КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
В глазах знатаков 36 страница
Жоғарыда айтылған азаматтық мойынсынбау – тура осы рухани салада ерекше байқалады. Мысалы: қазақ елі арғы-бергі заманда өмір сүрген ардақты тұлғаларының әруағын көтеріп, халықтың өшкен рухын қайта жандандыру үшін игілікті шара жасады. Бірақ та қай ұлттың өкілі соны дәріптеді? Керісінше, америкадан келген миссионерлердің ығында қалды. "Караван" газеті Бұқар жыраудың тойында пәленбай адам өліпті. Ол өзі Абылайдың жаршысы болған адам екен деп жар салды. Біз мемлекеттігіміздің нысаналы тұлғасы деп отырған адамымызға берілген сыбаға осындай. Демек, бұл қазақтар өздері даурыға берсін, оның бізге қатысы жоқ деген ішкі егестен туған кесірлік. Ол ол ма, тіпті Абайдың өзіне азуын білеп, арандатуға кірісті. Өктемдік пен рухани өшпенділікті сақтап қалу үшін Абайға "қазақты аңдытты". Әңгімені тікелей Абайды араңдатқан әрекеттен бастамай, тамырын әріден суыртпақтап отыруымыздың бір себебі, қозғалар тақырыптың жекелік емес, жалпылық сыпат алып отырғанында. Рабиндранат Тагор: "Әр халық өзінің тағдыр-тауқыметін әлем алдында айта алатын болуы керек. Егер ол халық төрткүл дүние үшін ештеңе бере алмаса мұны ұлттық қасіретті қылмыс деп бағалау қажет, бұл өлімнен де сорақы және оны адамзат тарихы кешірмейді. Әр ұлт өзінің ең асыл қасиеттерін адамзатқа ортақ қазынаға айналдыруы тиіс. Өзінің ғана жеке мүддесін жеңіп, оны сыртқа шығару арқылы бұл халық өзінің рухани мәдениетінің салтанатына бүкіл адамзатты шақырады – деп жазған еді. Ал қазақ халқының әлемдік парасат майданына шығарған тұлғасы – Абай. Сол Абай арқылы біз өзіміздің мәдениетіміздің дәрежесін өзгелерге таныта аламыз. Иә, бұған қуану керек еді ғой! Дегенді әдейі өткен шақпен, айтып отырмын. Оның себебі... Абай қазақ халқы үшін қасиетті болғанымен, империяның рухани өкілі үшін ол мазақтың құралына айналды. Олардың сөзіне сенсек: "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым! – деп ет жүрегі езілген ұлы ақын өзінің туған халқының бойынан бір тал жақсылық көрмепті. Бұған Сіз таңданбаңыз. Мәселе былай: 1993 жылы қазан айының соңында ғалым, жазушы Нығмет Ғабдуллиннің сілтеуімен маған Қазақстан Республикасының аға прокуроры Бақытжан Еркебаев пен Солтүстік Қазақстан облыстық прокурорының тергеушісі Саян Ахметжанов жолығып, Қызылжар каласындағы орыс қауымдастығының атынан шығатын "Вознесенский проспект" деген газет сымақтың 1993 жылғы 15-санында жарияланған "Абай: өсиет сөздер" деген мақаланы оқып шығып, пікір айтуды өтінді. Мақсаттары – ұлтараздығын тудырғаны үшін газетті жауапқа тартпақ екен. Абайдың сөзін малдана отырып, қазақ ұлтының бетіне түкірген көрінеді. Сондықтан да маған әдеби төреші (эксперт) болуды өтіне келіпті. Одан кім бас тартсын. "Изучите", яғни "оқып, зерттендер" деген айдарды көргенде кәдімгідей заң қызметкерлеріне мұнда тұрған не бар дегендей таңдана қарадым. Бірақ та астарлы жазылған түсініктемеден кейінгі Абайдың "өсиеттерін" оқығанда жағамды ұстадым. Бір халықты екінші халықтың алдында дәл осындай жек көрінішті етіп көрсететін мақаланы өз басым ешқашанда оқығаным жоқ және Абайдың қазақ халқын дәл осылай "қарғайтынын" бұрын байқамаппын. Байқайтын жөнім де жоқ екен. Өйткені, мақала авторы (оның осы газетті шығарушы, журналист Б.