КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сурет. Генераторлар 1 страница
Көппосталы генераторлар бірпосталы генераторлардың қағидасымен,оның бірінші тобы бойынша тізбекті магниттеуші орамасымен, бірақ магниттеуші орамдар генератордың басты щеткасынан нәрлендірумен, құрылғыланған. Әрбір пісіру орнында тоқ балласты реостатты тізбектеп қосумен реттеледі. Қазіргі кезде тұрақты тоқпен нәрлендіру көзі есебінде пісіру түзеткіштері кеңінен қолданыс тауып келеді (21‑сурет). Олар трансформатор мен вентильдер бірікпесінен тұрады.
21‑Сурет.Пісіру түзеткіші
Қазіргі шығарылатын пісіру түзеткіштері төмендегідей бөлінеді (22‑сурет): ¾ бірпосталы құлама, қатаң, көлбеуқұламалы және әмбебап сипаттамаларымен; ¾ көппосталы қатаң сипаттамаларымен.
22‑Сурет. Генераторлардың қағидалы сұлбасы
Пісіру түзеткіштерінде үшфазалы көпірлі немесе алты фазалы түзету сұлбасы бойынша жиналған, селенді немесе кремнийлі вентильдер қолданылады (23‑сурет).
23‑сурет. Пісіру түзеткіштерінің қағидалы сұлбасы Көппосталы түзеткіштерде магниттік шашырауы қалыпты күштік трансформатор мен түзеткіш бірікпесі болады. Бұл түзеткіштердің сыртқы сипаттамасы қатаң. Тоқ әрбір постыда төмендегідей реттеледі: — ВКСМ және ВДМ типті түзеткіштерде РБ типті балласты реостат көмегімен; — ВМГ және ВДГМ типті түзеткіштерде —РБГ типті балласты реостат және бөліктендіруші тұрақтандырғыш дроссельдер көмегімен.
Әдебиеттер: 6 нег. [15-20],1 нег., 1-3 қос. Бақылау сұрақтары 1. Көппосталы генераторлар қандай қағида бойынша құрылғыланған? 2. Пісіру түзеткіші қандай бірікпелерден тұрады? 3. Көппосталы түзеткіштердің сыртқы сипаттамасы қандай болады? 4. Пісіру түзеткіштерінде вентильдердің қандай түрлерін қолданады? 8‑Дәріс. Қорғаушы газда доғалы пісіру, электрқожды пісіру және плазмалы кесу үшін арналған нәрлендіру көздері Қорғаушы газдарда балқитын электродпен доғалы пісіру үшін сыртқы сипаттамалары қатаң және көлбеу құламалы нәрлендіру көздерін пайдаланады (24‑сурет), олардың қатарына бір посталы түрлендіргіштер ПСГ‑500‑1, ПСУ‑300 және ПСУ‑500‑2, агрегаттар АСУМ-400, АСДП-500Г-ЗМ, СДАУ1 және ПЭГП-2-250, түзеткіштер ВС-300, ВДГ-301 және басқалары жатады. 24‑сурет.
Осы мақсатта қолдануға көп посталы түзеткіштер ВМГ-5000, ВДГМ-1602 және ИДГМ-1001/1601 арналады. Вольфрам электродымен қорғаушы газдарда тұрақты тоқпен пісіргенде сыртқы сипаттамасы көлбеу бір посталы немесе РБ типті балласты реостаттармен көп посталы нәрлендіру көздері қолданылады. Вольфрам электродымен қорғаушы газдарда айнымалы тоқпен пісіргенде УДАР, УДГ және ИПК типті арнайыландырылған қондырғыларды пайдаланып орындау ұсынылады. Электрқожды қондырғыларды нәрлендіру үшін негізінде магниттік шашырауы қалыпты арнайы трансформаторларды қолданады. Бұл трансформаторлардың ережесін реттеу сатылы: үшфазалы трансформаторлардың орамаларын ∆/Ү немесе Ү/∆ сұлбамен қосу арқылы және бірінші мен екінші орамдардың өрім санын өзгертумен реттеледі. ТШС-1000-1, ТШС-3000-1, ТШС-1000-3, ТШС-3000-3 типті трансформаторларда таңдалған аралықта, жүктемемен болғанда да, кернеуді реттеуге болады. Электрқожды пісіру үшін магниттік коммутациясы реттелетін ТРМК-3000-1 типті трансформатор да қолданылады. Бұл трансформаторда кернеуді реттеу аралас орындалған: ¾ сатылы — екінші ораманың өрім санын өзгерту есебінен; ¾ баяу—магнитөткізгіштің жоғарғы және ортаңғы ярмосын магниттеумен. Таңдалған аралықта кернеуді баяу реттеу жүктелген кезінде орындалады. Плазмалы кесу үшін күртқұламалы сыртқы сипаттамасымен және бос жүріс кернеуі жоғарылатылған арнайы түзеткіштер жасалған. Бұл түзеткіштер трансформаторларының магниттік шашырауы қалыпты. Мұнда пісіру ережесі қанығу дросселі көмегімен реттеледі. Доға көппосталы нәрлендіру көздерінен нәрленгенде, тоқ түйір электродтармен пісіргенде РБ типті, ал балқитын электродпен көмірқышқыл газында пісіргенде РБГ типті балласты реостаттармен реттеледі. Бұдан да басқа, көмірқышқыл газында балқитын электродпен пісіргенде нәрлендіру көздерінің қажетті динамикалық сипаттамаларын алу үшін тұрақтандырғыш және бөлгіш дроссельдерді қолданады.
Әдебиеттер: 6 нег. [20-28],1нег., 1-3қос. Бақылау сұрақтары 1. Қорғаушы газдарда балқитын электродпен пісіру үшін қандай нәрлендіру көздері қолданылады? 2. Айнымалы тоқпен қорғаушы газда вольфрам электродымен пісіргенде қондырғылардың қандай түрлерін қолдану ұсынылады? 3. Доғаны көппосталы нәрлендіру көздерінен нәрлендіргенде тоқты қалай реттейді?
9‑Дәріс. Қолмен доғалы пісіруге арналған жабдықтар Қолмен доғалы пісіргенде техникалық сипаттамалары жоғарыда келтірілген нәрлендіру көздерімен қатар, пісіру сапасын жақсартуын, қарапайымдылығын және процесті ыңғайлы жүргізуді қамтамасыз ететін, әртүрлі жабдықтар қолданылады. Доға жағуға арналған қондырғы. Осцилляторлар (3‑кесте) айнымалы тоқпен істегенде пісіру тоғы нольден өткенде оның тұрақтылығын жоғарылатуға және доға жағуын жеңілдетуге арналады. Құрылымына байланысты осцилляторларды пісіру жүйесіне параллель немесе нәрлендіру көзіне тізбекті жалғайды. Осцилляторларды балқымайтын электродпен қорғаушы газдарда доғалы пісіргенде және иондаушы қасиеттері төмен қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісіргенде қолданады. Осциллятордың құрамы (25‑сурет) – жоғарылату трансформаторы, жиілікті түрлендіргіш және пісіру тізбегіне жоғары кернеуді енгізу қондырғысы. Осциллятор, жоғары кернеулі — 2÷8 кВ, жоғарылатылған жиілікті — 150÷260 кГц тоқ жасайды.
25 –Сурет. Осциллятордың қағидалы электрлік сұлбасы 3 – кесте. Пісіру осцилляторларының техникалық сипаттамалары
Доға қоздырушылары Доға қоздырушылары (4‑кесте) тұрақты және айнымалы тоқ доғасын қоздыру үшін арналады. Қоздырушылар жүйеден тәуелсіз нәрленеді немесе доға кернеуінен нәрленуі мүмкін.
4‑кесте. Доға қоздырушыларының техникалық сипаттамалары
Соңғы қоздырғыштардың алдыңғыларына қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: ¾ олар қосымша нәрлендіру жүйесін қажет етпейді; ¾ доға аралығына тоқ бергенде автоматты түрде қосылады; ¾ доғаны қоздырғаннан кейін жұмысын автоматты түрде тоқтатады. Қоздырғыштардың негізгі құраушы бөлшектері – жоғары кернеу көзі, жоғары жиілікті генератор және пісіру доғасы жүйесіне жоғары кернеу енгізу қондырғысы. Доға жануының тұрақтандырғыштары. Айнымалы тоқта қаптамалы электродтармен пісіргенде пісіру доғасының орнықты жануы үшін тұрақтандырғыштар қолданылады (5‑кесте).
5 – кесте. Доға жануының тұрақтандырғыштары
Тұрақтандырғыштар жасайтын импульстерінің жиілігіне қарай жіктеледі. СД-2 тұрақтандырғышы айнымалы тоқпен пісіру процесін жеңілдетеді, әсіресе, қалыңдығы жұқа бұйымдарды қаптамасы рутильді электродтармен (МР-3, АНО-4) пісіргенде, оның тұрақтандырғыш импульстерінің жиілігі 50 Гц. Негізгі қаптамалы электродтармен (УОНИ 13/45, ОЗЛ—8) пісіргенде доға жануының тұрақтылығын жоғарылату үшін, импульстерінің жиілігі 100 Гц, СД-3 тұрақтандырғышы жасалды. Тұрақтандырғыштардың құрамы: айнымалы тоқтың нәрлендіру көзіне жинастырылған электронды бірікпе, ол айнымалы пісіру тоғының нөльден өту кезінде тоқ импульсінің қатар берілуін қамтамасыз етеді. Бос жүріс кернеуінің шектеуіштері. Жүктемені алғанда пісіру доғасы нәрлендіру көзінің бос жүріс кернеуін ажырату немесе шектеу үшін кернеу шектеуіштерін қолданады (6‑кесте). 6 –кесте. Бос жүріс кернеуінің шектеуіштері
Бос жүріс кернеуі шектеуіштерінің құрылымына байланысты оларды тұрақты тоқ нәрлендіру көздері үшін де пайдаланады, мысалы түзеткіштерге, немесе айнымалы тоқ көздері – трансформаторлар үшін. Бос жүріс кернеуі шектеуіштерінің құрылымы – пісіру тізбегіне қосылатын күштік тиристорлардың электрондық сұлбасынан тұрады.
Әдебиеттер: 6 нег. [31-34],1 нег., 1-3 қос. Бақылау сұрақтары 1. Осцилляторлар не үшін арналады? 2. Осцилляторларды қандай пісіру түрлеріне қолданады? 3. Доға қоздырғыштары не үшін арналған? 4. Доға жануының тұрақтандырғышы дегеніміз не? 10 – Дәріс. Пісіру тоғының реттегіштері Табиғи сипаттамасы қатаң нәрлендіру көздерінен қажетті сыртқы сипаттама алу және пісіру ережесін дұрыстау үшін балласты реостаттар (26‑сурет) немесе посталық реттегіштер қолданылады. 26‑Сурет.
Белсенді кедергі құрайтын балласты реостаттарды (7‑кесте) пісіру жүйесінің пісіру доғасына тізбектеп қосады және оның көмегімен пісіру тоғын сатылы реттейді.
7 – кесте. Балласты реостаттардың техникалық сипаттамалары
Балласты реостаттар көлденең қимасы әртүрлі нихром сымынан тұрады, олар әрбір секцияда кернеуді белгілі мөлшерде төмендетеді. Балласты реостаттарды номиналды тоғымен жіктейді. Арнайы құрылыс‑ жинастыру институттарында ВНИИЭСО және ВНИИМонтаж – спец.строй (Ресей), посталық реттегіштер УДГ-201 және ИСТ-160 (8‑кесте) жасалды, олардың пайдалы әсер коэффициенті (ПЭК) жоғары, электр шығыны төмен.
8 –кесте. Посталық реттегіштердің техникалық сипаттамалары
Е. О. Патон атындағы Электр пісіру институтында(Украина) жасалған Модулятор ИО101 қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісіргенде айнымалы пісіру тоғын түрлендіруге арналған, ол кез‑келген сериялы трансформаторлармен 315 А тоққа дейін істей алады. Модулятордың құрамы: ¾ тұғыры; ¾ тиристорлік кілт; ¾ сымды резистор; ¾ тиристорлі кілтпен басқару бірікпесі; ¾ алғашқы импульстің ұзақтығын белгілеп беретін бірікпе. Модулятор пісіру процесінің техникасын орындауды елеулі қарапайымдандыруға, тік және төбелік қалыпта еңбек өнімділігін жоғарылатуға, диаметрі 3 және 4 мм электродтармен жұқа жаймалы (0,6‑0,8) құрылғыларды пісіруге мүмкіндік береді. ОИ101 Модуляторының қысқаша техникалық сипаттамасы Нәрлендіру жүйесінің кернеуі … 220 В Нәрлендіру жүйесінің жиілігі………………….. 50 Гц Импульс тоғы……………………………………. 315 А Үзіліс тоғының өзгеруі: I ‑сатысы………………………………………….85—95 А II‑сатысы………………..……………………… 100—120 А
Уақытты реттеуі: импульстің……………….………………………… 0,02—0,5 с үзілістің………. …………………………….. 0,02—0,5 с алғашқы импульстің……………………………. 0,5—1,5 с Габариті…………………………………………. …350X216X515 мм Массасы ………………………………………………16 кг
Балқымайтын электродпен қолмен доғалы пісіруге арналған қондырғы. Балқымайтын электродпен пісіру арнайы қондырғыларды пайдаланып қолмен жүргізіледі. УДГ‑301 пісіру қондырғысының жалпы көрінісі 27‑суретте көрсетілген.
27 –Сурет. УДГ-301 пісіру қондырғысының жалпы көрінісі
Әдебиеттер: 6 нег. [34-36],1 нег., 1-3 қос. Бақылау сұрақтары 1. Балласты реостат дегеніміз не? 2. Пісіру тоғының модуляторлары неге арналған? 3. Посталық реттегіштердің балласты реостаттарға қарағанда қандай артықшылықтары бар?
11‑Дәріс.Механикаландырылған доғалы пісіруге арналған жабдықтар Доғалы пісіруге арналған жартылай автоматтардың жіктелуі Мемлекеттік стандартқа МЕСТ 18130—79*Е «Полуавтоматы для дуговой сварки плавящимся электродом. Общие технические условия» (9‑кесте) сай барлық қазіргі жартылай автоматтар келесі белгілерімен жіктеледі: ¾ доға аумағын қорғау әдісімен (пісіруге арналған жартылай автоматтар: Ф — флюс астында, Г —қорғаушы газдарда, И — инертті газдарда, У — белсенді және инертті газдарда, О — ашық доғада); ¾ жанарғыны салқындату әдісімен (табиғи түрде, еріксіз сумен немесе газбен салқындатумен); ¾ электрод сымының түрімен (тұтас болатты сыммен, тұтас алюминді сыммен және ұнтақты болат сымдармен пісіруге арналған); ¾ электрод сымын беру жылдамдығын реттеу әдісімен (баяу, сатылы және құрама реттеулермен); ¾ электрод сымын беру әдісімен (итеріп, тартып және тартып‑итеріп берумен); ¾ құрылғылық орындалуымен (тұрақты немесе тасылмалы беру қондырғысымен).
9–кесте. Балқитын электродпен қорғаушы газдарда доғалы пісіруге арналған жартылай автоматтар
28 –Сурет. Жартылай автомат ПДГ-121
Жартылай автоматтардың (28‑сурет) бұл тобында доға аумағын және пісіру ваннасын белсенді немесе инертті газдармен, сондай‑ақ газды қоспалармен қорғайды. Бұл топ жабдықтарының негізгі элементтері: ¾ пісіру жанарғысы; ¾ электрод сымын беру механизмі; ¾ газ аппаратуралары; ¾ газ- және электр жабдықтары; ¾ нәрлендіру көздері. Газ жабдықтарының жиынтығына кіретіндер: ¾ баллондар; ¾ бәсеңдеткіштер; ¾ құрғатқыштар, қыздырғыштар; ¾ шығын өлшегіштер; ¾ газ клапандары. Қорғаушы газдарда пісіруге арналған жартылай автоматтардың артықшылықтары: ¾ жұмыста сенімділігі; ¾ баптау қарапайымдылығы; ¾ кез‑келген кеңістік қалпында жұмыс істеуге бейімделгендігі; ¾ доғаны бақылау мүмкіншілігі; ¾ салыстырмалы түрде құнының төмендігі. Балқитын электродтармен қорғаушы газдарда импульсті доғалы пісіруге арналған жартылай автоматтарда, мәні тұрақты доға тоғына мезгіл‑мезгіл, жиілігі бірнеше ондаған Герц жиілігімен, жұмыс доғасы тоғының қысқа мерзімді импульсі қосылады. Осының салдарынан электрод металының балқитын кеңістік аумағына өту жағдайы жақсарады және пісіру жігінің сапасы жоғарылайды. Флюс астында пісіруге арналған жартылай автоматтар Бұл жартылай автоматтар тобында доға аумағы мен пісіру ваннасы флюс көмегімен қорғалады. Пісіру аумағына флюс жанарғыда бекітілген шағын шанақтан немесе жеке орналасқан шанақтан, қысылған ауамен, резеңке түтік арқылы беріледі (29‑сурет).
1 —бастиек; 2 — шанақ; 3 — кері конус; 4 — қақпақша; 5 — жанарғы қолсабы; 6 — резеңке ұзартқыш; 7 — қыспа; 8 —кіріс штуцері; 9 —кесік сухарь; 10 —жанарғы мүштігі; 11 —оқшаулаушы төлке; 12 — ұштық бұрама; 13 —тірек 29 –сурет. ПШ‑54 автоматына арналған ДШ‑54 әмбебап пісіру бастиегі
Флюс астында жартылай автоматты пісірудің ерекшелігі тоқтың жоғары тығыздығында диаметрі 1,6‑2 мм электрод сымын пайдалану мүмкіншілігі болып табылады, бұл жағдайда, бір өтпемен қалың металдарды пісіргенде, негізгі металдың терең балқуын қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер: 6 нег. [36-43],1 нег., 1-3 қос. Бақылау сұрақтары 1. Доға аумағын қорғау әдісімен жартылай автоматтар қалай жіктеледі? 2. Жартылай автоматтарда доға аумағын қандай газдармен қорғайды? 3. Флюс астында жартылай автоматты пісірудің ерекшелігі неде?
Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 2231; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |