КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рылыс сызбалары. Оларды талдау. 6 страница
2Сорып шығарумен желдету. Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы - машиналарды, механизмдерді және өндiрiстiк бөлмелердi шаңнан тазарту. Астықты қабылдау, орын ауыстыру, тазарту және өңдеу процестері кезінде шаң пайда болады.Астықты өңдеу кезінде көп мөлшерде жылу мен ылғал бөлінеді, бұл шаңменбірге зеңнiң және микроорганизмдардың пайда болуына әкеліп соғады. Желдетужелiлерiнiң дұрыс жұмыс істемеуі немесе оның болмауынан өнiм желімденіпқалады. Станоктардағы біліктердің бұдыр беттері мен елеуiштердiң тесіктерібітеліп, соның салдарынан өнiмнiң ұнтақталуы нашарлайды, сүзетiн бетiазаяды. Бұл технологиялық процестің дұрыс жүруіне кедергі келтіріп,кәсiпорынның өнiмдiлiгiн азайтады және өнiм сапасын нашарлатады. Желдетудiң жұмысы келесiдей: 1. Сақталатын астықтың үйiндiсiндегi белгілі бір температураны ұстап тұру. 2. Астықты қоспалар мен шаңнан тазарту. 3. Машиналардың беттерi мен жұмыс органдарын, сонымен ұнтақталатын өнiмдердi суыту. 4. Машиналар, механизмдер, елеуіштердiң iшкi беттерiне ылғалды конденсациялауды болдырмау. 5. Жұмысшылар мен өндiрiстiк процесс үшiн ауаның оңтайлы параметрлерін құру. 6. Өрттер және жарылыстарды болдырмау үшiн машиналардың сыртқы беттерiн шаңнан тазарту. Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік бөлмелер ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтынөлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болыптабылатындығымен айқындалады. Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштіңтиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялықзаттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысыныңжылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практикакөрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрысорнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу менпайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды. Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау - жабдықтарды цехтарды желдету үшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудың негізгі шарты. Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін айқындау (зиянды заттар концентрациясы мен тазартқанға дейінгі, тазартқаннан кейінгі зиянды заттар концентрациясының процентпен көрсетілген арақатынасы) ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі техникалық сипаттамалары болып табылады. 3Технологиялық материалдардың шығыны. Қазіргі кезде аз шығын жұмсап өндіріс көлемін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін істеп тұрған объектілерді қайта конструкциялауға айрықша көңіл бөлінеді. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, дамудың интенсивті жолына тезірек өту үшін қайта конструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бөлінетін қаржының үлесін жоқ дегенде жартысына дейін арттыру керек. Жұмыс бұйым үшін таңдап алынғаан материалдың физикалық механикалық қасиеттерін екі, үш болат маркасымен салыстыра отырып, тиімдісін тағдау керек. Таңдап алынған материалдың маркасы термиялық өңдеудің техникалық талаптарына сай болуы керек. Сонымен қатар таңдап алынған материалдың маркасы арзан, экономикалық жағынан тиімді, технологиялы (жақсы штампталушылығы, жылуға төзімділігі, кесуге төзімділігі және т.б.) болу қажет. Барлық осы аталған қасиеттер график бұйымның цехтар арасындағы, яғни бастапқы (құятын және соғу цехы) қалпынан және соңғы дайын техникалық өңдеуге дейін көрсету қажет. Термиялық өңдеудің режимін таңдағаннан кейін, яғни температурасын, қыздыру уақытын, ұстау және суыту уақытын есептегеннен кейін технологиялық процестің тиімділігін анықтау керек. Бұл үшін бұйымның өзіндік құны қосымша күрделі шығындардың үнемі, яғни қосымша капиталдың өзін-өзі ақтап шығу мерзімі нормалы мерзімнен жоғары болмауын салыстыру қажет. Термиялық өңдеудің технологиялық процесін техникалық-экономикалық негізінде мыналар болуы тиіс: 1) таңдап алынған болат маркасы үшін термиялық өңдеу технологиясы ғылыми негізде сәйкес болу керек; 2) өндірістің сипатын және специализациясын массалық, сериалы және жекелеген, уақыт бірлігімен шығарылған өнімнің салмағы мен саны, сонымен қатар өнімнің техникалық талаптары; 3) механикаландырылған агрегаттар мен автоматты желілердің және стандартты технологиялық процестердің комплексті технологиясының мүмкіншілігіне талдау жасау керек; 4) таңдап алынған термиялық өңдеу процесінің бағасын анықтау. 23билет 1Ауа алмасуының орташа ұзақтылығы. Артық жылуды жою үшін келесі желдетуауасы ажет: :
