Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 2 страница. «Автор тұлғасының» прозада көрінуіне тоқталар болсақ, мұның біршама күрделі мәселе екенін




«Автор тұлғасының» прозада көрінуіне тоқталар болсақ, мұның біршама күрделі мәселе екенін мойындауымыз керек. Себебі, көркем прозаның ауыз әдебиетінен ерекшелігі – автордың және кейіпкерлердің жанды даусы, интонациясы, сөйлеу мәнері, көңіл-күйі, бір сөзбен айтқанда олардың «өзіндігі» сезіліп, білініп тұрады. Ол үшін – әдеби туындының тілдік құрылымында автор бейнесі, кейіпкерлер бейнесі бейнеленіп, көрініс табуы керек. Ал, бұл бірден қалыптаса қойған жоқ. Ол үшін ортағасырлық жансыз кітаби стильден бас тарту керек болды, ауыз әдебиеті шығармаларындағы бірсарындылықты жеңу керек болды.

Сондай-ақ, проза жанрынан «автор бейнесін» көре алу қиындығының тағы бір себебі – ол көркем шығармалардың композициялық тұрғыдан көпқабаттылығы мен тілдік құрылымдардың әр алуандылығы. Негізінен, тұтастай алғанда автордың көзқарасы оқиғаны баяндау және кейіпкерлер әлемін беру мәнерінен байқалады.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін көркем шығармаға жүгінейік. Мысал ретінде Қ.Түменбайдың «Сағат жөндеуші және мен» атты қысқа ғана әңгімесін алайық. Әңгіменің көлемі бар-жоғы екі бет. Бірақ автордың шеберлігі сол – осы екі бет әңгімеге терең де ауқымды мағына бере білуінде. Сонымен қатар мұнда автордың баяндау кезіндегі көзқарасының берілуінің үш жолы да көрініс тапқан. Біріншіден, автордың тікелей кірігуне әңгіменің «Мен» деп бірінші жақтан баяндалуын жатқызамыз: «Топ-томпақ «командирский» сағатымның бұрандасы былқ-сылқ етіп бұралмай қалды. Бір секөндті сарп етпейтін уақыттың құлымыз ғой, енді қайттім? Көршім: «Поштаның қасында сағат жөндеуші бар» деп сілтегесін салып ұрып жеттім» [8,29 б.].

Ал, екінші, автор сөзіндегі лексикалық элементтер арқылы көрінуі туралы сөз еткенде, әңгіме барысында ұшырасатын сөздерді айтуымызға болады: «Көшенің бергі беті «Қазақфильм» ықшам ауданы да, арғы беті – «Алатау» совхозы.Асқақ Алатаудың етегінде алшаң басқан түрік пен ұйғыр көп еді, енді армянды ұшыраттым» [8,29 б.]. Келтірілген үзіндіде «Қазақфильм» ықшам ауданы, «Алатау» совхозы сияқты біздің жаңа заманымызға тән лексикалық қорымыздағы сөздер кездеседі. Бұл – автордың қай заманда өмір сүргендігінен және сол дәуірге тән өзіндік ерекшеліктерінен де көрініс береді.

Үшіншіден, әңгіме көбінесе диалог мәнеріне құрылған. Яғни, оқиғаға бар-жоғы екі-ақ кейіпкер қатысады. Бірі – автордың өзі де, бірі – сағат жөндеуші, ұлты – армян Енгибарян. Оқырманда шығарманы оқу барысында осы Енгибарянның сөйлеген сөздері арқылы жазушы өз ойынан хабар беріп отырады деген пікір қалыптасады. Әрине, дәл сол күйінде емес, тұспалдап жеткізуге тырысады. Мысалы: «Ол басын көтерместен былқ-сылқ еткен бұранданы бір бұрады да, ішек-қарнын ашып қарап, қылдай жіңішке бізімен бір жерін сырт еткізіп түртіп еді, сағатым тық-тық етіп өмір жырын шертіп жүре берді.

-Серіппе сымы шығып кеткен. Бұны бір алға, бір артқа бұрау керек.Сендер, қазақтар, қызықсыңдар. Мән-мағынасыз алға бұрай бересіңдер» [8,29 б.]. Осы бір сағатшының сөзі арқылы автор не айтқысы келді екен деген сұрақ туындайды. Әңгіме екібастан сағат туралы болып отырған жоқ қой. Сағат дегеніміз – ол қазақтардың қазіргі таңдағы алға қадам басуындағы сана-сезімі. Мән-мағынасыз алға қарай бұрай бересіңдер дегені – біздің әйтеуір қалай да болса алға жылжу мақсатында тырмыса беруіміз, ал алды-артымызға жиі қарамай, өз-өзімізді жоғалтып алу қаупінде тұрған жайымыз. Және тағы бір мына үзіндіге назар аударайық:

-«Қай жылғысың?дедім шебердің жас мөлшерін бағамдап.

-55-пін.

-Менімен, сосын біздегі тың игерумен құрдас екенсің де.

-Әй, қойшы, сендерде дата көп.Өздеріңе түк пайдасы жоқ» [8,30 б.].

Расында да, өзімізге түкке де пайдасы жоқ нәрселер біздің санамызды әбден шырмап, орап алғаны шындық. Соны автор қазақтың өзі емес, басқа ұлттың өкілін сырттан бақылаушы – сыншы ретінде айтқызып отыр. Бұл – қазақтың намысын түртіп, санасын ояту мақсатында қолданылған тәсіл болуы мүмкін. Себебі, адамға көбінесе сырт, бейтаныс адамның айтқан сөзі әсер етеді. Негізінен, әңгіме бастан-аяқ тұспалды ойларға толы. Алайда оқырман оны оқыған кезінде бірден түсіне алатындай деңгейде жазылған. Автор неліктен әңгімені «Аяқ киім жөндеуші» немесе «Киім тігінші» деп емес, дәл «Сағат жөндеуші» деп атаған. Өйткені сағат дегеніміз – ол уақыт, замана ағымы. Сонда автор қазір бар билік пен соңғы сөз қарабайыр қазақта емес, өзге ұлт өкілдерінің қолында екенін айтқысы келді ма деген сұрақ еріксіз ойға оралады. Расында да, оңай істейін деп тұрған сағат тілін басқа ұлттың адамы түртіп қана іске қосуында нендей хикмет бар? Ол - өз жеріміздігі ұлан-асыр байлығымызды өзіміз игермей, шет елдерден келген азаматтарға пайдалануға беріп қойғанымыздан хабар бермейді ме?

Автордың көркемдік әлемі – бұл эстетикалық әлемі, сұлулықты қабылдау, сезіну әлемі. Демек, көркем шығармадағы барша оқырманды баурап әкететін персонаждар мен сұлулықтың (пейзаж, кейіпкерлер, т.б.) суреттелуі [8,16 б.]. Бұл сұлулық кейіпкердің ішкі мінезіне және оны қоршаған ортаға дариды. Автордың рухани әлемі – ол жан дүниесі рухани, моральдық құндылығы, бір сөзбен айтқанда адамгершілігі [8,16 б.]. Рухани әлем кейіпкер әлеміне беріледі. Автордың көркемдік пен рухани әлемі автор бейнесімен астасып жатыр. Лирикада автор бейнесі бірден көрінеді, ал прозада олай емес. Автор бейнесін прозада көбінесе кейіпкер ретінде келеді. Яғни, автор кейіпкерде көрінетіндіктен, авторды шығарманың идеясынан емес, кейіпкерден іздеген жөн болар. Дегенмен, бұл барлық жағдайда емес.

Авторды көркем шығармада кездесуіне орай 1-суретіне сәйкес А.Байтұрсынұлы толғаушы, сарындаушы, әуезелеуші, жазушы, ақын деп бөлсе, 2-суретке сәйкес В.Е.Хализев ғұмырнамалық автор, көркем болмыстағы автор, көркем шығармадағы автор деп бөлген.

Сурет 1. А.Байтұрсынов жіктемесі

 

Авторды толғаушы дегенде: «Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды, екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды», - деген [8,450 б.]. Әуезелеуші деген - автордың әңгіме, тарихи әңгіме, т.б. шығармалардағы рөлі, толғаушы деген - лирикалық өлеңдердегі ақынның рөлі. Ал сарындаушы дегенде: «Сарындаушы – өз заманындағы бар тұрмысты ғана суреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді» [8,450 б.]. А.Байтұрсынұлының жіктемесі бойынша Т.Әбдікұлы әуезелеуші және сарындаушы ретінде танылды.

Сурет 2. В.Е.Хализев жіктемесі

 

В.Е.Хализев: «Слово «автор» (от лат. аuсtог – субъект действия, основатель, устроитель, учитель и, в частности, создатель произведения) имеет в сфере искусствоведения несколько значений. Это, во-первых, творец художественного произведения как реальное лицо с определенной судьбой, биографией, комплексом индивидуальных черт. Во-вторых, это образ автора, локализованный в художественном тексте, т.е. изображение писателем, живописцем, скульптором, режиссером самого себя. И наконец, в-третьих (что сейчас для нас особенно важно), это художник-творец, присутствующий в его творении как целом, имманентный произведению. Автор (в этом значении слова) определенным образом подает и освещает реальность (бытие и, его явления), их осмысливает и оценивает, проявляя себя в качестве субъекта художественной деятельности». Бірінші автор – ғұмырнамалық автор. Жазушы автобиографиясын жазу арқылы өзінің ішкі толғаныстары мен күйін толық жеткізеді. Автобиографиялық еңбекке автор емес, оқырман мұқтаж. Себебі, автордың үздік шығармасы мәңгі өмір сүреді, ал автор оның тасасында қалып қалады. Бірақ кейін автор өз сұранысына ие болады. Т.Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» шығармасы – автобиографиялық шығарма. Т.Әбдікұлының бұл шығарманы өз тұлғасына қатысты сұрақтарға жауап ретінде әрі өзінің өмір жолын өнеге – естелік ету мақсатында жазған. Екінші автор – көркемдік болмыстағы автор. Түсінікті айтқанда, екінші автор – автор-туындыгер. Кез келген шығарманың автордың өзінің ережесі мен талабы бойынша жазылады. Яғни, автор өз шығармасында өз заңын жүргізеді. Автобиографиялық шығарма ол Аллаһтың жазған шығармасын жеткізуші болса, ал өз қолынан шыққан шығармада автор өзі тудырады және сырттай бақылайды. Үшінші автор – көркем шығармадағы автор. Үшінші автор жоғарыда айтылған екі автордан ерекше өзгеше болып келеді. Мәтіндегі автор оқиғалармен бірге құбылып, оқиғалармен бірге тербеледі.

Автор әдебиеттің әр дәуірінде берілуіне қарай әр түрлі көрінді. Мәселен, ауыз әдебиетінде «автор» деген ұғым жалпылама болды. Бұл кезде жекелеген авторды кездестірмейсін. «Елім-ай» өлеңі «Халық әні» деп берілді. Кейіннен оның авторы Қожаберген жырау деп те айтылып жүр. Сөйтсе де, фольклорда автор деген ұғым болмай, авторды атау кейіннен қалыптасқанын көреміз. Көне Греция әдебиетінде«автор» ұғымы пайда бола бастады. Сол ғасырдың авторлары риторика мен дәстүрлі поэтика бойынша жазды. Яғни, риториканыңЭсхил, Софокл, Еврепид сынды авторлары болды, олар жанр мен стилге мән берді. 17-18-ғасырларда классицизм жанры келуімен дәстүрлі поэтика өз қалыбын өзгертпеді, тек романтизм мен сентементализмнің келуі әдебиеттегі жағдайды өзгертті: «Центральным «персонажем» литературного процесса стало не произведение, подчиненное канону, а его создатель, центральной категорией поэтики – не стиль или жанр, а автор» [10,33 б.]. 19-ғасырдан бастап шығарманың негізгі нысаны жанр мен стиль емес, автор болды. Автордың категория болып танылуынан бастап, автор шығармаға өзінің сан салалы қиялдары мен идеяларын еге бастады. 19-ғасырдан басталған автордың творчествалық еркіндігі шығармалардың сапалығына әкелді деуімізге болады.

Американ – ағылшын әдебиеттануының 20-шы жылдардағы негізгі

нысаны – автордың баяндаушы, әңгімеші қызметіндегі автор көзқарасы. Бұл зерттеу П.Лэббок пен Г.Джеймстің еңбектерінде көрінді. П.Лэббок бойынша баяндаушы, әңгімелеуші тәсіліндегі авторлық көзқарас барлығына жетекшілік етуі керек. Яғни, автордың көзқарасы шығармада баяндау және әңгімелеу кезінде көрінеді деген айтты. Бұл бағытты кейін «Жаңа сын» мектебі жалғастырды. Бұл мектептің өзіндік ерекшелігі болғанымен, қателікке бой алдырмай қоймады. Баяндаушы, әңгімелеуші автор идеядан да, сюжеттен де жоғары деді. Баяндаушы, әңгімелеуші автор идея мен сюжеттен жоғары емес, бір-бірімен тығыз байланысты.

Автор мәселесі 20-жылдары Ресей әдебиеттанушыларының да зерттеу нысанына айналды. В.В.Виноградов, М.М.Бахтин, Б.Эйханбаум, т.б. «Жаңа сын» мектебінің қателіктерін қайталамады. Олар автор образын, автор позициясын шығарма жүйесінде зерттеді. В.В.Виноградов: «Автор образы – бұл ақынның шығармашылығында жасалынған образдың басты ерекшелігі. Ол өз биографиясының да көркем-бейнелік элементтерін қамтып, жүзеге асырады. Лирикалық «Мен» - бұл автордың ғана образы емес, сонымен қатар адамзаттық үлкен қоғамның рөлі», - деген сөзінен шығатын қорытынды мынандай: автор өз шығармасында өз образын салады, сонымен бірге халықтың да образын қамтиды [11, 113 б.]. Автор өз образын қоғамның өзгерістері мен жағдайларына орай да өзгертіп, шығармаға арқау етіп отырады. Автордың шығармаға, шығарманың авторға қатысы болады.

М.М.Бахтин бойынша: «Әдеби шығарма авторы тек тұтас шығармада ғана қатыса алады және осы тұтас дүниеден бір сәтте бөлінбейді, бәрінен бұрын мазмұн тұтастығын алшақ тұрған емес. Ол мазмұн мен форманың құйылысып, ажырамас күйге айналған тұсынан табылады. Әдебиеттануда авторды әрдайым тұтас мазмұннан іздейді, демек оны белгілі бір уақыттағы, белгілі бір автобиографиялы, белгілі бір дүниетанымды автор-адаммен үйлесімде алуға болады. Осыдан барып «автор образы» нақты бір адамның образымен кірігіп кетеді», – дейді [12, 382 б.]. Бахтин автор образын форма мен мазмұнның бірлігінен іздейді. Автор белгілі бір дәуірдің перзенті бола отырып, сол дәуірмен үйлесіп, ал өзге бір дәуірдегі автордық тұлғамен үйлесе бермейтінін, сөйтіп әрқилы кезеңде түрлі авторлық көзқарас көрінеді.

Автордың көркем шығармаға қатысы жайлы Б.О.Корман былай айтқан: «Автор сөзіне бүгінгі әдебиеттану ғылымында әр түрлі маңыз беріліп қолданылады. Сондықтан бұл терминнің мазмұн – мәні туралы ескерте кеткен орынды. Автор арқылы біз жазушының барлық немесе жинақталған шығармаларының концепцияларын сақтаушы екенін түсінеміз. Авторға бұлайша мән беру, оны нақты жазушыдан да, сондай-ақ авторды баяндаушы, жеке дара баяндаушы, әңгімеші, әңгімеші-қаһарман, т.б. құбылыстардан бөліп, шегін ажыратып береді. Жоғары мағыналы инстанция бола отырып, автор шығармаға тура мағынасында енбейді. Ол үнемі сюжеттік-композициялық форма құрамында жанама субъект болып қала береді»[13,19 б.]. Корманның пікірінше автор шығармаға өз бейнесін енгізбейтін, керісінше өзгелердің оқиғасын суреттейді. Шығармада автор өзінің «менін» көрсетпейді.

Орыс ғалымдарының жіктемесінде сонымен қатар баяндаушы (повествователь), әңгімелеуші (рассказчик), әңгімелеуші-кейіпкер деген категориялар бар. Бұлар А.Байтұрсыновтың бөлуімен дәлме-дәл келмесе де, біразы сәйкес келеді.Ғалымның келесі бір авторды атауы – ол «толғаушы».

«Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды, екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды» [8, 407 б.]. Бұл автордың категориясы әдебиетте көптеп кездеседі. Әсіресе, поэзия әлемінде, жалпы лирикалық туындыларда жиі ұшырасады. Оған мысал ретінде Т.Тәшеновтың «Өрт ішінен аман шыққан гүлдеймін» деген өлеңінен үзінді келтірейік:

Күнде, мейлің,

Міне, мейлің,

Күл, мейлің!

Өрт ішінен аман шыққан гүлдеймін.

Талайсыздан тай торысы Тәңірдің,

Қоғамның қой торысы боп жүр деймін...

Керегі жоқ

енді маған мақтау мен даттаудың да,

Өзімді-өзім жатқан жоқ ақтау мұнда.

Керегі сол – тек қана тыныштық бер,

Көремін сол – тек қана Хақты алдымда...[8,25 б.].

Автор-толғаушы шығармасында өз көңіл-күйін эмоционалды-экспрессивті түрде беруі мүмкін.

Ақынның бұл өлеңінде эмоционалдық реңк аса басым емес. Мұнда тек мәселені ортаға тастау, соны талқылау, өз ойын білдіру, соңында жеке танымымен қорытынды жасау. Яғни, толғаушы тек өз сезімінен хабар беріп қана қоймай, сонымен қатар кейбір тақырыптар аясында ой қозғай алады. Авторға берілген атаулардың келесі категориясы – ол «сарындаушы».

«Сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты ғана суреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді» [8, 450 б.].

Қорыта келгенде, автор категориясы – күрделі категория. Әр ғалым автор категориясына қатысты әр түрлі көзқараста болуы орынды. Барлық ғалымның ортақтастыратын нәрсе – автор-туындыгер. Автор өз ойын да, идеясын да әрі басқа да идеяларды шығармаға арқау етеді. Автор мақсаты – шығарма арқылы оқырманға ой тастайды.

 

 

1.2 Т.Әбдікұлы шығармаларындағы авторлық идеялар

 

Төлен Әбдікұлы әріптестері сынды әдебиет майданына әңгімелер жинағын алып келді. Жазушының «Райхан» атты алғашқы туындыларының бірі Қазақстан жазушыларының 1964 жылы шыққан «Таңғы шық» жинағына еніп, жазушы жолын жеңіске жетелеген еді. Бұл кез жазушының студенттік кезеңіне сәйкес болатын. Университет қабырғасында қазақ және әлем әдебиетінен сусындаған тұлғаның шығармалары да өзге болды. Әр шығармасында шетел әдебиетінің элементтері кездесіп жатты.

Жазушы қаламынан туындаған танымал болған әрі танымал еткен десек те артық емес шығармасы - «Оң қол» әңгімесі. «Оң қол» әңгімесі - 70-жылдардағы қатты сыналған әрі оқылған шығарма. Қазақ прозасын зерттеп жүрген ғалым Г.Пірәлиева: «Жетпісінші жылдардың басы мен орта тұсында қазақ прозасында бір құбылыс әдеби жанрда бұрындары байқала қоймаған тың көркемдік тәсілдер туа бастады. Мәселен, роман-монолог «Аңыздың ақыры» – Ә. Кекілбаев, роман-диалог «Ақиқат пен аңыз» – Ә.Нұршайықов, әңгіме-түс көру «Оң қол» – Т.Әбдіков, повесть-новелла «Ақ ару-ана» – С.Санбаев және басқалар.Мұның бәрі қазақ сөз өнеріне өзіндікқолтаңбасымен, стильдік ерекшеліктерімен жаңаша леп әкелгендей еді», – деген пікірді айтады. Шынында да, Т.Әбдікұлы – жаңа леп әкелген жазушы.

Әңгіме жазу – жүгі ауыр өте қиын дүние. 10-15 беттің ішіне мән-мағына, өнеге, тәрбиенің барлығын қамту кез келген адамның қолынан келе бермес. Бұл жерде роман, поэма жазатындардың жұмысы оңай деуден аулақпыз. Әр жанрдың өз көтерер жүгі бар. Сонда да әңгіменің орны проза үшін ерекше. «Оң қол» әңгімесінде Алма дейтін кейіпкердің басындағы жағдай медицинада бар ұғым. Медицина тілінде «тұлғаның екіге жарылуы» деп айтады екен. Ал әдебиеттануда «адам ішіндегі адам» деген тәсілмен көрініс табады. Қаламгер тұлғасының екіге жарылуын түсі арқылы бейнелеген. Ж.Дәдебаевтың түске қатысты пікірі мынандай: «Қаламгер қай кейіпкерінің бейнесін жасамасын ол сөзге сараң, автордың ішкі сезімін сездіре бермейтін салқынқанды. Кейіпкерлері тек өз табиғатына, дәрежесіне тән сөздерді сөйлеп оларды толғайды. Шағын әңгімеде шашырап жатқан ой, оңды-солды пайдаланған сөз жоқ. Әдеби шығармада кейіпкер болмысын кесектеп, ішкі жан сырын ашуда айрықша рөл атқаратын түс ішкі монолог ретінде көрініс тапқан. Әңгімені әсерлі етіп, оқиғаны қоюлатып отырған түс – автордың үлкен табысы» [14,77 б.]. Түс – мифтің бір түрі. Саналы жаратылысқа тән қасиет болғандықтан, түс арқылы жазушы аз сөзге көп мән сыйдырады. Ж.Дәдәбаевтың айтқан пікірі осыны меңзесе керек. Сонымен бірге, О.Бөкейдің де «Жасын» атты әңгімесін түс тәсілі арқылы жазуының сыры осында.

