Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 9 страница




Даму институттары ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілгеніне қарамастан қазіргі кезде туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдаудың белсенді түрдегі позициясын ұстанып келе жатқан жоқ. Көптеген даму институттары нақты салалық, негізінен алғанда аграрлық және индустриялық бағытты ұстануда. Даму институттары арқылы туристік кластерді қолдау мүмкіндігін пайдалану үшін ең алдымен мамандандырылған ақпараттық бюллетеньдер шығару және туристік персоналға арнап оқытудың тренингтік нысандарын жүргізу жолымен қолда бар инновациялық бағдарламалар туралы кластердің қатысушыларын хабардар етілуін арттыру қажет [73].

Қазіргі кезде туристік кластердің қатысушыларына қатысты, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалпына келуін және экономикалық өсуін ынталандыру, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында құрылған «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының ресурстарын пайдалануы мүмкін.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған институт арқылы материалдық-техникалық базасы бар және оны кеңейтуге мұқтаж туроператорларға арналған қаржы лизингі тетігін және ISO үлгісі бойынша қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ туристік кадрларға арналған білім беру саласындағы WTO-TedQual сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды бірлесіп, қаржыландырудың гранттық жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар.

Отандық даму институттары көрсететін қызметтерге кәсіпкерлердің қол жетімділігіне байланысты проблемалар бар кезде жоғарыда келтірілген қаржы-кредиттік қолдау тетігі барынша құптауға лайық болып табылады.

Туризм саласындағы уәкілетті органның туристік қызметті мемлекеттік реттеу функциясын Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігінен жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігіне өткізіп беру жолымен қайта құрылуына байланысты шағын кәсіпкерлікті қолдау тетігі жүйесінде қызметі, инвестицияларды республиканың туристік саласына қатыстыруға бағытталған «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы, қызметі, туризм объектілерін табиғи ресурстық қамтамасыз етуді долбарлап отырған «Туризм және спорт индустриясы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамының құрылуы туристік секторды басқаратын институционалды құрылымдардың қатарына жатады [74].

Сонымен қатар, туризм саласындағы уәкілетті орган негізгі міндеті туристік нарықтың барлық қатысушыларына, туристік қызметті тұтынушыларға да, жеткізіп берушілерге де көрсетудің ақпараттық, консалтингтік, маркетингтік және басқа бағыттар болып табылатын филиалдық жүйесі бар Туристік ақпараттық орталық құруды жоспарлануы туристік саясатта маңызды орнын табуы тиіс.

Туристік ақпараттық орталық құру ішкі нарықта қатысудың шоғырланған стратегиясының болмауын және сыртқы нарықта қазақстандық туристік өнімнің таралуын жоюды жорамалдайды.

Туристік салада шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінде технопарктер институтын пайдалану қазіргі жағдайда туристік өнім ерекшелігіне, сондай-ақ туристік қызметтер пакетін қалыптастыру кезінде инновациялық технологиялардың жоқтығына байланысты мүмкін болмай отыр. Бұл факт, туризм саласында (мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізеді) зерттеумен айналысатындардың жоқтығымен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде туризм саласының қолда бар білім беру институттарының бәрі зерттеу жүргізуге және әзірлеуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз ете алмайды, міне бұл бүтіндей алғанда туристік саланың дамуының негізгі кедергілерінің бірі болып табылады [75].

Сонымен республикада кластерлерді бейімдеу келесі жағдайларға байланысты болмақ: қоғам, кәсіпорын және жергілікті халықтың мүдделерін теңестіруге бағытталған оптималды институционалды ортаны жасау; меншік және мемлекет, адамдар мүдделерін сақтай отырып, кәсіпкерліктің ойлау үлгісін өзгерту, ғылыми сыйымды өндірісті дамытуға негіз бола алатын білім беру мен ғылымды дамыту және т.б.

Бірақ кейбір экономистердің пікірі бойынша, кластерлік механизм – бұл тек өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырушы кеңістіктік – ұйымдық фактор болып табылады, ол бәсекеге қабілетті өндіріске алғашқы қажетті негізін құратын өндіріс факторларының қосымшасы болып қана қызмет етеді [76]. Өндіріс территориялық ұйымдастырылған болса да, олар ең алдымен озық техникамен және үдемелі технологиямен, жоғары сапалы жұмыс күшімен негізделуі тиіс. Ал, олар өз кезегінде, халықтың жалпы білімділік деңгейімен, елдің ғылыми техникалық жағдайымен, шаруашылықты ұйымдастыру формалары мен басқару әдісін қолданумен, ғылым және техника жетістіктеріне тез бейімделу қабілеттілігімен, байланыс құралдары мен ақпарат жағдайы, елдің даму масштабы және т.с.с., яғни өндіріс факторларының нысанды қолдануына байланысты болып табылады.

