Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет 2.2-сурет 6 страница




3 Жутылу қысы дегеніміз не?

4 Ұңғыма құрылысында келесі шегендеуші тізбек типтері қолданылады?

 

6. Тапсырма Шегендеуші тізбекті жобалау және есептеу методикасы

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізбекке әсер ететін ішкі және сыртқы артық қысым мәндері, өнімді қабат аралығында тізбекке әсер етуші ең жоғарғы қысым мәні анықталады, ішкі және сыртқы қысым эпюралары тұрғызылады, көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, тізбек үшін керекті шегендеу құбырлары таңдалады.

Нег: 1[149-224]

Бақылау сұрақтары:

1 Сыртқы қысымда анықтау?

2 Ішкі қысымды анықтау?

3 Тартылуға есептеулер?

 

7. Тапсырма Шегендеу тізбегін цементтеудің есебі

Әдістемелік ұсыныстар: Есептеу цемент ерітіндісінің керекті көлемін, оны дайындау үшін керекті цемент және су мөлшерін, айдау сұйығының көлемін, цементтеу аяғында жоғары қысымды анықтаудан, және децементтеу агрегатын таңдаудан тұрады.

Нег:1[446-541]

Бақылау сұрақтары:

1 Негізгі тізбекті цементтеуде тиімді көрсеткіштерді ата?

2 Тампондау ерітіндісі түрі және қасиеттері қалай анықталады?

3 Ерітіндінің тізбек және сақиналы кеңістікке берілісін анықтау?

4 Цементтеу кезінде бұрғылау сұйығы көлемін айдау қалай анықталады?

5 Цементтеу агрегаттары санын қалай анықтаймыз?

8 Тапсырма. Тампонаж ерітіндісі түрін таңдау принциптері

Әдістемелік ұсыныстар: Тампондық материалдармен танысып, қолданатын аймақтарын анықтау. Тампондық материалдар сазбалшық, цементтер (тампондық, ауырлатылған, жеңілдетілген және т.б.), полимерлер және полимерцементтермен танысып, әдістемелік және дәріс материалдарын пайдаланып оларды қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтау.

Нег:1[577- 625]

Бақылау сұрақтары:

1 Төменгигроскопты тампонажды портландцемент?

2 Термотұздыберік цемент?

3 Тампонажды ауырлатылған шлакті цемент?

4 Тампонажды шлакқұмды цемент?

5 «Істық» ұңғымалар үшін жеңілдетілген тампонажды цемент?

2.4 Зертханалық сабақтар мазмұны

1.Тапсырма Цемент ерітіндісінің көрсеткіштерін анықтау

Әдістемелік ұсыныстар: Цемент ерітіндісінің аққыштық және қату мерзімі, тығыздығы және т.б. қасиеттері аспаптар көмегімен анықталады.

Нег: 1(22).

Қос: 3(56), 6(5).

Бақылау сұрақтары:

1) Цемент қамырының су бөлінгіштік қасиеттін анықтау әдістерін атаңдар?

2) Цемент қамырының аққыштық қасиетін қандай аспаптар көмегімен анықтайды?

3) Зертханалық жұмысты жүргізу жолын айт.

4) Жұмыс нәтижелері қалай өңделеді?

5) Цемент тасының беріктік өлшем бірлігі?

6) Тығыздық бойынша тампонаж заттары қандай түрлерге бөлінеді?

7) Термотұрақтылығы бойынша тампонаж заттарының классификациясы.

 

2. Тапсырма Шегендеуші тізбек элементтерінің құрылысын оқып үйрену

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізібектің төменгі бөлігі элементтері және технологиялық жабдықталуы, ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (37-54),

Қос: 2(65-74), 8 (3-15)

Бақылау сұрақтары:

1) Шегендеуші құбырлар және олар қосылыстарының құрылысы тұралы айт.

2) Кері қақпақшалар құрылыстары тұралы айт.

3) Центраторлар, скреперлер, тығыздау тығындар құрылыстары тұралы айтып

беріңдер.

4) Қысқа және ұзартылған бұрандалы шегендеуші құбырлар артықшылықтары және

кемшіліктері тұралы айып беріңдер.

5) Универсальді кері қақпақшалар артықшылықтары тұралы айт.

6) Бағыттағыш тығындар қандай заттардан жасалады?

 

3. Тапсырма Цемент ерітіндісі қасиеттерін анықтау

Әдістемелік ұсыныстар: ГОСТ 1581-96 – қа байланысты суцемент қатынасы 0,5 тең цемент ерітіндісі дайындалады, аққыштық және цемент ерітіндісінің қату мерзімі анықталады.

Нег: 1(81-98)

Қос: 2(80-83), 9(3-10)

Бақылау сұрақтары:

1) Цемент қамырының аққыштығы қандай аспаппен анықталады?

2) Нақты тығыздығымен цемент қамырының және жеңілдетілген цементтер

аққыштығының шектік мәні қандай аралықтарда болуға тиіс?

3) Цемент қамырының қату мерзімі қандай аспаппен анықталады?

4) Ұңғыма температурасы цемент қамырының қату мерзіміне қалай әсер етеді?

5) Цемент тасының қату мерзімін қалай басқарады?.

6) Суцемент қатынасы цемент қамырымен аққыштық қатынасына қалай әсер етеді?

7) Цемент қамырының қату басталуын қалай анықтаймыз?.

 

4. Тапсырма Өнімді қабатты ашу әдістерін оқып үйрену

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғы түбі аралығы құрылысын таңдау. Жобалау принциптері. Сүзгіштер түрлері.

Нег: 1 (136-143)

Қос: 2(101-108), 15(3-18)

Бақылау сұрақтары:

1) Ашу әдістері

2) Алғаш ашу үшін жуу сұйығы түрін таңдау

3) Жуу сұйығының өнімді қабатқа әсері

4) Өнімді қабатты алғаш ашу тәсілдері

5) Алғаш ашуды және жуу сұйығы қасиеттерін таңдау принциптері

6) Гравийлі сүзгіштерді орнату

7) Ұлутасті сүзгіштерді орнату (Каражанбас ауданы мысалында).

 

5 Тапсырма. Қабат сынағыштар құрылысын оқып үйрену

Әдістемелік ұсыныстар: Қабат сынағыштардың жұмыс істеу принциптерін оқып үйрену, олардың элементтері құрылыстарының ерекшеліктері, қабат сынау және байқау әдістері.

Нег: 1(226-232)

Қос: 2(288-193)

Бақылау сұрақтары:

1) КИИ сынағыш құралдар жинағы құрамын айт?

2) Құбырмен түсірілетін қабат сынағыштармен жұмыс істеу технологиясы

3) Пакер орнату аралықтарын таңдау

4) Сынау ұзақтылығы

 

6. Тапсырма МИГ сынау құрылғысын оқып үйрену. МИГ типтік жинағы

Әдістемелік ұсыныстар: Қабат сынағыштардың жұмыс істеу принциптерін оқып үйрену, олардың элементтері құрылыстарының ерекшеліктері, қабат сынау және байқау әдістері.

Нег: 1 (233-241)

Қос: 2(153-160), 14(3-20)

Бақылау сұрақтары:

1) МИГ сынау құрылғы жинағы

2) Айналу қақпақшасының міндеті.

3) Гидравликалық ястың жұмысы.

4) Пакерді орнату орны және міндеті.

 

7. Тапсырма Каротаж сымында түсірілетін және бұрғылау тізбегі ішіне тасталатын қабат сынағыштар құрылысын оқып үйрену

Әдістемелік ұсыныстар: Каротаж сымында түсірілетін аспаптармен байқау нәтижелері қабат қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді, оның өткізгіштігін оқып үйретеді.

Нег: 1 (272-280)

Қос: 2(172-188), 10(3-15), 16(10-18)

Бақылау сұрақтары:

1) Термоберікті керналғыш СКТ-1.

2) ОПН-112 аппаратурасы.

3) ОПГ-4-7 сымдағы қабат сынағыш?

4) Термоберікті каротаж сымындағы ОПТ-7-10 қабат сынағыштар?

 

2.5 Курстық жоба тақырыптары

2-ші өндірістік практикадан жинаған материалдарға байланысты мұғалім арқылы келесі курстық жоба тақырыптары бекітіледі:

1. Ұңғыма аяқтау жобасы.

2. Ұңғыма бекіту жобасы.

3. Ұңғыма цементтеу жобасы.

4. Өнімді горизонттарды сынау жобасы.

5. Ұңғыманы байқау және сынау жобасы.

2.6 Курстық жоба мазмұны

Курстық жобаға қойылатын талаптар

Кіріспе

1. Ұңғыма аяқтаудың геологиялық жағдайлары

2. Өнімді қабаттарды ашу. Ұңғыма конструкциясын жобалау

3. Шегендеуші тізбекті беріктікке есептеу

4. Шегендеуші тізбекті ұңғымаға түсіру режимі

5. Цементтеу тәсілін таңдау және шегендеуші тізбекті цементтеу есебі

6. Ұңғыманы байқау және сынау

7. Жобаланған ұңғыманы аяқтау кезінде қоршаған ортаны, жер қойнауын, еңбекті

қорғау және техника қауіпсіздігі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер және тақырып бойынша жинаған материалдар.

Курстық жоба әр бір студентке жеке беріледі. Тапсырманы орындау мерзімі 3 апта.

Тапсырманы кафедрадан алу – 14 - апта. Курстық жобаны комиссия алдында

қорғау – 15 - апта. 14 – ші аптадан кейін курстық жоба қабылданбайды.

 

2.7 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)

1. Тапсырма Сүзгіштер. Әр түрлі сүзгіштерті таңдау бойынша есептеу методикасы

Әдістемелік ұсыныстар: Сүзгіштердің конструкциясы, жұмыс істеу принципі, артықшылықтары және кемшіліктері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (13-15)

Қос: 2 (8-11)

Жүргізу түрі – дисскусия.

2. Тапсырма Буферлі сұйықтың мөлшерін есептеу

Әдістемелік ұсыныстар: Буферлі сұйықтың тығыздығы, мөлшері, және түрі

анықталады.

Нег: 1 (33-36).

Жүргізу түрі – дисскусия.

3. Тапсырма Атқылауға қарсы құрылғыларды таңдау принципі

Әдістемелік ұсыныстар: Қалақшалы, универсальді және айналғыш превенторлар құрылыстары ерекшеліктері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (37-54)

Қос: 2(65-74), 8(3-20)

Жүргізу түрі – дисскусия.

4. Тапсырма Тампонаж ерітіндісі түрін таңдау принципі.

Әдістемелік ұсыныстар: Тампонаж заттарының түрлері және оларды таңдау жағдайы оқып үйретіледі.

Нег: 1(61-76)

Қос: 2(36-38), 13.

Жүргізу түрі – дисскусия.

5. Тапсырма Шегендеушітізбекті түсіруге дайындық жұмыстар

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғымадағы шегендеуші тізбектің жұмыс істеу жағдайы қарастырылады.Шегендеушітізбекті түсіруге дайындық жұмыстар жүргізіледі. Шегендеушітізбекті түсіріледі.Шегендеуші тізбектің төменгі бөлігі таңдалады.

Нег: 1 (81-82,103-105)

Қос: 2(85-90), 11.

Жүргізу түрі – тренинг.

6. Тапсырма Сынау кезінде қысым диаграммасын интерпретациялау

Әдістемелік ұсыныстар: Қабат сынағыштармен жұмыс істегенде нәтижелерді өңдеу үшін Хорнер әдісі қолданылады. Әдіс тұралы түсінік.

Нег: 1 (105-108)

Қос: 2 (62-63), 6.

Жүргізу түрі – тренинг.

7. Тапсырма Қабаттың гидродинамикалық көрсеткіштерін анықтау

Әдістемелік ұсыныстар: Қысымдар диаграммаларын математикалық талдау үшін белгілі әдістерді тұралы ұғымдар.

Нег: 1 (154-157)

Қос: 2(101-108).

Жүргізу түрі – дисскусия.

8. Тапсырма Тізбектің қозғалуында пайда болатын гидродинамикалық қысым

Әдістемелік ұсыныстар: Тізбектің қозғалуында пайда болатын гидродинамикалық қысым механизмі қарастырылады.

Нег: 1(194-195).

Жүргізу түрі – дисскусия.

 

9. Тапсырма Әр түрлі геологиялық жағдайларда ұңғыма конструкциясын жобалау

Әдістемелік ұсыныстар: Аралықтар бойыншақабат қысымы және қабаттық гидрожарылу анықталады. Ка, Кп және rо бойынша біріктірілген график құрастырылады, шегендеуші тізбеті түсіру тереңдігі және саны анықталады, әр бәр тізбекте бұрғылау үшін қашау диаметрлері таңдалады.

Нег: 1 (191-194)

Қос: 2 (146-148), 17.

Жүргізу түрі – тренинг.

 

10. Тапсырма Ұңғымаларды цементтеу технологиясы. Цементтеу кезіндегі технологиялық сұйықтар.

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғыманы цементтеу тәсілі анықталады, цемент, буферлі және айдау ерітіндісі мөлшерлері есептеледі.

Нег: 1 (198-202)

Қос: 2(193-195).

Жүргізу түрі – дисскусия.

11. Тапсырма Алғаш ашу тәсілін таңдау принципі

Әдістемелік ұсыныстар: Өнімді қабат құрылымы және қаныққандығын, коллектор тау жыныстарының беріктігін, қабат қысымының аномальді коэффициентін ескере отырып бұрғылау сұйығының түрі және көрсеткіштері, алғаш ашу тәсілі таңдалады.

Нег: 1 (218-221)

Қос: 2(188-190).

Жүргізу түрі – дисскусия.

12. Тапсырма Шегендеуші тізбекті беріктікке есптеу принципі

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізбекке әсер ететін ішкі және сыртқы артық қысым мәндері, өнімді қабат аралығында тізбекке әсер етуші ең жоғарғы қысым мәні анықталады, ішкі және сыртқы қысым эпюралары тұрғызылады, көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, тізбек үшін керекті шегендеу құбырлары таңдалады.

Нег: 1(247-253)

Қос: 2(160-168)

Жүргізу түрі – тренинг.

 

13. Тапсырма Екі сатылы цементтеу технологиясы

Әдістемелік ұсыныстар: Сатылы цементтеу тау жыныстар жарылуы, тампонаж ерітіндісі қатуы кезінде мұнайгаз көрінісі немесе керекті цементтеу агрегатының жоқтығында жүргізіледі. Көрсетілген жағдайларға байланысты ұңғыма цементтеудің гидравликалық бағдарламасы құрастырылады.Одан соң цемнттеудің тәсілі таңдалады.

Нег: 1 (264-268)

Қос: 2 (172-188).

Жүргізу түрі – дисскусия.

 

14. Тапсырма Ұңғыма игеру технологиясы және ұйымдастырылуы. Өнімді қабатты сынау

Әдістемелік ұсыныстар: Қабаттан сұйықты шақырумен байланысты барлық үрдістер ұңғыма игеруге жатады. Сұйықты қабаттан ұңғымаға шақыру тәсілдері зерттеледі, және де өнімді қабатты сынау тәсілдері оқып үйретіледі.

Нег: 1 (320-321).

Жүргізу түрі – дисскусия.

15. Тапсырма Өнімді қабаттарды сынау

Әдістемелік ұсыныстар: Өнімді болашағы бар горизонттарды сынау кезінде қарастырылатын мәселелер оқып үйретіледі, қабат сынағыштар конструкциясы, олардың артықшылықтары және кемшіліктері.

Қос: 2 (20-27).

Жүргізу түрі – дисскусия.

 

Студенттердің өздік жұмысы бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)

1. Тапсырма Ұңғыманы цементтеу мақсаты және тәсілі

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғыма цементтеу кезінде қарастырылатын мәселелер. Мұнай және газ ұңғымаларын цементтеу тәсілдері, олардың артықшылықтары және кемшіліктері.

Нег: 1 (8-13)

Қос: 2 (3-5)

2. Тапсырма Шегендеуші құбырлар және олардың қосылыстары

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізібектің төменгі бөлігі элементтері және технологиялық жабдықталуы, ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері оқып үйретіледі. Қазіргі кезде қолданылатын мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау техникасы және технологиясы қарастырылады.

Әдебиет: ғылыми-техникалық журналдар, баспасөз материалдары.

.

3. Тапсырма Ұңғымаға шегендеуші тізбекті түсіруге дайындық жұмыстар

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғымадағы шегендеуші тізбектің жұмыс істеу жағдайы қарастырылады.

Нег: 1 (27-28)

Қос: 2 (60-62).

4. Тапсырма Шегендеуші құбырлардың беріктік сипаттамалары

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізбекке әсер ететін ішкі және сыртқы артық қысым мәндері, өнімді қабат аралығында тізбекке әсер етуші ең жоғарғы қысым мәні анықталады, ішкі және сыртқы қысым эпюралары тұрғызылады, көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, тізбек үшін керекті шегендеу құбырлары таңдалады.

Нег: 1 (116-120)

Қос: 2 (140-144)

 

5. Тапсырма Шегендеуші тізбекті технологиялық жабдықтау

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеу тізбегін дайындау үрдістері, олардың қосылыстары, пайдалану тиімділігін арттыру және қажалуға берік құлыптар, сонымен бірге олардың жағдайын бақылауды жүзеге арттыру мәселелері қарастырылады.

Нег: 1 (98-100).

6. Тапсырма АНИ бойынша шығарылатын шегендеуші құбырлар

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші құбырлар түрлері, олар қосылыстары және қазіргі кезде қолданылатын жаңа типті құбырлар тұралы мәселелер қарастырылады.

Нег: 1 (10108)

.

7. Тапсырма Ұңғымадағы жөндеу жұмыстары.

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғымадағы барлық жөндеу жұмыстары тұралы сұрақтар қарастырылады.

Нег: 1 (76-77)

Қос: 2 (39-42), патентті іздену, Интернет.

8. Тапсырма Ұңғыма цементтеу үшін керекті құрылғылар

Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыс істеу принципі, конструктивті ерекшеліктері, өнімділіг және пайдалану жағдайы қарастырылады. Олардың тиімді қолдану аумақтары келтіріледі.

Нег: 1 (152-154)

Қос: 4 (156-163), патентті іздену, Интернет.

9. Тапсырма Ұңғыма байқаудың техникалық құралдары

Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыс істеу принципі, құрылысы бойынша ерекшеліктері, РПД артықшылықтары және кемшіліктері.

Нег: Плакаттар, патентті іздену, Интернет

 

10. Тапсырма Тапонаж заттарының қасиеттерін реттеу үшін керекті химиялық реагенттер

Әдістемелік ұсыныстар: Түрлері, әсер ету механизмдері және оларды тиімді қолдану жағдайы қарастырылады.

Нег: 1 (169-172)

Қос: 4 (99-146), Интернет, патентті іздену.

11. Тапсырма Көлбеу ұңғымаларының спецификалық ерекшеліктері

Әдістемелік ұсыныстар: Көлбеу ұңғымаларын цементтеу ерекшеліктері қарастырылады. Шегендеу тізбегінің жабдықталуы.

Нег: 1 (212-213), патентті іздену, Интернет, баспасөз, ғылыми-техникалық журналдар.

12. Тапсырма Сүзгіштер құрылысы. Гравийлі сүзгіштерді орнату

Әдістемелік ұсыныстар: Гравийлі сүзгіш ұңғыма түбі аралығында цементтелмеген және нашар цементтелген құм коллекторларының бұзылуын болдырмау үшін және құмды ұңғымаға жібермеу үшін қолданылады. Сүзгіштердің артықшылықтары және кемшіліктері орнату тәсілдері, қолдану мерзімін арттыру қарастырылады. Гравийлі сүзгішті құрастыру нобайы оқып үйретіледі.

Нег: 1 (221-225), Интернет, патенті ізденіс.

13. Тапсырма Кері қақпақшалар құрылыстары

Әдістемелік ұсыныстар: Шегендеуші тізбекті түсіруге дейінгі жұмыстар және олардың конструктивті ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері, маңыздылығы қарастырылады.

Нег: 1 (255-263)

Қос: 3 (32-36), 2(171-172).

14. Тапсырма Цементтеуден кейінгі қорытынды жұмыстар

Әдістемелік ұсыныстар: Цементтеуден кейін ұңғыманы бір аз уақытқа, тампонаж ерітіндісінің қатуы үшін және цемент тасының пайда болуына қалдырады. ОЗЦ кезінде ілмектегі жүктемені тексеру және сақиналы кеңістіктегімен тізбек арасындағы қысым өзгеруін қадағалау қажет.

Нег: 1 (300-305)

Қос: 3 (223-224).

15. Тапсырма Цемент көпірлерін орнату технологиясы

Әдістемелік ұсыныстар: Цемент көпірін қолдану мақсаты және міндеті келтіріледі, оларды орнату тәсілдері және технологиясы, әр түрлі цемент көпірлерінің артықшылықтары және кемшіліктері қарастырылады.

Нег: 1 (308-309), патентті іздену, Интернет.

2.9. Өзінді бақылау үшін тест сұрақтары

1. «Қабатты ашу» ұғымымен байланысты жұмыстар жинағы:

А) Өнімді қабатты бұрғылау

В) Өнеркәсіптік мұнайгаздылығын анықтау үшін қабат флюидінің сынамасын алу

С) Ұңғымаға шегендеуші тізбек түсіру

D) Ұңғыма цементтеу

Е) Әрі қарай пайдалану үшін қабат флюиді ағынын шақыру

 

2. «Қабатты бақылау» ұғымымен байланысты жұмыстар жинағы:

А) Өнеркәсіптік мұнайгаздылығын анықтау үшін қабат флюидінің сынамасын алу

В) Өнімді қабатты бұрғылау

С) Ұңғымаға шегендеуші тізбек түсіру

D) Ұңғыма цементтеу

Е) Әрі қарай пайдалану үшін қабат флюиді ағынын шақыру

 

3. «Ұңғыманы бекіту» ұғымымен байланысты жұмыстар жинағы:

А) Ұңғымаға шегендеуші тізбек түсіру

В) Өнеркәсіптік мұнайгаздылығын анықтау үшін қабат флюидінің сынамасын алу

С) Өнімді қабатты бұрғылау

D) Ұңғыма цементтеу

Е) Әрі қарай пайдалану үшін қабат флюиді ағынын шақыру

 

4. «Қабат айыру» ұғымымен байланысты жұмыстар жинағы

А) Ұңғыма цементтеу

В) Өнеркәсіптік мұнайгаздылығын анықтау үшін қабат флюидінің сынамасын алу

С) Өнімді қабатты бұрғылау

D) Ұңғымаға шегендеуші тізбек түсіру

Е ) Әрі қарай пайдалану үшін қабат флюиді ағынын шақыру

 

5. «Ұңғыманы игеру» ұғымымен байланысты жұмыстар жинағы

А) Әрі қарай пайдалану үшін қабат флюиді ағынын шақыру

В) Өнеркәсіптік мұнайгаздылығын анықтау үшін қабат флюидінің сынамасын алу

С) Өнімді қабатты бұрғылау

D) Ұңғымаға шегендеуші тізбек түсіру

Е) Ұңғыма цементтеу

 

6. Гидродинамикалы аяқталған ұңғыма дегеніміз не?

A) Бұрғылаумен және перфорацияламен өнімді қабат толық ашылған, перфорациялы тесіктер өнімді қабатпен сәйкес, ұңғы түбі аралығы өткізгіштігі қашықтықта орналасқан аралық өткізгіштігімен ұқсас кезде.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1246; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.15 сек.