Супрунюк жазғанын маған тергеуші айтты) сондай бір ептілікпен Абайдың "Қара сөздеріндегі" қазақ туралы ашына айтқан пікірлерін арасынан теріп-теріп алыпты да; "Міне, қазақтың сиқы осы" дегенді емеурін етіп, сөзінің аяғын; "Осындай сөз танымайтын елге сөз айтқанша, өзінді танитұғын шошқа жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз болды", - деп бұл сөйлемді қара әріппен тергізе отырып ойын қорытыпты. Яғни Абайдың қазақ туралы пікірінің түйіні осы және газет оқырманы мұны есте ұстауы керек екен. Өйткені, "дәл осы сөзден артық оның ойын жеткізетін" өсиет жоқ көрінеді. Қысқасын айтқанда, қазақты қазақтың – ұлы Абайдың көзімен жек көрінішті көрсетіп, өзі ту сыртында тұрып аярлана, айызы қана миығынан күліп тұр екен. Міне, мен жоғарыда айтқан іштей егестің бір парасы осы. Бұл дегеніңіз кәдімгі арандату және қазақ халқын масқаралау. Автор осындай жымысқылықпен Абай сөздерін іріктеп ала отырып, оның айтар ойын мүлдем өзгертіп жіберген. Мақалада қазақ халкы барып тұрған ұры, керенау, өз бетінше елдік сақтай алмайтын, өтірікші, пәлеқор, көрсеқызар, жалмауыз, алаяқ, арызқой болып шықты. Оның "Ғақлиясы" тек қазақ халқын қарғаудан, қорлаудан тұрады екен. Ал бұған не дейсіз? Әлде журналист Абайдың сөзінің астарын білмей отыр ма? Жоқ. Қасақана істеген арандату бұл. Қазақ халқының ең қасиетті рухани мұрасын бұрмалап, әдейі өшпенділік сезімін оятуды, ал өзге ұлттарға (бұл арада орыс тілді тұрғындарға) қазақ халқын мазақ етіп көрсетуді көздеген. Оған дәлел: Біріншіден, газеттегі айдар сол мақаланың айтар ойын ашып, мақсатын білдіріп тұруы керек. Бұл – журналистиканың әліппесі. Оны түсіндірудің қажеті шамалы. "Изучи-те", яғни "оқы, зертте" деген сөзді Абай оқып, үйрен деп мегзеп отыр деп түсінуге болады. Жарайды, солай-ақ болсын. Сонда оқырман ұлы ақынның өз ұлтын "қарғағанынан" не үйренуге тиіс? Неге әрбір "Қара сөздің" мазмұнын ашпай, Абайдың әр жердегі "қарғыстарын" теріп алған? Демек, автордың түпкі мақсаты – Абайдың ілімін насихаттау емес, Абайдың ұлты сондай, ал одан үйренетін ештеңе жоқ, орыс халқынсыз өмір сүре алмайды – деген пікірсымаққа саяды. Мысалы, "Үшінші сөзіндегі": "Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, иә болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы. Осылар біріне-бірі достық ойлай ма? – дегенді алады да, содан кейін екі-үш бет тастап кетіп: "Осы қазақ халқын осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан-жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң менің ойыма келді: халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадарлы орысша образование алған кісі болсын - деген сөзді келтіреді. Яғни, "Үшінші сөздегі" Абайдың айтайын деген ойы осы ғана сияқты. Шын мәнінде Абай "Үшінші сөзде" мемлекеттік билік, сайлау жүйесі, заң мен дәстүр, қазақтың ескі билерінің басқару құрылымы, "Қасым ханның қасқа жолы, Есімхан-ның ескі жолы", Әз-Тәукенің "Жеті жарғысы" туралы айтып, бұрынғы билік дәстүрін үлгі етпей ме. Бүгінгі Конституциялық сот үлгісін ұсынбай ма? Мұндай бұрмалаудың астарын оқырман енді түсінген болар. Екінші, мақалаға қол қоймаған. Демек, бұл бүкіл редакцияның пікірі болып табылады. Егерде "Вознесенский проспектің" ұстанған бағыты өзге ұлтты мазақтау, оның қасиетті рухани мұрасын қорлау болатын болса, онда кай мемлекеттің мүддесін қозғап отыр. Негізгі мақсаты не? Ұлт араздығын тудыру ма? Әрине солай. Ол өктем ұлттың өктем боп қалатындығын мегзеп отыр. Үшінші, ол түсіндірмесінде: мұның барлығы Абайдың өз сөзі, біздің алып-қосарымыз болған жоқ-дейді. Бұл мүлдем олай емес. Абай ешқашан өз халқы туралы дәл осылай жиып-теріп бір жерге сыналап, теріс тұжырым түйген емес. Егерде біз ұлы ойшылдардың шығармаларын дәл осылай пайдаланатын болсақ, онда керісінше әрекет етуге де болады. Мысалы: Гогольдің "Өлі жандарындағы" Плюшкиндердің сөзін тізсек, не Лермонтовтың "Прощай, немытая Россия, страна рабов – деген іспетті өлеңдерін теріп алсақ, Достоевскийдің, Пушкиннің, Толстойдың, Буниннің, Горькийдің шығармаларындағы сондай мысал-дарды үзік-үзік етіп құрастырсақ, П.Я.Чаадевтің "орыс жұрты өз бетінше ел бола алмайды, өйткені ол ешқашанда өзін-өзі билеп көрген жоқ, билеуге де қабілетсіз... Тек өзгені жаулап алумен күнелтеді – деген іспетті пікірлерін терсек, онда мақала емес, пәленбай том кітап шығар еді ғой. Біз үшін ондай арандатуға баруымызм – "ар ұялар іс" (Абай) болар еді. Төртінші, қаншама мүләйімсігенмен, бұл мақалада авторлық (яғни Б.Супрунюктің) пікірі бар. Ол – ең алдымен Абайдың "Ғақлиясындағы" қисынды, ақынның филосо-фиялық, этикалық, адамгершілік, рухани тәуелсіз, ғылым мен өнер, мемлекет пен заң, дәстүр мен салт туралы пікірлерінің жігін жіктеп, негізгі ойынан әдейі адастыру үшін сұғанақтық жасап үзік-үзік пікірлердің басын қосып отырған журналист. Абай дәл осы қалпында оны баспасөзге ұсынған жоқ, сондықтан да оның барлығын "қиыннан қиыстырып" таңдап алған, барлық сөйлемдердің мағынасына қарай белгілі бір арандатушылық пиғылға сай етіп "тұтастандырып" жазған адам осы топтаманың авторы болып табылады. Әйтпесе, ол сөздер өз-өзінен газет бетіне сап түзей қалған жоқ. Бесінші, сондай әккілікпен берілген, ортасына қыстырылған: "Ең дұрысы ұлы Абайдың осы ұлы ойларын осыдан тура 100 жыл бұрын жазылған "Он тоғызыншы сөзімен аяқтаған лазым – деп, - "Осындай сөз танымайтын елге сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны жақсы деп хаким айтқан екен, сол секілді сөз болады - деген асты сызылып берілген мысал соған дәлел". Бұл арада жалтарып кете алмайсың. Талай әдеби арандатушылар пайдаланған, тәжірибеден өткен қитұрқы тәсіл. Ал "сөз ұқпайтын елдің" кім екені және оны Абай емес, мақала авторы айтып тұрғаны беп-белгілі болып тұр. "Абайдың өсиет сөздерін" қарғысқа айналдырған Б.Супрунюктің мақсаты не сонда? Абайды мазақтау ма? Ол да бар. Мұның астарында "Ардақтаған ұлыларыңның не дегенін көрдіңдер ме? – деген емеурін, мысқыл әжуа жатыр. Абай – халықтың, қазақ халқының сөзі мен өзінің, арының, рухының нысанасы. Егерде сөйткен Абайды мазаққа айналдыруға жол берілсе – онда мемлекет боп даурығудың не жөні бар. Бірде оны жарылқап, бірде мұны қостайтын болса, ондай саясаттың құны неге тұрады? Тәуелді, тәуелсіздік деген осы. Бұл империялық рухани өктемдіктің арандату, басыбайлы ету, ұлттық сананы іріту саясатының жалғасқан жаңа тәсілі. Мақаланың ар жағында заманға қарай құбылған "ізгі ниеттілердің" арамза пиғылы қылаң береді. Өйткені мұны жазып отырған қатардағы көп оқырманның бірі емес. Кезінде облыстық газеттің жетекшілерінің бірі болған, Мәскеуден университет бітірген, Ресей газетінің Қазақстандағы тілшісі, Солтүстік Қазақстандағы Орыс қауымдастығының төрағасы (предводитель) – Б.Супрунюк. Демек, бұл мақаланы бір адамның пікірі, жергілікті газеттің "күңкілі" деп қарауға болмайды. Орыс емес, орысшыл қауымдастықтың пікірі. Мақсаты – Абайды, Абай арқылы қазақ халқын келемеж ету. Тәуелсіз мемлекетті мойынсұнбау. Оны әлі де отар ел деп қарау. Дәл осылай демеске лаж жоқ, өзге бағаны ойлап табу да қиын. Демек, Солтүстік Қазақстандағы Орыс қауымдастығына, оның төрағасы Б.Супрунюкке, "Вознесенский проспект" газетіне Абай да, оның елі де бодан қалпында қалды деген сөз. Өкінішке орай, Абайға жасалған арандату жалғыз бұл емес. Кезінде Мәскеулік "Книжное обозрение" газеті де шу шығарды. Оның авторы шығысқазақстандық Е.Курдаков еді. Дәл осы екі аймақта ұлы империялық өктемдіктің байқалуы тегін емес. Қазақ ұлтының мәдени мүддесіне, рухани мұрасына, оның тіліне қырын қараушылық анық байқалды. Өйткені бұл өлкеде миссионерлік, отаршыл пиғыл екі ғасырдан бері жүргізіліп, әбден етіне сіңіп кетіп еді. Петрушенко кеткенмен Васильевалар орнында қалды. Ал оларға қандай шаралар қолданылды? Мемлекеттік тәртіпке бойұсынушылық қайда? "Вознесенксий проспекті" тіркеуден өткізген мемлекеттік мекемелер оның жарғысын қалай бекітті? Әлде онда ұлтаралық араздықты, жек көрінішті қоздыру, мазақ ету туралы бап бар ма? Жоқ. Бірақ тәуелсіз мемлекеттің заңы тәуелді баптардан толық арылып болған жоқ. Қазақ халқының қасиетті тұлғасы Абайды өзінің елінде дәл осындай келекеге ұшыратса, онда дүние жүзіне қалай насихаттамақ? Өзгені қайдам, дәл осы оқиға ұлт арасындағы іштей егесудің өршуіне мұрындық болды. Арандатушы Б.Супрунюк екі жылға шартты түрде жазаға кесілді. Азабын Абай емес, арандатушының өзі тартты. Алайда – мұндай ырғасудың жақсылыққа әкелмейтіні белгілі. Төзімді текетіреспен сынауға болмайды. Абай ұлттық қасиетіміз. Абайды арандатпайық – ардақтатайық.
III
Пікірімізді тұжырымдасақ, Абай – ұлтымыздың айнасы. Біз соның іліміне иланып, ойымызды да, бойымызды да түзейміз. Егерде ұлттың атын емін-еркін иініне қарай қолданып, жанымызға бататын сөз айтқысы келген данаға да, дара адамға да қояр талабымыз біреу-ақ: Абай қазақ жұртын қалай сүйді, сен де солай сүй. Сонда ғана сөзің әрі дәрі, әрі рухани дауа болады демекпіз. Ал "кесірлі пысықтар" оларсыз да өз арамызда өріп жүр. Оған мысал іздеп бас қатырмайық. Бірімізге-біріміз тура қарап, жанарымызбен жүрегімізге үңілсек жетіп жатыр. "Көзінен басқа ойы жоқ па", "жүрегінің көзі ашылған ба, жабық па", "қисық, қыңыр келмей, түзу кеп тұр ма", оны аңғару қиындыққа соқпайды. Абай ойының көзі де, жүрегінің айнасы да үнемі ашық және "жүрегіне кір жасырмай" айтарын емін-еркін айтады. Сол мінезі үшін де оны қасиет тұтып, бас иеміз. Өйткені ол біздің ақыл-ойымызды, рухымызды өзгеге тәуелді еткізбейді әрі басындырмайды. Айтатын адам Абайды жақсы көріп, Абайды зерттеп, Абайдан асырып айту керек. Ондай ұлы жүрек сирек келеді дүниеге. Бәлкім, енді тумауы да ғажап емес. Бірақ өзін-өзі тәрбиелеген ұлт тәрбиешісіз қалмайды.
17. "ЖЫЛЫ ЖҮРЕК СУЫНДЫ, ЖАРА ТҮСТІ..." (Абай және Гете)
Адамзаттың ойлау жүйесі мен көркемдік әлемін, рухани танымын, қасиетті бағалау безбенін, түйсіну түсінігін астаң-кестеңін шығара сапырылыстырып жіберіп, мүлдем соны ақыл таразысына ұсынған, мойындатқан, мойындауға мәжбүр еткен даналар әр ұлттың маңдайына біте бермеген. Ондай тұлғаларға исі адамзат үнемі зәру болып келді және ол зәрулік ешқашанда жойылмақ емес. Даналық қайшылықка толы, жеке басының әурешілігін жеңе алмаған, "етекбастылықтан" құтыла алмаған, "ит тіршілікті көре-көре дүниеден жалыққан" (Абай) кәдімгі пенде бола тұра әлемдік ақыл-ойдың өлшемі болмақ. Сондай дегдардың бірі – Гете. Оның бар болмысымен неміс ұлтының даналық мәйегі болғанына қарамастан, кез келген зиялы жан Гетені өз жан жүрегінің жаршысы деп таниды және оған ешкім де араша түсе алмайды. Олар өз дәуірінің көркем бейнесі арқылы мұқым адамзаттың тарихи және ақыл-ой дамуының күрделі таным жолын талқыға салып, таразылап кетті. Даналар өз заманының рухани ескерткіші сияқты. Ондай ескерткішті өзін "өмір сүруге қабілеттімін деп есептейтін әрбір ұлт" (Р.Тагор) орнатуы тиіс. Гете марқасқаға қатарластыра қойған қазақ ұлтының ұлы тұлғасы – Абай. Абайдың өмірге келуінің өзі қазақ ұлты үшін ұлы құбылыс. Әлемдік ақыл-ой тұрғысынан есептегенде, біз Абайды Гете мен Пушкиннің қатарында ғана елестетеміз. Тіпті аса инабатты әрі зиялы адамдарымыздың кейде Абайды даңқ тұғырына жалғыз қойғысы келіп тұратыны да бар. Әрине, бұл ұлттық өзімшілдік. Өйткені, дәл осы көшпелілердің қадым тарихы мен таным тарихын, бүтін болмысын, жан дүниесін, оның тағдыр тауқыметі мен бақталайын, ақыл-түйсігін Абайдай көркем оймен жеткізіп берген тұлға әлемде жоқ. Ал "қанына тартпағанның қары сынсын - дегендей, жалғызын жанына тартпайтын пенде аз. Абай қазақ ұлты үшін даналар даңғылындағы жалғыз тұлға. Ол үшін мақтану-масаттану емес. Ұлтының ұлылар мәйегіне үлес қосқаны үшін өзін-өзі зор тұтқан жұбаныш. Ондай сезімді әрбір дананың жұрты басынан кешірген. Біз бұл ойға Гете дегдарды сөз еткелі тұрғандықтан да келіп отырмыз. Гете мен Абайдың өмірі мен жан дүние құбылыстарының тоғыса тамырласқаны сондай, олардың пенде, ақын, ойшыл, ғұлама ретіндегі даралықтарының ортақ қасиеттерін табу зерттеуші үшін әлдеқайда жеңіл. Гете данышпанның жан құпиясына санасын саралай үңілген оқымысты Александр Абрамович Аникст тарихтағы даналардың танымын талқылай келе: "Әлем әдебиетіндегі аса сирек кездесетін даналардың бірі Гете-әрқайсысының өзі бір-бір дәуірдің рухани тәжірибесін өз шығармасының бойына сіңірген аз ғана ой алыптарының қатарында тұр. Көне дүние дәуіріндегі ежелгі әдебиет үшін – Гомер, орта ғасыр үшін – Данте, дәуірлеу дәуірі үшін – Шекспир, ал бізге жақындау заман үшін – Лев Толстой сондай тұлғалар болды. Олардың шығармашылығының тарихи астары мен маңызы өздерінің өмірбаяндарының шеңберіне сыймайды. Данышпан ақындардың даналық ойы бірнеше ұрпақтардың рухани құлшынысын, үміті мен күйінішін, мұраты мен мүддесін жеткізеді", -деп баға береді. Дәл осы тізімге Абайды да қосып, бүкіл көшпелілер әлемінің, исі қазақ ұлтының қайғы-қасіретін, қуаныш-жұбанышын, өткені мен ертеңін, рухани азабы