Мұндағы W – жылушығарғыш, ккал/час; 0,237 – ауаның орташа меншікті жылусыйымдылығы ккал/кг град; te- ауа шығу кезіндегі температура; tн – цехта ауаның кіру кезіндегі температурасы (цехтағы ауасынан 5 – 8 °төмен алынады); γ – цехта кіретін ауаның көлемді салмағы, кг/м3. Келетін вентиляциясын сану үшін бөлменің ауданын есептейді, оған ағымды арналады және ауаның сағатына ауысу еселігі анықталады. Ауа ауысуы L – Vn м3/сағ Мұнда V – цехтің көлемі м3 n- сағатына ауаның ауысу еселігі. Осыдан көлемнің еселігін анықтайды: Ауысудың орташа еселігі 10 тең, минимальді еселігі 5 деп алынады, ол қондырғылары кең орналасқан жағдайда және жылушығарғыш пен зиянды газ аз болғанда. Егер ауысу еселгі көп болған жағдайда аэрацияны қолданады. Аэрациялық уа терезелерден кіреді, ал фонарьлардан шығады. Егер сыртқы ауаның температурасы tн = 20°, онда бөлмедегі ауаның температурасы еденнен 2 м биіктігінде сыртқы аудан 5° жоғары болу тиіс, яғни 25°. екінші қабаттын температурасы 0,5°жоғарлайды бөлменің биіктік метріне, яғни цехтын биіктігі 8м. Жылушығарғыштарды қорыту үшін вентиляциялық ауаның анықталған саны мынандай болады:
2Отқа қарсы қауіпсіздік және оның шаралары. Жанғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кезде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттері жануға жеткілікті атмосфераны айтады, яғни егер мұндай атмосфера ауада жанатын болса, онда ол жарылғыш қоспа жасай алады. Егер атмосферада жанғыш компоненттер аз ғана, 55% мөлшерінде болса, онда мұндай атмосфера жанбайды және ауамен жарылғыш қоспа құрмайды. Кестеде кейбір жанғыш газдардың ауа – газ қоспасында тұтану шегі көрсетілген. Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутек пен эндотермиялық газ анағұрлым жарылыс қаупі бар атмосфера болып табылады. Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті (жанбайтын) газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. Егер пештің жұмыс кеңістігін жанбайтын газды бес еселенген көлемде пеште 1%-тен аз оттек қалғанға дейін үрлесе, оған қол жеткізуге болатынын практика көрсетіп тұр. Төрт еселенген алмастыру пештегі отегін 3% дейін төмендетеді, бұл атмосфераны қауіпсіз енгізуге жеткілікті. Пешті үрлеу инертті газ ретінде балоннан немесе оттегі станцияларынан шыққан техникалық азот, сондай-ақ α=0,9-1,0 жұтқан экзотермиялық газ пайдаланылуы мүмкін. Тұтандыру көздері жанудың алғы шарты болып табылады да олар ашық жалын, қыздырғыш элементтер мен приборлар жылуы, электр энергиясы, механикалық ұшқын энергиясы, статикалық және найзағай разряды, заттардың өздігінен жану энергиясы т.б. Өздігінен жану жылулық, химиялық және биологиялық болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылулық өздігінен жану жылу энергиясын жинаумен түсіндіріледі де, бұл үрдіс нәтижесінде заттардың өздігінен түтанып жануы басталады. Мұндай жағдайда заттардың өздігінен тұтану температурасы өрт қауіпсіздігінде маңызды орын алады да, ондай температура 80 – 150 °С аралығында жатады. Химиялық өздігінен жану бірден жалындап жанып, анорганикалық заттар, мәселен натрий гидросульфаты суланғанда өздігінен жанады да, ал органикалық заттар қышқылмен жанасқан кезде ғана заттардың өздігінен жануы басталады. Микробиологиялық өздігінен жану микроағзалардың тіршілігі барысында қоректік ортада жылу шығаруымен байланысты (сұлы, торф, ағаш жаңқасы т.б.). 3Технологиялық аудан. Технологиялық аудан өнеркәсіптік және коммерциялық бағыттағы обьектілерге қызмет кқрсету үшін арналған функционалды конструкциялық элемент болып табылады. Осындай қосымаш конструкцияларды өндіретн материал ретінде тиімді берік салыстырмалы қымбат емес, жоғары эксплуатациялық сипаттамаларға ие металл қолданылады. Технологиялық типті металлды жасалған барлық тетік бқлшектер қолданыстағы нормативті құжатттамаға сәйкес өндіріледі. Және эксплуатацияға дейінгі өңдеулер – құм ағынды техника арқылы тазарту, жемірілуге қарсы тегістеу, бояу сырлау не мырыштауға шалдығады. Технологиялық ауданының негізгі конструкциясы келесі элементтердің бар болуымен байланысты: Күш түсетін металл тіректер Қоршалған баспалдақ жүйесі Берік табақ металлдан не ұсақ ұяшықты тордан жасал,ған жаяу жүрушілер аймағы Технологиялық аудан жасайтын материалды таңдау параметрлері келесі сипаттамаларымен анықталады: обьекттің қолданыну бағыты, оның биіктігі, жаяу жүргіншілер аймағының ұзындығы, климаттық және атмосфералық жағдай, эксплуатация қарқындылығы, және де сыртқы ортаның жемірілушілігі Металл технологиялық аудандардың келесі артықшылықтары бар: Салмағының аз болуы, қызмет көрсетуінің талап етілмеуі, көп функционалдылық сенімділігі, монтаж қарапайымдылығы, жарық өткізгіштігі, жұмыс істеуінің ұзақ мерзімділігі. Баспалдақтардың және жаяу жүргіншілер аймағының жасалу материалына да көңіл бөлген жөн. Жобалау кезінде тиімдіілігі мен экономиялылық жағынан қарастырғанда кез келген горизонтал жазықтықты технологиялық аудандарды жайластыру кезінде ұяшықты торды қолданған тиімді, себебі, осы типті конструкциялар ашық кеңістік жағдайнда эксплуатацияланады, яғни торларда отыру кеуектері пайда болмайды. 1Калориферлер. Оны қолдану. Калориферлер жылу, желдету және кондиционирлеу жүйелерінде ауаны қыздыру үшін қолданылады. Осындай жылулық құрылғылардың эксплуатациясы кезіндегі кеңестердің бірі ауаның құрамындағы агрессивті химиялық компоненттердің мөлшері шектен аспауы керек. Калориферлер жылуалмастырғышқа байланысты сыныпталады. Калориферлер сулы, булы және электрлік болады. Сулы калориферлер аралық жылусақтағышы бар жылу-утилизаторы ретінде қолдануы мүмкін. Егер де булы калориферді қарастыратын болсақ, ол жылыту жүйелерінде ауаны қыздыру үшін пайдаланылады. Теплотехникалық және аэродинамикалық көрсеткіштерге қатысты калоферлер үш ядролы және төрт ядролы деп бөлінеді. Калориферлер жылулық құрылғылардың танымал түрлерінің біріне жатады. Осындай жылытқыштарды таңдау кезінде келесі маңызды параметрлерді білу қажет: қуат, қысым, кіру мен шығу кезінде жылусақтағыш температурасы, сонымен қатар, қыздыру керек аймақтың ауданы. Калориферлер өндірістік кеңістіктерде қолданылатын болғандықтан оны таңдаған кезде ұқыпты болу керек. Әдетте калиферлер қабырғаға белгілі биіктікте кронштейнға бекітіледі. Сонымен қатар калориферлер өлшемдері бойынша таңдалады.Калорифердің жұмыс істеу принциптері туралы айтатын болсақ, салқын ауа құбырлары арқылы өтіп, қыздырылады. Оның конструкциясындағы бос аймақтың ені 0,5мм. Тегіс құбырлы калориферлерді қыздырылатын ауаның көлемі аз мөлшерде және қыздыру дәрежесі аз болған кезде қолданады. Калориферлерді орнату олардан өтетін ауаға байланысты паралель және тізбекі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда ауа өзінің жолына тек бір калорифердің қарсыласумен салыстырмалы үлкен емес жылдамдықта кездеседі. Ал екінші жағдайда ауа өзжолында бірнеше тізбекте орналасқан үлкен жылдамдықтағы калориферлермен кездеседі. Калориферлерді параледь орнату ауанң көп мөлшерін қыздыру қажеттілігі туған кезде қолданылады. Ал тізбекті орнату қыздырудың жоғары дәрежесі керек кезде қолданылады. 2Ғимараттардың фермалары мен колонналары. Көлденең қимасына байланысты бағандар тетікбұрышты, таңбалы пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай біріңғайланған бағандар қиамсының көлемдері қолданылады: тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм; Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм; Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм. Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм. Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм. Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады. Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады. Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді. Темірбнтон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады. Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді. Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады. Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді. Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды. 3Жылулық энергия көздерін таңдау. Жылу энергиясын таңдау жағдайы. Жылу энергиясының таңдауы жергілікті оттың ресурстарына байланысты болады. Бұл жылу энергиясын таңдауының бастысы болып табылады. Бірақ бұндай принцип әрдайым болуы мүмкін емес. Қатты отын қоры көп болған аймақтарда газгенераторлы станцияларын жобалауға болады көмірді газдандыру үшін, және алынған газды пештердің отыны ретінде қолдануға болады немесе жылу энергиясы ретінде электроэнергияны қолдануға болады. Цехтардың басты энергиялары болып газ бен энергия болып табылады. Пештерде газды қолдану арзан болып түседі, бірақ электрэнергиясын қолдану процессі жақсы автоматтандырылады және гигиена жағынан өте тиімді. Газды және электр пештерінде қыздыруды бақылау атмосферасында жүргізуге болады. Газды пештерде бұл жағдайда радиациялық трубаларды қолданады газды жандыру үшін немесе муфельді металды қыздыру үшін. Цехты жобалау үшін негізі болып жылдық программа табылады. Технологиялық процесті және жабдықтарды таңдауға негізделе отырып программа құрылады. 1.Жарық және біріктірілген шамдардың профилдері. Фонарь деп - өндіріс аландарының жоғары жағын жарықтандыруға және де үйлердегі қажетті ауа алмасуына арналған әйнектелген немесе жарым-жартылай әйнектелген үй жабынының үстіндегі жайүсті салынымын айтады. Мақсаты бойынша фонарьлар жарықтық,аэрациялық және құрасырылған болып бөлінеді. Қима профилі бойынша фонарьлар тікбұрышты,М-тәріздес,шедовые және зенитті. Фонарьларды жаасау қажеттілігі негізделген болуы керек.Осылай,үйлерді күн сәулесінің тура әсерінен қорғау үшін,әйнектелген жағы солтүстікке қарайтын шедовый фонары керек.Көп аралықты үйлерге арналған құрастырылған фонарьларды барлық аралыққа,біркелкі биіктікте орналастырған тиімді. Фонарьлар болаттан жасалады.Темірбетонды өте сирек қолданады. Рамалық фонарьларды құру,едәуір күрделі болуына байланысты,фермааралық зоналарда көп қар қалдықтары немесе әйнектің кірленуі салдарынан,талап бойынша жарық түспеуі,оларды құруға жұмсалатын және үйлердің жылу сақтау шығындары көп жағдайда қамтамасыз етілмейді.Соңғы кезде зенитті фонарьлардың жарық өткізетін конструкциясын көрсететін,нәтижелі конструкциялар жасалған. Зенитті фонарьлар,нүктелі және бөлік типті болады.Зенитті фонарьлар күмбездерінің өлшемдері 1400-1600 мм,ал органикалық әйнектен жасалған панеьдер – 1600х6200 мм болады. 2.Өнеркәсіптік ғимарат түрлері. Термиялық цехтар үшін ұзартылған төртбұрыш кей кездері ені бір немесе бірнеше аралық болатын тік төртбұрыш кезіндегі бір қабатты үйлер болып салынады. Аралық деп үйдің аралас екі қатармен шектелген бағанды тік ұстап тұрған конструкциялы көлемді бөлігін айтады. Цехтың негізгі өлшемдері аралық ені Л баған адымы Т және аралық биіктігі өндірістің барлық саласындағы үйлердің габариттің біріңғайлауы қарастыратын қолданылып жүрген нормативтерден таңдалынады Аралық ені 18,24,30 және 36м бағандар адымы 6немесе 12м крандық аралық биіктігі 10,8-19,8қабыылданады.Бұл күндері заводтары термиялық цехтар біріңғайлар типтік секцияларда орналсқан. БТС –бұл тұрғылықты биіктіктегі бір немесе бірнеше аралықтан тұратын үйдің көлімді бөлігі. Секция ұзындығы 72м ден аспайды ал оның ең үлкен ені 144м-геи тен. Секция аралығының биіктігі транспорттық жабдыққа байланысты: ілмелі транспорт үшін жүк көтергіштігі 5т дейін 6-7,2 м көпір краны үшін 30г дейін 10,8-12,6м. Негізгі БТС жоспарында 144*72*72*72м бағандар торымен 18*12және 24*12 өлшемдері бар. БТС қолдану темірбетон конструкцияларын барынша қолдануды қамтамасыз етеді цех жоспарын жеңілдетеді санитарлы-техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес. Термиялық цех үшін ең жақсы аралық ені 18м болып табылады. Өйткені мынадай ендікте үш пештер қатар арқылы қойылады. Цех ұзындығы жобаланған жабдық санымен анықталады. Бірақ бағандардың 6 не 12мим құрайтын қайтымды адыммымен қабылданады. Үйдің конструкциясындағы температуралық өзгерістер салдарынан пайда болатын кернеулерді жлю үшін температуралық жапсар жасайды: темірбетон үйлердем арақашықтығында блолат қаңқасымен 120-150м. Екі баған арасындағы температуралық жапсардағы саңылаудың 25-30мм тең қабырғаныңибүкіл биіктігі бойынша іргетасқа дейін сақталады. Қатардың бөлгіш осьтері мен бағандардың көлдеңеңдік осьтері штрих пункктирлі сызықпен жүргізіледі және диаметрі 6мм домалақ маркамен белгіленеді. Осьтерді араб цифрларымен және жазба әріптерімен ені бойынша Осьтерді таңбалау жүйесі солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай. 3. Судың шығыны. Техникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су шығынының жобалық есебі жасалады. Термиялық цехтарда су шынықтыру және шаю бактарында, жуу машиналарында май суыту қондырғыларында тұзды пештерде электродтары суытатын ТВЧ қондырғыларында және т.б пайдаланылады. Судың шығынын бір тонна бұйымға үлесті ірілендірілген норма бойынша есептейді Шынықтыру үшін 6-8м3/т, Жылан түтіктерді суыту үшін 10-12м3/т, Шаю үшін майлы бактарда шайылатын детальдардың 20-30* Шамдар мен индукторларды суыту үшін 28м3/т Шаруашылық қажетіне жұмсалатын су шығыны ауысымда істейтін мөлшермен бір адамға 75л кетеді. Термиялық цехтарда бу жуу машиналарында шаю бактарында ерітіндіні қыздыру, жұмсалады. Бу шығының детальдардың салмағының 15* есебінен анықтайды. Термиялық цехтарда мынандай технологиялық материалдар жұмсалады: май, су газ карбюризаторлары, тоқу сымдары; бытыра, құм және т.б Жобалық есебін технологиялық материалдардың үлесті шығыны бойынша жүргізіледі. Термиялық цехтарда түрлі бейімделгіш детальдар мен құрал саймандар шығыны көп табандықтар, жәшіктер, себеттер, аспалы ілмелер, қасықтар, шанышқылар, ожаулар ж.т.б шығын өнделетін бұйымның 1* жуық салмағына тең қабылданады. Ыстыққа төзімді болат пен ыстыққа төзімді құйманың шығынын бейімделуге беріктігі бойынша ыстыққа төзімді болат үшін 2500-3000сағ және ыстыққа төзімді құйма үшін 4000-5000* сағатқа тең деп есептейді. 1.Өндірістің сыныптық категориялары. Өндірістің мынадай үш негізгі калссификациялық санаттары бар:. бұйым дайындауда қолданылатын әдісті сипаттайтын, мысалы, құю, пі сіру, жайманы штамптаушы, механизмдерді жинау ұсталық ж т.б 2)кендігі,номенклатурасы, жүйелігі, тұрақтылығы, бұйым шығару көлемінің белгілерімен анықталатын: жеке, сериялы не жаппай шығару.3)жұмыс орындары мен жабдықтардың орна ласу принципінің мамандандыру деңгейін сипаттайтын тасқынды не тасқынды емес. Өңделетін детальдардың өңдеу процесі кезінде операциядан операцияға олардың орындалу ретінің тәртібімен үздіксіз ауыстырылуы тасқындыөндірістің негізгі белгісі болып табылады. Жеке өндіріс - ол кен номенклатурасы детальна аз көлемде дайындалатын өндіріс. Жеке өндіріс аур машинада жасауда ірі және бірегей станок тар дайындау, стандартна сай емес жабдықтар арнаулы құралдар даярлау үшін іске қосылған. Жаппай өндіріс деп., ұзақ уақыт бойы тар номенклатураға бір бұйымды көп көлемде дайындауды үздіксіз жүзеге асыратын өндірісті айтады. Әрбір станокты пен жұмыс орнына бір қосылған. Термиялық цех тар мына белгілері бойынша бөлінеді:1)завод құрылымындағы орны бойынша;2)өңделетін деталь дар бойынша; 3) термиялық теңдеудің басым операциялары бойынша; 4)өндірістік белгілері бойынша
Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 613; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |