Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Адамдар неге ішеді?




Кіріспе

Орытынды.. 15

Не істеуге болады?. 11

Адамдар неге ішеді?. 10

Кіріспе. 2

Ішімдіктің тарихы...................................................................................................3

Ішімдіктің организмге әсері 4

Ұрық тазалығын сақтаудың мәнін түсіну. 12

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 16

 

 

О, Жасаған, Жасаған!

Не демейді мас адам,

Ішпейін-ақ десем де,

Шыға келед тасадан.

(Маскүнемнің өлеңінен)

 

Алкоголизм эпидемиялық сипатқа ие болып барады. Салауатты өмір салты туралы қалам тартқан кезде алкоголизм (маскүнемдік) проблемасына соқпай кете алмайсың… Бұл өкінішті-ақ. Өйткені арғы ғасырда арақ туралы білмеген халық, кеңестік үкімет тұсында осы бәлеге душар болды. Енді андыздап өре түрегеліп оны арамыздан аластамасақ, бұған қарсы насихат жүргізбесек бірте-бірте «отты суды» молынан ішкен үндістер тәрізді мүлде азайып кетуіміз мүмкін.

Статистика көрсетіп отырғандай Америкада 17 жастағы әрбір 7-ші жасөспірім ішімдікке салынған, ал Францияда жасөспірімнің 25 проценті күніне үш стакан шарап ішеді. Ал, Бельгияның ғалымдарының айтуынша жасөспірім ұлдардың 40 проценті, ал қыздардың 27 проценті күнінен ең аз дегенде 1 стакан сыра ішеді. Ал, Германияда ішімдікке салынғандардың 10 проценті 12-15 жас арасындағы жастар.

Қазақстанда 1997 жылғы есеп бойынша маскүнемдік дертіне шалдыққандар саны - 3768, олардың 3295-і әйелдер, жас шамаларына шыққанда 15-17 жас аралығындағылар 2999, 18-59 жас аралығындағылар - 34481.

Міне көріп отырғандай қазіргі кезеңдегі жағдайда апаттың барлық қаһарлы белгілері бар.

1985 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында «құрғақ заң» шыққаны жұрттың есінде, бірақ оның аяғы сиырқұйымшықтанып кетіп, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мүлде жайына қалды.

Қазіргі Қазақстанда бұл салада арнайы бағдарлама жоқ десем қателесе қоймаймын. Бар болғаны полицияның «айықтырғыш» деп аталатын қапестері мен өткен жылы шыққан «жарнама туралы» заң ғана. Бұған да шүкіршілік деуге болады, өйткені бұрнағы жылдары арақ-шарап пен темекінің теледидардан жарнамалары топан судай қаптайтын. Осыған біршама басу болғанымен арақ-шарап шығаратын фирмалар мұндай жағдайға да бейімделіп алды. Ал, ендігі жерде мен арақтың адам организміне зиянынан бастап сонан әрі қарай жұмысымның арнасын соза түсейін.

 

Ішімдік тарихы

 

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер. пайда болады. Адам неше түрлі оға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.

 

Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмяйды.

Денсаулық және залалды дағдылар

Сырада орта есеппен алғанда — 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10-17%, шарапта — 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады.

Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.

Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресс айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.

Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.

1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.

2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік кезге көріне бастайды.

3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам куш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақым-дайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.

Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттщ у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды

Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдсрдің (Вь РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді.

Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.

Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді.

Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.

Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұ-ның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны «популяциялық деградация» деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф.Т.Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір іішмдік денсаулыққа залалын тигізеді.

 

Ішімдіктің организмге әсері

Ішімдіктің зияны

Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.

Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.

Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.

Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.

Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.

Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.

Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.

Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен бо-лар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі план-тациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.

Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы — осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

 

Ішімдіктің тірек-қимыл жүйесіне әсері. Теледидардан берілетін ақпараттардың өзінде жүргізуші ішімдік ішу нәтижесінде жол апаты болғандығын хабарлап жатады.

Аз болса да ішкен адамның өзінің сезу реакциясының жылдамдығы 0.5 секундқа баяулайды. Осы жағдайдың өзі апат жағдайының пайда болуына жеткілікті. Егер машина 60 км/сағат жылдамдықпен келе жатса, ішпеген қалыпты адам жолда пайда болған кездейсоқ жағдай әсерінен сезім реакциясы нәтижесінің нашарлауынан 10 метр қашықтықта айналып өтеді, ал 0.5 секундта машина 8.3 метрге қозғалып кете алады, ал қалған 1.7 метрге бұрылу не тоқтату мүмкіндігі азаяды. Бұл аралықтың азаюы апатты жағдайдың тууын 6 рет көбейтеді, яғни апатты жағдай туындады. Бұл - жүргізуші ішімдік ішкен жағдайда туындайтын жағдай. Егер жаяу адам ішімдік ішкен болса, онда жаяу адамның да, сезу реакциясы осылайша төмендейді, ол да кездейсоқ жағдайда тез жауап бере алмағандықтан, апатты жағдай пайда болады.

Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері. Ішкіш адамның жүрегі мен қалыпты адам жүрегін салыстырғанда 1,5-2 есе үлкейген. Жүрек осының салдарынан өзіне тиісті қызметті толық орындай алмайды. Жүрек майланады, ішімдік әсерінен қан тамырларының қабырғалары өзгеріске ұшырайды, артерия тамырлары бітеліп, тканьдерге қоректік заттар бармайды. Ішімдік әсерінен эритроциттер мен лейкоциттердің қандағы саны азаяды, ол сүйек кемігінің зақымдалуынан болады. Организмдегі оттегін басқа органдардан 7-9 есе көп қажет ететін ми клеткаларының жұмысы бұзылады.

Қанның қызыл клеткаларын ішімдік бұзады, газ алмасу процесі бұзылады. Газ алмасу процесі бұзылғандықтан, адам организмдегі жалпы зат алмасу процесі бұзылады.

Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері. Өкпеге ішімдіктің иісі, оның ыдырау өнімдерінің өзі өкпе тканіне теріс әсер етеді. Өкпе сыйымдылығы азаяды, тыныс жолдарын қабындырады.

Ас қорыту жолдарына әсері. Ішімдіктің аз мөлшерінің қарын сөлінің қызметін тездететіндігін, ал қарын сөлінің көп мөлшерінің оның жұмысын нашарлайтындығына алып келеді. Бұл екі процестің екеуі де зиянды, қарынның сілемейлі қабынады, гастрит пайда болады, кейде бұл асқазан жарасының пайда болуына алып келеді. Бұл тек асқазан ғана емес, жалпы ас қорыту жолының бойында қатерлі ісіктің пайда болуына соқтырады. I-ші - ішімдік әсерінен ас қорыту процесі баяулайды. II-ші - ішімдік әсерінен белок бұзылады, ас қорыту ферменттері оны қорыта алмайтын жағдайға ұшырайды.

Ішімдіктің теріге әсері. Ішімдіктің антисептикалық қасиетін ауру тудыратын микробтарды өлтіру үшін бәріміз пайдаланамыз. Осы қасиетін ескерсек, оны ішудің өзі түсініксіз.

Ішімдіктің секреция бездеріне әсері жыныс бездеріне кері әсерін тигізеді. Жыныс гормондарының бөлінуі кемиді, жыныс органдары қызметі тұтасымен бұзылады. (қыздарда менструациялық цикл бұзылады), қазіргі кезде (климакстың) ерте түсуі зиянды әдеттерге әуестенуде екендігі дәлелденіп отыр. Ер адамдарда белсіздікке алып келеді. Ішімдік әсерінен бездер жұмысының бұзылуы - қан диабеті ауруының пайда болуына, зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.

Ішімдіктің миға әсері оның қандағы мөлшеріне тура пропорционал. Ішкіш адамның миында ұсақ қан құйылулар көп болады. Оның себебі, қан тамырлары тартылып, бітелуінен, ми клеткаларына қоректік зат пен оттегінің келуі азаяды. 100 грамм сыра ішкен кездің өзінде мидың жұмыс істеп тұрған клеткаларының 30000-ы өледі, 100 грамм вино ішетін болса, - 5000-ның клеткасы өледі, арақ ішсе - 7500 клеткасы өлетіндігі дәлелденген. Ми клеткаларының қайта қалпына келмейтіндігін ескерсек, жасөспірімдік шақтан бастап ішетін адамдардың миында қандай өзгерістер болатындығын көз алдарында елестету қиын емес. Ішімдік басқа органдардан көбірек жүйке жүйесі мен миға әсер етеді, өйткені ми май тәрізді заттан тұрады, ал бұндай затта спирт жақсы ериді. Сондықтан да, спирттің мидағы концентрациясы қандағыға қарағанда 60-70 процентке жоғары болады. Ішімдіктің уының әсерінен орталық жүйке жүйесі жұмысы бұзылады, ішімдіктің аз мөлшерін адамның жүрісі бұзылады. Бас айналады, өзін-өзі басқару қабілеті төмендейді, осының салдарынан өз мүмкіндігін бақылай алмайды. Ішімдік көп ішетін адамдар ызақор болады, сыртқы тітіргендіргіштерге жауабы болады. Ішімдік салдарынан адамның алыстан ажырату қабілеті төмендейді, түстері ажырата алмайды. Бұл жағдай жүргізуші мен жаяу жүруші үшін өте қауіпті. Эксперимент жұмысында ішімдіктің зиянды әсерін көрсету, оқушыда ойлау, қортындылау, сараптама жасауға итермелейтінін аңғартты.

Ішімдіктің ұрпаққа әсері. Қазіргі ғасырда адамдар тіршілік жағдайы жақсарды, неге туу кемиді, өлім көбейді, бала өлімінің саны көп, орташа өмір ұзақтығы қысқарды. Бұл сұрақтардың көп жауаптарының бірі ішімдікті пайдаланудың салдарынан туындайды.

Ішкіш аналардың туған балалардың көпшілігінің әр түрлі ауытқулары болатындығы дәлелденген. Мысалы: Америкада ішетін ата-анадан туған 1529 баланың 74 процентінің әр түрлі ауытқулары болған. Статистика бойынша дүние жүзінде 10 млн. астам адамның ақыл-есі кем. Олардың көпшілігінің себебі – ата-аналарының ішімдік ішуінің салдарынан екендігі дәлелденген.

Сонымен ішімдік әсерінің ең қауіптісі: халықтың биологиялық жағынан азғындауы. «Популяциялық деградация коэффициенті» деген ұғым да бар. Оны әдеттегі мектептерде оқуға қабілетсіз, ақыл-ойы кеміс балалардың проценті бойынша есептеп шығарады. Маскүнемдіктің 8 — 10 жыл ішінде күрт өсуінен маскүнемдердің балалары мектеп жасына жеткенге дейін соңғы онжылдықта бұл процент сұмдық өсе бастады, Кейбір әлемеуттік-статистикалық деректер бойынша, қазір Қазақстанда 3 процентке дейін ақыл-есі кеміс балалар дүниеге келуде. Бұл балалардың қоғам мен семья үшін қандай масыл болатынын өзіңіз ойлап көріңізші! Мұндай генетикалық кінәраттардың келешек ұрпақтарға тарамайтынына кім кепіл бола алады? Тұтас бір халықтардың азғындағанына тарихи мысалдар келтіруге болады. АҚШ-тың резервацияларында үнді тайпаларының мардымсыз қалдығы бар. Оларды құртқан қару-жарақ емес, «отты су» (ішімдік).

Ішімдік ішсең нақұрыс бала тууы мумкін екенін әрбір адамның білгені жөн.

 

 


Ішімдіктің адам организміне зияны

 
 
1 сызба нұсқа

 

Алкоголь — наркотик — адамды мас қылады, яғни патологиялық жағдайға ұшыратады. Бұл ауру кең етек жайып кетті.

Эпидемия деген — өрт, ол кең жайылған сайын жылдамырақ тарайды. Алкогольді пайдаланудың өсуі осыған көз жеткізеді. Ішушілер саны тек еркектер арасында ғана емес, сонымен қатар әйелдер мен жасөспірімдер арасында да өсіп барады. Бұған арақтан жеміс-жидек пен жүзім шараптарына көшу де қырсығын тигізіп отыр.

Алкоголь денені әлсіретіп қана қоймай, адамның өз басын аздырады, ал бұл қоғамға қауіп деген сөз. Алкоголизмнің зардаптарына қысқаша тоқталайын.

