Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Селдік процестер 2 страница




Беткейдің геологиялық құрылымының ығысу жылдамдығына және сырғыма пішініне әсері бойынша сырғымалардың келесі түрлерін бөлуге болады:

1) Біртектіжыныстардағы сырғымалар (ассеквентті) жыныстардың консистенциясының (ылғалдылығының) өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Сырғыма қозғалысы төменнен басталады,сырғыма денесі толығымен ығысады және сырғымалық кертпеш пайда болады.

2) Беткей жаққа бұрылған (консеквентті) қабырғалар немесе жарықшақтар бойынша сарғымалар төменнен де, жоғарыдан да басталуы мүмкін. Соңғы жағдайда жыныстардың ұнтақталуы, мүжілуіжүреді, кейде алдын ала геологиялық құрылымдармен анықталғанбет бойынша жыныстардың ығысуы тез өтеді және жыныстардыңқұлауымен бірге жүреді.

3) Әр түрлі құрамды (инсеквентті) жыныстардың сырғанау беті

жыныстарды бөлген кездегі сырғымалар, консистенциялық, гидравликалыққысылымның немесе жерсілкінулердің өзгерулері нәтижесіндеболуы мүмкін. Сырғымалық дене белгілі біржоспар мен тереңдік бойынша әр түрлі жылдамдықпенқозғалады, бұдан мүжілудіңкүрделі жүйесі мен жыныстардың жарықшақтығы пайда болады.

Сырғымалардың пайда болуы мен қозғалу механизмі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа бірнеше түптік жыныстарға тән және ығысу зонасындағы олардың жағдайларының өзгеруінен ығысатын жыныстардың бастапқы құрамының салыстырмалы сақталуымен ерекшеленетін сырғымалар жатады. Екінші топтағы сырғымалар ығысатын жыныстардың барлық дерлік құрылымы мен қасиеттері арқылы сипатталады. Мұндай сырғымалар әдетте беткі қабаттарда дамиды.

Аудан бойынша сырғымаларды үлкен емес (2500 м2), орташа (10000 м2-ге дейін), ірі (20000 м2-ге дейін), өте ірі (100000 м2-ге дейін), дөу (100000 м2) деп бөледі. Жабысудың тереңдігі бойынша беттік (3 м аз), ұсақ (5 м), терең емес (10 м дейін), терең (20 м дейін) өте терең (20 м үлкен) сырғымалар болады.

Жоспардағыдағы пішіні бойынша сырғымалардың келесі түрлерін бөледі: а) цирк тәрізді; б) фронтальды; в) глетчер тәрізі; г) домаланған; д) қисық тәрізді; е) элипсоидті немесе тамшы тәрізді және бұрыштық; ж) анық емес, шекарасыз; з) күрделі, дұрыс емес құрылымды.

Пайда болу уақыты бойынша сырғымалар қазіргі – қазіргі эрозия базисі кезінде пайда болған, ежелгі — басқа эрозия базисі немесе абразия кезінде қалыптасқан – деп бөлінеді. Қазіргі сырғымаларды өз кезегінде, жас (белсенді) және көне (тұрақтанған) деп бөледі. Даму фазалары бойынша белсенді сырғымалар ішінде қозғалмалы, тоқтатылған және аяқталған сырғымалар болады.

Сырғымаларды зерттеудің барлық сатыларында іздеу жұмыстары кешенді түрде жүргізіледі, бірақ олардың әрекеттері біртіндеп өседі. Сырғымаларды зерттеу негізі үшін инженерлік-геологиялық түсірім материалдары қолданылады, ол бастапқы ізденіс жұмыстарда ұсақ масштабта (1:100000 — 1: 25000), ал кейінгілерде — ірірек масштабта (1: 10000 — 1: 2000) жүргізіледі. Ұсақ масштабты түсірім процесінде сырғымалардың таралу учаскелерін жиектеп, олардың құрылымы мен пайда болуының негізгі себептерін зерттейді. Сырғымаларды суреттеу кезінде мынадай кезектестікті ұстаным ретінде қолдану керек:

а) сырғыманың аты, нөмірі, орналасу жері;

б) сырғыманың тұрған жерінің бағыт-бағдары, пішіні, еңістігі және биіктігі;

в) сырғыманың базисі (ол неге қосылғаны), оның созылғыштығы;

г) жоспардағы сырғыманың пішіні мен өлшемі;

д) сырғыма бетінің орташа еңісі;

е) сырғыманың шекаралары (жұлындының қабырғалары, борттары, тілі), олардың жағдайлары (құрғатылған, үгіліген) және жарықшақ өлшемдері, жуылу іздері немесе беткейдің жасанды қисығы.

ж) сырғыманың аудандарының су жинағыш шекаралары және оның өлшемдері;

з) сужиналым ауданы шегінде беткей бетінің бедері (жыра, сай, ор, суқойма, жарықшақ, жыртылған учаскелердің болуы);

к) сырғыманың бедері мен оның жекелеген элементтері өлшемдері мсн бағыт-бағдары;

л) сырғымалардан төмен беткейдің сипаттамасы, бедердің жаға-жайы, бечевнигі, терассасы және басқа да элементтерін қоса алғанда;

м) сырғымадағы судың көрінуі (су көздері, саздақтар, көлшіктер, тұрақты және уақытша су ағындары бар жыралары; құрылыс салынған территорияда су құбыры мен канал жүйесінің болуы және оның жағдайы);

н) сырғыма және одан тыс шектердегі беткейлердегі өсімдік жамылғысының сипаттамасы (өсімдік құрамы және қалыңдығы, деформациялану белгілері);

о) сырғымада және оның айналасындағы инженерлік құрылымдардың тізімі мен сипаттамасы, деформациялардың пайда болуы және уақыты, жөндеу жұмыстарының құрамы.

Сырғымалардың дамуының белгілері. Қазіргі беткейлер бедерінен сырғымалар анық көрінбейді, бірақ олардың дамуының жиі кездесетін белгілері мыналар: сырғымалардың цирктері, жұлынды қабырғалары, сырғымалардың сатылары, сырғымалық денедегі итермелі жота, ағаштардың қисаюы, құрылыстардың деформациясы. Жалаңаштану немесе тау түзілімдері геологиялық қимасында сырғымалардың ығысу белгілері, сырғыма тимеген жыныстар мен сырғыма денелерінде биіктер мен жыныстардың жатыс жағдайының сәйкес келмеуі болып табылады.

Сырғымаларды зерттеу

Ірі масштабты инженерлік-геологиялық түсіру маңыздыобъектілерге әсер ететін немесе сырғымалық массалардың үлкен көлемдерінің ығысуының қаупін туғызатын сырғымалардың қарқынды дамуының участкелерінде жүргізіледі. Түсіру барлау тәжірибелік-сүзгіштік жұмыстарымен қатар жүреді, олардың нәтижесінде сырғымалар шекаралары беткейін құрайтын гидрогеологиялық жағдайлар мен жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерін анықтайды. Инженер-геологтың қатысымен беткейде инструментальды байланысқан және топографиялық картаға жылжымалардың морфологиялық элементтері, жерасты суларының шығуы, шайылу учаскелері мен беткей қимасы, ірі жарылымдар, жерасты құбыр жолдары мен т.б. маңызды мәліметтері енгізіледі. Түсіру кезінде алдында алынған морфология және сырғымалардың құрылуы туралы мәліметтермен толықтырылады, олардың беткейдің геологиялық құрылымымен, тектоникасымен, гидрогеологиялық жағдайлармен, беткейдің экспозициясымен, гидро-метеорологиялық факторлармен байланысын анықтайды. Бұл мәліметтер сырғымалардың дамуының тарихы мен жасын, олардың қазіргі уақытта белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Геологиялық құрылымды анықтау, бар және болатын сырғымалық ығысу зоналарын табу, жерасты сулары деңгейлері мен жыныстардың жоғарғы ылғалды зоналарын анықтау үшін зерттеулерге геофизикалық әдістер қолданылады.

Сырғымалық учаскелерде тікқазбалармен үңғымалар сырғыманың бойымен орындалады. Түзілімдер терендігі сырғыма тереңдігінен үлкен болу керек, өйткені сырғымалық денелердің қалыңдығы, бұзылған және бұзылмаған жыныстардың қасиеттерін және сулы қат-қабаттрдың қалындығы мен өзара байланыстылығын анықтау керек. Сырғыма беткейінде барланатын түзілім-дердің орналасу жағдайы, саны және тереңдігі сырғыманың инженерлік-геологиялық типіне, геологиялық қүрылымның күрделілігіне, беткейдің жалаңаштануына және жобалау сатысына байланысты болады.

Зертханалық зерттеулер кезінде беткейдің ығысқан жөне ығыспаған бөліктеріндегі қозғалысқа қарсы тұратын жыныстардың тығыздығын анықтауға ерекше назар аударылады. Бұл мәліметтер тіреуіш қабаттардағы сырғымалардың қысымы мен беткей тұрақтылығын есептеу кезінде қолданылады.

Сырғыма ауданындағы құрылыстарды тұрғызу мен пайдалану кезінде беткейдің деформациясы, жерасты суларының режимі, қатаю процестері, т.б. бақылаулар жүргізіледі. Беткейдегі бақылаулар визуальді және инструментальды болып бөлінеді. Сырғымалардың пайда болуы мен дамуына беткейлердің сулануы әсер ететіндіктен, жауын-шашындық және шаруашылық суларының әрекетіне арнайы бақылаулар жүргізуге болады және ол сырғымалармен байланысуы керек. Мұндай жағдайларда анықталатын жайттар:

а) жауын-шашындардың мөлшері, периодтығы;

б) жыныстардың жербеттік еріген, жауындық және шаруашылық суларымен суланған қарқындылығы мен терендігі;

в) жазықтық шайылу мен әрбір беткейдің дамуы;

г) беткей жыныстарының құрғатылуына ылғалданудың, құрғаудың және қатаюдың әсері;

д) жыныстар ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруі (маусымдық, жылдық).

Аспаптың геодезиялық бақылаулар құрамына беткей бетіне, ғимараттар мен құрылыстарға орнатылған арнайы маркалардың және маяктар жағдайларының пландық-биіктік нақты өлшеулері және стереофотограм-материялық түсірімдерді жүргізу кіреді. Әрбір зерттелетін сырғыма үшін қозғалмайтын беткейлерде бастапқы үш реппер орнатылады (үштен аз болмау керек). Геодезиялық бақылаулар жүргізуі үштен кем болмауы керек, ал керек жағдайларда қарқынды қозғалыстарды жиі тексеруге болады. Жармалардағы маркалар саны және олардың арасындағы қашықтығы сырғымалардың өлшемі мен пішіндеріне, сонымен қатар, қойылған міндеттерге байланысты: ығысудың бар немесе жоқтығын анықтау үшін 2-3 марка жеткілікті, ал сырғымалық процестерді жете зерттеу үшін маркаларды бір-бірінен 10-40 м аралығында орнату керек. Әрбір уақытша жармалардағы сырғыма сатысына 2-3 маркалар болу керек. Алынған деректерді негізге ала отырып, беткейдегі жаңа жылжымалардың уақыты, жылдамдығы мен қарқындылығы бойынша болжам жасайды.

Сырғымаларды зерттеу кезіндегі визуальды бақылаулар міндеттеріне жатады:

а) ығысудың болуы және егер олар мүмкін болса мөлшерін орнату;

б) сырғымалардың ауданы мен шекараларын анықтау;

в) сырғымалардың типі мен қасиеттерін, жыныстардың жағдайы мен олардың суға қанығу дәрежесін анықтау керек;

г) сырғымалардың жеке бөліктерінің деформациясының және
ондағы құрылыстардың сипатын, ығысу нәтижесінде жербеті сулары мен гидрогеологиялық жағдайының өзгеруін анықтау;

е) сырғыманы ығысуға әкелген процестер мен құбылыстарды анықтау, сырғымада және оған жақын орналасқан құрылыстарда орналасқан деформациялар мен бұзылыстардың қауіптілік дәрежесін табу;

д) сырғыманың ығысуын туғызған, одан кейін болатын
процестер мен құбылыстарды анықтау, сонымен қатар олардың арасындағы өзара байланыстың сипаттамасын табу;

Сырғымаларға қарсы күрес шаралары

Сырмаларға қарсы шаралар беткейдің деформациясының себептерін табуға бағытталған болу керек. Бұл шаралар пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивтілерге сырғыма участкелері шегінде олардың тұрақтылығын төмендететін жұмыстар — беткейді қию, құрылымдарды тұрғызу, реттік ағынды реттеу, өсімдіктерді жою, жерді жырту, т.б. рұқсат етілмейді.

Екінше топқа жататындар:

1)сырғыманың дамуына әкелетін процестердің әлсізденуі
немесе жойылуына қарсы шаралар (беткейді толқындар немесе ағын сулармен шайылудан қорғау, жербеті және грунт суларынан қорғау, жерастында су деңгейі төмендеуін дренаждау және т.б.);

2)жыныстардың ығысуына қарсы шаралар (тіреуіш қабаттарды тұрғызу);

3)жыныстардың қозғалысқа қарсы тұратындығын жоғарылату
шаралары (цементтеу, силикаттау және басқа да тұрақтау әдістері);

4)сырғымалық массаларды тұрақты жыныстарға дейін түсіру
беткейлерді қауіпсіз еңістерге дейін тегістеу.

Таулы аймақтар мен тау бөктерлерінде кең таралған жойқын күшті су тасқындарын сел деп атайды. Олар кенеттен пайда болып, апатты жағдайға душар етеді, оның салдары үлкен шығынға әкеледі. 1968 жылдан 1985 жылға дейін Орта Азияда 2245 селдік ағын жағдайы тіркелген. Мысалы, Бұрынғы КСРО аймағында 1976 жылға дейін 1634 күрделі сел тіркелген: Қазақстанда — 105, Қырғызстанда — 491. Селдік ағынның, қалыптасуының, негізгі себептерін міндетті түрде есептеу керек:

1. Шайып кетуге жеткілікті шығындары, энергиялары және ағысының, жылдамдығы жоғары болатын су ағындары.

2. Аңғардағы таулы өзендері мен жыраларда шайылуға жеткілікті қөлемде жинақталған құмтасты кесектер мен саздақтардың санына байланысты.

Селдің пайда болуының геологиялық және басқа да себептері

1. Литологаялық құрамы, құрылысы (тығыздығы, текстурасы), жатысы, көлемі және пайда болу қарқындылығы.

2. Кесекті-сазды жыныстардың физика-механикалық қасиеттері, эрозиялық шаюға қарсылық кедергісі және жылжуға қарсылық кедергісі. Суға қанықан, селдік массаның суға қасиеттерінің беріктігі.

3. Селдің қалыптасу ошақтарында әрекет жасаушы сырғымалар, құламалар, пролювиальді ысырмалар, селдік арналарды және бұзып өту.

Аңғарлардағы селтудырушы жыныстар мен беткейлік процестер маңызды геологиялық себептер болып табылады.

Климаттағы гидрологиялық себептер су тасқынының пайда болуына әкеледі. Селдің пайда болуын нөсерлі жауын-шашындардың мөлшерімен және бөгенді бұзып өтуші ағынды шөгінділер қалыптасуының қарқындалығымен байланыстырады. Жауын-шашынды және мұздықты сулардың ағынмодулінің үлкендігі де селге душар етеді. Нөсерлі ағынның барынша модулі 1953 жылы тамыз айында 1 км 2 1270-1690 л/сек. болған. Атмосфералық және қар суларыбеттік ағынның қалыптасуына әсерін тигізеді.

 

Селді тасқындардың түрлері, қозғалыс механизмі, болжамы

Селдік ағындар бірнеше негізгі белгілері бойынша жіктеледі. Пайда болу жағдайы, қалыптасу механизмі арқылы былайша ажыратылады:

1. Арнада және тау бөктеріндегі бұрынырақ жиналған кесекті-құмтасты сазды жыныстардың сулы тасқынмен шайылу процесінің басымдығы;

2. Сырғымалар процестері, корымдар, пролювиальді
ысырмалардың шайылуы. Ошақтардың нақты белгісі бойынша
селдіңқайта туындауын А.И. Шеко былайша бөлген: сырғымалы,
опырылмалы, пролювиальді, мұздықты және шөгінді.

Селдік ағындар қозғалыс механизміне, құрамына қарай бөлінеді:

1. Байланысқан, әк кесекті және үлкен мөлшерлі сазды
материалдардан тұруына байланысты, тұтқырлы-сұйық
консистенциялы селдің бұл түрін балшықты деп атайды.

2. Байланыспаған, көпшілігі кесекті массалардан тұратын,
дисперсті материалдар қоспасын сутасты деп атайды.

Селдік ағындардың құрамы және көлемдік массасы әр түрлі.
Мысалы, Орта Азияда және Копетдагта 90-95 % шаң-тозаңды, сазды
материалдардан тұрады, селдік ағындар Байкал маңы және
Удоканажоталарында 60-70 %-ға дейін кіші және орташа мөлшерлі дөңбектастар құрайды (0,1-0,4 м және 0,4-0,6 м), ал қалғандары
ұсақ үшкіртастар, құмтастар және сазды түйіршіктер. Сел
ағынның қозғалу жылдамдығы әр қалай, негізінде 3-5 м/сек., ал
Медеу тоспасына жақындағанда 10-11 с/сек.

Селдік ағындардың Vорт. жылдамдығын тәжірибелік формула арқылы анықтайды:

Мұндағы:

һорт ағынның орташа тереңдігі, м;

і — есептелген бөліктегі су массасының орташа құлауы;

WТ селдік массаның өткізгіштігі коэффициенті.

Көлдің, су қоймасының тез босатылуы және су қоймасының табиғи бөгеуді бұзып өтетін апаттық тасқындары нәтижесінде тауларда селдік ағындарға тоспа құрады. Мысалы: 1963 жылы Италияда Вайонт су қоймасында үлкен сырғыма болған, қысқа уақыт ішінде 25 млн. м3 су тоспадан төгілді, су тасқын құрып 15 км төмен һ=12,5 м қамтыды. ВСН- ОЗЖ 76 инструкциясында селдің шығыны белгіленген. Осы тасқын бұзып өту жағдайында мына формула арқылы анықталады:

Мұнда:

QB — су ағынның барынша шығыны;

S0 — есептелген көлемдік концентрациясы және үлкендігі

Селдік ағынның болжамы мынадан тұрады:

1.Уақыт болжамы және әсер ету орны, түрі, көлемі және селдің шығу белдемдері;

2.Мөлшерінің болжамы, қарқындылығы және атмосфералық жауын-шашынның уақыт бойымен бөлінуі, мұздықтардың еруі, мұздықтасты көлдер және олардың бұзып өтуі.

3.Су тасқынның болжамы уақыт бойымен, пайда болуымен
нөсерлі қарлы мұздың таюымен, көлдерді бұзып өтуі.

4.Селқұрушы жыныстардың шайылуының литологиялық құрамының, мөлшерлік бағасы.

5.Сырғымалар болжамы.

6. Селді ағынның қозғалыс механизмінің болжамы. Аймақтық болжам бір ірі немесе бірнеше шағын су жинағыш алаптарды қамтиды. Болжамдарға масштабы 1: 1000 000 — 200 000 және жергілікті масштабы 1: 25000 болатын инженерлік-геологиялық карталау жүргізіледі.

Инженерлік-геологиялық карталаудың міндетіне сел құрайтын тау жыныстарының литологиялық және генетикалық түрлеріне түсінік беру, олардың жатыс жағдайлары, көлемдері, физика-механикалық қасиеттері мен шайылғыштығы, қазіргі геологиялық процестердің қарқындылығы мен сипаттары кіреді және бұрынырақта болған селдер толығымен сипатталады.

Селдік ағындарға қарсы шаралар

Селге қарсы шаралар төмендегідей болып бөлінеді:

1.Алдын ала ескерту жұмыстары.

2.Селдің қозғалысын байқап отыратын сел реттеуші.

3.Сел ұстаушы инженерлік құрылыстар.

Селге қарсы шаралар мынадай болуы мүмкін: а) агролесомелиоративтік; б) гидротехникалық; в) ұйымдық; г) бақылау қызметтеріне хабарлау.

Нөсер, еріген қар және мұз суларының ағыстарын реттеу негізгі іс-шаралар болып саналады. Оларға кіретіндері:

1.Бұлақтарды шегендеу, су ағыстарының арналарын тазалау мен бекіту, яғни су жинағыш қауашақтар жүйесінің көлемі мен жер беттік сулардың ағыстарын ұйымдастыру;

2.Су ағындарының қуаттары мен жылдамдықтарын және тасынды бөгеуге арналған арналық бөгеттер сериясы;

3.Тоғайларды шабуды тоқтату, беткейлерді көгалдандыру немесе жаңа тоғайлар отырғызу;

4.Селді алаптардың басында болатын мұзды, мұздақтасты көлдерді алдын ала ретті төмен түсіру;

Аз көлемді селдік ағындарға қарсы келесі шаралар жақсы нәтижелер берді:

1. Биіктігі 10 м шамасындағы жиналмалы конструкциясы торлар (барраж);

2. Селді өткізетін құрылымдар — селедук, сел бағыттағыш
бөгет, бетонды қауашақтар, бар және т.б.

Қазақстандағы селге қарсы жасалған құрылыстарға тәжірибе

Республикада сел қауіптілігі бар 300-ге жуық алап тіркелген. Бірқатар қалалар мен елді мекендер сел қауіптілігі жоғары қатерлі жерлерде орналасқан, атап айтсақ: Алматы, Есік, Талғар, Шелек, Қаскелең, Текелі, Жәркент қалалары.

Алматы, Текелі, Есік қалаларында соңғы 50 жыл шамасында алапат 5 сел тасқыны жүргендігі тіркелген. 1959 жылы Текелі қаласы мен Текелі кенішінде жүрген сел тасқыны біршама материалдық зардап әкелді. 1963 жылы Есік өзенінің жоғарғы бас жағындағы Жарсай деп аталатын мореналық-мұзды көлінің суы ернеуінен асып кетуі нәтижесінде, бірнеше сағаттың ішінде 6 млн.м 3 тасты массалар ағып шығып Есік көлін құртып кетті.

1973 жылы Тұйық көлі ернеуінен асып кетіп кіші Алматы өзенінің бас жағында Медеу шатқалына баратын жолда талқандаушы күші орасан зор тасты- лайлы сел ағынын қалыптастырды. Ағынның биіктігі Һ=15 м, жылжу жылдамдығы V=10 м/сек. құрады. Тасты-лайлы ағынның жалпы көлемі 4 млн.м 3, соның ішінде судың үлесіне 1,5 млн.м 3 тиеді.Қазір Медеуде орналасқан бөгеттің (плотина) биіктігі 150 м, селден сақтаушы құрылымның жалпы сыйымдылығы 12,6 млн.м 3. Бұл құрылым 1973 жылы бірнеше (>3) қатерлі сел тасқындарын қалаға жібермей ұстап қалды. Бөгеттің құрылысына 8,5 млн.м 3 грунт кетті.

Алматы қаласының батыс бөлігін сел тасқынынан қорғау мақсатында Милютин өзені сағасының құйылысында (ГЭС-5) селден қорғайтынн бөгет салынды.

Үлкен Алматы өзені сағасының құйылысындағы селді тасқындарды есептеудің көрсеткіштері Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты әдістемесі бойынша қатты нөсер кезінде қалыптасатын тасқын сулар есебінен жүргізілді. 1977 жылға дейін бөгет орналасқан жердегі бақыланған селді тасқындардың максимальды көлемі 0,4 млн.м 3 құрады, бас жағында — 1,1 — 1,4 млн.м 3, критикалық сел құрайтын су шығымы — 45 м3/сек.

Сел тасқынына қорған болатын бөгеттің сыйымдылығы 1977 жылғы сел тасқынын ескермей қабылданған. 1977 жылы жүрген сел тасқынынан кейін үкімет деңгейінде қайтадан қаралып, бөгеттің бұрынғы 30 м болған биіктігін 40 м -ге, ал көлемі немесе сыйымдылығы 4,5 млн.м 3-тен 14,5 млн.м 3 жеткізілді.

Салынған ғимараттың конструкциясы темір-бетонды ойықты материал мен қарапайым дөңбекті, малтатасты грунттардан тұрады (капиталдылықтың II сатысына жатады). Биіктігі — 40 м, ұзындығы 422 м, ені > 200 м. Сел тасқынын қалыптастыратын сұйық массалар, селден қорғаушы бөгет тоғанының 49 м3/сек. шығынмен суды ағызушы құрылымы арқылы қамтамасыз етілді. Бөгет құрылысына 85 мың м3 темір-бетон қойылып, шамамен 1 млн.м 3 дөңбектасты-малтасты грунт төгілді. Селден қорғаушы бөгет тоғанының аталған көлемі, сипаты 1977 жылғы сияқты болатын екі қатерлі сел тасқындарын қабылдай алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1611; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.