Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Щоденник практики 2 страница




Қанның клиникалық талдауы:Нb-133г/л; Эр-4,3х1012/л; ЦП-0,93; L-10х109/л, п/я-3%, с/я-38%, э-2%, б-1%, л-51%, м-4%; СОЭ-4 мм/сағ.

Иммунофлюоресценция реакциясы:Парагрипп (-), грипп (-), ал РС, аденовир, ротовируске анализ жасалмаған.

Кеуде мүшелерінің рентгенограммасында:өкпе суреті күшейген, өкпе алаңында ошақты немесе инфильтративті көлеңкелер жоқ, түбірі құрылымды, ортаңғы көлеңке өзгеріссіз, көкет анық, синустары жақсы ажыратылады.

Сұрақ:

1. Клиникалық диагнозды қойыңыз.

2. Диагнозды дәлелдеңіз.

3. Көз күлімен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

4. Ем тағайындаңыз.

5. Бала ауруханадан қашан шығарылуы мүмкін?

Педиатрға кезекті профилактикалық қабылдауға анасы 5 айлық ұлымен екпе жүргізу туралы сұрақтарын шешпекші болып келді. Бала IV-ші жүктіліктен, I триместрі токсикозбен өткен. Уақытында, ынталандырумен босанған. Дене салмағы 3600 гр., ұзындығы-53см болып туылды. Туа бірден жылаған. Табиғи тамақтандырылуы 1,5 айға дейін, кейін «Агуша» қоспасы берілген. Рахиттың алдын алу 2 айынан бастап, ретсіз береді, D2 дәруменінің майлы ертіндісін берумен жүргізілген. 3 айлығында АКДС және ИПВ екпесімен алғашқы егу жасалған, егуге реакция байқалмаған. 4 айында дәрігер қабылдауына келмеген. Соңғы 2 айда анасы баласының қатты терлейтініне, ұйықтағанда шошитынына, памперсінен аммиактың өткір иісі шығатынына көңіл аударған.

Қарағанда:дене салмағы 7200 гр., ұзындығы-64см. Шүйдесінің жалпаюы мен шашының түсуі, лямбда тәрізді жіктер бойымен бас сүйегінің майысуы, үлкен еңбек қырларының жұмсаруы көңіл аудартады. Кеуде торының төменгі апертурасы кеңейген, Гаррисон жүлгесі байқалады, қабырғалық «тәспілер» пальпацияланады. Үлкен еңбегі 4х4 см көлемінде. Бұлшықеттік гипотония, аяқтарын нашар тірейді. Терісінің табиғи қатпарларында аздаған терлеу бөртпелері,тұрақты қызыл дермографизм бар. Шырышты қабаттары таза. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын, ырғақты, ЖЖЖ-120 соққы минутына. Іші ұлғайып, жалпайған, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасы астынан +2,5 см., көкбауыр +0,5 см. Нәжісі ботқа тәрізді, күніне 2-3 рет.

Сұрақ:

1. Сіздің диагнозыңыз? Осы жағдайға әкелген себептерді атаңыз.

2. Қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет?

3. Баланы аймақтық жүргізу барысында қандай қателіктерге жол берілді?

4. Вакцинация жасауға бола ма?

5. Ем тағайындаңыз, оны қалай бақылаймыз?

Паша есімді ұл бала, 9 жаста, терісінде бөртпелер, ішінде және буындарында ауырсыну пайда болуына байланысты аймақтық педиатр жолдауымен ауруханаға түсті. Ішінің ұстамалы түрде ауыруына, сол тізесі мен сол сирақ-табан буындарындағы ауыру сезіміне, аяқтарында ұсақ нүктелі қызғылт бөртпелер пайда болуына шағымданады.

Екі апта бұрын баланың қызуы 380С-ге дейін көтеріліп, тамағында ауру сезімі пайда болған. Лакунарлы баспа диагнозы қойылып, оксациллин тағайындалған. Бір аптадан соң аяқтарының терісінде ұсақ нүктелі бөртпе, сол тізе буынында тұрақты емес ауру сезімі пайда болған.

Баланың түскендегі жағдайы ауыр. Әлсіз, тізелерін ішіне қарай жинаған мәжбүр қалыпта жатыр. Аяқтарының терісінде, бөксесінде, құлақ сырғалығында, тері бетінен сәл көтеріңкі, симметриялы орналасқан, ұсақ нүктелі, кей жерлерде қосылып кеткен геморрагиялық бөртпелер бар. Сол жақ тізе мен сол сирақ-табан буындары ісіңкі, пальпацияда және қозғалғанда ауырады, сипағанда ыстық, үстерінде геморрагиялық қосылған бөртпелер көрінеді. Ішін пальпациялағанда ауырады, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Нәжісі кіші порциялармен, ботқа тәрізді, «таңқурай желесі» түстес. Кіші дәреті қалыпты, ашық түсті.

Қанның жалпы талдауы:Hb-110г/л; Эр-3,5х1012/л; ТК-0,9; Тромб-435; L-10.5х109/л, жас-1%, п/я-5%, с/я-57%, э-2%, л-28%, м-7%; СОЭ-25 мм/сағ.

Қанның биохимиялық талдауы:жалпы ақуыз-71г/л, мочевина-3,7ммоль/л, креатинин-47ммоль/л, жалпы билирубин-20,2мкмоль/л, АСТ-20 бірлік, АЛТ-20 бірлік.

Несептің жалпы талдауы:сабан-сары түстес, салыстырмалы тығыздығы-1012, ақуыз жоқ, эпителиий-0-1к/а, лейкоциттер-2-4к/а, эритроциттер, цилиндрлер жоқ.

Сұрақ:

1. Аурудың клиникалық көрінісін есепке ала отырып, диагнозды болжап көріңіз.

2. Диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеу әдістері қажет пе?

3. Науқасқа қандай маманның кеңесі қажет?

4. Науқастың емдеу жоспарын құрыңыз.

5. Осы ауруда ТҚШҰ(ДВС)-синдромы дамуы мүмкін бе? Дамыса, көмек көрсету принциптері.

 

Катя есімді бала, гестацияның 42 мезгілімен туды. Бірінші жүктілік. Алғашқы 3 аптасы токсикозбен өтті. Жүктіліктің 16 аптасында жеңіл ЖРВИ болған, емді үйде қабылдады. 25 аптадан бастап анемия анықталды Hb-100г/л. Темір препараттарымен емделді.

26 аптадағы УДЗ нәтижесі бойынша фетоплацентарлы жеткіліксіздік анықталды. Әйелде рахитикалық тар жамбас.

Баланың туғандағы салмағы 3900 гр. Сусыз кезең 20 сағат. Бала туғаннан кейін жоғарғы тыныс жолдарын сорып тазалағаннан кейін айқайлады. Апгар шкаласы 6-7 балл.

Перзентханадан 3ші тәулікте шығарылды. Нәрестеде мазасыздық, иегінің және қолдарының треморы байқалады. Бұлшық ет тонусы ауыспалы. Сіңірлік рефлекстері айқын. Автоматты шартсыз рефлекстері төмендеген. Басының пішіні дұрыс емес, оң жақ еңбек сүйегі аймағында өлшемі 4х5 см түзіліс пальпацияланады, тігістермен шектелген.

Сұрақ:

1. Сіздің диагнозыңыз.

2. Бұл жағдайға әкелген себептер

3. Қосымша зерттеу әдістері?

4. Салыстырмалы диагноз жүргізіңіз.

5. Мүмкін болатын асқынулар.

6. Қайда және қалай емдеу керек?

Вася есімді ер бала, уақытында 3250г салмақпен туған. Бала біріншілікті жүктіліктен. Анасы әйелдер кеңесіне 8 апталық жүктілік кезінде тіркеуге тұрған. Жүктіліктің бірінші жартысында жеңіл ұзақ емес токсикоз болды. 20 апталық мерзімде жеңіл дәрежедегі анемия анықталды (Hb-102г/л). Анасы жалпы 6кг салмақ қосқан.

Босану ұзақтығы 18 сағат. Сусыз кезең 2 сағат. Туу стимуляциясы жүргізілді. Ұрық маңы суы ашық түсті. Нәрестенің айқайы туа бойда болды. Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл. Анасын алғашқы сағаттан емді. Емшек алысы жақсы. Кіндік қалдығы 3 тәулікте түскен, қабыну белгілері жоқ.

ЖТД 5 тәуліке үйде қарау барысында, тері жамылғылары таза, қызғылт. Шырышты қабаттары таза, ылғалды. Емшек бездері симметриялы ұлғайған. Бездің үстіндегі терісі өзгермеген. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Нәжісі сары сұйық, арасында ақ түйіршіктер мен жасыл араласқан шырыш көрінеді. Тәулігіне 10 ретке дейін. Іші аздап метеоризмді, пальпация кезінде құрылдап. Ұмасы ісінген, көлемі ұлғайған.

Сұрақ:

1. Диагноз қойыңыз.

2. Жағдайының себептері, механизімі.

3. Емдік шаралар.

4. Сүт бездерінің өзгерісін қандай аурулармен ажырату керек?

5. Неонаталды кезеңде байқалатын бейімделу белгілерін атаңыз?

 

Ұл бала бірінші жүктіліктен, жеңіл дәрежелі гестозбен өткен. Жүктіліктің екінші жартысында аяқтарында ісіктер байқалды. Босанудың бірінші кезеңі 26 сағат, екінші кезеңі 40 минут. Эпизиотомия жасалмады. Босану окситацинмен күшейтілді.

Бала дүниеге келгенде салмағы 4500г.,бойы 54 см.Жоғарғы тыныс жолынан шырышын сорып алған соң айқайлады. Апгар шкаласы 7/9 балл. Мойын аймағында біркелкі еркін кіндік оралуы болды. Қағанақ суы жасылдау. Плацентаның салмағы ұлғайған.

Жалпы отбасы дәрігерінің үйінде қарау кезінде нәрестенің жасы 3 тәулік, жағдайы орташа дәрежелі. Қарау барысында реакциясы әлсіз. Бұлшықет тонусы төмендеген. Автоматты туа біткен рефлекстері төмен. Пальпацияда бұғананың оң жағында ісік, крепитация байқалады. Оң жақ ыйық сол жағынан төмен. Оң қолын қимылдатау кезінде аяну бар.

Сұрақ:

1. Диагноз.

2. Анықталған өзгерістердің себебі.

3. Балаға қосымша мамандардың көмегі керек пе?

4. Қандай тексерулер қажет?

5. Тамақтандыру және емдеу шарттары.

Ұл бала, анасы 22, әкесі 25 жаста, дендері сау. Кәсіби зияндылықтары жоқ. Анасы жүктіліктің 7-ші аптасынан бастап әйелдер кеңесінде бақылауда. Жүктіліктің бірінші жартысында жеңіл токсикоз байқалды. АҚ 110/7 0 мм.сын.бағ. Жүктіліктің 20-сыншы аптасында жеңілл дәрежелі анемия байқалып, темір препараттарын қабылдады.

Бала жүктіліктің 40-шы аптасында салмагы 3750 г. дүниеге келді. Айқайы бірден. Бірінші тәуліктен, ана сүтімен тамақтанды, белсенді емеді. Өмірінің 3-ші тәулігінде салмағы 3600г.Омырауының, ішінің, аяғының тері жамылғысында қызғылт түстес папулезді бөртпе көрінеді. Қарау кезінде памперсінде қоңыр-қызыл дақтар байқалады.

Сұрақтар:

1.Диагноз қойыңыз.

2.Бұл жағдайдың анықта шығу тегін түсіндір.

3.Өмірінің үшінші күніндегі қажетті тамақтандыруды есепте.

4.Қосымша мамандардың көмегі қажет пе?

5.Қосымша тексерулерге көрсеткіш.

6. Балаға нендей ұсынулар бересіз?