«Оң қол» әңгімесіндегі бақытсыз қыздың арғы аталарының бірі өзін-өзі өлтірмек болып, бірақ идея іске аспай қалған. Генетикалық кодқа жазылған өлім әңгімеде былай берілген: «Оң қол Алмаға тек қалың ұйқы құшағына енгенде шабуыл жасайды. Яғни өзіне қанша түсініксіз болғанмен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар деген сөз. Бірақ ол ниет кімнің ниеті, қайдан келген. Алманың бүкіл өткен өмірін, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын зерттей келіп, мұны өз басынан туған ниет деуге себеп таба алмадым. Бұл қалайда қанмен, тұқым қуалап келген ниет. Науқастың шешесі, иә әкесі, иә әкесінің әкесі бір кезде өзін-өзі өлтірмек болған. енді олар әлдебір құпия заңдылықпен Алманың санасында тұрып, өздерін-өздері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Санасының иесі – қыз өлуге тиісті» [16, 317 б.]. Енді генетикалық ақпаратқа енген осы идея пәленбай ұрпақтан кейін қыздыңжадында жаңғырып, ақыры жүзеге асып қыздың мерт болуымен аяқталады. «Оң қол» әңгімесінде автор идеясы – жақсылық атаулымен қатар жүретін зұлымдық іс-әрекеттер мен жауыздықтың түп-төркіні - ой мен соны іске асыратын қол. Жаман істің ойға келіп, бірақ іске аспаса да оның өзінен кейінгі болашағының генетикалық кодында сақталып, кесел болып жабысатынын автор әңгіме арқылы жеткізіп отыр.

«Бассүйек» атты әңгіменің желісі Хамит деген жас мүсінші-антропологтың мүсінді жасау кезіндегі ізденістері мен қиыншылықтары жайлы өрбиді. Хамитті атақты Герасимов сынды ғалым мақтап, оның дәрежесін өсірген болатын. Бірақ сол Хамит бүгін бір мүсін жасауда қатты қиналуда. Жасаған мүсінін достары жақсы баға бергенімен, халық бұл еңбекті мүлдем ұнатпайды. «Әсіресе, мүкіс құлағын қалқалап, түсінсін-түсінбесін қолын көлегейлеп қарап: «Қайдам, шырағым», – деп тұрған Мұқаш шалдың бейнесі көңілге қона кетті. Кенет қиқулана жымиып: -Мынау біздің милиция Оқап секілді екен, – деп, болмаса: - Ал былтыр өлген әкесіне бухгалтер Ермек әшекейлеп күмбез орнатты, көрдің бе?- деп, әлдекімдерді сыпырта боқтап отырған сахарға салып алғандай аппақ шалдың іші-тысы түгел танылғандай», «Мүсінді ел көзіне – ортаға қойғанда күтпеген жағдай болды [16, 321-322 б.]. Жиналған халық тас мүсінге аз-кем үнсіз қарап қалды да, артынша бәрі бірауыздан:

-... Жоқ, бұл Жаубөрі емес, Жаубөрі мұндай болуға тиісті емес, - деп шу ете қалды.

Хамит алғашында бұған қысыла қоймаған. -Мен мұны тек антропологиялық өлшемдер мен математикалық дәлдікке сүйеніп жасадым, –деп дәлелдеді ол отырған жұртқа. -Мен көркемөнер мүсіншісі емеспін. Мен мүсінші-антропологпын. Сондықтан Жаубөрі образын емес, антропологиялық пішінін ғана сақтауды мақсат еттім.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1757; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.