Биологиялық зардаптары. Спирттің мол мөлшері адамды тікелей улайды, ал орташа мөлшері жүрек, өкпе, бауыр сияқты барлық органдардық ауруын меңдетеді. Бәрінен де көп зақым шегетін — нерв жүйесі: рефлекстер мен психиялық қызмет бұзылады. Ішкіштерде жігер-қажыр қалмайды әрі алкогольге кіріптарлық пайда болады: мұнда алкоголь клетканың ферменттік жуйесіне сіңіп, ол жоқ болса, ішуді аңсап тұрады.

ВОЗ-дың деректері бойынша, алкоголизм адам ғұмырын 17 жасқа қысқартады. Еңбекке жарамды жастағы еркектердің көптеп өлуі осыған байланысты болу керек. Атап айтқанда, мас кезде жарақат алудан өлім көп. Қейінгі онжылдықта емшектегі (бір жасқа дейінгі) нәрестелердің өлімі жиіледі. Бұл да ата-ананың ішкілікке салынуының салдары.

Алайда денсаулыққа келтіретін зиянына қарағанда әлеуметтік зардабы әлде қайда ауыр екендігі туралы қысқаша мәліметтер келтірейік.

Қылмыстылық. 2003 жылдың жазында Әділет министрі Орталық телевизия арқылы сөйлегенде: «қылмыстың 80—90 проценті алкоголизммен тікелей немесе жанама түрде байланысты», - деді. Бұған қосатын ештеңе жоқ.

От басының ойраны. Көптеген елдерде ажырасу некенің 50 процентіне жеткен. Социологтардың айтуына қарағанда, олардың жартысынан көбісі маскүнемдікпен байланысты. Қандай болғанда да әкесіз не шешесіз өсетін балалар қор болады. Бұл болашағымыз үшін қауіпті.

Еңбек. Ішкіштердің жұмысты нашар істейтіні күмәнсыз. Coңғы жылдары бізде еңбек өнімділігі артуының баяулауы осыған байланысты емес пе екен? Алкоголизмнен шегетін экономикалық шығынды түгел есептеу мүмкін емес, бірақ олардың шаш етектен екені күмәнсыз.

 

 

 

Оған физиологиялық негіз бар: наркотик (алкоголь) мидың ішкі қабатындағы жағымдылық орталығын қоздырып, сөйлесу қажеттілігін күшейтеді. Спирттік ішімдік ішіп көргендердің әңгімесі: аздап ішіп отырғанда бәрі де жақсы еді. Шамалы қоссаң, мүлде тамаша болатындай көрінеді. Сонымен ол тағы да қосып, шектен шығып еді — мәнісі кетті. Бірақ әлгі тәтті сезім есте қалып, соны және бір қайталау құмарлығы пайда болды. Егер адамда ішкі және сыртқы «тежегіштері» болмаса, әлгі наркотикалық кіріптарлық пайда болғанша ол қайталай береді. Одан құтылуға бола ма? Сөзсіз! Алкогольді қойып кетуге әбден болады. Қалай десең де, маскүнемдіктің негізгі көзі - әлеуметтік жағдайлар. Әркімнің алғашқы тәжірибесі есінде: спирттік ішімдік ішу сондай жиренішті әрі жүрегің айниды. Бірақ айналаңа қарайсың, мода. Сөйтіп, жексұрын рефлекс басылып қалады. Наркоманияның індет екенін былайша түсіндіруге болады: адам — қоғамдық бейне, сондықтан ішетіндер көп болған сайын маскүнемдік иіріміне жаңа адамдарды батыру оңайлана береді.

Процесс кері оң байланыспен өтеді. Бұл жөнінде кибернетик осылай дер еді. Оны әрбір индивидтің ішкі тежеуішіне әсер ете отырып, ішімдіктің зияндығына оның көзін жеткізу арқылы немесе есірткінің көзін жабу арқылы тоқтатуға болады. Алайда қырсық мынада: ішкіштер проценті белгілі бір сыни нүктеге жеткен кезде көзін жеткізу әдісінен түк пайда болмай қалады. Адамдар, әдетте, «модаға» қарсы тұра алмайды: «Ішкілікке салынғандар» саны одан құтылғандар санынан артып кетеді. Эпидемияның спецификасы осында. Тырысқақтың таралуын тоқтату үшін ол жұққан адамдарды емдеу жеткіліксіз, дені сауларды науқастар мен оны жұқтыратын көзден бөлектеудің қажетті екені белгілі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 212; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.047 сек.