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 1105; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.027 сек.