Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды




 

Электр сигналдары дегеніміз электромагниттік тербеліістердің периодты қозғалысы екені осы жұмыста айтылды. Ал электромагниттік тербеліс- электромагниттік өрістің тербелісі. Кеңістікте жарық жылдамдығымен таралатын электромагниттік тербелістер электромагниттік толқындар деп аталады. Электромагнитік толқындардың ашылуы мен зерттелуіне ең үлкен үлес қосқан неміс физигі Генрих Герц. Электромагниттік толқынның мысалына электр тогы ағып жатқан өткізгішті алуға болады. Егер бұл ток тұрақты болса, онда өткізгіштің айналасындағы магнит өрісі де тұрақты болады. Ток күшін өзгертсе, магнит өрісі де өзгереді. Айнымалы магнит өрісі өзгермелі электр өрісін тудырады. Бұл электр өрісі айнымалы магнит өрісін тудыратыны электромагниттік индукция құбылысынан белгілі. Әрі қарай осылай жалғаса береді. Электромагниттік өрістің ұйытқуы кеңістіктің үлкен аумақтарына тарала алады. Бұл кеңістікте өткізгіштің айналасында электромагниттік толқындардың пайда болуына әкеледі.

Өткізгіштегі шамасы мен бағыты өзгеріп отыратын айнымалы ток арқылы, үздіксіз электромагниттік толқындарды шығаруға болады. Электромагниттік толқындар бұл жағдайда – электромагниттік өрістің таралатын тербелістері. Электромагниттік толқындарды шығаратын айнымалы тогы бар өткізгішті антеннна деп атайды. Егер қабылдаушы антеннадан шамалы ара қашықтықта екінші өткізгішті қойса, онда оны қабылдаушы антенна ретінде қолдануға болады. Қабылдаушы антеннаға жеткен электромагниттік толқындар мұндағы еркін электрондарды қозғалысқа келтіреді, және онда хабарлаушы антеннадағы токтың жиілігіндей жиілікпен өзгеретін айнымалы ток пайда болады. Радиобайланыстың жұмысы осы ақпараттарды электромагниттік толқындардың көмегімен тарату және қабылдау қасиетіне негізделген. Хабарлаушы станция жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді тудырады. Антеннаның көмегімен кеңістікте сигналдар таратылады. Қабылдағыш радиостанция антенннадан сигналды қабылдайды және түрлендіреді. Механикалық толқындарға қарағанда электромагниттік толқындар айырмашылығы оның әр түрлі ортада ғана емес вакуумда тарайтындығында. Электр сигналдарын тарататын электромагниттік толқындардың жиілігі электромагниттік толқын бір ортадан екінші ортаға өткенде өзгермейді, тек қана жылдамдығы мен толқын ұзындығы өзгереді. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты электомагниттік толқындардың көптеген түрлері ашылды. Оларды жеті негізгі диапазонға бөлді: төменгі жиілікті толқындар, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, ультракүлгін сәулелер, рентген сәулелері және гамма- сәулелер шығару. Сәулелердің жеке түрлерінің арасында анық шекара жоқ, көрші диапазондардың толқын ұзындықтары және жиіліктері қабаттасуы мүмкін. Сондықтан оларды сәуле шығар көздеріне байланысты ғана ажыратады. Сәулелердің барлық түрлерін жүйелеу үшін бірыңғай электромагниттік толқындар шкаласы алынған. Осындай толқын ұзындықты сәулелер электромагниттік толқындарды тудырады да, көптеген электрлік және қарапайым сигналдарды кеңістікте таратуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде адамдардың өмірін информация алмасусыз елестету мүмкін емес. Информация термині білім, ой, идея, қателіктер, сезім сияқты түсінікиерді қалыптастырады. Соныменқатар көптеген информация алмасудың түрлерін атап өтуге болады. Осы информациялардың таратылуын және қабылдануын көптеген құралдар қамтамасыз етеді. Электробайланыс жүйесі адамзатқа информацияны электромагниттік толқындар түрінде қаабылдауға мүмкіндік береді. Информация алмасудың мұндай әдісі бір-бірінен қашықтықта тұрған объектілер арасында қатынас орнатуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда көбіне информация электрлік сигналдар түрінде таралады. Яғни кез-келген информация, сигнал электрлік сигналдарға өңделіп таратылады. Мысалы айтатын болсақ, қарапайым сөзді микрофон арқылы электр тербелістеріне айналдыру өте оңай. Мұнда дыбыстық толқын электрлік токққа қысымғабайланысты айналады. Егер осы моментте микрофонның қысымы жоғары болса, онда осы токтың да шамасы үлкен болады. Яғни электрлік токтың шамасы құрылғының қысымына байланысты өзгереді. Сонымен элетрлік сигналдар дегеніміз информацияны электр тогы түрінде беретін сигналдар. Информация таратылуы, яғни берілуі мен қатар қабылданады. Сондықтан сигналдарды таратушы құрылғы немесе адам таратушы, ал қабылдаушы құрылғы немесе адам қабылдаушы деп аталады. Басқа сөзбен сигнал таратушы құрылғы информация көзі деп те аталады. Сонымен, жоғарыда айтылғандай сигнал таратушыдан қабылдағышқа белгілі бір материалдық құрылғы арқылы беріледі. Мұндай жағдайда, яғни электрлік сигналдарды беру және қабылдау кезінде таратқыш пен қабылдағыш құрылғылар бір-бірімен ток өткізгіш сымдары арқылы байланысып тұруы қажет. Бұл жағдайда информация көзі электр сигналдарын береді, ал қабылдағыш осы сигналдарды қабылдайды деп айтуға болады. Бұл процесс тұралы осы жұмыс барысында толығырақ мәлімет беріледі. Қазіргі таңда, ғылымипрогрестің дамыған жағдайында электр сигналдарын автоматика мен техникада ғана емес, адам өмірінде де алар орны ерекше.

Электромагниттік толқындардың негізгі параметрлері ретінде оның ұзындығы алынады. Кез-келген толқын сынды, электромагниттік толқындарда период, жиілік, мплитуда сияқты шамалармен сипатталады. Период дегеніміз- толқын жиілігіне қарсы келетін шама екені белгілі. Өткізігштің ұзындығы мен жиілігінің шамасы бір-біріне тура шамалар болып табылады. Егер электромагниттік толқынның электр тогыныңжиілігі өте кіші болса, онда сигналды қашықтыққа тарату үшін бізге шексіз ұзын өткізгіш сым керек болар еді. Сондықтан электр сигналдарын тарату үшін толқын ұзындығы қысқа, бірақ тербіліс жиілігі үлкен элетромагниттік толқындар қолданылады. Мұндай өлшемді толқындарды таратқыш антенналар көмегімен алады.

Қазіргі кезде электробайланысты қолданылатын электромагниттік толқындардың тарлалуын қамтамасыз ететін, токтардың жиілігінің диапазоны 10-12 Гц аралығында болып отыр. Бұл жиіліктер- радио жиіліктер деп, ал осындай жиіліктерге сәйкес келетін электромагниттік толқындар радиотолқындар деп аталады. Бұл толқындардың түрлері 1-кестеде көрсетілген.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 468; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.