Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Семинар 1. Основные закономерности и тенденции развития современного менеджмента




Кредит

Ыыыыыыыыыыыыы2011 ж.

5 - дәріс

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Жасөспірімдерге дәрігерлік – кәсіптік кеңес және кәсіптік бағдар беру. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің медициналық – физиологиялық аспектілері.

МАҚСАТЫ: Студенттерді жасөспірімдерге дәрігерлік – кәсіптік кеңес және кәсіптік бағдар берумен және кәсіптік бағдар берудің медициналық – физиологиялық аспектілерімен таныстыру.

4. ИЛЮЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

«Power Point» программасындағы слайдтар.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

1. Мамандыққа бағыт беру және оның аспектілері.

2. Мамандыққа бағыт берудің медициналық жүйесі.

3. Мамандыққа бағыт беру кезеңдері.

4. Дәрігерлік-мамандық консультация.

5. Мамандықтың санитарлық сипаттамасы.

6. Мамандыққа психофизиологиялық жарамдылық.

7. Жасөспірімдердің мамандықтарға құштарлығын арттыру.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. «Гигиена детей и подростков», 2007, 342с.

2. В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков», 2004, 383с.

  1. Учебник «Гигиена детей и подростков» под.ред. В.Н.Кардашенко., М.,М., 1988, 512с.

4. 4.Б.А.Неменко, Г.К.Оспанова «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»,2002,342 б

5. 5.Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под.ред.В.Н.Кардашенко., М.,М.,-1983, 264с.

6. 6.8.Гигиена детей и подростков (руководство для санитарных врачей)/Под ред. Г.Н. Сердюковской и А.Г. Сухарева, М., Медицина, 1986.,496 с.

7. Гребняк Н. П., Агарков В.И. Психофизиологические основы профориентации учащихся общеобразовательных школ (Методические рекомендации, Донецк, 1987 г.).

8. Карцев И. Д. Халдеева Л.Ф., Павлович К. Э. Физиологические критерии профессиональной пригодности подростков к различным профессиям.(М., 1977.-177 с.

9. Левин В.М., Рутенбург Э.С. Профессиональная ориентация и врачебная профессиональная консультация подростков., Л., - 1977.- 272 с.

10. Медицинские и психофизиологические аспекты профориентации школьников (М.,- 1991 г.).

11. Сухарев А. Г. Медицинские аспекты профессиональной ориентации школьников М., -1982.

6. Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

Мамандыққа бағыт беру және оның аспектілері.

 
 

 

 


Мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.

Мамандық таңдаудағы мектеп оқушыларының өздеріне тән ерекшеліктері

 
:

Күші мен мүмкіндігін артық бағалау.

 
Әр түрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімінің болмауы.

 

 
Денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп ескермеу.

 

Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.

Мәскеу қаласында жүргізілген зерттеулер мектеп бітірушілердің

20% ғана өзінің болашақ мамандығын таңдай алғандығын

50 % - ы мамандық таңдамағандығын,

30 % -ы кейбір тілектері болса да оны қалай іске асыруды білмейтіндігін көрсетті.

Жасөспірімдердің осы 80 % -ы мамандық таңдау кезінде маңыздылығы төмен критерийлерді басшылыққа алатындықтан, қателікке көп ұшырайтындығы анықталды.

Мұндай критерийлерге көбінесе жолдастарына көзсіз еліктеушілік, немесе «модадағы» мамандықтарға еліктеушіліктерді жатқызуға болады.

 

Кейінгі жылдардағы зерттеулер бойынша 8-10-сынып оқушыларының 40 %-ға жуығының денсаулығынан ауытқулар байқалды, яғни мұндай оқушылардың еркін мамандық таңдауға

 

мүмкіндіктері жоқ. Бұл фактілерді ескермеу, балалардағы ауруларды асқындырып, соңынан мүгедектікке соқтыруы мүмкін.

Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі аппаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады.

Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі.

Мамандыққа бағыттаудың мәселесіндегі негізгі аспектілер.

 
Психофизиологиялық - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қабілеті, жеке психофизиологиялық еркшеліктері ескеріледі.

 
 


Медициналық - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі.

 

 
Әлеуметтік-экономикалық – қоғамға әр саладағы мамандардың қажеттілігі ескеріледі.

 

Сонымен мамандыққа бағыт беру:

оқушының тілегіне

оның сол мамандыққа жарамдылығы

кадр қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек.

Мамандыққа жарамдылық деп, жасөспірімдердің мамандықты меңгеру мүмкіндігін, сол мамандықты өзінің денсаулығына және өндіріске зиян келтірмей, ары қарай алып кетуін айтады.

Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттаудың медициналық жүйесі

Бұл көрсетілген жұмысқа келесі мамандар қатысады:

мектеп педиатрлары,

балалар емханасының дәрігерлері,

ересек адамдар емханасының жасөспірімдер кабинетінің дәрігері,

кәсіптік-техникалық училищелерінің, техникумның және өндірістік кәсіпорындардың медицина қызметкерлері,

сонымен қатар санитарлық дәрігерлер.

 

 

 
 


Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттаудың жүйесі елімізде 1960 ж. бастап құрылды, бірақ қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер көп. Солардың біреуі – мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керек.

Сухаревтің А.Г. (1982 ж.) пікірі бойынша мұндай жұмыстар 5-ші сыныптан бастап жүргізілуі керек.

 

Кардашенконың В.Н. (1988 ж.) – пікірі бойынша 6-7 сыныптан.

 

Антоновтың Л.Т. (1991 ж.) – пікірі бойынша сыныпқа байланысты емес 12 жастан басталуы керек.

 

Кейбір авторлар, мамандыққа бағыттау жұмысын тіпті, мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастау керек (О.П. Самсонов,1991 ж), деп есептейді, бірақ мұндай шешім практикада қолданылмайды.

мамандыққа бағыттау жұмыстары 6-7 сыныптан бастап жүргізіледі.

жұмысқа түсетін немесе мамандық алу үшін оқуға түсетін барлық жасөспірімдер міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді, медициналық тексерудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау болып табылады.

Жас талапкерлерді оқуға қабылдау жөніндегі медициналық комиссияның құрамына кіретін кәсіптік-техникалық училищелердің және жоғарғы оқу орындарының дәрігерлері жасөспірімдерді мамандыққа іріктеп алуды жүргізеді.

Мұндай іріктеудің мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты жасөспірімдердің денсаулығына арнаулы талаптар қоятын, кейбір оқу орнына оқушылар қабылдаған кезде маңызы зор.

 

 

Мамандыққа бағыттаудың кезеңдері.

 
15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысының негізгі кезеңдері.

Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау мақсатымен медициналық тексеру жүргізу.

Ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінің педиатры, хирург, невропатолог, офтальмолог, отоларинголог мамандарының қатысуымен жұмысқа немесе мамандық алу үшін оқу орнына түсетін барлық жасөспірімдерге жүргізіледі.

Денсаулығынан кемшіліктер анықталатын болса, кейбір мамандықтарға жарамдылығы шектеледі. Мысалы, ревматизм, ауруымен ауратындарға құрылыс жұмыстарына; жүйке, жүрек, қан тамыры жүйелерінде аурулары бар балаларға шуыл, вибрация факторлары әсер ететін жұмыстарға баруға шек қойылады. Мұнда, бір аурудың бірден бірнеше мамандықтарды таңдауға шек қоюы мүмкін.

 

Мамандыққа жарамдылық туралы мәселені шешу үшін, жасөспірімдер дәрігері жасөспірімді жұмысқа және мамандық алу үшін оқу орнына қабылдауға арналған медициналық қарсы көрсеткіштердің ресми тізімін қолданады. Бұл құжатта (1963-1969 жылдар, № 1-9 жинақ) көптеген негізгі мамандықтарды таңдауға кедергі жасайтын 100 –ден аса нозологиялық формалар мен функционалдық ауытқулар көрсетілген.

Сонымен қатар, «талапкерлерді арнаулы орта оқу орындарына қабылдауға арналған қарсы көрсеткіштер» тізімі бар (1970 ж.)

Мамандыққа жарамдылық туралы қорытынды арнаулы медициналық анықтамаға (№ 086 е.ф.) тіркеледі.

Сонымен қатар емхананың терапевті, жұмысқа немесе ары қарай оқу орнына (техникум, жоғарғы оқу орны) түсетін мектеп бітірушілердің бәріне осындай анықтама береді.

Дәрігерлік қорытынды: жасөспірімдердің жұмысқа жарамдылығын анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Ол үш бөлімнен тұрады:

а) констатация бөлімі – тексерудің нәтижесі жазылады;

б) нұсқау бөлімі – емдеу-профилактикалық нұсқаулар жазылады;

в) негізгі қорытынды бөлімі – мамандыққа ірікткп алуды анықтайды.

 

 
Медициналық көрсеткіш бойынша мамандыққа іріктеп алу кәсіптік-техникалық училищелерге немесе арнаулы оқу орындарына түсетін жастардың арасында жүргізіледі.

 

Сонымен қатар анализаторлардың, вестибулярлық аппараттың дұрыстығын, арнаулы сапалылығын қажет ететін мамандықтарға жұмысқа немесе оқуға түсер кезде де мамандыққа іріктеп алу жұмысы жүргізіледі.

 

Мұндай жағдайларда тілек білдірушілердің арасынан, қойылған талаптарға сәйкес келетіндері ғана таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізетін дәрігерлер жасөспірімдерге мұндай оқу орнына түсер кезде де, оны бітіріп шыққаннан кейін де дәрігерлік кеңес жүргізеді.

 

Ондағы мақсат – жасөспірімдерге денсаулық жағдайына және жеке параметрлеріне сәйкес келетін мамандықтарды таңдауды ұсыну.

 

 

 
Маманданған дәрігерлік кеңес – жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.

 

Мамандыққа бағыттаудың бұл кезеңінің алғашқы екі кезеңінен айырмасы сол, мұнда мамандық алуға шек қоюмен емес, ұсыныстар берумен айналысады.

 
 


Кеңестің негізгі принципі – организмдегі анықталған ауытқуларды нашарлатпай, оның компенсациялануына жағдай туғызатын мамандықтарды ұсыну. Мектептерде дәрігерлік кеңес 2 рет өткізіледі: алғашқыда, денсаулықтарында қайтуға келмейтін ауытқулары бар (эпилепсия, миопияның жоғарғы дәрежесі, бір көзі соқырлық, полиомиелиттің салдары байқалатындар т.б.) 1-5 сынып оқушылары үшін жүргізіледі, тексерудің нәтижесін және мамандық таңдауға арналған ұсыныстарды ата-аналарына таныстырады. Екінші рет 7-10 сынып оқушыларына мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарда немесе КТУ, еңбекке оқыту кезінде мамандық таңдауға бағыт беру үшін және мектеп бітірер кезде соңғы рет мамандық таңдауға көмек көрсету үшін жүргізіледі.

 

План

1. Особенности менеджмента как типа управления и методология его исследования.

2. Методологические особенности исследования современных проблем менеджмента.

3. Современные «инструменты» менеджмента.

4. Основные закономерности и тенденции развития современного менеджмента.

5. Управление компанией в современных условиях. Эффективность систем управления и определяющие ее факторы.

6. Основные тенденции развития управляемых систем.

Вопросы для обсуждения:

1. Один из ведущих мировых экспертов стратегического менеджмента доктор Гэри Хэмел (Gary Hamel) отметил в одной из своих лекций, что «создание компании будущего невозможно без того, чтобы не сделать её компанией людей» и выделил следующие принципы организаций будущего: «вывод первый — вам нужна увлечённость сотрудников, вывод второй — вы должны ломать догмы, вывод третий — вы должны уметь учиться у периферии»1.

Как Вы понимаете эти высказывания?

2. Контекстные значения терминов «управление», «менеджмент», «руководство», «администрирование» в русскоязычной интерпретации и в английском языке.

3. Современные определения понятий "управление" и "менеджмент". Их сравнительная характеристика и особенности использования этих терминов в научной литературе и на практике.

4. Дифференциация и интеграция современного менеджмента. Близость и однозначность отдельных видов менеджмента.

5. Структура видов менеджмента. Связь видов менеджмента с экономикой. Состав критериев классификации видов менеджмента.

6. Классификация процессов как объектов управления. Менеджмент по уровням взаимодействия.

 

 

1 Гэри Хэмел. Менеджмент XXI века: Новые открытия. Перевод на русский язык: Наталья Коношенко, журнал «Управление производством». // Электронная публикация: Центр гуманитарных технологий. — 03.07.2011. URL: http://gtmarket.ru/laboratory/doc/4246





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 347; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.184 сек.