Сонымен республикада кластерді дамыту кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің мүдделерінің бірігуі және сәйкес жағдайлардың болуымен байланысты. Бұл процесте мемлекеттің рөлі иницитиваларды қолдау, сәйкес заңдылықтар мен нормативті базаларды жасау және макроэкономикалық процестерді реттеу болып табылады.

 

3.3 Туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда Алматы облысы бойынша анықталған проблемаларды шешу жолдары

 

Туристік салада бәсекеге қабілетті кластерді дамыту мемлекет тарапынан қабылданған шараларға тікелей байланысты. Мұның себебі нарықтық институттар, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасында өзара келісімдер, әрқайсысының тарапынан қойылатын ұсыныстар негізінде бір мәмілеге келіп, ортақ жұмыстар жүргізу нәтижесінде туристік салада бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағдар ұстау мақсатынан шығады. Мемлекеттік құрылымдардың кластерде болуы маңыздылығы құқықтық ортаны қалыптастыру, салық салу саясаты, қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешумен байланысты. Сол сияқты, әлеуметтік және саяси факторлардың түрлі аядағы ішкі және сыртқы саясаттың мемлекеттің заң шығару және атқару қызметтеріне үлкен ықпалын ескере, олардың қатысы туристік кластердің нормативті құқықтық ортасымен көрсетіледі [77].

Алматы облысында кластерлерді бейімдеу келесі жағдайларға байланысты болмақ: қоғам, кәсіпорын және жергілікті халықтың мүдделерін теңестіруге бағытталған оптималды институционалды ортаны жасау; меншік және мемлекет, адамдар мүдделерін сақтай отырып, кәсіпкерліктің ойлау үлгісін өзгерту; ғылыми сыйымды өндірісті дамытуға негіз бола алатын білім беру мен ғылымды дамыту және т.б.

Туризм саласында кластерді дамытудың басым бағыттарын саралай келе экономикалық-математикалық әдістердің көмегімен туризм саласының болашақта дамуына болжам жасалынып, туристік қызметтерді тиімді ұйымдастыру мен туристік қызметтердің тәжірибелік нәтижелерін бағалау жүйесі қарастырылды.

Туристік кластерді дамытудың экономикалық тетіктерінің негізгі мақсаты: - туристік қызметтердің бәсекелестігін арттыратын ұтымды даму үлгісін құру.

Туризм кластерінің бәсекелік мүмкіншілігін арттыру бірнеше кезеңдерден тұрады: факторлар кезеңі; инвестициялау кезеңі; жаңалықтар енгізу кезеңі; кеңінен даму кезеңі. Алғашқы үш кезеңде туризм кластерінің бәсекелік мүмкіншілігі артады.

Туристік кластердің бәсекелік (экономиканың басқа салаларымен және басқа елдердің туризмімен салыстырғанда) мүмкіншілігін арттыратын жеке өлшемдерді қарастыратын болсақ, онда туризмнің кластерлік дамуының факторлар өлшемі бойынша Қазақстан туризм дамуының факторларына өте бай.

Бұл байлықтың туризм саласының дамуына оң және теріс әсерлері жетерлік. Себебі, табиғи ресурстары төмен елдерде туризм саласының бәсекелік мүмкіншіліктері технологиялық жағынан арттырылып отырады.

Ел тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруы сапалы туристік қызметтерге деген талаптарды күшейте отырып, туризмге деген қажеттеліктерді арттыра түседі (мысалы, Германияда, Жапонияда, Швецияда және әлемнің т.б. елдерінде). Өкінішке орай, Қазақстанның демографиялық өсуінің келешегі бола тұра, туристік нарығы кеңеймей отыр. Қазақстандағы сұраныс факторы бойынша оң өзгерістерге елдегі болып жатқан «құрылыс үрдісін» жатқызуға болады. Себебі, елдегі құрылыстың өсуі туризмнің инфрақұрылымын жақсартуға септігін тигізеді.

Ғалымдардың осы саладағы көзқарастарын сараптай отырып, осы саланы дамытудың экономикалық тетіктері ұйымдастыру құрылымдарының, басқару әдістері мен құқықтық нормаларының жиынтығынан тұратыны дәлелденді.

Алматы облысы үшін сұраныс өлшемдерін халықаралық стандарттарға сай ұстауда мынадай мәселелерді шешуі қажет: жалпы тұрғындардың кіріс деңгейін көтеру; көрсетілетін туристік қызметтер бойынша сапасын көтеру үшін қатал нормативтер мен нормаларды қабылдау және т.б. Ал Қазақстанның халықаралық сауда ұйымына кіруінің өзі сұранысты арттыратын факторға жатады [78].

Туризм сферасын жақсартуда дұрыс шешiм қабылдау үшiн туристік саланың негiзi болатын айнымалылардың бiр бiрiне қалай әсер ететiнiн бiлдiк. Сонымен, туристік сфераны дұрыс ұйымдастырып дамыта білу өзектi мәселе болып отыр. Бұл аталған мәселелердi шешу үшiн ғылыми есептеулер көмегiмен негізгі көрсеткіштердің нақты мәндеріне барынша жақындатылған мүмкiншiлiктерге жетуге болатындығы.

Кластерлік дамыту арқылы бәсекеге қабілетті туристік сала құру мақсатына жету үшін төмендегілерді жүзеге асыру қажет [79]:

- туристік саланың функцияларын сапалы кеңейту, бақылаудың өз деңгейіндегі тетіктерін көбейту есебінен оны оңтайландыру жолымен өңірлік, жергілікті деңгейлерде туристік саланы мемлекеттік ретке келтіру жүйесін реформалау;

- жеделдетілген банк өнімдерін енгізу және туристік бизнес субъектілеріне арналған салық режимін белгілі ұзақ мерзімді кезеңге жұмсарту жолымен туризмді дамытуға арналған кредит ресурстарының қымбаттығын жою;

- жергілікті еңбек ресурстарын, қажетті көлемнің 90%-на дейін қатыстыра отырып менеджмент енгізу жөніндегі өз құралдары бар инвесторларды тарту;

- кәсіпорын менеджментінің тиімділігіне, қызмет көрсету персоналының сапасына баға беру жолымен сапа кепілдігін қамтамасыз ететін санаттарды бере отырып туристік шаруашылық субъектілерін (тікелей және жанама) сертификаттау жүйесін енгізу;

- түрлі салалық ведомстволар арасында, дәлірек айтсақ «тиімсіз» иегерлерді қайта мамандандыру үшін өзара тиімді іскер ынтымақтастық механизмін әзірлеу және енгізу.

Туристік саланы кластерлік дамытуда аймақтар бойынша анықталған проблемаларды шешу мақсатында төмендегідей шаралар жүзеге асырылуы тиіс:

1. жолдар құрылысы және қайта жасақталуын, сондай-ақ ақпараттық-хабар беру белгілерінің туристік нысандарға орнатылуын қаржыландыруды қамтамасыз ету жолымен жол жүйесінің сапасын жақсарту;

2. туристік нысандарды салушылар мен жасақтаушыларды ынталандыру және қаржылай көмек көрсету механизмін әзірлеу жолымен нысандар жинақталған жерлерде тұрақты нысандар салу, сондай-ақ жылжымалы қабылдау нысандарын ұйымдастыру;

3. ары қарай шара қабылдау және тиісінше қаржыландыру көздерін анықтау үшін ведомстволық немесе басқа қатыстылығын белгілеу арқылы экскурсиялық нысандарды абаттандыруға жағдай жасау;

4. бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдау жолымен, мүдделі үкіметтік ұйымдарды қатыстыра отырып тұрақты негізде оқытудың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;

5. менеджментті жетілдіру, сапаны бағалау жүйесін және біліктілік деңгейлерін енгізу жолымен орналастыру объектілеріндегі қызмет көрсету сапасын арттыру;

6. облыс аумағының, атап айтқанда, шалғайдағы және жетуі қиын аудандардың, сенімді ұялы байланыспен жабдықталуын кеңейту;

7. қолда бар күзет ведомстволары мен медицина ресурстарын қатыстыра отырып, құтқару және шұғыл дабыл қағу қызметтерін құру жолымен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8. орналастыру, тамақтандыру және кәдесый өнімдерін ұсыну қызметтерін көрсету жолымен туристерге қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігін белсенді түрде насихаттау және туристерге қызмет көрсету процесіне қатысу қажеттігін түсіндіру арқылы жергілікті тұрғындардың бұл іске деген қызығушылығын арттыру;

9. туризмді дамытудың, соның ішінде интервьюлендіру және басқа маркетингтік құралдарды енгізу жолымен дамытудың шын мәніндегі жай-күйін көрсету мақсатында және талдау мүмкіндігі арқылы туристік-сауықтыру қызметтерін есепке алуды және статистикалық есеп беруді жетілдіру.

10. облыс аумағында экологиялық жағдайларды шешілуіне барынша мүмкіндік жасау, оның ішінде жергілікті органдарымен «экологиялық сауықтыру» бағдарламаларын іске асыру.

Қазіргі кезде туристік кластердің қатысушыларына қатысты, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалпына келуін және экономикалық өсуін ынталандыру, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында құрылған «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының ресурстарын пайдалануы мүмкін [80].

Алматы облысында кластерді дамыту кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің мүдделерінің бірігуі және сәйкес жағдайлардың болуымен байланысты. Бұл процесте мемлекеттің рөлі бастамаларды қолдау, сәйкес заңдылықтар мен нормативті базаларды жасау және макроэкономикалық процестерді реттеу болып табылады.

Туристік саланың жетік деңгейде дамымауына себепкер жағдайлардың баршылық екенін талдай келе, туристік кластердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда туындайтын мәселелері келесі топтарға жіктелді:

Бірінші топ нарықтың маңызды ресурстарымен байланысты:

1. Туризмнің барлық инфрақұрылымына, сонымен бірге туристік нысандарға, бар нысандарды жаңартуға капитал рыногының қаражатының жетіспеушілігі. Бұған мысал, Алматы Қазақстан облысы туризмді дамытуға жыл сайын 3 000 000 тенге, Павлодар 500 000 тенге, Қостанай 1 500 000 тенге бөліп отырады.

2. Ішкі нарықта туристік өнімдердің сапасы төмен бола тұра, бағасының өсуі шетелдік туристік өнімдерге сұранымды ынталандырады;

3. Инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, оның ішінде транспорттық, туристік аймақтардан туристік ағымдардың алыста орналасуы. Туристік пакетте транспорт үлесі мен туристік өнімдердің бағасының жоғары болуы қазақстандық туристік ұсыныстың халықаралық және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді;

4. Ішкі транспортқа жеңілдіктер жүйесінің болмауы және отандық турорператорлардың шетел нарықтарына назарын аударуы;

5. Негізгі туристік орталықтарда туризм үшін материалдық базаның даму деңгейінің төмендігі;

6. Кәдесыйлық бұйымдардың жеткіліксіздігі және бағасының қымбаттылығы.

Екінші топ туризм аясындағы кәсіпкерлердің маңызды нарықтық институттармен өзара қатынасымен сипатталады [81].

1 Облыстық құрылымдар санының көптігінен шектен тыс бақылау әсерінен түрлі деңгейде әкімшілік кедергілердің пайда болуы;

2 Облыс тарапынан тапсырыстардың болмауы;

3 Туризм нысандары мен қызмет көрсету аясы жайлы кешенді, құрылымдық ақпараттың жетіспеушілігі.

Үшінші топ саяси, әлеуметтік–мәдени және құқық қатынастарымен байланысты.

1. Елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздығы туристік саладағы кәсіпорындардың инвестициялық ортасына кері әсер етеді.

2. Экономикалық және қаржы дағдарыстарының пайда болу қаупі Қазақстан халқының нақты кіріс деңгейінің төмендеуінен туристік саяхаттарға шығу мүмкіндігін азайтады.

3. Ұлттық нормативті-құқық актілердің халықаралық туристік құқықтарға сай келмеуі (мысалы, транспорт саласы);

4. Салық салу заңдарының жетілмеуі. Салық ставкаларының мөлшерінің жоғары болуынан кәсіпкерлер салық төлемеу жолдарын қарастырып, нәтижесінде бюджет табыс түспейді).

Төртінші топ фирманың ішкі проблемаларымен байланысты:

1. Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;

2. Маркетинг деңгейінің, әсіресе жарнамалық-ақпараттық қызметтің дамымауы;

3. Қазіргі заманғы экономикалық шарттармен жұмыс істеуге қабілетті білікті менеджерлердің жетіспеушілігі;

4. Тиімді стратегиялық жоспарды өңдеуге қабілетті мамандардың кем болуы.

5. Бюджеттік жоспарлау, есеп және баға белгілеу саясатының жеткілікті дамымауы.

Осы көрсетілген қолайсыз факторлардың әсерінен кейбір аймақтарда туристік сала дамымай отыр және көрсетілген негативті факторлардың әсерінен кейбір аймақтарда туристік сала дамымайды.

Сонымен республикада кластерді дамыту кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің мүдделерінің бірігуі және сәйкес жағдайлардың болуымен байланысты. Бұл процесте мемлекеттің рөлі иницитиваларды қолдау, сәйкес заңдылықтар мен нормативті базаларды жасау және макроэкономикалық процестерді реттеу болып табылады.


 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 637; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.