Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 6 страница. Бекітілген бағдарламада туристік кластердің төмендегі сегменттері белгіленген: экологиялық туризм




Бекітілген бағдарламада туристік кластердің төмендегі сегменттері белгіленген: экологиялық туризм, қолда бар тарихи-танымдық әлеуетті және мәдени мұраны ашуға бағытталған мәдени-танымдық туризм, іскерлік туризм, спорттық және туризмнің басқа да саласында қызмет көрсету.

Нәтижесінде Алматы облысында туризмді дамытудың басымды бағыттары болып туризмнің экологиялық және мәдени-танымдық түрлері қабылданды.

Жергілікті жерде туризмнің дамуын тежеп отырған негізгі проблемалар мен себептерді анықтау мақсатында 2008 жылғы маусымнан бастап 2009 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде Корея Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі зерттеулер жүргізді және 2009 жылғы желтоқсанда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық жедел автомагистралі бойында ұлттық туристік кластерді құру» мастер-жоспары әзірленді [43].

Мастер-жоспардың ұсынымдары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде туризмді дамытудың одан әрі пайымдауын қалыптастыру үшін негіз болды.

Жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесінде туризм саласындағы кластерлік келістің артықшылықтарын көре аламыз, туризмнің өзіне тікелей және жанама әсер ететін экономиканың 32 саласының дамуына байланысты болуын кластерлеудің оңтайлы жағынан сипаттаймыз (сурет 5):

 

 

Туристік фирмалар
Көлік
Қонақ үйлер
Мұражайлар
Жарнама агенттіктері
Мемлекеттік басқару
Туристік нысандар
Кәде-сыйлар
Емдік сауықтыру орындары
Демалыс орындары
Тамақтандыру орындары
Сауда орындары
Қызмет көрсетулер, тауарлар
Тұтынушы турист (басқа аймақтан немесе шет елден)
Банктер
Көңіл көтеру орындары
Кадр дайындау ЖОО

 

 


Сурет 5. – Туристік кластер кескіні

Суреттен көріп отырғанымыздай мемлекеттік басқару әлеуметтік–экономикалық әсерді жүзеге асыруда туристік объектілерге қатысты экологиялық тазалық пен қауіпсіздік, туристердің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету, тарихи мұраларды өз қалпынша сақтау бойынша жүргізетін шаралары әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларында міндетті түрде өз шешімдерін табуы тиіс.

Себебі бұл жағдайларға осы уақытта дейін дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің жағымсыз мысалына Қырғызстан, Кавказ, Ауғанстан, Африка мен Азияның кейбір елдерін, оның ішінде Таиланд, Индонезия, сонымен бірге АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдер мен аймақтарды жатқызуға болады. Таиланд пен Индонезия табиғат катаклизмі мен туристердің кетуі нәтижесінде үлкен шығындарға ұшырады. Бұл жағдайда мемлекет рөлі тайфунның болу қаупін болжау мен тек туристер ғана емес, тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын [44].

Елімізде туристік саланы кластерлік келіспен дамыту үшін мемлекет тарапынан қабылданған нақты бағдарламаларды жүзеге асыру біршама жағдайларға байланысты. Туризм саласындағы жағдайларды талдай келе, оларды кластердің пайда болуын ынталандырушы мен кедергі келтіруші алғышарттар деп екі топқа бөліп қарастырылды (кесте 5):

Кесте -5. Туризм саласында кластерді қалыптастыруды ынталандырушы және кедергі келтіретін алғы шарттары.

Кластердің пайда болуын ынталандырушы алғы шарттар Кедергі келтіруші шарттар
- республикада туристік әлуеттің жоғары болуы; - туристік өнімдерге жоғары сұранымның қалыптасуы; - туристік саланы дамыту келешегінің анықталуы; - мемлекет тарапынан саланы қолдау шаралары; - саланың бәсекеге қабілеттілікке тұрақтылық таныта алуы; - табиғи ресурстар байлығы - өзара байланысты кәсіпорындардың жеткілікті саны. - әкімшілік (виза алу процедурасының ұзақтығы, шетел туристерін тіркеу мерзімінің ұзақтығы); - қаржыландыру; - туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша салааралық қызметтер үйлесімінің болмауы; - кадрлық ресурстардың аздығы немесе біліктіліктің төмендігі; - туристік ресурстарға кіру мүмкіндігі

 

Сонымен, туризм саласының елдің экономикалық жүйесінде тиімділігінің артуы осы аядағы алғы шарттардың болуы мен олардың қалыптасу мүмкіндігіне негізделетіне және мемлекеттің мүддесі туристік саясатты дамытуда басты орын алатынына көз жеткізе аламыз.

 

2.2 Алматы облысы туризмінің дамуындағы табиғи алғышарттар

 

Туризмөзіндік ресурстық бағыт- бағдары барсалалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.

Рекреациялық мамандану деңгейіне байланысты жерді рекреациялық пайдаланудың негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады:

1. Рекреациялық белсенділіктің жоғары деңгейі сақталған территориялар. Бұл жерде басқа жер тұтынушылар екінші орынға ығысады және мәнін жояды.Олардың қатарына мыналар жатады:

(саяжайлар, жағажайлар және басқа да көпшілік демалатын орындар).

2. Экологиялық және өндірістік қызметтерді біруақытта атқаратын рекреациялық белсенділіктің ортаңғы деңгейіндегі территориялар. Олардың қатарына жататындар: (қала сыртында отырғызылған жасыл көшеттер, эрозияға қарсы отырғызылған ормандар т.б.).

3. Рекреациялық мөлшері аз деңгейдегі территориялар.

Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Жетісу деп аталатын аймақта орналасқан. Солтүстігінде ол Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр әрі бұл шекаралық аймақты ащы-тұщы сулы Балхаш көлі, суы ащы Алакөл, Жалаңаш көл және суы тұщы Сасықкөл мен Ұялы көлдері бөліп жатыр. Шығысында Жоңғар Алатауы арқылы Қытай мемлекетімен көршілес жатыр. Ал, оңтүстігінде Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары созылып жатыр. Бұл Солтүстік Және Орталық Тянь-Шань таулары. Батысында Жамбыл облысымен шектеседі. Облысты Жетісудағы ең ірі су көзі Іле өзені кесіп өтеді. Оның қайнар көзі Алматы облысынан бастау алып, сосын Қытайға бет алады, ол жақтан қайтадан Қазақстанға ағып келіп жасанды Қапшағай су қоймасын түзген соң шөл арқылы өтеді де Балқаш өзеніне келіп құяды. Оның ұзындығы 1001 шақырым. Қапшағайдан Іле Алатауының аңғарына дейін 1000 шақырымға жуық, бірақ мұндай ара қашықтықта бір сағаттың ішінде қаңсыған шөл даладан бастап арктикалық мұзға дейінгі 4 климаттық белдеуді жүріп өтуге болады [45].

Облыста альпинизм мен тау туризмі кеңінен танымал. Биік шыңдар мен асуларды бағындыру сонау 30-шы жылдарда-ақ қолға алына бастаған және мұнымен айналысушылар әлемнің әр түрлі елдерінен келіп жататын туристер болды. Қазақстанның ең биік нүктесі болып саналатын және жаз мезгілінде 2000-ға жуық адам өрмелейтін Хантәңірі шыңының етегінде халықаралық алпинистер лагері орналасқан.

Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті [46].

Алматы облысының табиғи ресурстары және олардың туризм саласында қолданылуы. Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:

- демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;

- аймақтың рельфі;

- климаттық жағдайлары;

- сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;

- су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;

- сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы; [47].

Алматы облысында бұл табиғи ресурстардың жиынтығы басым.

Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылыға жағынан Қазақстан аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Алматы облысының аймағы болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі жылылықтың ұзақ сақталуы, жер беті суларының болуы, орманға оранып, көз тартатын көрікті таулардың көп болуы, экскурсиялық нысандардың болуы. Сөз жоқ мұндай сұлулықты дархан табиғат ана Алматының маңайына асқан жомарттықпен тарту еткен [48].

Осылайша, халықтың демалысқа деген қажеттілігін қанағаттандыру, олардың мінез-құлық, физикалық денсаулығын қалпына келтіру, табиғи рекреакциялық аймақтарды сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді жан-жақты зерттеу арқылы Алматы аймағы туризмін бәсекеге қабілетті етіп, ары қарай дамыту.

Туризм - белгілі-бір мемлекет аумағындағы және оның аймақтарындағы рекреакциялық басымдықтарды әлеуметтік және саяси жағдайда пайдалану.

Қазақстанда рекреакциялық ресурстар зерттеліп, туризмді дамыту мүмкіндіктері туындады. Елімізде рекреакциялық жағынан негізінен зерттелген аймақ Алматы облысы. Басқа аймақтарда осы тақырыпқа байланысты ғылыми жұмыстардың жеткіліксіз мөлшерде жазылуы белең алып отыр. Алматы облысында рекреакциялық ресурстарды дамытуға жаңа және ескі туристік орталықтарды қайта құру халықтың өз қажеттілігінен туындап отыр. Себебі: «Жетісу Жер Жаннаты» демекші облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді және табиғаттың өзі жасап, қалдырған қайталанбас табиғи орындарды өз көзімен көру қажеттілігі туындады.

Қазіргі кезде, біздің қоғамымызда ақысыз демалу және емделу мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізілсе, ол өз кезегінде туризмді дамытып қана қоймай, халықтың денсаулығының жақсаруына алып келеді. Ұлттық парктер, орман парктері, спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс аймақтары және басқа да туристік-рекреакциялық жүйе халықтың денсаулығын жақсартып, олардың қажеттілігін жан-жақты қанағатыра алады. Бірақ та республикамызда және оның басқа да аймақтарында қазіргі кезең туизмінің даму деңгейі әлі де төмен.

Көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі туризміне талдау жасай отырып, біз мынаны түсінеміз: туризмді жан-жақты дамыту үшін ең алдымен ішкі туризм жайлы бағдарлама керек. Әр мемлекет шеңберіндегі ішкі туризм экономиканың тұрақтануына жол ашады.

 

2.3 Алматы облысындағы туристік кластер дамуының ағымдық жағдайын талдау

 

Қазіргі уақытта Алматы облысындағы туристік қызметтер нарығы қарқынды дамып келе жатыр. Алматы облысы үшін соңғы жылдары туризмнің барлық түрлері бойынша тұрақты өсу байқалады. Оны Қазақстандағы экономикалық өсумен, республика халқының әл-ауқатының жақсаруымен және Алматы облысының өзінде экономикалық қызметтің барлық сфераларының біршама дамуымен, сонымен бірге қаладағы туризмді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарлы іс-шаралардың жүзеге асырылуымен түсіндіруге болады. Бұл аймақ тұрғындары әл-ауқатының жақсаруы демалыс пен туризмнің барлық түрлеріне деген сұраныстың артуына, ал артып келе жатқан сұраныс өз кезегінде туристік фирмалардың дамуы мен олардың табыстылығын ынталандырады [49].

Алматы облысы демалыс пен туризм түрлерінің нарығында ұсыныстың өсу тенденциясы байқалуда. 2014 -жылдың соңына турфирмалардың саны 900-ге жетті. Бұл кәсіпорындарда жыл бойы 2500-ден астам штаттық қызметкер және жазғы кезеңде 5000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді [29, 9].

Туризмнің барлық түрлері бойынша қаланың турагенттіктері қызмет көрсеткен туристер саны да біршама артып келеді. 2012-жылы 347,4 мың адамға қызмет көрсетілген болса, 2013-жылы 450,3 мың адам, ал 2014-жылы 601,5 мың адам, бұл көрсеткіш 2013-жылмен салыстырғанда 33%-ға артық. Сәйкесінше туристік қызметтің табыстары да өсуде.

Облыстың туристік қызметтің негізгі субъектілерінің көп бөлігін, 2014 жылғы мәліметтер бойынша, туристік фирмалар иеленеді. Туристік ағымдарды қалыптастыру мен оларға қызмет көрсетуде басым жұмысты қаланың туристік кәсіпорындары – заңға сәйкес функционалды түрде турагенттер мен туроператорларға бөлінетін турфирмалар, атқарады.

Туристік қызметтер нарығының тағы бір маңызды құраушысы орналастыру орындары болып табылады, олардың арасында ірі қонақ-үйлер басым болып келеді, сонымен жекелері де әрекет етді. Бұл деректер туристерді орналастыру нарығының белсенді қалыптасып жатқандығын куәландырады. Ал жеке орналастыру орындарының пайда болуымен шағын және орташа қонақ- үйлердің үлесі артады, қызметтер мен бағалар бойынша ұсыныс нарығы кеңейеді, қызметтер сапасын бәсекелестік жағдайында реттеу жағдайлары қалыптасады.

Туристік ағымдардың дамуында орналастыру орындары маңызды рөл атқарады, атап айтар болсақ, қонақ- үйлердің жалпы саны, олардың қызмет көрсету сапасы мен деңгейі, және ең бастысы – бағалар.

Туристік өнімдердің негізгі түрлері туристік ағымдардың үш түрі бойыша қарастырылады – ішкі, келу, шығу туризмдері (диаграмма 4) [31, 3-6]. Алматы облысында шығу туризмі бойынша туристер саны басым болып келеді. Бір жағынан бұл халықтың әл-ауқатының артқанын білдірсе, екінші жағынан – бұл басқа елдердегі демалыс пен саяхат үшін қала мен елден шығатын ақша. Сондықтан туристердің бұл ағымын азайту үшін қала мен облыста қазіргі күні тартымды демалыс пен туризмнің бағыттарын дамыту, сұранысы бар балама қызметтерді құру қажет.

Сурет 6. Туристік ағындар құрылымы

Шығу туризмінің технологиялық тізбегі қарапайым: клиент - турагент - әуекомпаниясы – шетелдегі туроператор – мейманхана. Клиенттердің негізгі шығындары көлікке, орналастыру орындары мен тамаққа кетеді. Осы қызметтердің барлығы шетелдегі туроператорлармен көрсетілетін болғандықтан облыстық туристеріден түсетін басты табысты шетел елдері иеленеді. Қаланың өз туроператорларының табысы билеттерді сату мен визаларды тіркеуден пайыз есебінен құралады. Негізгі ағым бұрыннан белгілі Түркия мен Тайланд елдеріне, сонымен қатар Қытай, ОАЭ,Германия, Египет елдеріне бағытталған [50].

Облыс экономикалық түрде турфирмалардың ғана емес, сонымен қатар жалпы қонақ-үй, көлік, мейрамхана, сауда, ойын-сауық кешендері қызметінен бюджетке табыс әкелетін келу және ішкі туризмнің дамуына мүдделі.

Келу туризміндегі технологиялық тізбек мынандай құрамдастардан тұрады, шетелде: клиент – туроператор – авиакомпания, алоблыста: турфирма - қонақ-үй, көлік пен тамақтану – экскурсиялық қызмет көрсету – туристік сұраныс тауарлары. Осындай технологиялық тізбек тек қана нақты туристік бағдарларға келетін келушілер үшін ғана шынайы. Статистикалық мәліметтер Алматы облысында іскер туристердің басымдылығын көрсетеді, ал олардың техноглогиялық тізбегінде турфирмалардың қатысуы мен экскурсияларды ұйымдастыру міндетті емес. Шетел туристінің шығындары бұл – көлік пен Алматы облысына ұшып келу, қонақ-үйде жайғасу, тамақтану, естеліктерді сатып алу мен басқа да сатып алулар. Сонда экскурсиялар мен туристік бағдарларға тек қана 3% жұмсалады.

Даму қарқыны жағынан ішкі туризм неғұрлым тұрақты, себебі ол республикадан тыс әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың ауытқуларына тәуелді емес. Оның технологиялық тізбегі келесідей құрамдастардан тұрады: клиент – туроператор – көлік, орналастыру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсетулерді қамтитын бағдар (тур). Ішкі туризм үшін шығындардың жұмсалуы мүлдем басқа. Бұл жерде туристік бағдарға деген шығындар басым, сол себептен турфирмалар шығу және келу туризмдерімен салыстырғанда табыстың біршама бөлігін иеленеді және басқа қызмет көрсету сфераларына одан да көп пайда әкеледі.

Алматы облысындағы ішкі және келу туризмдері туристердің келу мақсаттары бойынша ортақ ұқсастықтарға ие, екеуінде де іскерлік мақсатта келу басым. Бұл тенденция, бір жағынан, іскерлік туризмнің перспективасын, екінші жағынан қаладағы қызмет көрсету секторының қымбаттығын білдіреді. Себебі іскерлік мақсаттарда келген шетелдік және өз еліміздің туристерінің шығындарын көбіне кәсіпорындар жауып тұрады. Ал басқа мақсатта келетін туристер үшін жергілікті бағалар деңгейі жоғары болғандықтан олардың келуге ынтасы төмендейді.

Алматы облысындағығы туристік кластердің қазіргі уақыттағы құрылымы қонақжайлық пен қызмет көрсету сфералары құрамдастарының көптеген жылдар бойы дамуы арқасында қалыптасты (сурет 6).

Мемлекеттік бақылау-облыс әкімшілігі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қонақ- үйлер
Мәдени- сауықтыру объектілері
Кадрлар
Табиғи- тарихи ресурстар
Экскурсилық объектілер
Тамақтандыру кәсіпорындары
Көлік
Кластер ядросы: Туроператорлар мен турагенттер

 

 


Сурет 7. Алматы облысындағы туризм кластерінің құрылымы

Ал енді осы кластер қатысушыларының қазіргі жағдайына талдау жүргізейік. Алматы облысындағы туризм дамуына мемлекеттік бақылауды әкімшіліктің Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті жүзеге асырады.

Сонымен, Алматы облысындағы туристік кластердің әрбір секторы үшін даму бағыттары келесідей болуы мүмкін.

Мемлекеттік реттеу секторы бойынша – қалада бар экономика, коммуналдық қызмет көрсетулер мен кәсіпкерлік секторлардан туризм кластерін қалыптастыру. Туризм кластерінің Үйлестіруші Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету. Туризм мен қонақжайлықтың басқа да сфераларының нормативті-құқықтық базасы мен заңнама негізінде әкімшілік ресурстармен кластер дамуының сатыларын бақылау мен реттеу.

Қонақ – үй қызметі секторы бойынша – арзан, үшжұлдызды және одан төмен қонақ-үйлер басымдығымен қонақ-үй қызметтері аясын қарқынды кеңейту. Жеке меншіктегі шағын және орташа қонақ-үйлер секторын төмен бағалы қызметтердің кең спектрін ұсыну, қызметтердің бағыттары бойынша мамандану (іскерлік, спорт және танымдық туризм) арқылы дамыту. Сонымен қатар Алматы облысында тұратын халықтардың мәдени мұрасының көптүрлілігін интерьер жасауда қолдана отырып шағын және орта қонақ-үйлердің құрлысын ұлттық стильдерде жасау немесе қайта жөндеу. Облыстық маңызы бар қалалар маңында қарапайым туристік кемпингілер мен қаладағы парк зоналарында жазғы палаталық лагерлерьдің құрылысын жүзеге асыру, оларды автотуристер үшін минималды жайлылықтармен жабдықтау және қызметтерге төмен бағалар деңгейін қамтамасыз ету [51].

Қоғамдық тамақтану секторы бойынша – Қазақстан халықтарының ұлттық ас-үйлері бар мекемелерді кеңейту мен санын көбейту. Облыстық ұлттық колоритін көрсететін интерьерлік безендіру, музыкалық қолдау мен ұлттық киімдер, мәдени бағдарламаларға үлкен көңіл бөлу керек.

Көлік секторы бойынша кластерлік бастамалар дамуын көлік түрлерін, оның ішінде маңыздылығы жөнінде бірінші орындағы әуе көлігін қарастыру қажет. Туристер ағымы үлкен еуропалық және азиялық мемлекеттерінің астаналары мен Қазақстан арасындағы тікелей рейстерді біршама арттыру маңызды. Жаңа ұшу жолақтарының құрылысы қосымша рейстер үшін жаңа техникалық мүмкіндіктерді ашады және ірі сомолеттерді қабылдаудағы мүмкіндіктерді кеңейтеді. 2007 жылдың сәуірінде басталған халықаралық әуежайдың құрылысы мен «Эйр Қазақстан» компаниясының осы жылдың мамыр айында лизингке алған екі боингі осы мәселелерді шешуге ықпалдасуы тиіс.

Алматы мен Талдықорғандағы әуежайда туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, шекаралық кедергілерді өту, жүкті алу уақытын қысқарту, ағылшын тілінен басқа да шетел тілдеріндегі ақпараттық стендтерді жасау тиіс. Қалаға ұшатын шетелдік авиакомпанияларды жолаушылар ақпаратты ұшу барысында алуы үшін қала мен қала маңының туристік-рекреациялық мүмкіндіктері бойынша осы елдердің тілінде ақпарттық материалдарды қамтамасыз ету.

Туризмнің дамуы үшін маңыздылығы бойынша екінші болып автокөлік табылады. Қазіргі күні оған туристік қалааралық және қалалық автобустар паркінің сандық және сапалық кеңейту керек болып тұр. Сонымен қатар қажетті техникалық жабдықталу (микрофон, телевизор, желдеткіш) мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қала мен оның маңы бойынша автобуспен экскурсиялық бағдарларды жүргізуге жағдай жасауға көңіл бөлген жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сапалы қызмет көрсетудің маңызды факторы болып жүргізушілер құрамы мен гид-жолсеріктерді арнайы даярлау табылады. Туризм сферасындағы көлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалар үшін де мамандар даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды жоғарлату қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1743; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.05 сек.