мен ұмтылысын өлеңіне өзек етті десе – еш артықтығы жоқ және дәл солай деп қымсынбай бағалау қажет. Тек соны жеткізіп, сендіріп, дәлелдеп, мойынсындырып, орнын тауып айтатын оқымысты жетіспейді. Өйткені, Абай жай өлеңші емес, аса талантты ақын. Ол – дана. Адамзат көркем ойында сирек кездесетін кемеңгер. Жер бетінде осындай тамырлас даналардың бар екенін және бір-бірімен қатар иықтасып тұра алатынының дәлелі ретінде Абайдың туған жеріне Гете, Лермонтов, Абай үшеуінің ескерткіші орнатылды. Оларды қатарластырып тұрған – жасанды құрмет емес. Даналар рухының табысуының айғағы. Даналар ұлтқа бөлінбейді. Әр тілде сөйлегенімен "ақыл азығы" біреу. Ол рух пен даналық мәйегі. Үшеуінің бедерінің астына "Қараңғы түнде тау қалғып" деген сөзден басталатын өлең қашалып жазылған. "Түнгі жолаушының әнін" неміс тілінде жазған – Гете, орысша аударған – Лермонтов, қазақша әнмен сөйлеткен – Абай. Осы өлең арқылы даналар өздерінің рухани үндестігін барша әлемге дәлелдеп, жар салып тұр. Бұл өлеңнің шығу, аударылу тарихы туралы осы үш тілді суша сіміріп өскен Герольд Белгер ықтиятты түрде баян етіп кеткендіктен де оған тоқталмаймыз. Көзі қарақты оқырман оны назарынан тыс қалдырмас. Алайда: "Ол үнемі біздің санамызда өмір сүреді, тек анда-санда, ғана оқтын-оқтын, ал кей кезде ұзақ мерзімге тасаланып қалады. Ол үшін уақыт есеп емес, өйткені кез келген даналық уақыттан тыс тұрады. Олардың жүректегі бейнесі де өзгеріп отырады, өйткені кез келген дана өзінің бейнесін жүрегінңе сіңіріп жібереді", -деп Герман Гессе айтқандай, әркім даналардың ой тоғысына өз көңіліндегі бейнесі арқылы түсіндіруге қақысы бар. Оның үстіне, Гете мен Абайдың өз ұлтының рухани өміріндегі орнын, жеке бастарының қайшыласқан тағдырын, рухани және пенделік торығуын, "махаббат пен ғадауатшыл" жүрегінің мұңын, олардың өз ұлтының ойлау жүйесіндегі ақыл арпалысын бағамдасақ, қос дегдардың тұлғасынан тамырлас таным негізін аңғарамыз. Бұл жай ғана кездейсоқ оқиға емес, даналардың дара тұлғаларында ұшырасатын табиғи заңдылық. Даналар өз заманымен бірге пенде ретінде дүниеден көшкенімен өмір орнында тұрмайды. Бір қайшылыққа екінші қайшылық қосылып, қоғам құрылысы күрделене бермек. Ал ондағы тіршілік ететін адамзат пен адамның пиғылына өзгеріс ене қоймады. Демек, "алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер, кезекпенен көміліп, кезекпенен өлінгенімен" (Абай), тіршіліктің күйкі мәселесі даналардың алдына тағы да жаңа ащы сыбағасын тосады. Өзінің даналық болмысын Абай Гетеден қабылдап алған деуге өмірбаяндық, туған орта, шыққан тек тұрғысынан болмаса да, рухани тұрғыдан толық негіз бар. Өйткені екеуі де өмірінің соңында дүниеден қатты түңіліп кетті. Ал сондай түңілуге алып келген қоғамдық және өмірбаяндық себептер де бір-бірімен қабаттасып жатыр. Тіпті ұсақ-түйек түйіншектерге дейін қатар түйінделіп, ортақ дәрежедегі көңіл күй ренішін тудырған. Соның ішінде оларды рухани жалғастырып тұрған "түнгі жолаушы – Гетенің: Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт, дел-сал ғып, Түн басады салбырап.
Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 280; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |