Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Қазақ әдебиеті – көптеген мықты жазушы мен ақындарды жинай білген орта




Қазақ әдебиеті – көптеген мықты жазушы мен ақындарды жинай білген орта. Қайсысын алып қарамасаң да өз биігінде, өз дәрежесінде жүр. Солардың бірі – Төлен Әбдікұлы. Қазақ әдебиетіне қосылғанына жарты ғасырдай болса да өз қолтаңбасын оқырман жүрегіне қалдыра білді. Өзінің философиялық ойлары, психологиялық жағдайлары, көкейтесті мәселелері мен жазу стиліндегі ерекшелік оқырман санын көбейтті.

Қазіргі таңда авторды басқа, жаңа постмодернистік көзқарастан тану үрдісі белең алуда.Енді бұл бағыт бойынша, автор – жеке бір әлем немесе таным ретінде қаралмай: автор-кейіпкер-оқырман концепциямен жүзеге асатын болды.

Яғни, классикалық әдебиеттану танымынан шығып, автор, кейіпкер, оқырман арасындағы қарым-қатынасты интерсубъектік тұрғыдан қарау, оны постклассикалық ғылым мен философияның аясына біріктіре зерттеу. Структуралистік бағыттың мақсаты – шынайы, биографиялық автордан автор – жасаушыны, автор образы мен абстрактілі автордан бөле қарастыру. Нәтижесінде, автор оқырманмен бір деңгейге түсіп, шығарманың бастапқы инстанциясы ретінде көрінбейтін болды. Керісінше автор тұлғасын жаңа қырларынан тану көбейді. Қалай дегенде де автор ұғымының көптеген арнайы зерттеулерге нысана болатын тақырып екені айқын.

Автор шығарманы жазып жатқанда өзі төреші, өзі автор болса, шығармадан баспадан шығып оқырман қолына жеткенде тек қана бақылаушының рөлін атқарады. Яғни шығарма шыққанға дейін автор, шыққаннан соң оқырман төраға атанады. Автор өз туындысына барынша әдемі сөздер, қызықты сюжет және сүйікті кейіпкерлерді оянатуға тырысады. Заманның қасіреті, адамдардың тақсыреті суреттелетін туынды өз оқырманын табады. Бірақ ол оқырман ол шығармамен және автормен қаншалықты етене араласып кететіні шығарманың сапасына байланысты. Негізінен, авторға да, мәтінге де, оқырманға да қойылатын талаптар бар.

Аллаһ мына әлемді жаратқалы бері адам көптеген заттар жаратып келеді. Бір адам кітаптың, бір адам компьютердің жаратушысы ретінде танылды. Автор да солар сынды шығарманы жаратушы тұлға. Автор шығарманы тудырар кезде ұзақ ойлануы қажет. Шығарма ой, қиял және ақыл сынды құндылықтар және жазу шеберлігін қамтуы керек. Автор ой тудырып, ақыл арқылы қорытып, қиял арқылы дамытып, содан кейін жазу шеберлігіне жүгінсе, оның туындысы өз деңгейінде бағасын алады. Автор атану - шығарманы жазу сынды қиын жұмыстың бірі. Өйткені, автор кітап жазу арқылы көптеген адамдарды тәрбиелеуі мүмкін немесе адамды адамдық қасиеттен айыруы мүмкін. Автор идеясының оқырман санасына әсер ету ықтималдығы жоғары екені анық.

Автор ұғымы пайда болған соң ол түрлерге де жіктелді. А.Байтұрсынов сарындаушы, толғаушы, әуезелеуші, ақын, жазушы деп бөлсе, орыс ғалымы В.Е.Хализев ғұмырнамалық автор, көркем болмыстағы автор және көркем шығармадағы автор деп жіктеген. Авторды былай жіктеу жазу стилі мен форматына байланысты орын алса керек.

Мәтін – автордың туындысы. Автордың барлық ерекшеліктері мәтінде көрінетіндіктен, мәтінді зерттеу автордың шеберлігін айқындайды. Мәтіннің бір ерекшелігі – баяндау тәсілі. Баяндаудың 3 түрі бар. Олар: бірінші жақтан, үшінші жақтан әңгімелеу және арнайы әңгімелеуші. Бірінші жақтан баяндау шығарманы оқырманға оңай жетуіне көмектеседі.Оқырман бір жақтан баяндалған әңгімені оқыған кезде автормен кейіпкер ретінде тікелей тілдесіп отырғандай сезінеді. Т.Әбдікұлының бірінші жақтан баяндайтын шығармалары бар. Мәселен, «Оң қол», «Жат перзент» әңгімелері, «Әке» романы мен «Парасат майданы» повесі.

Үшінші жақтан баяндау тәсілінде автор шығармадан тыс жатады. Авторды шығармадан тыс жатса, арасында түсінік беріп кетіп отырады. Үшінші жақтан баяндау оқырманның шығарманы өзінің қорытуына әкеледі. Шығармаға деген әсері ешкімнің ықпалынсыз жүзеге асады. «Бір күндік ашу», «Бассүйек», «Қонақтар» әңгімелері мен «Ақиқат» повесі үшінші жақтан жазылған шығармалардың қатарына жатады.

Арнайы әңгімелеуші кезінде шығармада екі автор кездеседі. Бірі – әңгімелеуші автор, ал екіншісі – автор-кейіпкер. Автордың кейбір айта алмайтын тұстары кейіпкер арқылы жеткізіліп отырады. Яғни, бірінші автор ұсынушы, екінші автор түсіндіру болып көрініс тауып, шығарманы ерекшелендіре түседі. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі арнайы әңгімелеушінің қатысымымен жазылған. Ф.Кафка атындағы сыйлықтың иесі аталған шығарма өз бағасын алды.

Т.Әбдікұлы проза баяндаудан бөлек тілдік ізденістер, стиль, фольклор түрлері, қанатты сөздер сынды ерекшеліктерге ие. Автор шығармасында барлық шығарманың құндылықтары қатысқан. Ерекшеліктердің санын тізе берсек те автор шығармасында шұбыртпалылыққа салынбаған. Яғни, қысқа әрі мағыналы жазылған. Жазушы оқырман санасын және қабылдау ерекшеліктерін ескерген. Қазіргі заман оқырмандары қысқалықты, бірақ сол қысқалық көптеген тағылымды қамтуы керек. Сол себепті де автор роман сынды көлемді жанрлардан гөрі қысқа әңгімелерді жазады. Сонымен бірге, драма жазады. Шығарманы көзбен көру басқа әсер беретіндіктен, автордың драмалары да баршылық.

Авторды бағалаушы, мәтінге өмір беруші – оқырман. Оқырман туындының өмірін өзгерту қабілетіне ие. Автор сияқты оқырманның түрлері бар. Г.Яусс оқырманды қатардағы оқырман және кәсіби оқырман, ал В.Е.Хализев көпшілік және шынайы деп бөлген. Оқырманның түрге жіктелуі оның шығармаға қояр талабынан, шығармаға деген көзқарасынан немесе білімі мен ортасына байланысты болса керек. Г.Яусс оқырманды арнайы біліміне қарай жіктеген. Сол себепті де кәсіби, қатардағы деген атау берсе керек. Оқырман шығармаға бастан аяқ назар аударады. Кей кезде автор байқамай, мән бермей кеткен жерлеріне маңызды көңіл аударады. Кітаптың сыртқы мұқабасы, тақырып, сол тақырыптың жазылуы және т.б. деталдар оқырманға тікелей әсер етеді.

Оқырманды көбінесе шығармамен байланыстыратын нәрсе – кейіпкер. Оқырманның әр шығармада өзінің сүйікті кейіпкері болатыны хақ. Кейіпкерімен бірге тіріліп, қуанып, қайғырып, яғни кейіпкермен бірге өмір сүріп кететін оқырманы бар шығарма мықты шығарманың қатарына ілігеді. Кез келген шығарма ондай артықшылыққа ие емес. Ондай оқырманы бар авторларға Абай, Махамбет сынды азулы ақындар, Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза сынды қарымды қаламгерлерді жатқызамыз.

Қорыта келгенде, автор-мәтін-оқырман үштігі – әдебиеттану ғылымында тереңінен зерттеліп келе жатқан концепция. Үштіктің бірге қарастырылуы көптеген мәселелердің зерттелуіне септігін тигізді. Т.Әбдікұлының үштік концепция негізінде зерттеу оның мәтінге, оқырманға, ал мәтіннің авторға, оқырманға қатысы, оқырманның мәтін мен авторға қатысы анықталды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Абай өлеңдер жинағы. - Алматы: Казгослитиздата, 1961. – 681 б.

2 Әбдібек Ж. Көркем мәтін - қаламгер мен оқырман арасындағы шығармашылық байланыс. // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, 2012. №3(88)

3 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2013. – 208 б.

4 Савельва В.В. Психоантропология и современная художественная литература. Художественная литература и проблемы антропологии. -Караганда, 2002. - С. 50

5 http://www.ru.wikipedia.org

6 Аймауытов Ж. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. – 558 б.

7 Литературный энциклопедический словарь. – Москва, 1987. – С. 500

8 Оразбек М. Көркем прозадағы шығармашылық тұлға мен авторлық позицияның арақатынасы. Ф.ғ.к. дисс. – Алматы, 2007. – 86 б.

9 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.

10 Аверинцев С.С., Андреев М.Л., Гаспаров М.Л., Гринцер П.А., Михайлов А.В. Категории поэтики в смене литературных эпох. – Москва, 2000. – С. 55

11 Виноградов В.В. Теории художественной речи. – Москва: Высшая школа, 1971. – С. 240

12 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – Москва: Искусство, 1986. – С. 441

13 Корман Б.О. Проблема автора в художественном творчестве Ф.М.Достоевского и типология русского реалистического романа. – Кемерова, 1981. – С. 174

14 Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 311 б.

15 Сыздықов К. Ұстаздық ұлағат. - Алматы: Шартарап, 2001. – 360 б.

16 Әбдікұлы Т. Оң қол. – Алматы: Атамұра, 2002. – 352 б.

17 Нұрпейісов Ә. Қаламгер дидары. - Алматы: Жалын, 2003. №1. Б. 24-39

18 http://www.abai.kz

19 Танабекова Т. Т.Әбдіковтің прозалық шығармашылығының жанрлық,тақырыптық және көркемдік ерекшелігі. Ф.ғ.к. дисс.- Алматы, 2010. – 90 б.

20 Әуезов М. 12 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1958. 12 т. – 498 б.

21 Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы: Жазушы,1966. - 228 б.

22 Асылбекұлы С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы. Автореферат. – Алматы, 1997. - 46 б.

23 Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім,1994. – 128 б.

24 Есембеков Т. У. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 96 б.

25 Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері. - Алматы, 2001. – 220 б.

26 Әбдікұлы Т. Рухани кемелдену – адамның өзіне-өзі үңілуінен, өзімен-өзі күресуінен.// «Қазақ әдебиеті» газеті, 18 ақпан 2005. Б.4-5

27 Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі. – Алматы: Дайк-пресс, 2009. – 160 б.

28 Жұмабаев М. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Ан-Арыс, 2009. -320 б.

29 http://ushkin.kazjur.kz/

30 Хализев В.Е. Теория литературы. – Москва:Высшая школа, 1999. – С.289

31 Мейлах Б.С. Процесс творчества и художественное восприятие. Москва: Исскуство, 1985. – С. 318

32 Мауленов А.А. Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесіндегі модернистік бағыттағы көркемдік ерекшеліктер. Қазақстанның ғылыми әлемі, 2010. №5(33). – Б. 54-57

33 Кенжегараев Н. Қазақ әдебиетіндегі автор мен тыңдаушы (ХҮ-ХҮІІІ ғасыр). Ф.ғ.к. жазылған диссертация. - Түркістан, 2007. – 90 б.

34 Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариев А. Мәдениеттану. – Алматы: Рарирет,2004. – 416 б.

35 Толстой Л.И. Полное собрании сочинений. – Москва: Государственное издание художественной литературы, 1951. 30 т. – С. 608

36 http://ramazanuli.blogcn.com/

37 http://kalkamansarin.kz/

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 732; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.