КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
В глазах знатаков 32 страница
"... Адамнан жоғары адам тәрбиелеу ". Абайдың да рухани мақсаты сол. Қара сөздерінде де, өлеңдерінде де сол рухани қуатты "ескеріп,.... үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады", яғни дамыта түседі. Өлеңінде айтқан пікірін "Қара сөздерінде" қозғаған ойын өлеңінде тағы да қайталап, мағынасын тереңдете береді. Ол Ницшенің "Адамнан жоғары адам" деген ұғымын "толық адам" деп алады. Сол "толық адамның" сыпаттарын таным арқылы тарқатады. Соның бір белгісін: Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, - деп анықтайды. Ақылдың да, қайраттың да, жүректің де сан қилы қасиеттері бар. Оны Ницше де, Абай да тиянақтап тұрып түсіндіріп береді. Ол туралы әңгіме басқа, бұл арадағы аңғартарымыз – екеуінің де түпкі нысаналы нәтижесі – толық адам тәрбиелеу. Шығармаларының ішкі рухы мен қуатына зер салсаңыз, қос данышпанның бойынан ессіз жастықтың, асау мінездің, тентек қимылдың шалығы есіп тұрады. Кейде ақылдарын жан буырқанысы жеңіп кететініндей сезіліп барып, қайтадан сабасына түседі. "Ақыл-суық мұз". Осыны екеуі де байқап қалып, арда мінездерін аңсап: "Сіздің тіліңізді қаритын найзағайлы жасын қайда? Сендерді естен тандыратын ессіздік қайда? – деп Ницше күйінсе, Абай: Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? ... Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай. Қаруын көңіл сайласын, Қолға от түспей бойламай. Махаббат, қызық кім көрер, Оның да дәмін татпаса? Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы батпаса, - деп "жастық, ессіз қуатты" сөз арасына қосады. Демек екі кемеңгер әу баста өміріне өш боп тумаған, өмірге жиіркенішпен келмеген. "Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – (іспетті) – бұл нәрселердің бәрін де өлшемімен" көрген. Сондықтан да олардың тіршілік туралы толғаулары шындықтың қамырына иленген. "Толық адам - тобырдан шықпайды. Екі ғұламаның да көңілі құлайтын адам-тұлға болуға тиісті. Демек, олардың зерттеуі тобырға емес, тұлғаға арналған және сол тұлғаны негіз еткен. Тобырдың ішінен тұлғаны түлету – екеуінің де көздеген мұраты. Мұны Ницше адамнан жоғары адам тәрбиелеймін дегенді айтқызып барып, сәл тыныс алдырған соң: "Осы сөзді айта салысымен Заратустра тағы да тобырға қарады да ішінен тына қалды. "Міне, мыналар ғой қарап тұрып ыржың қағады,-деді өзінің жүрегімен тілдесіп,-бұлар менің сөзімді ұқпайды: менің сөзім олардың құлағына да кірмейді. Тым құрыса, көзін жеткізу үшін оларды құлағынан айыру қажет пе? Әлде бақсы құсап даңғыра қағу керек пе, жоқ, жалбарыну уағызын айтқан тақуаға ұқсап орынсыз айқайлау қажет пе? – деп налиды. Дәл осы сөзді Абайдан табуға болатынын, мұның «Көңілсіз құлақ – ойға олақ» дегенімен астасып жатқанын түсіну үшін пәлендей білім дәрежесін талап етпей-ақ қоюға болады. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжаң, Бола ма дәулет, несіп бұл " - дегені тағы бар. Ол аз десеңіз, Заратустра тобырдың алдында тұрып сөйлегенде: "Бізге толық адам емес, сорақы адам керек, Соны көрсет! – деп айғай-шуға басады. Сонда оның тобырға назаланып "Олар мені түсінбейді, менің сөзім бұлардың құлағына түрпідей тиеді... Бәрі мені мазақ етіп күліп тұр, күліп тұрып іштен мені жек көріп тұр. Күлкісі – күлкі емес, кекесін – деген наласы Абайдың: Өздерің де ойлаңдар, Неше түрлі жан барсын. Ғылым да жоқ, ми да жоқ, Даладағы аңдарсың. Жүрегіңмен тыңдамай, Құлағыңмен қармарсың. Соны көріп соларға, Қайтіп қана сарнарсың? – деген өлең жолдарының тура мағынасын беріп тұрған жоқ па. Бұл қазақтың: "Ақыл ауыс" деген қанатты сөзінің растығын дәлелдейді. Ницше де, Абай да "Наданның сүйегені-көп пен дүрмек - деген нысананы ұсынады және соны өздері де мықтап ұстанады. Ойдың қазығы-кесірлі тобыр. Өйткені олар ақылды жүрегімен емес, құлағымен тыңдайды. Ал саналының бойындағы ең үлкен қасиетсіздік осы. Бұларды осыншама мардымсытып, маңғазсынғансытып тұрған не? Ницше оны кекесінмен: "Осылардың кеудесін кергізетін бір желік бар. Олар өздерінің сол мақтанышын қалай айтатынын білесіздер ме? Олардың айтуынша, өздерін жалшыдан ерекше етіп көрсететін нәрсенің аты – "мәдениет" екен. Сондықтан да олар "қасам" деген сөзді жек көреді екен. Ендеше, мен бұларды сол өздерінің жалған мақтанымен уағызға шақырамын", - деп анықтама береді. Тура осы "жалған мақтан" Абайдың "Жиырма бірінші сөзінде" бүге-шігесіне дейін талданады. Ол: "Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын – үлкендік деп атаймын... Үлкендік-адам ішінен өзін-өзі бағалы (бағалап) есеп қылмақ... Жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінезді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Ол өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші (сі) – мақтаншақтық... Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі – жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, надан болса да адам. Екінші (сі) – өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі – өз үйіне келіп айтпаса, иә ауылына ғана келіп айтпаса өзге көбі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол – наданның наданы һам өзі адам емес – дейді. Екі үзіндідегі "мәдениет" пен "мақтан" деп отырған ұғым бір ұғым. Адамның бойындағы жалғандық, жалған намыс, жалған жақсы атты көріну пиғылы. Абайдың "үлкен мақтаны – тұлғалардың бойындағы мін, ал "мақтаншақтық" деп отырғаны-тобырдың, топтың, дүрмектің топастық психологиясы. Осыған ашынған Ницше: "Бұлардың арасында бақташы жоқ, тек қана табын бар – десе, Абай: Единиңа кеткен соң, Не болады өңшең ноль, - деп, "наданның наданы һам надан емес" - деп тұжырымдайды. Міне, жекелеген ұғымдарға тоқталмағанның өзінде, Ницше мен Абайдың "ой өлкесі гүлденген" жастағы кезіндегі ой ағыстары осылай тоғысып жатады. Бұл "ақылмен жеткен-шындық" (Абай). Осы жаста Ницше "Заратустра осылай деген" атақты пәлсафалық еңбегіне кіріссе, Абай тура сол жылдары, әсіресе 1886 жылы өзінің атын шығарған 22 өлеңін жазды. Әрине, мұның бәрі тек сыртқы ұқсастықтар. Бірақ, қалай дегенмен де, даналардың арасында қандай да бір жалғанды жалғастырып тұратын құпия сана ағысы бар сияқты. "Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла! – деп Абай, "Қараңдаршы: мен-жасынның жай оғымын, қара бұлттың тамшысымын мен, жасынның аты – Толық Адам! – деп Ницше тегін айтпаған.
14. "АТА-АНАҒА КӨЗ ҚУАНЫШ... " (Абай және баланың еркін тәрбиесі)
Жалған дүниедегі тірі пенденің жұбанышы не? Жалғыздық дегеніңіз қарғыспен тең қасірет. Оның бетін аулақ қылсын. Төрт құбыласы тең адамның да түбінде бір жантәсілім сәтке келіп, жаны алқымға тығылған қасым шақтағы үміті: бірінші – бақидың мәңгілігі мен рухыңды өлтірмейтін Алла есімі де, екіншісі – соңында қалып бара жатқан мына пәни дүниедегі жұбанышь – нәресте. Бойыңдағы ыстық қаныңды құйып, тамырыңды иітіп, өзің жан берген балаң. Өзегіңнің өртеніп тұратыны да сондықтан. Мүмкін, мәңгілік өлмейтін рух дегеніміз сол шығар. Баладан немере тәтті дейді. Мұның құпиясы сәби көңілінің мүбәрәк тазалығында шығар. Толысып, ержетіп, бойжетіп кеткен баладан гөрі нәрестенің мүмкіндгі мол. Ол-рухани жағынан да, жан дүние тұрғысынан да, сезім мен түйсік, түсінік пен түйсіну танымы жағынан да кіршіксіз пәк. Бала – армандағы елес, ертеңгі күннің бейнесі. Сондықтан да ең нәзік сезімнің сәулелері нәрестенің жүрегімен жалғасып жатады. Абайдың: Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көкірегінде көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі, - деп жырлауында сондай шуақты үмітпен жан жылылығы жатыр. Қолқа жүрегіңді қоса үзіп беретін нәрестең үшін аянар мейірім-қайырым жоқ. Бірақ та дәл осындай мейірім танытқан Абай келесі жолда: Еркелік кетті, Ер жетті, Не бітті? - деп неге тіксіне қалады? Әңгіме, Абайдың баланы қалай көруінде емес, оны қалай тәрбиелеу туралы пікірінде болып отыр. Рас, Абай бұл өлеңді өзінің он алты жасында дүниеге келген тұңғыш ұлы Ақылбайға арнап шығарған. Өмір бойы Құнанбайдың бауырында өскен бала Абайды әке ретінде емес, ағасы қатарында санаған. Сондықтан да есейген кезінде де Абайдың сөзін жүре тыңдайтын болған. Оспан дүниеден қайтқан соң оның жесіріне әмеңгерлік етіп, иеленуді дәметкен. Аңғал да аңқау, жұрттың мінезіне сенгіш Ақылбайдың бұл мінезін бақталас ағайындары әккілікпен пайдаланып, шешесінің орнына жүретін Еркежанға сөз салдырған. Сонда Абай қатты ашуланып, Ақылбайды шақырып алып, жанын көзіне көрсете сілікпесін шығарыпты. Ағаттығы үшін қатты қысылған Ақылбай осы өлеңді естігенде ішінен тынып: Бір жаман мен бе? – Дедің бе, Көңіліңде? – деген жолды өз ойынан қосыпты деседі. Әрине, бұл Абайдың өлеңдерінің шығу тарихы туралы аңыздардың бірі. Мүмкін, Ақылбайдың мұнан басқа, Оспанның өлімінен бұрынғы бір мінездеріне қаратыла айтылған шығар. Бірақ естіген құлақта, жазған қолда, жеткізген сөзде жазық жоқ. Әйтпесе, Ақылбай Абайдың балаларының ішіндегі ең талантты, рухани жан дүниесі бай, өлеңге де, өнерге де бейімі күшті, адал жан болған. Тек оның аңғалдығын ағайын-жұрты үнемі әкесіне қарсы пайдаланып, орынсыз жерде сөз айтқызып, Абайдың шешіміне қарсы пікір білдіртіп, арандатып отырған. Соны кейін түсінген Ақылбай ешқандай биліктің әрекетіне қатыспаған. Өзімен-өзі боп, оңаша тірлік кешкен. Еріншектігі, болбырлығы, аңғалдығы болмаса адам ретінде бетіне тірі жан қарсы келмеген сүйкімі күшті азамат болыпты. Жә, әңгіменің арқауы басқа жаққа ауып кетті. Алайда бұл өлеңнің шығу тарихы арқылы ойымызды өрбіте келіп, негізгі арнаға көшейік. Себебі, осынау бір алты шумақтан тұратын өлеңде баланың сәби, "ата-анаға көз қуаныш" болған кезінен бастап оның бүкіл ғұмыр жолын бейнелей келіп: Сүйер ұлың болса сен сүй, Сүйінерге жарар ол. Сүйкімі жоқ, құр масыл би, Сүйретіліп өтер сол. Табылмас қайла, Ойбайла, Не пайда? – деп өкіндірген тұсына дейін қамтиды. Байқап қарасаңыз, мұндағы басты мәселе – бала тәрбиесі. Оның ішінде рухани тәрбие, дербес ақыл-ой, бойдағы қайрат, санадағы еркіндік, яғни тәуелсіз ойлау жүйесі туралы баса айтылады. Бала өзінің тіршілігі үшін ата-анасына борыштар. Белгілі бір жасқа жеткенше әкесі мен шешесіне, ағасы мен әпкелеріне, ағайындарына тәуелді. Бұл – ақиқат. Абай соны көре отырып баланың рухани тұрғыдан тәуелсіз болып тәрбиеленуіне қатты назар аударады. "Сүйкімі жоқ, құр масыл би" болып шығуына ата-анасы кінәлі деген пікірді ұстанады. Сондықтан да, бала тәрбиесін әрбір әке-шеше сәби дүниеге келмей тұрып ойластыруы қажет деген қағида ұсынады. "Жарық дүниеге адам әкелуге дайынбысың. Оны тәрбиелей аласың ба? Кейіс-дүниеге келтіріп алып, кейістікпен өтетін азап сыйлайсың ба? Әлде айтқаныңа көніп, айдағаныңа жүретін, қоғамға да, өзіңе де масыл біреуді өмір бойы мәпелеумен бәйек боламысың? Баланы дүниеге келтірмес бұрын оның келешегіне көз жүгірт", - дейді Абай. Өйткені ұрпақ – ұлттың келешегі. Ал ұлттың келешегінің кепіліне немкетті қарау-қылмыс. Жалпы алғанда баланың рухани дербестігі мен ақыл-ойының еркін дамуы, "жан қуаты мен тән қуатының" толысуы табиғи түрде жүргізілуі шарт. Сырттай жағдай жасау – қоршаған ортаның міндеті. Ағаштың тамырын қопсытып, су құю қажет. Бірақ оның жапырағын күнде сыйпап, діңін қозғап отырсаң түзу әрі тамыры мықты терек боп өспейді. Бала сол сияқты. Бұл мәселеге пікір білдірмеген дүние ойшылдары аз. Соның ішінде біз өзіміз ілгеріде сөз еткен Фридрих Ницше мен Абайдың ойларын жарыстыра отырып, кейбір түсініктер жасасақ дейміз. Екі ғұлама да өз пікірлерін мағыналас сұрақтардан бастап, бірден рухани мәселеге назар аудартады. Абай: "Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?" – десе: "Сен әлі жассың, бала сүйіп некеге отырғың келеді. Бірақ маған жауап берші: сен өзі бала сүю туралы армандауға қақың бар ма, соны ойладың ба? -дейді Ницше дәл сол сауалды қайталап. Бұл кездейсоқ алынған сөз емес. Монтень де дәл осылай шамырқанған пікірмен ой толғайды. Адамды дүниеге әкелу үшін о дүние жөнінде қалай жаның қинала отырып ой жібердің, өзің өлімге қандай дайындалдың, тура сол сияқты жауапкершілікпен қара. Әрине, бұл жолы қуаныш сәулесін үміттің жібі етіп ұста – дейді олар. Теңеулері тосын. Бірақ шындықты суыртпақтап отыр. Расында да, біз осы баланы не үшін тілейміз? Абай мен Ницшеге жүгінсек, бұл тілеуіміз мынадай пиғылдар арқылы дамиды екен. Иә, баланы ақ тілеуімізбен тілесек те, оның арғы жағында пенделік пиғыл басын қылтитып тұрады екен. Тілек – таза сезім, оның астарында көлеңке жоқ. Ал пиғыл – "ішсем, жесем, алсам, солай істесе, былай болса, пайдасын тигізсе, керегімді алып берсе - деген іспетті тұтынушылық дәметудің көрінісі. Яғни баланың рухани тілегін қанағаттандырып, оның жан дүниесін жақсылықпен толтыруға ұмтылмайсың, оның әрбір харакетінен, қылығынан, ертеңінен өзімнің мүддемді қанағаттандырады-ау деген мінезді іздейсің. Сол өзіңе жаққан қылығын мадақтап, сол жаныңа жаққан әрекетін дамыта бересің. Баланың сәби санасын осылай жіптіктеп отырып, еріксіз өзіңе тәуелді етесің. Кез келген қазақтың: "Өзіме тартқан", "Атасына тартқан", "Түрі бабасына, батырлығы нағашысына ұқсайды", "Тура өзіміздің тұқым – деп баласын мақтайтыны дәстүрлі жайт. Мұндай көпшік қоюлар баланың жұлын-жүйкесіне қанымен сіңіп, өзімшілдік түйсікті, менменсуді, жатқан жеріне қарауды қалыптастырады. Сөйтіп, олар қоғамның толық мүшесі болмай жатып қоғамнан тыс қалады. Бүгінгі күнге дейінгі рушылдықтың санадан жойылмай келе жатуының бір кілтипаны осында. Қазақ тәрбиесінің ең бір нәзік әрі зиянды талшығы бұл. Өкінішке орай, осы жолдарды жазып отырған біз де, оқып отырған сіз де, бәрімізге ойтүрткі салған Абайдың өзі де әлгі мінезбен тәрбиеленді. Баламызды да сол жолмен ер жеткіздік. Яғни баланың санасының еркін көзқараспен суарылуына тосқауыл қойдық. Қасақана емес, қалжың ретінде қолданғанымызбен, ол белгілі бір дәрежеде сәби санасына із қалдырды. Ұрпағымызға рухани пейілімізден гөрі тұтыну пиғылымызды сіңірдік. Демек, біз баланың рухын емес, өзіміздің құлқымызды ойладық. Түйсігі оянбаған сәбиді сол арқылы өзімізге рухани жағынан да, тұтыну жағынан да тәуелді еттік. Мұны Абай қазақтың қарапайым түсінігімен: "Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем-орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? – деп баяндайды. Өзі сұрақ беріп, өзі оған жауап қайырады. Бірақ Абай өзінің ойын әлі толық ашқан жоқ. Себебі, жаңағы жауап – жаттанды жауап. Абай көпшіліктің ойланбастан айтатын сөзін қайталай отырып сауал қояды. Ойды бұдан әрі өрбіту үшін бұдан басқа да берілетін жауаптың аңысын аңдиды. Баланың дүниедегі мәні мен маңызы, орны, парызы қақында айтылар пікірдің бағыт-бағдарын анықтайды. Сырттай қарағанда түкке тұрмайтын мәселеге ойлы көзбен қарайды. Ал Ницше Абай жұмбақтап отырған емеурінді төтесінен тура қайырып: "Сен өзіңді, өзіңнің пиғылыңды жеңдің бе, өзіңнің сезіміңе әмірің жүре ме, пиғылыңды жүгендей аласың ба? Айт, мен сенен сұрап тұрмын ғой – дейді. Мұндағы "пиғылдың" орыс тіліндегі баламасы – "добродетель". Сөзбе-сөз тәржімаласа - жақсылықтың иесі, жақсылық жасаушы, қайырымдылықтың қамқоршысы. Талай философтарға дәл осы үзікті оқып бергенімізде олар мұны тура осы "шапағат иесі" деген мағынада түсіндіріп берді. Біз олармен келіспедік. Себебі, біріншіден – Фридрих Ницше өзінің шығармасын жыраулық толғаумен жазып отырғандықтан да әдеби баяндау тәсілінің барлық түрін қолданған. Ойлау жүйесін соған орайластыра құрған. Екіншіден – Заратустраның толғауының астарында кекесін бар. Мысалы, "мәдениет" деген ұғымды жек көрінішті сыпатта бейнелейді. Ол дүниені теріс төңкеріп түсіндіреді. Бұл арада "добродетель – деп отырғаны кәдімгі – пиғыл. Абай айтқан "ішсем, жесем" демектен туған сезім көлеңкесі. Баланы өзімнің дегенімнен шықсын деген пиғылыңды жеңдің бе, жоқ па? Егер сол пиғылыңды жеңсең ғана сәби сүюге құқың бар-дейді Ницше. Бұл салыстырудан түйетін қорытындымыз: әрбір ата-ана дүниеге сәби келерде өзін-өзі рухани тұрғыдан дайындап, тіршілік сәулесі түспеген пәк сананың еркін дамуына мүмкіндік жасауы керек. Сонда ғана еркін ойлы адамды өмірге әкелуге қақылысың. Пендешілік пиғылға бейімделсең – баланы басыбайлылыққа байлағаның. Екі ғұлама да таным мәселесін түп тамырынан қозғап отыр. Осы түп тамырдан ұстаған ой жүйесін Абай да, Ницше де одан әрі сыздықтата суыртпақтап, тереңдете дамытады. Ол үшін әрбір жарық дүниеге келген пенденің көкейкесті ұлы арманын алдыға тартып, пиғылды жеңгеннен кейінгі пейілінді талқыға салады. Пейіл-Абайдың қолданысында табиғи тілекті білдіреді. Артына ұрпақ қалдыру да сондай заңды пейілге жатады. Тіршілік жалғасын тапса ғана – тіршілік. Адамның ұрпағы өзге хайуани тұқымдардан ерекше жаратылғандықтан да, оның дүниеге келуінде де сондай ақылға сыйымды мағына болуы шарт. Адамның орнын адам алмастырады. Ол – үлкен сананың иесі. Сондықтан да Абайдың: "Балама орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар? – деп сұрақ қоюы орынды. Абай пиғылын жеңген адамның пейілін жүзеге асыру үшін өмірден әуелі өз орныңды тап. "Кірпіш боп қалан". "Балаң орныңды басатындай" болсын. Екінші: оған "өзіңнен қалған дүниең иесіз қалмау үшін" тәрбие бер. Саған "сүйкімі жоқ құр масыл би боп" жүрмесін. Егерде өз бетінше іс басқарып, тізгінін алып кете алмайтын ұрпақ өсірсең, онда "қалған дүниенің қамын кім жемек?" Өзіңнің де, балаңның да өмірге келгенінен не пайда? "Өзгеден қызғанған дүниең" өзіңмен кетеді. Ізсіз келіп дүниеге, дүниеден ізсіз өтесің. Сенің бала сүю сезімің адами емес, хайуани сезімнен туған. Әйтпесе, "өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықшылығың бар? – дейді Абай. Мұны "Ата-анаға көз қуаныш" атты өлеңінде де: Оқытарсың молдаға оны, Үйретерсің әрнені. Медеу етіп ойы соны, Жаны тыныштық көрмеді. Жасында күтті, Дәме етті, Босқа өтті, - деп таратып кетеді. Мұндағы ата-ана-ұрпағын ойлаған ата-ана. Тіпті Абайдың өзі "медеу етіп жүрген", "жаны тыныштық көрмей молдаға оқытып, әрнені үйретіп, жасында дәметіп жүрген баласының өзіне мін тағып отыр". Сол арқылы өзін де сынға алады. Өзі толық сіңіре алмаған тәрбиесіне өкінеді. Ницшенің:
Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 361; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |