КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Силлабус
Пәннің аты: ОК Модуль 8 «Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» Мамандығы 5В070100-Биотехнология 3 курс, к/б, күзгі семестр, кредит саны-2
Лектор – Жұмабаева Б.Ә. Лабораториялық сабақтарды жүргізуші – Жұмабаева Б.Ә. Е-mail: beibutgul@mail.ru Телефон – 377 35 99 Консультация орны – биология факультеті, 332 Ғылыми дәрежесі – биология ғылымдарының кандидаты, доцент. Курстың пререквизиті – осы пәнді оқу үшін төмендегідей іргелі пәндер қажет: «Жануарлар физиология негіздерi», «Жалпы және молекулалық генетика», «Жануарлар биотехнологиясы» және т.б. Курстың сипаттамасы: « Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» курсы “Биотехнология” мамандығының студенттеріне оқылады. Медицина және мал шаруашылықтарындағы маңызды мәселелер биотехнологиялық әдістер көмегімен шешілуде. Атап айтқанда, түсімдерін арттыру, тез көбейту, ауыл шаруашылығына бағалы және жоғалып бара жатқан түрлерді сақтау; генетикалық өзгертілген дарабастар алу; молекулалық диагностика және тұқым қуалайтын немесе өмір сүру барысында пайда болған аурулардың гендік терапиясы, т.б. Жануарлар биотехнологиясының дамуы адам және жануарлар физиологиясы, жеке даму биологиясы, генетика және молекулалық биология салаларындағы фундаментальды зерттеулер үшін де үлкен үлес қосады. Курстың мақсаты: « Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» пәні бойынша cтуденттерге жануарлар биотехнологиясында қолданылатын әдістерді түбегейлі үйрету. Курстың міндеттері: Жануарлар биотехнологиясының негізгі методологиялық әдістеріне тоқталу: аллофенді жануарлар (генетикалық химералар) алу; генетикалық клондау және трансгенді жануарларды алу; жануарлардың ұрық және соматикалық генетикалық трансформациясы; клеткалық және эмбриологиялық инженерияны қолдану; жасанды ұрықтандыру әдістері; ұрық және жыныс клеткаларын криоконсервациялау; гендік инженерия. Постреквизиттер: «Жануарлар биотехнологиясының әдістемелері», «Биотехнология нысандары», «Биотехнологиядағы процесстер мен аспаптары» және элективті кәсіптік пәндер. Әдістемесі: дәрістер мен лабораториялық сабақтар: лекция-монолог, дискуссия, логикалық міндеттерді шешу, есептер шығару түрінде өтеді. Сабақтың мазмұны және құрылымы
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі: 1. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Воронин Е.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. 2-е изд. М. Высшая школа, 2003. 2. Щелкунов С.Н. Генная инженерия. Новосибирск. Изд-во Новосибирского государственного университета. 2004. 3. Загоскина Н.В., Назаренко Л.В., Е.А. Калашникова, Живухина Е.А. Биотехнология: теория и практика. Учебное пособие. Москва. «Оникс». 2009, 496 с. 4. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. – 260 бет. 5. Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері. Астана. 2007. – 208 бет. 6. Жұмабаева Б.Ә. Биотехнология негіздері: жануарлар биотехнологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2014.-180 бет. Қосымша: 1. Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития (Генетический аспект) М. МГУ, 2002, 264 с. 2. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Дегтярев С.В. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. М., Высшая школа, 2004 3. Корочкин Л.И. Геном. Клонирование. Происхождение человека. М. Век 2. 2004. 4. Бочков Н.П. Клиническая генетика. Издание 2-е. Москва. Гэотар-мед. 2002. 5. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Новосибирского университета. Сибирское университетское издательство. 2002. 459 с.
Білімді бақылау формалары: зертханалық сабақтар, СӨЖ, СӨОЖ, аралық бақылау, Мидтерм, қорытынды емтихан. Баға қою саясаты
ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады. Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі. Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады. Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:
Қойылатын бағаның саясаты: 1. Аралық бақылау (күнделікті бақылауды қосқанда) – 100 (%) 7 апта 2. Аралық бақылау (күнделікті бақылауды қосқанда) – 100 (%) 15 апта Аралық бақылау формасы - КОЛЛОКВИУМ (ауызша және тестер түрінде) Қорытынды бақылау формасы - ЕМТИХАН (жазбаша) Уақытында тапсырылмаған үш СӨЖ үшін AW бағасы қойылады. Үй тапсырмасын уақытында орындау (уақытында әр орындалмаған үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстары қабылданылмайды). Көмек: Офис сағаттары уақытында дәріс материалдарын түсінбеген, СӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу қиындық туғызған жағдайда және басқа да сұрақтар болғанда оқытушыдан сұрауға болады.
Молекулалық биология және генетика кафедраларының мәжілісінде 2015 жылдың “ ” тамызында талқыланды. Мәжіліс хат № 1.
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.д, профессор ____________ Айташева З.Г.
Пән лекторы, б.ғ.к., доцент ____________ Жұмабаева Б.Ә.
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 920; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |