Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Селдік процестер 3 страница




 

68- сурет. Үлкен Алматы өзеніндегі селдік ағын

(Алмарасан учаскесі, фото автор)

 

69-сурет. Үлкен Алматы өзеніндегі селдік ағынның көпірде талқандап кеткен жері

(фото автор)

 

7.7.Су қоймаларының жиек жағалауының шайылу мүмкіндіктерін болжау

Су қоймаларының жиек-жағалауын құрайтын тау жыныстарының шайылыс дәрежесін зерттеу негізінде Г.С. Золотарев оларды төмендегідей топтарға жіктейді:

1)өте оңай шайылғыш жыныстар — лесс секілділер;

2)оңай шайылғыш жыныстар – құмдар;

3)орта дәрежеде шайылғыш жыныстар — саздақ жыныстар,
мергелдер, әктастар, алевролиттер, құмтастар;

4)іс жүзінде шайылмайтын берік жыныстар — жартасты түбірлі
жыныстар.

Су қоймаларының жиек-жағалауының шайылу мүмкіндігін болжап айта білу үшін геологиялық деректерден басқа гидрологиялық деректер керек. Атап айтсақ соғатын желдің басым бағытын ескере отырып есептегендегі жылдамдықпен байланысты байқалатын толқын биіктігін, жағаға соғылған толқын биіктігі мен оның энергиялық қуат шамасын және т.б. жағдайларды ескеру қажет.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер жұмыстарында су қоймаларының жиек-жағалауының шайылу шамасын есептеп шығару және болжау әдістерінің ішінде ең кең таралғандары:

1)салыстырмалы-геологиялық әдістер тобы (Золотарев Г.С.);

2)энергетикалық әдістер тобы (Качугин Е.Г.).

Золотарев әдісі

Бұл әдіс таулы және жазық жерлерде орналасқан барлық су қоймалары үшін қолданылады. Осы әдісті пайдалана отырып су қоймаларының жиек-жағалауының шайылу мүмкіндігін анықтауға арналған болжамды екі мерзім аралығында жасауға болады: су қоймасының толысуынан кейін 10 жыл өткеннен соң болуға тиісті шайылысты болжау және ең соңында су қоймасының жиек-жағалауының шайылысу жылдамдығының іс жүзінде практикалық маңызы жоқ жағдайды болжау.

Бұл әдістің негізгі мазмұны. Су қоймасының инженерлік-геологиялық жағдайы ұқсас барлық аудандары үшін, есептеуге арналған геологиялық кесінділер дайындалады. Мұндай кесінділерде болжамдық профиль тұрғызу жұмыстары саяз сулы жағалық қайраңның кемер қабағының орналасу тереңдігін анықтаудан басталады — "а" нүктесі (70-сурет).Оңай шайылғыш құмдар мен құмайт жерлер үшін ұсынылады. 10 жылдық мерзім үшін "а" нүктесінің орналасу тереңдігін толқын биіктігінің 1,5 бөлігіне теңдеп санау керек, басқаша айтқанда 100 жылда 20 рет қайталануы мүмкін деп саналады (20 %).

Шайылудың ең соңғы мерзімі үшін "а" нүктесінің орналасу тереңдігін оңай шайылғыш жыныстар үшін толқын биіктігінің 2,5-3,0 бөлігіне тең деп (5 %) санау қажет; оңайлықпен шайылмайтын, тығыз күйде кездесетін саздық жыныстар, мергелдер және сол секілді т.б. жыныстар үшін "а" нүктесінің орналасу тереңдігін толқын биіктігінің 2-2,5 бөлігіне тең деп, басқаша айтқанда 100 жылда 1-2 рет қайталануы мүмкін деп саналады. "а"нүктесінен бастап бұрышы арқылы (

70- сурет. Г.С. Золотаревтың әдісі бойынша болжау жасауға арналған есептеу сызбасы: I – суасты қайраңының жарқабағы; II – суасты қайраңының аккумулятивті бөлігі; III– суасты қайраңының абразиялық бөлігі; Lжж – жөндеу жұмысты жүргізілетін белдемнің ені; Lқсуасты қайраңының ені.

алады) саяз сулы кайраңның кемерін көрсететін сызық жүргізіледі, ал 2 бұрышы арқылы оның үстіңгі беті көрсетіледі. Бұрыштан жүргізілген сызық "в" нүктесіне дейін жеткізіледі (беткейлік жазықтықпен қиылысқанша) "в" нүктесінен "С" нүктесіне дейін (НПГ) сызығымен қиылысқанға дейін 3 бұрышы арқылы жағалық қайраңның абразиялық бөлігін көрсететін беткі қабат белгіленеді. Бұрыштың шамасы тау жыныстарының шайылу дәрежесіне болжам мерзіміне және толқын биіктігіне қарай анықталады. "С" нүктесінен жоғары қарай толқын айдау зонасы айқындалады. Толқын айдау зонасының биіктігі Н.Н. Джунковскийдің формуласы бойынша есептеледі. һ=3,2 kh мұнда, k — құлама баурайдың тегістік дәрежесіне тәуелді коэффициент (бетон үшін — I, тасталған тастар үшін — 0,755 көлденең сызықты құлама баурай үшін — 0,655) һ толқын биіктігі, — құлама баурайдың құлау бұрышы толқын биіктігінің 0,3-0,4 шамасындай. 4 бұрышы алынады. Толқын айдау зонасының үстіне қарай d және е нүктелерінің аралығында су бетіндегі құлама баурай 5 айқындалады. Олардың контуры табиғи жағдайдағы құлама баурайдың құлау бұрышының шамасына қарай анықталады.

Жиек-жағалаудың шайылу мүмкіндігін болжау мақсатымен тұрғызылған ең бірінші профиль бойынша жағалық қайраңның акумулятивтік бөлігі және кемер қабағының шайылысқа ұшыраған бөліктері арасындағы прапорциялық қарым-қатынас шамасы анықталады. Егер бұл қатынас шамасы (Ғ12) кесте бойынша қабылданған аккумуляциялық пайыз шамасына сәйкес келсе, тұрғызылған профиль және жасалған болжам дұрыс деп саналады. Ал егер, бұл қатынас шамасы қабылданған дәрежеге сай болмаса, профильді қайтадан тұрғызуға тура келеді ("а" нүктесін жағалық сызықтан арлы-бері жылжыта отырып, аккумулятивтік және шайылу аудандарының қажетті шамасына жеткенше). Болжамдық профильде "а" нүктесінің орналасу жағдайын түсіндіретін, негіздеменің осы жағдайлармен байланысты екенін айтуға болады. Ал аккумуляциялық пайыз шамасы (Г. С. Золотаревтың ұсынысы бойынша) кесте арқылы анықталады.

Сонымен, болжамдық профильді тұрғызу жұмысы сұрыптау әдісі арқылы орындалады. Ол үшін ең алдымен саяз сулы жағалық қайраңның қандай түрге жататындығын абразиондық немесе аккумулятивті-абразиондық анықтау керек

Е.Г. Качугин әдісі

Бұл әдіс үгіліске ұшарыған аумақтың мөлшері толқын қуатының жалпы қосындысына прапорционал екендігіне және бұл әрекеттердің дамуына биіктігі әр түрлі ірілі-ұсақты толқындардың барлығының да қатысы бар екендігін ескеруге негізделген; жағалаулық жуып-шаю әрекеттерінің қарқындылығы тау жыныстарының толқын су әрекеттеріне қарсыласу шамасы мен жағалақ деңгейдің биіктігіне тәуелді екендігіне негізделген. Мысалы, биіктігі 30 метрлік жағалаудың

 

бұзылып-шайылуының өзіндік түрі биіктігі 30 метрден кіші болса мұнда Q шайылған жағалаулық жыныстардың көлемі, м 3; t шайылу мезгілі (маусымдық сан); Кр бұзылып-шайылу коэффициенті, тм, м3/тм; Е— толқын қуатының жалпы қосынды-сы, в — дәрежелік көрсеткіші (1-ден төмен), қайраңның абразиялық (соқпа толқынның теңіз жағасын бұзып шаюы) бөлігі және жалпы қайраң ені арасындағы прапорциялық қатынас арқылы анықталады; оның шамасы орта есеппен — 0,7. Егер қайраң абразиялық болса, "в" шамасы 0,95-ке дейін барады, ал қайраңның аккумулятивтік белігі кең болған жағдайда, оның шамасы 0,45 болады.

Су қоймасын сумен толтыру барасында алғашқы жылы барлық энергия су қоймасының кемерін жуып-жоюға жұмсалады.

 

Толқын қуатының (энергиясының) шамасы Браславский әдісі арқылы есептелінеді. Ол үшін толқын биіктігін және тәулік бойына соғатын желдің тигізетін әсерінің ұзақтығын біле отырып, арнаулы график бойынша толқын қуатының (энергиясының) шамасын анықтайды. Жел бағытының синустық бұрыш шамасын ескере отырып, оның суммарлық қуат шамасын анықтауға болады.

 

 

Бұл жерде, Кb жағалау биіктігін ескеретін коэффицент һg жағалаудың орта биіктігі; С =0,03- оңай ерігіш жыныстар үшін; 0=0,05 - оңайлықпен ерімейтін жыныстар үшін; жағалау биіктігі 30 м болған жағдайда = 1.

Белгілі бір уақыт аралығында, мысалы, бір жыл ішінде 10-100 жыл аралығында 1 м жағалау бойында жуып-шайылған жыныстардың көлемін есептеу жұмыстарын осылайша (м3 есебімен алғанда) жүргізеді. Содан кейін болжамдық профиль тұрғызып су қоймасының деңгейлік өзгерістерінің амплитудасын анықтауға болады: жоғары деңгейдегі шамасы 2-4 %; төменгі деңгейдегі шамасы 96-98 %.

Кесте бойынша ең жоғарғы деңгей шамасы һр=0,7һссанын қосып есептейді, һс ең жоғарғы биіктік бойынша жоғарғы қуат; оны кестеден алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1082; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.