 

8 жасар бала тыныс алудың қиындауына, тәулігіне 6-7 ретке үлкен дәретке шығуына шағымданып келді. 3 жүктіліктен (1 ші және 2 ші жүктіліктен болған балалары неонаталды кезеңде мекониалды илиустен қаза болған). Туылған кезден бастап ауырады: тұрақты жөтел, 1-ші жылы 3 рет пневмониямен ауырған. Жоғары температура, ентігу, бөлінуі қиын қақырықты жөтел шағымдарымен бірнеше рет ауруханада жатқан.

Ауруханаға тускен кездегі жағдайы өте ауыр. Дене салмағы 29 кг, бойы 140 см. Тері жабындысы бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышы цианозды, «барабан саусақтары» симптомдоры байқалады. ТАЖ 40 рет мин., ЖЖЖ 120 соқ.мин, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Кеуде қуысы бөшке тәрізді формада. Өкпесінде тимпаникалық перкуторлы дыбыс естіледі. Аскультацияда: оң жақта тыныс әлсіреген, сол жақта қатаң дыбыс. Әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында ситолалық шу. Бауыры 4см, көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісінің мөлшері көп, майлы, қою.

ЖҚА: Нв 100 г/л, Эр-3,3х1012/л, Т.К.-0,85, Л-7,7х109/л, Т/я-8%, С/я-54%, эозин-3%, лимф-25%, мон-10%, ЭТЖ 45мм/сағ.

Биохимиялық қан анализі:жалпы белок-60 гр/л, альбумин-46%, альфа1-глобулин-9%, альфа2-глобулин-15%, бетта-глобулин-10,5%, гамма-глобулин-19,5%, тимол снамасы-9,0, СРБ-++, сілтілі фосфотаза-850 Ед/л (норма-220-820), АЛТ-36ЕД/л, АСТ-30ЕД/л.

Тер тесті: тер хлоридтерінің өтімділігі-120ммоль/л. Капрограмма: үлкен мөлшерде бейтарап майлар.

Кеуде қуысының рентгенограммасы: бронх тамырлы суреттің екі жақты, әсіресе өкпе түбі айналасында күшеюі, фиброздану байқалады. Оң жақ ортаңғы бөлігінде өкпе суретінің айқындығы төмендеген. Өкпе артериясының конусы кеңейген, «тамшы тәрізді жүрек».

УДЗ: бауырдың сол жақ бөлігі ұлғайған, тығыздалған, біртекті емес, перефирадағы қан тамырлардың суреті анық емес. Ұйқы безі-15х8х25 мм.ұлғайған, диффузды қатайған. Өт қабы S-тәрізді, қабырғасы қатайған; көкбауыры ұлғайған, тығыздалған, қантамырлардың қабырғасы қатайған.

Сұрақ:

1. Диагноз атап, негідеу керек.

2. Негізгі аурудың этиологиясы және патогенезі.

3. Бала қандай мамандардың консультациясын алу керек?

4. Әрі қарай зерттеу жоспарын құрыңыз.

5. Емін тағайындаңыз.

6. Аурудың болжамы қандай?

Қыз бала бірінші жүктіліктен, жедел босану, өмірінің төртінші тәулігінде босану үйінде. Туылған кезіндегі дене салмағы 3100 гр., бойы 51 см.. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Туылған соң бірден емшек емген, емуі жақсы. 3 тәулікте срғаю пайда болған.

Қарау барысында жағдайы қанағаттанарлық, жақсы емеді, айғайы айқын. Физиологиялық рефлекстер қалыпты, бұлшықет тонусы қанағаттанарлық. Тері жабындысы таза, сарғайған, кіндік жарасы қабынбаған. Өкпесінде пуэрилді тыныс естіледі, жүрек тондары анық, іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры +2см. Нәжісінің түсі сары.

Анасының қан тобы А(ІІ)Rh-оң. Баласының қан тобы О(І)Rh-оң.

ЖҚА: Нв 196 г/л, Эр-5,9х1012/л, ретик.-1,5%, Т.К.-0,94, Л-9,0х109/л, Т/я-5%, С/я-42%, эозинофил-1%, лимф-47%, мон-5%, ЭТЖ 2мм/сағ.

ЖЗА: түсі сары, қышқылды реакция, тығыздығы-1004, белок жоқ, жалпақ эпителий-аз мөлшерде, лейкоциттер 2-3 көру аймағында, зритроциттер, цилиндрлер жоқ.

Өмірінің 4 күнінде биохимиялық қан анализі:жалпы белок-52,4 г/л, тура емес биллирубин 140мкмоль/л, тура-жок, мочевина-4,2ммоль/л, холестерин-3,6ммоль/л, калий-5,1ммоль/л, натрий-141ммоль/л, АЛТ-25ммоль/л, АСТ-18ммоль/л.

Сұрақ:

1.Диагнозды қойыныңыз және негіздеңіз.

2. Бұл жағдайдың себебін, механизімін түсіндіріңіз?

3. Нәрестелердегі транзиторлы және гемолитикалық сарғаюдың дифференциалды диагнозын жүргізіңіз.

4. Сарғаюы бар нәрестелерді невропатологтың консультациясына жіберуге көрсеткіштер?

5. Емдеу жоспары, баланы қалай тамақтандыру керек?

Вася Т, 7 айлық, қазіргі уақытта салмағы 5000 гр, туған кездегі салмағы 3500 гр. 3 апталығында жүректің бүкіл аймағынан сықыр тәрізді систолалық шу, әсіресе 4-5 қабырға аралықтан солға естілді. Қарау барысында: гипотрофия, терісі бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышында цианоз байқалады. Кеуде қуысы «құс кеуде» тәрізді. Тынысы пуэрильді. Өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды, әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Жүректің перкуторлы шекарасы тұйықталу қатынасына қарай сол жақтан алдыңғы аксиллярлы сызыққа дейін кеңейген. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығыңқы. Көкбауыр +2см. Сан артериясының пульсі қанағаттанарлық.

Амбулаторлы зерттеу көрсеткіштері: ЭКГ- оң қарыншаға қуысына күш түсу белгілері.

Сұрақ:

1.Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

2.Бұл патологиялық жағдайда қандай топикалық өзгерістер болады?

3.Қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет және болжамы?

4.Осы ауру кезінде қандай гемодинамикалық асқынулар болуы мүмкін?

5.Емдеу жоспары, дәрі-дәрмек, оның дозасы, емдеу ұзақтығы.

Женя К, 2 жаста. Емханалық қабылдауда ентікпе ұстамаларының болуына және физикалық және эмоциональды күштеме кезінде цианоздың күшеюіне шағымданды.

Қарау барысында: «сия түсті» диффузды цианоз назар аудартады. Баланың физикалық дамуы жасына сәйкес. Интеллект қалыпты. Дене бітімі дұрыс дамыған. Тері мен көрінетін шырышты қабаттардың диффузды цианозынан бөлек, тырнағы «сағат әйнегі», саусақ ұштары «барабан таяқшасы» тәрізді өзгерген. Тынысы везикулярлы, ылғалды жөтел болмаған және байқалмайды. Жүрек аймағы визуальды және тұйықталу шекарасы перкуторлы өзгермеген. Жүрек тондары қатты, төстің сол жақ аймағынан интенсивті систолалық шу естіледі. Бауыр мен көкбауыр үлкеймеген.

Амбулаторлы зерттеу көрсеткіштері: ЭКГ: оң қарыншаның үлкею белгілері

Сұрақ:

1.Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз

2. Тексеру жоспарыны.

3. Осы патологиялық жағдайға қандай нәтижелер болуы м8мк3н.

4. Ентігу ұстамалары мен цианозды қалай басу керек?

5. Емдеудің стандартты әдістері, негізгі препараттар және дозасы, енгізу тәсілдері.

6. Қандай препаратты қате тағайындау ентігу ұстамасына және цианозға әкеледі?

Ира И.,11 айлық. 10 айына дейін жасына сәйкес дамыған, салмақты жақсы қосқан. 10 айлығында катаральды көріністермен және абдоминальды синдроммен вирусты инфекцияны басынан өткізген. Осыдан кейін баланың жағдайы біртіндеп нашарлай бастады. Қыз бала салмақ қоспайды, ылғалды жөтел пайда болған. 3аптадан соң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естілген.

Аймақтық дәрігердің қарауынд: тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Жүрек аймағы визуальды өзгермеген, шекаралары перкуторлы солға алдыңғы колтықасты сызығына дейін кеңейген. Жүрек тондары әлсіреген, шулар жоқ. Жүректің жиырылу жиілігі 160 минутына соққы. Бауыр қабырға доғасынан 4 см.ге ұлғайған. Клиникалық қан анализі алынып, бірақ патологиялық өзгерістер анықталмады.

Тапсырма:

1. Болжамды диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

2. Диагнозды қою үшін тексеру жоспарын құрастырыңыз, қандай өзгерістер мүмкін?.

3. Ажырату диагнозын жүргізу.

4. Емдеу жоспары, препараттар, дозасы.

5. Науқастың болжамы.

 

Максим О., 9 айлық. Анасы ЖТД қарауына алып келді. Терідегі бөртпелерге және тері қышуына шағымданады. Симптомдар 3 айлығында баланы жасанды қоректендіруге ауыстырған кезде басталған (бейімделген сүт қоспасын алады). Тамақ рационына сүтті ботқаны енгізгенде терілік симптомдар күшейіп, бетінде ылғалды бөртпелер пайда болған. 6 және 8 айлығында бала ЖРВИ және бронхообструктивті синдроммен ауырыпты. Баланың анасында аллергиялық ринит, әжесінде поллиноз бар.

Сұрақ:

1. Клиникалық диагнозды атаңыз.

2. Аурудың даму себебін атаңыз.

3. Диетотерапияны түсіндіріңіз.

4. Базисті емі қандай?

5. Аурудың болжамы.

 

35 күндік шала туған қыз бала. Бала 17 жастағы әйелден туған. Жүктілік бірінші, анасы темекі шегеді, жүктіліктің II триместрінде анемия болған (Hb 100г/л). Жүктіліктің 33 аптасында босанған. Туылғандағы салмағы 1900 г, бойы 41 см. Апгар шкаласы бойынша 7/8 балл. Туылғандағы баланың жағдайы тыныс жетіспеушілігі әсерінен орташа ауырлықта. Өмірінің алғашқы сағатынан бастап респираторлы дистресс синдромы байқалып, инфузионды және антибактериальды ем қабылдаған. РДС өмірінің 7 –ші күні басылып, бала күтімнің II сатысына ауыстырылыпты. Өмірінің 32-ші күні анемия дамып, бала ферропрепараттар, С және фолий қышқылы витаминдер курсын қабылдады, айтарлықтай әсері болмаған.

Тексеру нәтижелері:

1. Өмірінің 35-ші тәулігіндегі қан анализі: Ht 0.29%, Hb 84 г/л, эр. 3,1х1012/л, ретикулоциты 2%, лейк. 9,6х 109/л, с/я 33%, лимф. 55%, эоз. 5%, мон. 7%, тромб. 260х109/л, СОЭ 5 мм/ч.

Сұрақ:

1. Негізгі клиникалық диагнозды жіктелуі бойынша атаңыз.

2. Баладағы анемияның даму себебі.

3. Ажырату диагнозын жүргізу керек.

4. Емі, қай препарат патогенетикалық әсер етеді?. Доза және толық курсын атаңыз.

5. Осындай клиникалық жағдайда эритроцитарлы масса құю көрсетілген бе? Егер көрсетілсе, кандай мақсатпен және қай көлемде?

 

3 айлық ұл бала ЖТД қабылдауында анасының мынадай шағымдарымен: мазасыздыққа, тамақтан бас тарту, құсу мен сұйық нәжістің пайда болуымен келді. Ауру анамнезі: өмірінің 2-ші аптасынан бастап профилактикалық мақсатта Д витаминін 1 тамшы майлы ерітіндісін(Видехол) күнде қабылдады, ал 2 айынан бастап 4 тамшыдан. Өмір анамнезі: бала гестозбен асқынған I жүктіліктен. Босану гестацияның 36 аптасында. Апгар шкаласы бойынша 6/7 балл. Туылғандағы салмағы 2500г, бойы 46 см. Өмірінің 2 айынан бастап бейімделген «Малютка» және «Агуша» сүт қоспаларымен қоректенеді. Қараған кезде баланың жағдайы ауыр, сопорозды жағдайда. Терісі бозғылт, «мраморлы сурет» және «ақ дақ» симптомдары айқын. Терісі және шырышты қабаттары құрғақ. Тері асты май қабаты жұқарған, тіндердің тургоры төмендеген, бұлшықеттік гипотония айқын. Өкпесінде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖЖЖ 170 соққы минутына. АҚ 140/90 сын.бағ., іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі сұйық, диурез төмендеген. Түскендегі салмағы 3500г.

Сұрақ:

1. Диагноз қойыңыз.

2. Диагнозды нақтылау үшін тексеру стандарты.

3. Емдеу тәсілі.

4. Аурудың кеш асқынуларын атаңыз.

5. Баланы диспансерлік бақылау.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің қарауында 4 жасар ер бала, анасының айтуы бойынша анус аймағындағы айқын қышыну, ішінің анда-санда ауырсынуына, ұйқысының тынышсыздығына шағымданады.

Ауру анамнезі: перианальді қышыну жи3 мазалап жүр, көбінде түнгі уақытта. Бала мазасыз, дереу жылағыш. Соңғы 2-3 аптада кіндік аймағы ауырсынуына шағымданады. Дәреті тұрақсыз, тәбеті бұзылған. Бұл симптомдар ауылдағы жазғы демалыстан кейін басталды. ЖРВИ мен 1 апта бұрын ауырған, дене температурасының көтерілуімен, құлақ арты лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүрген.

Өмір тарихы: бала I- ші қалыпты жүктіліктен. Нәрестелік кезең ешқандай өзгеріссіз. 2 жасқа дейін ауырмаған. Жасына сай дамыған. 3 жасында 2 рет ЖРВИ жеңіл ағымда өткеріпті. 3 жасынан балабақшаға барады, жиі ауыра бастаған. Ангина, желшешекпен ауырған.

Қарау кезінде дене қалпы қалыпты дамыған, астеникалық типте, терісі бозғылт, көз астында көгеру, тілінде ақшыл жамылғы.

Жүрек тоны ритімді, шулар жоқ, іші жұмсақ, тоқ ішек аймағында ауру сезімі бар.

Бауыры қабырға астында. Көкбауыр: пальпацияланбайды. Дәреті күнара, патологиялық бөлінділерсіз. Зәр шығаруы өзгеріссіз.

Зерттеу нәтижиесі: ЖҚА: Нв 110 г/л, Эр-3,4х1012/л, Л-6,7х109/л, Т/я-2%, С/я-39%, лимф-40%, мон-10%, ЭТЖ 9мм/сағ.

Сұрақ:

1. Диагноз, оны негіздеу.

2. Мүмкін болатын қоздырғыш.

3. Қосымша зерттеу жоспары.

4. Салыстырмалы диагноз.

5. Емі: препарат мөлшері, кестесі, терапия ұзақтығы.

6. Ауруды алдын алу шаралары қандай?

 

Жоспарлы түрдегі профилактикалық қаралу үшін мекен жайы бойынша ЖТД-ге анасы мен баласы келді. Қыз бала 2 ай 25 кун. Сонғы қаралу уақыты 1 айлық кезінде. Бала ана сүтімен тамақтанады. Соңғы 2 күн ішінде мазасыз, емізу арасындағы үзіліске шыдамайды, жиі зәр шығарады. Ата анасы сау. Бұл анасындығы бірінші жүктілік, жүктіліктің 2-ші бөлігі гестозбен өтті. Анасы жүктіліктің 32 аптасында жедел бронхитпен аурыпты. Бала уакыты жетіп туған, жылауы бірден. Апгар - 7/8 балл. Туғандағы салмағы 3200 гр, бойы 51см. Перзентханадан 6-шы тәулікте қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Осы уақытқа дейін бала ешқандай аурумен ауырмаған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 836; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.087 сек.